Полистирол сополимері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Полимерлену процестерінің өнеркәсібі қазіргі кезде анағұрлым қуатты және органикалық синтездің анағұрлым дамушы салалардың бірі болып келеді.
Полимерлік материалдар авиақұрылыста (реактопластар, термопластар, резиналар, герметиктер, лак-бояулар), көлік құрылысында ( резиналар, лак-бояулар), медицинада (медициналық-техникалық қолданыста, хирургияда, травматологияда, офтальмологияда, стомотологияда), радиоэлектроникада, құрылыста, электротехникада, темір жол көліктерінде кеңінен қолданылады.

Файлы: 1 файл

полистирол сополимері.doc

— 2.62 Мб (Скачать файл)

Осы  талаптарды  орындау  таза  суды   пайдалану  көлемін  азайтады, су  қоймаларына  тек  таза  суды  шығаруға  мүмкіндік  береді.

Полистирол  өндірісінде  қолданылатын  мономерлі  стирол   жеңіл өрттенетін  сұйықтық  (тұтану температурасы 300С) болып табылады, сондықтан да  оны  сақтаған  және  онымен  жұмыс істеген кезде  өртке  қарсы  қауіпсіздік  шараларды  қолдану қажет. Стирол  ауамен қосылып, жарылғыш  қоспаны түзеді. Тұтану  аймағы  1,1-5,2 көл.% болып келеді.

Жұмыс  орындарында  ашық  өрт  болмау қажет, ұшқынның  және статистикалық  электр тогының  түзілу  мүмкіндігін   болдырмайтын  жағдайларды құру  қажет.

Жұмыс  орындарының  ішіндегі  ауадағы стирол  буларының  мүмкін  болатын  шектік  концентрациясы  5 мг/м3  құрайды. Ауада стиролдың құрамы  шамамен 100 мг/м3 болған кезде көздің, мұрынның, жұтқыншақтың  кілегейлі қабаттардың  тітіркенуі, ішек-қарын жұмысының  бұзылуы байқалады. Сұйық  стиролдың  қол  және  бет  терісіне  түсуін  болдырмау  қажет, өйткені  оның  ұзақ немесе  қайталанған  әрекеті  тітіркенуіне, терінің құрғақтылығына, дерматиттерге  әкеледі. Стиролдың  ағза  ішіне  түсуі де  қауіпті  болады. Егер ол  кездейсоқ  түрде  ауыз  арқылы түскенде, онда  тез арада  құстыратын заттарды пайдалану және  дәрігерді  шақыру  қажет.

Стиролдың  сақталуы  оның  тотығуын  және  өзіндік полимерленуін  болдырмайтын  жағдайларда жүргізілуі  қажет. Сондықтан да оны төмен температурада ингибитор қатысында, ауа оттегісінің мономерге әркетін болдырмайтын  жағдайларда сақтайды.

Сақтау  кезінде  полимердің  түзілуі  жұмыс кезінде  кері  әсер ету мүмкіндігінің әсерінен болады, әсіресе  жабық  резервуарда  жылуды  бөлу  салдарынан, мұнда  мономер  буларының  жоғары  қысымы  жарылыс  қауіптілігін  туғызады.

Полистирол  физиологиялық  қауіпсіз  болып келеді. Алайда  қоспада  полистиролдың  шаңдары  ауамен  қауіпті  жарылыс  қоспаны  түзеді. Олардың  жарылуының  төменгі  шегі  шамамен  25-27,5 г/м3  құрайды [5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Полистирол  қымбат емес қатты  пластиктердің  бірі  болып  табылады. Полистирол тұрмыстық  қолданыстағы  тауарлар өндірісінде, құрылыста және жарнамада кең қолданылады. Полистиролдың табақтарын  экструзиялық  әдіспен  алады. Модификацияланбаған  күйдегі  полистирол морт сынғыш материал болып келеді. Бастапқы  шикізатқа соққыға  беріктігін  және пластикалығын  жоғарылататын  арнайы  үстемелерді қосу  жолымен  соққыға  берік  полистирол алады. Полистиролдың көптеген  бағалы  қасиеттері  бар. Соның  ішінде  оптикалық  қасиеттері  болып  келеді.  Полистиролдың  мөлдірлігіне   байланысты  аспаптарға  арналған  айна жасау, терезелер және  тағы  басқа  бұйымдар  үшін  қолданылады. Полистирол құрылыста негізінен пенополистирол өндірісі үшін  қолданылады.

     Полистиролдың  макромолекулаларының  құрылысы  сызықты  болып  келеді. Полимерлену  әдістеріне және  жағдайларына  байланысты полимердің орташа  молекулалық салмағы 3 000-нан 9 00000-ге  дейін болады. Макромолекуланың  буындары  «бастың соңына» типі  бойынша бір-бірімен жалғанады. Фенилді топтар  ретсіз  орналасады.

     Полистирол  ― қатты, мөлдір, иіссіз  және дәмсіз  полимер  болып  келеді. Полистиролдың  артықшылығы суға  жоғары  тұрақты  және  қышқылдардың  сулы  ерітіндісінің, сілтілердің   және  тұздардың әрекетіне тұрақты болуы, өте жақсы диэлектрлік қасиеттері, қанағаттанарлық механикалық қасиеттері, жеңіл боялуы  болып келеді. Ал  полистиролдың кемшілігі температурасы  жоғары  емес күн  сәулесінің  әсерінен  ескіруі болып  келеді.  Полистирол  полярсыз  қосылыс  сияқты  ароматты  және  хлорланған  көмірсутектерде, күрделі  эфирлерде,  кетондарда  және  басқа полярсыз  органикалық  қосылыстарда  ериді.

      Полистиролды  алудың негізгі  тәсілі этилбензолды  каталитикалық  дегидрлеу   болып  келеді. Өнеркәсіпте   полистиролды  негізінен  стиролдың   бос-радикалды  полимеризациямен  алады, барлық  танымал  әдістерін: тізбекті, эмульсиялы, суспензиялы  және  ерітіндідегі  пайдаланылады. Кең  қолданысты  полимеризацияның  тізбекті және  эмульсиялы  түрлері ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған   әдеби көздер тізімі

 

  1.  Тасанбаева Н.Е., Мамытова Г.Ж., Сақыбаева С.С. Полимерлердің  химиясы  мен  физикасы. 1-бөлім. Оқу құралы - Шымкент: ОҚМУ, 2005. - 120 б.
  2. Энциклопедия полимеров – М.: Советская энциклопедия, Т 1-3, 1972.
  3. Голдинг Б. Химия  и технология  полимерных материалов.-М.: Издательство  иностранной литературы, 1963г. – 342 с.
  4. Технология  пластических масс. /Под. ред. В.В. Коршака.-М.: Химия, 1972. – 286 с.
  5. Воробьев В.А. , Андрианов  Р.А. Технология  полимеров.-М.: Высшая  школа, 1980. – 210 с.
  6. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения.-М.: Высшая школа, 1981.-656с.
  7. Миндлин С.С. Технология производства полимеров и пластических масс на их основе.-Л:Химия, 1973.-243 с.
  8. Лосев И. П., Тростянская Е.Б. Химия  синтетических  полимеров.-М.: Химия, 1964.-276 с.

9 Козулин Н.А., Шапиро А.Я., Гавурина Р.К. Оборудование для производства и переработки пластических масс.-Л.: Химия, 1967.- 784 с.

 

 

 

 


Информация о работе Полистирол сополимері