Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 19:11, дипломная работа
ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Клетка ұғымы туралы жалпы түсінік
- Өсімдіктану пәні бойынша клетка тақырыбын өту методикасы
- Жануартану пәні бойынша жануар клеткасы құрылысымен танысу
- Тәнтану пәні бойынша клетка және оның құрылысы, оқыту методикасы
- Тіршіліктану пәні бойынша "Цитология негіздері" тарауы бойынша методикалық білім қалыптастыру.
Кіріспе
I - тарау. Биологиялық білім беру проблемалары.................................3-20
ІІ - тарау. Жасуша
ІІ.1. Жасушаның құрылысына жалпы түсінік.......................................21-25
II.2. Жасушаның химиялық құрамы.......................................................26-40
ІІІ - тарау. Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану
әдістемесі
ІІІ.1. Өсімдіктану пәні бойынша өсімдік жасушасының құрылысы,
оқыту методикасы..............................................................................41-51
ІІІ.2. Жануартану пәні бойынша жануар жасушасының құрылысы,
оқыту методикасы............................................................................51- 53
ІІІ.3. Тәнтану пәні бойынша адам ұлпасы жасушасының құрылысын
оқыту методикасы...........................................................................53-58
ІІІ.4. Тіршіліктану пәні бойынша клетканың химиялық құрылысына
методикалық өңдеу...........................................................................58-60
ІІІ.4.1. Тірі ағзалардың химиялық құрылысы....................................60-64
ІІІ.4.2. Көмірсулар және липидтер........................................................64-71
ІІІ.4.3. Ақуыздар....................................................................................71-76
ІІІ.4.4. Нуклеин қышқылдары..............................................................78-89
ІІІ.5. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру................................... 88-90
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
I - тарау. Биологиялық білім
беру проблемалары..................
ІІ - тарау. Жасуша
ІІ.1. Жасушаның құрылысына жалпы
түсінік.......................
II.2. Жасушаның химиялық құрамы........................
ІІІ - тарау. Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану
әдістемесі
ІІІ.1. Өсімдіктану пәні бойынша өсімдік жасушасының құрылысы,
оқыту методикасы....................
ІІІ.2. Жануартану пәні бойынша жануар жасушасының құрылысы,
оқыту методикасы....................
ІІІ.3. Тәнтану пәні бойынша адам ұлпасы жасушасының құрылысын
оқыту
методикасы....................
ІІІ.4. Тіршіліктану пәні бойынша клетканың химиялық құрылысына
методикалық
өңдеу.........................
ІІІ.4.1. Тірі ағзалардың химиялық
құрылысы......................
ІІІ.4.2. Көмірсулар және липидтер......................
ІІІ.4.3. Ақуыздар......................
ІІІ.4.4. Нуклеин қышқылдары....................
ІІІ.5. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру...................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
К I Р I С П Е
КЛЕТКА - тірі организмнің құрыльмдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.
Тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысты жүргізіледі.
ХҮІ ғасыр аяғы мен ХҮП ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспапен тәжірибе жүргізу дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және Зарахиус Янсендер еді. Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғальмы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс сияқты физика, химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгір маман. 1665 жылы шыққан "Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқылы зерттеу" деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай, аскөк, қамыс өсімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға "клетка" деген ат берді. Кейін бұл ғылыми терминге айталды.
Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш рет еңбек жазған ағылшын ғалымы Н.Грю және италияндық ғалым М.Мальпичи еді. 1881 ж. Роберт Браун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы пікір айтты. 1839 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндеғі сұйықтықты зерттеп, оны протоплазма деп атаған. 1934 ж. П.Ф.Горянинов "Барлық тірі дүние клеткалардан тұрады және клеткадан пайда болады" деп тұжырымдаған. 1938 ж. М.Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы мәліметтерді жинап, ботаник М.Шлейден және зоолог Т.Шванн бірге клетка теориясының негізін қалады.
Клетка теорияның қағидалары Шлейденнің 1838 жылғы "Өсімдіктердің дамуы туралы деректер", Шванның 1839 жылғы "Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер" деген еңбектерінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.
Клетка теориясын Ф.Энгельс XIX ғ. жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтардың бірі болда деп жоғары бағалаған. 1840 жылы орыс ғалымы Н.И.Железнов /І8І6-І877/ традеснанция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған. Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тір организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды. Орыс ғалымдары И.Д. Чистяков 1874, Э.Страсбургер /1875/ клетканың кариокенез немесе митоз жолымен, 1892-1894 жылы І.И.Беляев оның редукциялық, мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С.Г. Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқынды дамыған кезең. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, гольджи аппараты, т.б. клетка органеллаларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жинақталды. XX ғасырдың 50 ж. электрондық микроскоппен кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп жаңа әсіресе құрылымдарын ашу жүзеге асырыла бастады.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға цитология бөлімінен, клетканың химиялық құрылысы, осы бөлімнің әр түрлі тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.
ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Клетка ұғымы туралы жалпы түсінік
- Өсімдіктану пәні бойынша клетка тақырыбын өту методикасы
- Жануартану пәні бойынша жануар клеткасы құрылысымен танысу
- Тәнтану пәні бойынша клетка және оның құрылысы, оқыту методикасы
- Тіршіліктану пәні бойынша "Цитология негіздері" тарауы бойынша методикалық білім қалыптастыру.
ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІСІ:
Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға әртүрлі тақырыпта цитология негізінен, клетканың химиялық құрылысы туралы, клетка туралы, тіршіліктің негізі - клетка екендігі туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
І ТАРАУ
БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т.б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.
ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т.б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.
Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т.б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы /қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т.б./ материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері /мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары/ түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары /"Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану/ ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді.
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді;
- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып, биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;
- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;
- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту;
- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;
- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;
- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай, орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның іргелі теориялары мен тұжырымдамалары /жасуша, хромосома, онтогенез, эволюция т.б./ туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХҮ-Х сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз, индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі /тұқым қуалаудың химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының физикалық-химиялық аспектілері т.б./ және басқа материалдармен кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді.