Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 13:31, лекция
1991 жылы 19 тамызда КСРО Үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады. Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) құрылды. Қырымда демалып жатқан М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болатын. Бұл жағдай Одақ құрамындағы республикалардан бөлек әлем мемлекеттерінің де алаңдаушылығын туғызды