1991 жылы19 тамызда Кспо үкіметінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 13:31, лекция

Описание работы

1991 жылы 19 тамызда КСРО Үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады. Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) құрылды. Қырымда демалып жатқан М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болатын. Бұл жағдай Одақ құрамындағы республикалардан бөлек әлем мемлекеттерінің де алаңдаушылығын туғызды

Файлы: 1 файл

1991 жылы 19 тамызда КСРО Үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.docx

— 14.60 Кб (Скачать файл)

1991 жылы 19 тамызда КСРО Үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады. Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) құрылды. Қырымда демалып жатқан М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болатын. Бұл жағдай Одақ құрамындағы республикалардан бөлек әлем мемлекеттерінің де алаңдаушылығын туғызды. Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-дағы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Еуропа экономикалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мәлімдеді. Ал, Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Мәскеудегі тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әртүрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық-саяси ұйымдар ТЖМК-ны айыптады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. Әйсте де, 1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. Алайда, тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездете түсті.

«1991 жылдың тамызынан кейін, «процесс», шынында да, құйындай «жүйтки» жөнелді. Халық депутататары Съезін кезектен тыс шақыруға әзірлік басталды. Маған үлкен жұмыс жүргізуге тура келді. Әрқайсысы әр жаққа тартқан ел басыларының бәрі де құлақ асатындай ортақ шешім табу жолында күш-жігерімді салып бақтым. КСРО Президенті М.Горбачев пен одақтас республикалардың ең жоғарғы басшыларының мәлімдемелері әзірленді. Оны съезде жариялау маған тапсырылды. Сол бойда республика басшыларының қолдауымен мәлімдеме тексіне Егемен мемлекеттер одағы мен экономикалық одақ құру туралы Келісімшартқа қол қоюды әзірлеу керектігі жайында жаңа тұжырым қосылды»


Информация о работе 1991 жылы19 тамызда Кспо үкіметінің