Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 13:58, реферат
Биогеохимия және экотоксикология ғылыми пәнінің анықтамасы. Экотоксикологияның пайда болуы. Академик Вернадскийдың биогеохимияның пайда болуындағы рөлі. Экотоксикология мен биогеохимияның қазіргі кездегі мақсаттары, олардың өзара байланысы мен даму болашағы. Биосфераның түзудегі тірі организмдердің рөлі. Оны пайда болуы мен эволюциясы. Биосфера мен оның компоненттердің өзгеруі және тұрақтылығы Ж.Б.Ламарк пен Э.Зюстің биосфера туралы түсініктері В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Tipi зат және оның химиялық элементтер тасымалдануындағы басты рөлі. Топырақ туралы ғылымның негізін қалаушы – Докучаевтің ілімі. Биосферадағы топырақтьң рөлі. Биосфера құрылысы; биосферадағы адамның техногендік әрекетінің ұлғаюы.
Биогеохимия және экотоксикология
Қоршаған орта мониторингі
Табиғатты пайдалану экономикасы
Әлеуметтік экология және тұрақты даму
Кәсіби аурулар
Пандемия
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары. Қазақстан республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процесстері, себептері мен салдарлары. Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық проблемалары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізетін зардаптары. ҚР территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар. ҚР –дағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру. ҚР-ның тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.
Әлеуметтік экологияның пәні жөне міндеттері, қалыптасу тарихы
Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері. Эмпирикалық кезең: бақылаулар арқылы алынған мағлұматтарды жинақтау кезеңі; глобалдық мониторинг және планетадағы экологиялық жағдайга баға беру; ДЦТ препаратын қолданудың экологиялық зардаптарына талдау жасау. ДЦТ-ның тірі организмдерге жөне адамға көрсететін қатерлі әсері. Р.Карсонның «Меңіреу көктем» атты кітабы. Ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз зардаптары және планетада қалыптасып отырған күйзелістік жағдай жөніндегі деректерді жинақтау кезеңінің басталуы. Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы, қоршаған орта элементтерінің арасалмағы.
Қоршаған ортаның әлеуметтік компоненті — қоғам, қоғамдық қатынастар, мәдениет. Еңбек сферасы – еңбек процесінің материалдық факторлары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы – қоршаған ортаның бір бөлігі. Қоршаған орта элементтерінін ара салмағы. Іргелі экологиялық заң – минимум ережесінің өлеуметтік жүйеде әсер етуі. Адамның жасанды тіршілік ету ортасын құруы. «Өмір сүру сапасы» үғымына анықтама беру.
Демографиялық қысым, урбанизация, олардың табиғи жүйелерге әсері. Ресурстық дағдарыс және оның салдарлары. Ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы. Мутациялық процестер. Адамның тұқым қуалаушылық қасиеттеріне, қоршаған орта факторларының мутагендік әсерінің кешеуілдеп білінетін зардапарын бағалау жүйесі жөне қоршаған орта мутагендерінен қорғану. Генофондты қорғауға компенсациялық көзқарас проблемасындағы антимутагенез.
« КӘСІБИ АУРУЛАР »
Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер