Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 12:46, курсовая работа
Жер бетінің ылғалға мол бөлігін батпақтар алып жатыр. Олар көбінесе жер бедірінің өзгеріске ұшыраған, су жиналып және тұрып қалған жерлерде пайда болады. Судың мол болуы, оның түбінде шырымеген органикалық заттардың, әсіресе әртүрлі өсімдіктер қалдықтарының сақталуының, торфтың түзілуіне әкеледі. Сондықтанда ондай жерлерде ауа жетпегендіктен жартылай құбылысы жүреді. Батпақтарда шалғын тәрізді бұрыңғы Кеңес Одағының көлемінде 190 млн-ға жуық батпақты жерлер бар, ал Қазақстан көлемінде орманды жерлерінен үлкен өзен көл болйларынан кездестіруге болады.
Кіріспе.....................................................................................................................3
Әдебиеттерге шолу................................................................................................5
І-тарау. Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
1.1.Батпақты жерде өсетін өсімдіктерге
жалпы сипаттама..........................................................................................6
1.2. Қияқөлеңдер тұқымының биологиялық маңызы...............................9
1.3. Жасыл мүк пен шымтезек мүгінің биологиялық ерекшеліктері.....14
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер................................................
Ұлпабас туысы. Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендікте кездесетін 20-дай түрі бар. БОР-дың флорасында 12 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі.Қынапшалы ұлпабас батпақты жерлерде, негізінен шымтезекті батпақтарда, тундрада өседі және шымтезектің түзілуінде елеулі роль атқарады. Гүлінің формуласы: *Р рар А3 G(3)
Сәлемшөп туысы. Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңтүстік облыстарда өсетін 14 түрі, Қазақстанда 7 түрі белгілі. Аса маңызды түрінің бірі тамақтық сәлемшөп. Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті түйнектер түзіледі; сондықтанда бұл түрді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған. Сыртқы құрылысы көпшілігінің жерасты өркені құлпынай тектес жуандау, сол арқылы көбейеді. Гүлсабағы жалғыз, үш қырлы жалаңаш, биіктігі 7-35 см-ге дейін жетеді. Жапырағы ұзын, тегіс, қысқа қынапты, ұзындығы 2,5 мм-ді құрайды. Гүлшоғыры шатырлы тең емес, 0,3-10 мм ұзындықта сәулелі жоғары қарай көтерілген борпылдақ масақты. Масағы көпжылдық тік, ұзындығы 20 мм-ге дейін, ал ені 1-2 мм-ге дейін жетеді. Гүлшоғырында 2-3 жапырағы, дінгегі 6-7 мм болады. Дәне үшеу, сұрлау, шамамен 1,5 см ұзындыққа деәін жетеді. Дәне өте төмен, сәуір мен қыркүйек аралығында созылмалы кезеңде өнеді. Қыстан кейін өнгіштігі 50-80 пайызға дейін жоғарылайды. Дәне қол жетерлік жерлерде және батпақты-ылғалды жерлерде өніп шығады. Өмір сүру ұзақтығы-10 жыл. Алғашқы 20-30 күнде олардың өсуі баяу жүреді және оларды осы кезде қопсыту жеңіл болады. Алғашқы жемісі маусым айында піседі. Жер үсті өркені жас құлпынай тектестен ғана дамиды. Жер қыртысы өте 5-6 см тереңдікте орналасқан. Бұл өсімідктердің өніп өсуі шамамен 10 мыңнан 100 мыңға дейін ұрық береді. Мамыр-қазан айларында гүлдейді.
Таралуы Атлантикалық Еуропа, батыс және Шығыс теңіздерінде Орталық Азияда, қоңыржай Арабияда, Африкада, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Аустралия және БОР-дың территориясында да яғни Украина, Кавказ және кіші Азияда да кездеседі.
Экологиясы жылу сүйгіш, ыстыққа төзімді өсімдік. Солтүстік шекарада таралуы қыстық кезенінде төмен температурада яғни жер қыртысы 43-44 0С өтеді. Жер үсті өркені бірінші қыстықтан зардап шексе, жер асты өркені кеш көктемдіктен зардап шегеді. Құмды жерлерде, дымқыл өзен жағалауында, мақта және күріш егілетін егістікте кездеседі. Негізінен балшықты және дымқыл сортты топырақта арамшөп секілді әсіресе шөгінді топырақта жақсы өседі. Жер қыртысы борпылдақ, тұзы аз болған жағдайда өте жақсы өседі. Жарық сүйгіш өсімдік өте ашық жерлерде тамыр сабағының ұзындығы 1,5 ұзарып отырады. Территориясының игеруі: егістік сумен, ең аз мөлшерде қимен тыңайту, құстың нәжісімен, желмен, ауыл шаруашылық құралымен тасу болып табылады.
Шаруашылықтағы маңызы 18 түрдің ішіндегі арамшөбі жергілікті аймақта субтропикалық-тропикалық белдеуде екі ғаламшарды алып жататын бірден бір зиян келтіруші. Жергілікті егін шаруашылығында, бақта, субтропикалық екпе жерлерде арамшөп өз зиянынң келтіреді.
Күресу шаралары терең және дер кезінде сүдігермен 25-30 см тереңдікте айдау; терең және егін себілген жиектердің аралағын күзде жоңышқаны себу және жақсы аграрлық кәсіпті қолдану болып табылады.
Аласа ұлпабас. Таулы тундрада қияқөлеңді мүкті балшықтарда, мүкті өзен жағалауларында және биік таулы Алтай және Саурда бұлақ жағасында өседі. Қысқа төселмелі тамырсабақты, көпжылдық ұсақ түптер құрады. Сабақтары жуан, дөңгеленген, биіктігі 25 см-ге дейін. Сабақ жапырақтары әдетте екеу, олар өте байқалмайды. Төменгі жапырақтары өте қысқа тақталы, ал жоғарғылары тақтасыз, үрмелі қынапты, сабағын қоршаған. Гүлдері қос жынысты, ажарсыз, үш аталықты бас жағында тығыз масаққа жиналған. Барлық ұлпабастардың ерекшеліктері, әр гүлде көптеген гүл тікендерінің болуы. Гүлдеу мерзімінде олар қысқа, сондықтан онша байқалмайды, ал жеміс салу кезінде қаулап өседі. Гүлшоғырының ұзындығынан бірнеше есе асып, аппақ қалың шар тәрізді «ұлпа» құрады. Алғашқы қарға дейінгі, 1-2 айға ұзақтығы созылатын «ұлпа» ерекше әсемдік беріп тұрады. Сондықтан ұлпабасты құрғақ гүл шоқтарын құрауда пайдалануға болады. Ертеде ұлпаларды қағаз өндірісінде қолданды, сондай-ақ жүннен, мақтадан және жібектен маталар тоқуда қоспа ретінде пайдаланған.
1.3. Жасыл мүк пен шымтезек мүгінің биологиялық ерекшеліктері
Бұл кластармағы бір қатардан, бір тұқымдастан тұрады. Оған жалғыз сфагнум туысы жатады. Туысқа 300-ден астам түр жатады, оның 42-сі бұрыңғы одақтас републикалардың (БОР) территориясында кездеседі.
Шымтезек мүктерінің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтанда оларды анықтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан күшті тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды. Оның ортасын өткізгіштік және артық қор заттарын жинау қызметін атқаратын өзек алып жатады. Өзектің клеткаларының қабықшасы жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады. Оның бірі арқаулық қызмет атқаратын склеродермалар, ал екіншісі бойына су жинау қызметін атқаратын гиалодермалар. Гиалодермалардың клеткалары үлкен, өлі клеткалар, олардың қабықшаларының дөңгелек тесіктері болады, солардың көмегімен ергелес жатқан клеткалардың қуыстары бір-бірімен және сыртқы ортамен қарым-қатынаста болады. Кейде бұл клеткалар спираль тәрізді қалыңдап жуандаған жолақтар түзеді. Жапырағы құрылысы және атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен айқын айырмасы болатын бір қатар клеткалардан тұрады. Олардың біреулері тірі, хлорофилл дәндері болатын клеткалар, ал екіншілері-өлі, біршама ірі, үлкен клеткалар. Соңғыларының клетка қабықшалары спираль тәрізді жуандап қалыңдаған, көптеген тесіктері бар, құрылысы жағынан гиалодерманың су жинайтын клеткаларына ұқсас болып келеді, оларды гиалинді клеткалар деп атайды.
Гиалинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде, тіпті өсімдіктің өз салмағынан 30-40 есе артық суды жинап және оны ұзақ уақыттар бойы ұстап тұра алады.
Гаметофиттері қосжынысты да және даражынысты да болып келеді. Антеридийлері сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында пайда болады. Олардың қасындағы жапырақтар қызғыштау түске боялған болып келеді. Архегонилері қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.
Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылуының нәтижесінде зигота түзіледі, ол диплоидты фаза-спорогонның бастамасы болып табылады. Спорогон аяқшадан және қорапшадан тұрады. Аяқша өте қатты қысқарған, формасы бадана тәрізді болып келеді. Бірақ ол споралар мпісіп жетілер алдында гаметофиттің сабағының жоғарғы ұшының қатты ұзарып өсуінің нәтижесінде қорапшаны жоғары көтеріп шығады. Қорапшаның ортасында дөңгелекк бағана орналасады, ал оның үстінде күмбез тәрізді споргангилері мен спора түзетін үлпалары жетіледі. Қорапшалардың қабырғалары берік, көпқабатты болып келеді.
Оның сыртқы хлорофилл түзетін қабатында көптеген толық жетілмеген устьицалары болады. Қорапшаның спора пісіп жетілген кезде ашылатын қақпақшасы болады, сол арқылы споралары сыртқа шашылады. Элатерасы болмайды. Осылайша жерге түскен споралардан алдымен жасыл түсті табақша тәрізді өскіншелер пайда болады. Содан соң әрбір протонемада көптеген бүршіктер пайда болады, олардан келешегінде ересек гаметофиттер жетіледі. Гаметофит осы өсімдіктің өмірлік циклында үнемі басым болып келеді.
Шымтезек мүгінің құрылысы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді: протонемасы табақша тәрізді өткізгіш шоғы мен ризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дифференцияланған.
Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Батпақты құрғату арнайы агромелиоаративтік шаралар қооланылады. Екіншіден ескі батпақтардың, шымтезектің кені ретінде шаруашылықта маңызы үлкен болады. Шымтезек қабаттарының қалындауы ең қолайлы жағдайларыдың өзінде өте баяу жүреді. Қалыңдығы 1 см болатын шымтезек қабатының түзілуіне шамамен 10 жылдай уақыт қажет.
БОР-да шымтезектік қоры шамамен 160 млярд. Т.т жетеді, ол дүние жүзінің шымтезек қорының 60,8 пайызын түзеді.
Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері яғни олардың айқын басым болып келетін немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және орнмандардың кейбір типтері. Әрбір жердің өзіне тән түрлері болады. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өсінде, ал екіншілерінде-бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейібр түрлеріне бұтақтануы айқын байқалмайды.
Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры жатады. Ол орманда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттерінде өседі.
Гаметофитінің сабағы тік, бұтақталған, биіктігі 15 см, кейде оданда биіктеу болып келеді. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады.
Қорытынды
Батпақтарда шалғын тәрізді бұрыңғы Кеңес Одағының көлемінде 190 млн-ға жуық батпақты жерлер бар, ал Қазақстан көлемінде орманды жерлерінен үлкен өзен көл болйларынан кездестіруге болады. Жалпы су қоймаларының батпаққа айналуы әртүрлі жолмен қалыптасады.
Жер тиімді, мол ылғалды, ол жерде органикалық заттардың жиналуы жүреді, кейін шымтезекке айналады. Торфты батпағы енсіз ұғымда, яғни тар ұғымда батпақпен теңестіреді және мол ылғалды жер учаскесін анықтайды. 30 см тереңдікте торфтік қабатпен жабылған. Шалшықтанған жерлерде 30 см тереңдіктен торфтік қабатпен жабылмаған, мол ылғалды жер көлемі жоқ, мүлде шымтезегі болмайтын жерлерді айтады. Батпақты жерлерді кептіргеннен кейін торфті тыңайтқыш ретінде және отын, малдардың астына төсеу үшін қолданады. Сонымен қатар торфтен бірқатар химиялық өнімдер алынады ( аммияк, деготь және т.б.). Аз бөлінген торфті плиталарды құрылыста қолданады.
Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер-шымдар немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай және салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтырынң саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды
Шымтезек мүктерінің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтанда оларды анықтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан күшті тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері