Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет ықпалынан әсер ететін ең маңызды инструмент - қаржы жүйесі болып табылады. Ол, еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі – банк жүйесі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Дип.-Банктiк-несиенiң-формалары-мен-түрлерi.Несие-қамтамасыздығы.1.doc

— 702.50 Кб (Скачать файл)

4-кесте

Қарыз алушының несиелік қабілетінің негізгі көрсеткіштер*і

Көрсеткіш

Экономикалық мазмұны

Есептеу алгоритмі

Өтімділік коэффициенті (Кө)

Қарыз алушының қарызды төлеу үшін шаруашылық айналымнан жедел түрде  ақша қаражаттарын алу мүмкіндігін  сипаттайды. Қаншалықты коэффициенттің мәні жоғары балса, соншалықты қарыз алушы сенімді болады.

         тез өтімді активтер            Кө = ----------------------------------                                                                                                                                                                                                                          қысқа мерзімді қарыз                                сомасы                                           

Өтеу коэффициенті (Көтеу)

Қарыз алушының өзінің қарыздарын өтеу үшін барлық түрлі қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды. Қаншалықты коэффициенттің мәні жоғары болса, қарыз алушы соншалықты үлкен соманы ала алады.

            Тез өтімді активтер +                                                                                                          өтімді активтер                        Көтеу = --------------------------------                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Қысқа мерзімді                 міндеттемелер                            сомасы

Меншікті айналым капиталымен  қамтамасыздану көрсеткіші (Кмк)

Қарыз алушының меншікті қаражаттарының мөлшерін сипаттайды. Айналым капиталында меншікті қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, банк позициясы жағынан қарыз алушы соншалықты сенімді болады.

Пассивтің 1-бөлімі -                                                                                                                                                                        (Активтің 1-бөлімі +                            Зияндар)                                     Кмк = ----------------------------------  Активтің 2-бөлімі +                                   Активтің 3-бөлімі


*Көзі: «Банковское дело»/Под  ред. д.э.н. Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.

 

Несиелік қызметкерлер кәсіпорының даму болашағын, пайда  мөлшерін және несиенің қайтарылу ықтималдығының дәрежесін болжау мақсатында ағымдағы жағдайын және өткен уақыттағы өзгерістерді анықтау үшін қаржылық есептерді талдайды. Талдау барысында бухгалтерлік баланстың және пайда және зияндар туралы есептің барлық баптарының динамикасына назар аударылады. 

Кәсіпорының қаржылық жағдайындағы нашар анықтаудың ең қарапайым жолы – «Зияндар» және «Мерзімінде  өтелмеген ссудалар және займдар» баптарында жазуларды талдау.

 

1.4. Банктік  несиелеуді қамтамасыз етудің  ерекшеліктері

Банктік несиелеуді тұрақты  кәсіптік қызмет ретінде іске асыру  міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындауды  қамтамасыз ететін механизмнің болуын талап етеді. Іс жүзінде несиені қайтармау Қазақстан Республикасында күнделікті іске айналып отырғаны практикадан белгілі. Бұл-міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің қажеттігін растайтын айғақ. Осындай мән-жайларды ескеріп, банк несиесінің қандай жағдайларда және не себепті қайтарылмауы мүмкін екендігін, несие толық қайтарылмаса банк пен оның салымшыларының мүдделері қалайша қамтамасыз етілетіндігін терең талдап, алдын-ала анықтауы керек. Банктер өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін міндеттемелерді қамтамасыз ететін, азаматтық құқықпен көзделген, клиентпен шартта бекітілген кез келген тәсілді немесе заңмен тиым салынбаған басқа да тәсілдерді қолдана алады.

Банктің мүдделерін қорғау үшін таңдайтын әдіс-тәсілдердің  құқықтың табиғаты алуан түрлі. Осыған байланысты құқықтық институттарды үш топқа бөлуге болады:

    1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің дәстүрлі тәсілдері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 18-тарауымен көзделген.Оларға: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және заңмен немесе шартпен көзделген басқа түрлері жатады.
    2. Банктің және оның салымшыларының мүдделерін қанағаттандыруға құқықтық кепілдік  болатын сақтандыру шарты.
  1. Банктің және оның салымшыларының мүдделерін қамтамасыз етудің стандартты емес тәсілдері (қарызды өтеуді кейінге қалдыру, қарызын кешіру, новация).

         Үшінші тұлғалардың міндеттемелерін  орындауын қамтамасыз етуде қолданылатын  қандай да бір мүлікті және  ақша қаражатын пайдаланудың  құқықтық мүмкіндігін ескеру қажет. Себебі, заңды тұлғалардың барлығы бірдей әмбебап құқық қабілеттілігін иеленбейді.Демек, үшінші тұлғалар үшін несиелік шартты орындауды қамтамасыз етуге өздерінің мүліктерін пайдалануға олардың барлығының мүмкіндігі бола бермейді.

           Банктік несиелеуде айып төлетуді қолдану барысындағы аса маңызды сәттердің бірі – оның қамтамасыз ету міндеті және шығынға сәйкес мөлшердегі сипаты болып табылады.

           Банктік несиелеуде кепілді пайдаланудың, несиелік шартты жасау барысында  қарыз алушының да, банктің де ескеруі міндетті деп саналатын бірқатар ерекшеліктері бар. Кепілзат ретінде берілген мүлікті, әсіресе, ірі мүліктерді сақтауға, олардың пайдаланылуын бақылауға банктердің мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да банктік несиелеуде тез сатылатын және сақтауы мен күтіп баптауына көп қаражат жұмсалмайтын мүліктер түрі қолданылады.Қазіргі кезде кепіл ретінде пәтерлер, үйлер, кейде – жер учаскелері, бағалы қағаздар, шаруашылық серіктестіктерінің  жарғылық қорындағы пайлар мен үлестер, шетел валютасы, бағалы тастар мен металдар, көлік құралдары бола алады. Кепілдің осы аталған түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар: мысалы, жарғылық қордағы акцияның, пайдың және үлестің кепіл болу мүмкіндігі туралы сұрақты алайық. Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшыларының құрылып жатқан серіктестіктің мүлкіндегі үлеске меншік құқығы емес, міндеттеме құқығы болады.

           Кепіл барысында брышқор кепілмен  қамтамасыз етілген міндеттемесін  орындамаған жағдайда, кепіл ұстаушының  кепілге салынған мүліктің құнынан қанағаттандырылуға құқығы басым. Яғни кепілге ұстаушының құқығы мүлікке емес, оның құнына ғана қатысты болады. Алайда бұл ереженің кейбір ерекшелігі бар. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, сауда жүргізілген жоқ деп жарияланған жағдайда кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті оның ағымдағы  бағалық құны бойынша өзінің меншігіне алуға құқылы.

          Кепілзат келісімшарты. Мүлік кепілзаты (жылжитын және жылжымайтын) оны ұстаушы – несие берушінің осы мүлікті, егер қамтамасыз етілген кепілзат міндеттемесі орындалмаса, өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді. Мұнда несие беруші кепілзат шарты бойынша өзге несие берушілерге қарағанда кепілге салынған мүліктің құнынан қаражаттың орнын толтыруда артықшылықты құқыққа ие болады. кепілзат ссуданың қайтарылуын ғана қамтамсыз етіп қоймай, сонымен бірге, тиісті проценттердің төленуін және келісімшартта қарастырылған шарттар орындалмағанда тұрақсыздық айыбының төленуі қамтамасыз етілуі қажет. Оның үстіне, мынаны ескеру қажет: кепілге салынған мүліктің нарықтық құны кеміп кетуі мүмкін. Осыған орай, кепілзаттың құны барлық жағдайда сұралатын ссуданың мөлшерінен жоғары болуы керек.

           Кепілзатпен заңды тұлғаның да, жеке тұлғаның да міндеттемесі қамтамасыз етілуі мүмкін. Кепілзат келісімшарттың немесе заңның күшіне қарай пайда болады. Келісімшарт күшіндегі кепілзат кеңінен тараған. Онда борышқор несие берушімен келісімшарт бекітіп, мүлкін кепілзатқа өз еркімен береді. Кепілзатпен тек нақты талап қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл кепілзат туралы келісімшраттың дербес сипаты болатындығын білдіреді, яғни оны өзге келісімшарттармен өзара байланыстырмай тұрып бекітуге болмайды. Өйткені, олардың орындалуын өзі қамтамсыз етеді.

          Кепілзат беруші мынадай тұлға болуы мүмкін: кепілзат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі болады немесе толық шаруашылық жүргізуге беріледі. Мүлікпен толық шаруашылық жүргізу құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге, егер заң немесе меншік иесі құрылтайшылық құжатта басқаша қарастырмайтын болса, меншік иесіндегі секілді ауқымда иеленуіне, пайдалануына және иелік етуіне мүмкіндік береді.

           Мүлікті шеттетуге қойылатын  шектеу мемлекеттік мемлекеттік  кәсіпорындарға қатысты болады, өйткені, олар үй - ғимаратты және құрылғыны кепілзатқа беруі үшін мүлікті басқару жөніндегі тиісті комитеттен рұқсат алуы керек.

          Кепілзаттың екі түрі болады:

          1)мұнда кепілдікке салынған мүлік  кепілзатты берушінің өзінде  қалуы мүмкін ;

          2)мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты ұстаушының меншігіне, иелігіне беріледі.

          Осының ішінде кепілзаттың бірінші  түрі кеңінен тараған.

          Мүлікті өз иесіне (кепілзатты  берушінің өзінде) қалдырумен берілетін  кепілдікті ұстаушының мыналарға  құқығы болады:

  • кепілге салынған мүлікті оның тағайындауына қарай иеленуге және пайдалануға;
  • кепілге салынған мүлікті кепілзатпен қамтамсыз етілген міндеттеме бойынша борышты алушыға аударумен шеттету арқылы оны иеленуге.

        Сонымен қатар, кепілзат беруші  өз есебінен кепілге салынған мүлікті толық құнында сақтандыруға, оны сақтау бойынша шаралар қабылдауға, кепілзатты ұстаушыға кепілге салынған мүлікті жалға бергені жайлы хабарлауға міндетті.

       Мүлікті өз иесінде (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін кепілзат бірнеше формада бола алады. Оның негізгі формаларына мыналар жатады:

  • кепілге салынған айналымдағы тауарлар;
  • кепілге салынған қайта өңдеудегі тауарлар;
  • кепілге салынған жылжымайтын мүлік.

         Айналымдағы тауар кепілзаты (немесе құрамы өзгермелі кепілзат) қарыз алушының бір мезгілде белгілі бір берешек бөлігін өтеу шартымен немесе жарамсыз болып қалған тауарларды тең немесе үлкен сомадағы құндылықтармен несиелеу арқылы басқа тиісті түрімен ауыстыру шартымен кепілге салынған құндылықты өткізуге құқығы барын білдіреді. Қарыз алушы кепілге салынған құндылықтардың тиісті есебінжүргізуге және сақтауға міндетті әрі осы үшін жауап береді.

           Қайта өңдеудегі тауар кепілзаты қарыз алушының кепілге салынған шикізатты,  материалды, жартылай дайындалған өнімді қайта өңдеуге құқығы барын білдіреді, алайда мұндағы кепілзат құқығы өңделген жартылай дайын өнімге де, аяқталмаған өндіріске де, дайын өнім мен жөнелтілген тауарға да қолданылады.

           Айналымдағы тауардың кепілзатымен  сауда және жеткізу - өткізу ұйымдарын несиелеуге болады. Қайта өңдеудегі тауардың кепілзатымен мемлекеттік өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауылшаруашылығы кәсіпорындары несиелендіріледі.

          Үй – ғимараттың, құрал – жабдықтың  және өзге де жылжымайтын мүліктің  кепілзатымен несие беретін банк, олардың тек өту деңгейіне (сатылуына) ғана емес, сонымен бірге , кепілге салынған мүлікті сатудың әуресінен құтылу үшін несиенің орнын толтыра алатындай қарызгердің пайда алу қабілетіне де мүдделілік танытады.

           Банк кепілзатты ұстаушы ретінде кепілге салынған мүлікті өз иесінде қалдыру барысында құжат бойына оның нақты болуын, мөлшерін, жағдайын және екпілге салынған мүліктің сақталу шартын тексеру құқылы болады. Егер кепілге салынған мүлік жоғалатын болса және оны кепілзат беруші қайта орнына қоймаса (қалпына келтірмесе)немесе оны кепілзатты ұстаушының келісімімен оның құнына тең өзге мүлікпен ауыстырмаса, онда кепілзатты ұстаушы банк кепілзатпен қамтамсыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын талап етуіне құқылы.

            Кепілзаттың екінші түрі – кепілге салынған мүліктің кепілзат ұстаушыда қалдырылатын түрі – кепілзаттың банк қызметіндегі артықшылықты түрі болып табылады. Бұл кепілзат түрінің артықшылыққа ие болуын былайша түсіндіруге болады:мүлік кепілзат ұстаушының (банктің) иелігінде қалатын болса, банк осы мүліктің жағдайына толық бақылау жүргізе алады,оның үстіне,банк қарыз алушыға берген несиесінің орнын толтырудың біршама үлкенмүмкіндігіне ие болады.

            Кепілзаттың бұл түрі екі негізгі  формада көрінуі мүмкін:

    • тұрлаулы кепілзат;
    • құқық кепілзаты.

Тұрлаулы кепілзат тауарлардың және басқа мүліктердің банкке берілуін әрі несие мекемелерінің қоймасында немесе банктің күзетімен қарыз алушының қоймасында оның сақталуын классикалық түрде қарастырады. Кепілге салынған құндылық мынадай талаптарға жауап беруі керек:Кепілге салынған мүлік оңай (еш қиындықсыз) сатылатындай болуы керек және сақтандыру мүмкіндігіне ие болуы қажет әрі ұзақ сақтауға жарамды болуы тиіс,сондай – ақ, кепілге салынған мүлікке банк бақылау жүргізуі қажет. Кепілге салынған мүлік банкке біршама қиындықтар тудырады әрі белгілі бір шығынды қажет етеді, өйткені тауарлы – материалдық құндылықтарды сақтау секілді функция банк ісіне  тән емес. Батыс елдерінде мұндай функцияны банк үшін арнаулы ұйымдар – қойма компаниялары орындайды. Олар қоймалық квитанцияны жазып береді, бұл квитанция ссуданы қамтамсыз етуші ретіде қызмет етеді. 

Банктер өздеріне жазылатын  мұндай квитанцияның құқықсыз берілуін артық көреді, өйткені, құқықсыз берілген квитанция оларға  несиені қамтамсыз ету үшін сенімді бақылау жүргізуге, сондай – ақ, несие қайтарылмай қалған жағдайда құндылықты қоймадан өндіріп алуына мүмкіндік береді.

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады