Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 19:08, реферат
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық кұралдар (БҚ) құрайды—ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялык агенттер, олар адамдар немесе жануарлар (өсімдіктер) организміне еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері—мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал—микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін.