Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 12:46, курсовая работа

Описание работы

Жер бетінің ылғалға мол бөлігін батпақтар алып жатыр. Олар көбінесе жер бедірінің өзгеріске ұшыраған, су жиналып және тұрып қалған жерлерде пайда болады. Судың мол болуы, оның түбінде шырымеген органикалық заттардың, әсіресе әртүрлі өсімдіктер қалдықтарының сақталуының, торфтың түзілуіне әкеледі. Сондықтанда ондай жерлерде ауа жетпегендіктен жартылай құбылысы жүреді. Батпақтарда шалғын тәрізді бұрыңғы Кеңес Одағының көлемінде 190 млн-ға жуық батпақты жерлер бар, ал Қазақстан көлемінде орманды жерлерінен үлкен өзен көл болйларынан кездестіруге болады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
Әдебиеттерге шолу................................................................................................5
І-тарау. Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
1.1.Батпақты жерде өсетін өсімдіктерге
жалпы сипаттама..........................................................................................6
1.2. Қияқөлеңдер тұқымының биологиялық маңызы...............................9
1.3. Жасыл мүк пен шымтезек мүгінің биологиялық ерекшеліктері.....14
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер................................................

Файлы: 1 файл

Батпақты жерде өсетін өсімдік.doc

— 87.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

Әдебиеттерге шолу................................................................................................5

І-тарау. Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

1.1.Батпақты жерде өсетін өсімдіктерге   

жалпы сипаттама..........................................................................................6

1.2. Қияқөлеңдер тұқымының биологиялық маңызы...............................9

1.3. Жасыл мүк пен шымтезек мүгінің биологиялық ерекшеліктері.....14

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жер бетінің ылғалға мол бөлігін батпақтар алып жатыр. Олар көбінесе жер бедірінің өзгеріске ұшыраған, су жиналып және тұрып қалған жерлерде пайда болады. Судың мол болуы, оның түбінде шырымеген органикалық заттардың, әсіресе әртүрлі өсімдіктер қалдықтарының сақталуының, торфтың түзілуіне әкеледі. Сондықтанда ондай жерлерде ауа жетпегендіктен жартылай құбылысы жүреді. Батпақтарда шалғын тәрізді бұрыңғы Кеңес Одағының көлемінде 190 млн-ға жуық батпақты жерлер бар, ал Қазақстан көлемінде орманды жерлерінен үлкен өзен көл болйларынан кездестіруге болады. Жалпы су қоймаларының батпаққа айналуы әртүрлі жолмен қалыптасады.

Ең жиі кездесетін жағдай ол су-батпақ өсімдіктерінің су түбінде тамырының қаулап өсуі. Өйткені олардың дамуына тұрып қалған улы табанына жиналған майлы тұңбалар су қоймасының тығыздануына ықпал жасап шылақ, қоға, тұңғиық, мүйізжапырақ, сарытұңғйық, қамыс т.б. сияқты өсімдіктердің басып кетуіне жол ашылады.

Олардан қалған қалдықтар су түбінде көбейіп су саязданып атпаққа айнала бастайды.батпақтардың орналасу орны мен сумен қоректену түрлеріне байланысты батпақтар: төменгі, жоғары, өтпелі болып үш топқа бөлінеді.

Олардың әрқайсысын, экологиялық жағдайлары мен өсімдіктерінің құрамына қарай, бір-бірінен ажыратуға болады:

1. Төменгі батпақтар-өзен бойларында, жер асты буларының шығып жатқан жерлерінде судың жиналып немесе ызаланудан пайда болады. Бұл жердегі жер асты сулары минералды заттарға бай болады және жердің бетіне шығып жатады.

2. Жоғары батпақтар-негізінен ағаш және бұталар қаптаған су арықтарда кездеседі. Олардың жер асты сулармен ешқандай қатысы жоқ, қоректену жауын-шашыннан құралған сулардан болады.

3. Өтпелі батпақтар-торфтың массасының тез дамуына байланысты, жер асты су бетіне көтеріле алмайды, сондықтанда онда өсетін өсімдіктер судың аз мөлшерімен минералдың жетіспеуіне бейімделген. Олар негізінен сфагнум мүгі, ұлпабас, қазанақ, мүкжидек т.б. түрлерден құралады.

Батпақтардың осындай ерекшеліктеріне қарамастан онда өсетін өсімдіктердің құрамдарына қарай шөпбасқан, мүкбасқан, ағаш басқан батпақтар болып үшке бөлінеді. Осындай ерекшеліктері бар батпақтарды еліміздің Солтүстік облыстарында жиі кездестіруге болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Батпақты жерде кездесетін өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1.Батпақты жерде өсетін өсімдіктерге  жалпы сипаттама беру.

2. Қияқөлеңдер тұқымының биологиялық  маңызын анықтау.

3. Жасыл мүк пен шымтезек мүгінің  биологиялық ерекшеліктерін бақылау.

Зерттеу әдісі: Бақылау.

Зерттеу объектісі: Батпақты өсімдіктер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттерге шолу

1766 жылы И.Г.Ломан бірінші торфтық  классификациясын шығарды. Кейін 1810 жылы Г.Н.Эндельман батпақты жерлердің  кептірілуі туралы кітабын жарыққа шығарды. Онда ол торфтық жаңғыштығын ажыратып жазды.

1873-98 жылдары И.И.Жилинскийдің бастаған  экспедициясының негізгі мақсаты  Полесьедағы батпақты жерлерді  кептіру болатын.

Г.И.Танфильев батпақты жердің өсуі мен оның географиялық орналасуына зерттелуіне үлкен үлес қосты. Бірінші батпақты аудандастыруы туралы еуропалық бөлігінен А.В.Фомин (1898 жылы) берді.

20-ғасырларда батпақты оқытуының  дамуы мына ғұламалардың есімімен  байланысты. В.С.Доктуровскийдің және  В.Н.Сукачеваның батпақты жүргізу  туралы жариялаған болатын.

Доктуровский алғаш рет БОР-да тозаңдау әдісін қолдануы және торфтық жерлерінің дамуын зерттеді. В.Н.Сукачев, Р.И.Абомен және т.б батпақты тереңдетіп зерттеу жүргізді.

Д.Л.Герасимов және В.В.Кудряшов екеуі батпақты оқытуға үлкен үлес қосты. Д.Л.Герасимов олардың географиясымен территориясын және торфтық құрылысын, оның қалындығының, торфтық жинақталуынан болатынын зерттеген.

В.В.Кудряшов болса торфтық өсуі және дамуы жайлы теория құрған болатын. Шет елдердің ғалымдарымен және германия ғалымдары 20 ғасырдың басында К.А.Вебер батпақты жүргізуі туралы сұрақтарына жауап іздеген болатын.

1884 жылы Д.Лескереннің батпақ  туралы мәліметі және француз  голландиялық ботаниктердің де  батпақ туралы мәліметі маңызды  болған. Батпақ топырақ шалшықтанған  кезде немесе суаттардың өсімдіктердің өсіп кетуінен құралады. Біркелкі қлиматта шашақтану сулардың деңгейі топырақ бетіне жақын кезде болады.     

 

І-тарау. Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

1.1.Батпақты жерде өсетін  өсімдіктерге жалпы сипаттама

Барлық қандыгүлдер сонымен қатар батпақ қандыгүлі улы және батпақты қолдану кезінде ерекше сақтықты талап етеді. Жер тиімді, мол ылғалды, ол жерде органикалық заттардың жиналуы жүреді, кейін шымтезекке айналады. Торфты батпағы енсіз ұғымда, яғни тар ұғымда батпақпен теңестіреді және мол ылғалды жер учаскесін анықтайды. 30 см тереңдікте торфтік қабатпен жабылған. Шалшықтанған жерлерде 30 см тереңдіктен торфтік қабатпен жабылмаған, мол ылғалды жер көлемі жоқ, мүлде шымтезегі болмайтын жерлерді айтады.

 Батпақты жерлерді кептіргеннен  кейін торфті тыңайтқыш ретінде  және отын, малдардың астына төсеу  үшін қолданады. Сонымен қатар  торфтен бірқатар химиялық өнімдер алынады ( аммияк, деготь және т.б.). Аз бөлінген торфті плиталарды құрылыста қолданады. Негізінен солтүстік жарты шарда батпақтар топтастырылған. Олар көбінесе орманды зоналарда таралған. Жалпы жер асты көлемі 350 млн км кв. БОР шекарасында батпақты жерлер солтүстік Еуропаның бөлігінде, Полесьеда батыс Сібірде, Камчатка бөліктерінде  және т.б. жерлерінде кеңінен таралған. Батпақты жерлерді және торфтік табиғатын Ресейде зерттеген М.В.Ломоносов.Шалшықтану суаттарда әр түрлі жолдармен жүреді.

Суаттардың түбінде бірінші саз батпақты немесе құндық және планктондық, пентоздық қалдықтарының тұнуы барысында құралады. Бұл қалдықтар сапропельді құрайды. Суат таяздайды, онда өсімдіктер қоныстанады, бірінші батырылған, кейін нуьнин тәрізді қалқып жүреді, ал сабақтары су астында батып тұрады. Өсімдіктерден бөлінген қалдықтар сапронильді торфты құрайды. Бастапқы өзеннен кейін суы және суаттық батпаққа айналып жатқан көрінісі байқалады. Суаттардың үсті былқылдақ клеммен тамырланып кеткен, шөптесін клеммен жабылады және мүктермен.

Бұл кілем бүкіл өзеннің бетін жауып тұрады. Өзендердің жағасындағы торф шайылып су түбіне тұнады. Суат таяздайды, ойпат жер өтпелі және батпақтары жоғарғы болып бөлінеді. Ойпатты жерлер үшін эфтрофтық өсімідктер жатады. Батпақтың орталық бөлігі әрқилы болады. Ойпатты батпақтар шаятын және грунтты болады. Біріншілері өзендердің алқаптарында жағалауларында минералдық қабаттарға бай болып құралады.

Жамбырдың және қардың сулары торфты құмдарға әкеліп араластырып тастайды. Шөпті батпақтар Днепрді, Донда, Волгада, Кубада, Дунайда, Амударияда жытықтығы деп аталады. Батпаққа гүлді өсімдіктер көп масса береді, ал мүктер әлсіз дамыған. Батпақтың грунттық қоректенуі өзеннің төменгі террастарында құралады. Оларға мүктердің мықты кілемімен әлсіз дамыған шөпті өсімдіктер жатады. Өтпелі батпақтарға мезотрофтық өсімдіктер жатады. Қайын, қарағай, қияқ, тегіс кілем, сфагнум т.б. Ал жоғарғы батпақтарға олиготрофты өсімдіктер жатады. Осы батпақтардың суы қышқыл, шай түсті, гүмусовалық компоненттерге байланысты болып келеді .Жоғарғы ортасында көптеп тұнады. Ал шалғайда онша тұнбайды. Флорасы нашар (ағаштардан-қарағай, тал, шіліктерден-багульник, касандра, клюква, шөптен-пушицы, шейхцерия, очеретник). Сфагнумдық мүктерінің кілемін торф 5 мм қалыңдықты құрайды. Бір жылда мүктің өсуі батпақта өсетін құрт-құмырсқамен қоректенетін өсімдіктерден анықтайды. 1000 жылдық торфтен 1 метр өседі.

Ежелгі торфтар 1 млн жыл бұрын пайда болған. Жоғарғы батпақтардың екі типі ажыратылады. Орманды жоғарғы батпағы-қарағай мен ойпатты ярусты бұталарымен, сфагнумды мүктермен жабылған. Жоғарғы батпақтардың 70 см-лік торфы болады. Мұнда да орманды жылына 1 қайын өседі, бірақ олар кішілеу болады, көбіне аздап кездеседі. Жоғарғы батпақтардың фаунасы нашар болып келеді. Батпақтардың ландшафтардағы маңызы және типтерінің әртүрлілігі әр түрлі зоналарға байланысты. Арктикалық тундрада батпақтардың беті, диаметрі 5-20 м түзу бұрыштарға бөлінген. Оңтүстікке қарай тундра, орманды тундра және солтүстік орман зонасы болады. Қыста батпақтың беті қатқан кезде торфтың биіктігі 10 м дейін болады, ешқашан ядросы қатпайды. Тундрада шалшықтану 50 пайыздық және одан да көп болады. Мұнда торфты қамыс, минералды батпақтар түзіледі. Еуропаның және батыс Сібір тайга зоналарында әдетте сфагнумды батпақтар болады. Мұнда торфтың көлемі көбірек болып келеді. Орманды жазықтықта торф эфтрофты болады. Мұндағы батпақтар ірі, шөпті-қамысты, қоғалы болады.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қияқөлеңдер тұқымының биологиялық маңызы

Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер-шымдар немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай және салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтырынң саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары ұшқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді, ішінің қуысы болмайды, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайырылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларының колтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлд масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды немесе ол редукцияға қатты ұшыраған және 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан, сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады. Андроцейі әдетте, бір шеңбердің бойына орналасқан 3 аталықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 тұқым бүршігі болады. Аналықтың мойыны 3 немес 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын жоғары көтеріп тұрады. Гүлдері қосжынысты немесе даражынысты. Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі болып келеді. Бірүлйі қияқөлеңдердің аталық және аналық гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің түп жағында түрі өзгерген, жабындық қабыршақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабыршақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларының бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері-маңызды систематикалық белгілер болып табылады. Жемісі ұшқырлы, шар тәрізді немесе формасы жалпайып-жаңшылғандау болып келетін жаңғақша.

Қияқөлең туысы. Жабық тұқымдылардың ішіндегі өзгергіш туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың. БОР-дың флорасында 400, ал Қазақстанда 94. тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте ұшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспатәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталығы болады; аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүлдерінің формуласы:

* Р0 А0 G(3);   * Р0 А3 G0

Жемісі ұшқырлы немесе жалпайып-жаншылғандау болып келетін жаңғақша.

Көптеген түрлері солтүстік ендіктің, солтүстік облыстарында кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең, боз қияқөлең және т.б.

Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне торсылдақ қияқөлең, үрме қияқөлең, қос аталықты қияқөлең және т.б. Шалғынды жерлерде қияқөлеңдердің мына түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең, түлкі қияқөлең, қоян қияқөлең, қосқатар қияқөлең, түпті қияқөлең және т.б. батпаққа ауысатын ылғалды шалғындарда тік қияқөлең , жағалық қияқөлең, тікенше қияқөлең және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең, ормандарда-орман қияқөлеңі, жұлдызша қияқөлең, тау қияқөлеңі, түкті қияқөлең және тағы басқалар ерекше басым болып келеді.

Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайылымдарда өзінің жұғымдылығы және желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды және батпақты жерлердің қияқөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қияқөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге, циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.

Келтебас туысы. Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарында кең таралған. 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасында, батпақты жерлерде сонымен бірге таулардың субальпі белдеуінің шалғындарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас, ол Кольск жартылай түбегінің солтүстік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлерінде кең таралған.

Өлеңшөп туысы. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында, әсіресе тропикалық және субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 19 түрі, Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп пен орман өлеңшөбі жатады. Бұлардың екеуінде жем-шөптік өсімдіктер.

Информация о работе Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері