Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет ықпалынан әсер ететін ең маңызды инструмент - қаржы жүйесі болып табылады. Ол, еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі – банк жүйесі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Дип.-Банктiк-несиенiң-формалары-мен-түрлерi.Несие-қамтамасыздығы.1.doc

— 702.50 Кб (Скачать файл)

Осы үш элемент  несиелік операциялардың, оның тиімділігінің  түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • кооперативтер;
  • акционерлік қоғамдар;
  • жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
  • банктер;
  • билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.

Субъектілер бойынша  несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде  тағы бір сыныптама түсінігін  тудырады – несие түрлері бойынша  бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.

Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.

Ломбардтық  несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.

Овердрафт –  банктің қысқа мерзімді өтімділігін  қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.

Овернайт –  бір түнге берілетін несие  түрі.

Контокоррентік  – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.

Факторингтік  – жабдықтаушының дебиторлық қарызын  ала отырып берілетін несие. Ол қысқа  мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.

Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге  тисті төлем талабын сатып  алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық  қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.

Онкольдық –  банктің 1-ші класты клиенттеріне талап  етуге дейін берілетін несие.

Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие түрі.

Несиелеу объектісіне  келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Қазақстанның  банктік тәжірибесінде қысқа  мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын  өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты  және  импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен  рентабельділігі бар, тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек  қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі-бір    аймақтың     әлеуметтік     және    экономикалық    қажеттіліктерін

 қанағаттандыру  қажеттілігінен туындауы мүмкін .

Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм  болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік  ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің дербес несиелік саясаттарымен  және экономиканың тиімділігін арттыру  міндеттерімен анықталады .

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен  ажыратуға болмайды. Егер субъект  ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?

Осындай сұрақтардың  шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі туындайды – бұл  сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын тілінен аударғанда «credo» «сенемін» дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ – несие  беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.

 Қазіргі  несиелеу жүйесінде шаруашылық  ұйымдардың меншікті және зайымдық  қаражаттар арасындағы шекті  қатынасты белгілеуде мемлекет  тарапынан қандай-да бір әмір  жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.

Шаруашылық  айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.

   Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді,ал несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, Қ.Р. Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі  оның келісім-шартқа негізделуі болып  табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен бенк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып  отырған қазіргі несиелеу жүйесінің  келесі маңызды ерекшелігі – бұл  несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу  қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар  олардың бірқатарының  мазмұны  түбірімен  өзгерген.  Бұдан  бірнеше  жылдар    бұрын    

жақсы және жаман  жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары  өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды  бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық  құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.

Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама  дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды .

 

 

 

1.2.Заңды  тұлғаларды несиелеу механизмі.

 

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты»  ретінде бөліп қарастырады.

Несиелеу механизмі  – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:

  • несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
  • несиелік мәмілені құжаттау;
  • несиенің мөлшерін белгілеу;
  • несиені беру процедурасы;
  • несиені қайтару тәртібі;
  • несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
  • кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

Несиелеу әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу  ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың  қаражат айналымының шеңберіне  қатынасу тәсілдерін білдіреді.

Реформалауға  дейінгі кезеңдегі отандық банктік  тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған :

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

Қалдық бойынша  несиелеу барысында несие қозғалысы  несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен  тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.

Айналым бойынша  несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды.

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады