Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 10:24, курсовая работа

Описание работы

Залалсыздандыру – әр түрлі факторлардың әсерімен патогенді микроорганизмдер мен олардың спораларын жою іс-шаралары.
Биопрепараттар - жұқпалы ауруларды анықтау, олардың алдын алу, емдеу және балау мақсатында қолданылатын препараттар. Олар емдік, алдын алу және балау мақсатында қолданылатын препараттар.
Стерилизация - микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.
Дезинфектант – залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық препараттар.

Содержание работы

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқыртулар ......................................... 5
Кіріспе 6
Негізгі бөлім 8
1. Реактивтердің түрлері, маңызы және олардың қолданылуы 8
2. Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері 13
2.1 Стерилизациялаудың түсінігі мен әдістері 13
2.2 Стерилизациялау параметрлері 18
2.3 Ыдыстарды зарарсыздандыруға қойылатын талаптар 20
2.4 Жуылған ыдыстың тазалық дәрежесiн анықтау 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

Файлы: 1 файл

Бека_курсовая печать.docx

— 413.89 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

Анықтамалар, белгілеулер  мен    қысқыртулар ......................................... 5

Кіріспе 6

Негізгі бөлім  8

1. Реактивтердің түрлері, маңызы және олардың қолданылуы 8

2. Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау       әдістері мен тәсілдері 13

2.1 Стерилизациялаудың түсінігі мен әдістері 13

2.2 Стерилизациялау параметрлері  18

2.3 Ыдыстарды зарарсыздандыруға қойылатын талаптар 20

2.4 Жуылған ыдыстың тазалық дәрежесiн анықтау 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕУЛЕР

Осы курстық жұмыста келесідей  анықтамалар қолданылды:

 

Залалсыздандыру – әр түрлі факторлардың әсерімен патогенді микроорганизмдер мен олардың спораларын жою іс-шаралары.

Биопрепараттар - жұқпалы ауруларды анықтау, олардың алдын алу, емдеу және балау мақсатында қолданылатын препараттар. Олар емдік, алдын алу және балау мақсатында қолданылатын препараттар.

Стерилизация - микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.

Дезинфектант – залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық препараттар.

Пастерилизация - бұл бактерия споралары немесе вегетативті клеткалар температура әсеріне қатынасына негізделген.

Механикалық стерилизация (фильтрлеу) - бұл әдіс микроорганизмдерді және олардың спораларын ұсақ поралы фильтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген.

Химиялық стерилизация – бұл әдісте әртүрлі бактерициттік қасиеті бар химиялық заттар қолданылады.

 

Осы курстық  жұмыста келесідей қысқартулар  қолданылды:

ДеЖП – дезинфекциялық жуғыш препарат

pH – ерітіндінің қышқылдығы

ҚР – Қазақстан Республикасы

АШМ – ауыл шаруашылық министрлігі

мкг  – микрограмм

АИТВ – адам имун тапшылық вирусы

ГАТ – гипоксантин-аминоптерин-тимидин

кД  – килодальтон

ОФД – ортофенилендиамин

ФТЕ – фосфатты тұз ерітіндісі

УКС – ультракулгін сәулесі

Н – ерітіндінің нормасы

М – ерітіндінің молярлығы

 

Осы курстық  жұмыста келесідей белгілеулер  қолданылды:

        мл,%,ᵒС,t,г,атм.,мин.,мг,нм,м,мм, мПа

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Биотехнология ғылымының дамуы адам тірщілігіне  біршама өзгеріс енгіздірді. Қазіргі  биологиялық технологияларды пайдалану  арқылы халық шаруашылығына пайдалы, сапасы жоғары өнім алынуда. Қазіргі  кезеңде көптеген дамыған елдердің ғалымдары жаңа биотехнологиялық әдістерді  шығарып оны ары қарай игеріп, өнім мөлшерін молайтып, сапасын жақсыртуда.

Ауыл  шаруашылық биотехнологиясында, фармацевтикалық, тағам және химия өндірістерде, амин қышқылдарын, ақуыздарды, ферменттерді, медикаменттерді препараттарын  синтездеуде көптеген тәжірибелік мәліметтер жинақталынды [1].

Қазақстан Республикасы биотехнологияның түрлі  саласында жаңа техникалар мен технологияларды  игерген, негізгі және қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізетін, алдыңғы қатарлы  дамыған елдердің қатарына кіреді. Ген инженериясының жаңа технологиялары дәстүрлі биотехнологиялық процестердің деңгейлерін жоғарлатуға және бұрын  қол жеткізбейтін бағалы өнімдерді  алуға жол ашады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндірістері қалыптастыру, Қазақстандық биоөнімдерді әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестіруге және экспортқа  шығарудың негізгі жолы болып  отыр.

Биологиялық препараттар жұқпалы және инвазиялық аурулардың алдын алуға (вакцина,анатоксин), емдеуге (спецификалық гипериммунделген сарысу және гамма-глобулин), диагностикасына (антиген, аллерген,бактериофаг, диагностикалық сарысу) және жануарларды емдеу, олардың өнімділігін жағарылату (жануар қан сарысуы (ЖҚС), В12 препараты және т.б.) үшін арналған биологиялық зат.Биологиялық препараттар зардапсыз, биологиялық белсенді және стерильді болуы тиіс. Биопрепараттар технологиясында залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақыланады, себебі олардың биоматериалы адам ушін қауіп туғызады [2].

Адамзат тұрмысына қажетті бағыттардың  бәрінде биотехнологиялық процестерді  дамытудың көзделуінің негізгі  себебі, мұндай өндірістер бір жағынан  ықшамды болса, екінші жағынан үлкен  масштабты, процестердің негізгілері  заманға сәйкес механизацияландырылған, еңбектің өнімділігі жоғары болатындығы  анық. Биотехнологиялық процестерді  бақылауға, реттеуге және автоматтандыруға болады. Бұл процестердің химиялық процестермен салыстырғанда, жүргізу  жағдайлары «жұмсақтау», қысымдық көрсеткіштері  қалыпты, реакциялардың белсенділіктері  жоғары температураларды қажет етпейді  және бұл процестер сыртқы ортаны қалдықтарымен және қосымша өнімдерімен  көп ластамайды. Өндірісте қолданылатын ыдыстарды стерильдеу алдында тазарту  жұмыстары жүргізіледі. Тазарту  жұмысы механикалық жолмен жүреді. Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау  жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту  сапасын бақылау сынамалар қою  арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды [4].

Курстық жұмыстың мақсаты: Биопрепараттар технологиясында реактивтер және стерильді ыдыстарды дайындау әдістері мен тәсілдерін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: Биопрепараттар технологиясында пайдаланылатын реактивтермен танысу, олардың обьектке әсерін талдау, залалсыздандыру әдістерін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

БИОПРЕПАРАТТАР  ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА РЕАКТИВТЕР

    1. Реактивтердің түсінігі және олардың қолданылуы

 

Химиялық  реактивтер — лабораторияларда талдау жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық зертханаларда талдау, зерттеу жұмысын жүргізу үшін қолданылатын барлық құрал жабдықтар стерильді болғаны жөн [16]. Бұл жұмысты іске асыру үшін әр түрлі реактивтер қолданылады. Реактивтер қолданылуына қарай екі топқа : қолданбалы және арнаулы болып бөлінеді.Қолданбалы реактивтер барлық зертханаларда кездеседі, оларға: қышқылдар (тұз,азот,күкірт), сілті (аммиак ерітіндісі), барии, кальции оксиді, бейорганикалық тұздар қатары, индикаторлар (фенолфталейн, метил оранж) және кей органикалық ерітінділер (этил,шарап спирті, эфир). Арнаулы реактивтер нақты бір әрекеттерге арналған. Агрегаттық күйіне қарай қатты, сұйық және газ  тәрізді болады. Тазалығына қарай: химиялық таза, талдау үшін таза, таза [3].

Тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған реактивтер тазалау мақсатына қарай, тазалау  обьектісіне байланысты түрлі көлемде  және әсер етуіне байланысты түрлі концентрацияда бағалады (1-кесте).  Қоршаған ортаның санациясы үшін химиялық,физикалық, биологиялық заттар қолданылады. Дезинекциялық заттар таңдағанда оған келесідей талаптар қойылады: әсері белсенді, беттік заттарға зиянсыз,тасымалдағыш, суда крігіш, дезинфекциялық қасиеті сақталған, арзан болуы керек,осы белгілеріне қарап бағаланады(1-кесте).

Ветеринариялық  тәжірибеде келесідей дәстүрлі дезинфектанттар  кеңінен қолданылады:

Каустикалық сода –   2-3 % спорасыз және вирусты инфекцияда, 10% споралы инфекцияда.

ДеЖП (дезинфекциялық жуғыш препарат)- 0,5% ерітінді профилактикалық мақсатта сүт және ет өндірісінде колданылады, металл коррозиясын туғызбайды.

Кальции гипохлорид – хлор иісті сарғыш ұнтақ.Әсері хлорлы әктен 2,2 есе күшті, суда жақсы ериді, 80-90% белсенді хлор түзеді.  Әдетте хлорамин Б 2-10% қолданылады.

Дезмол – аппараттар мен ыдыстарды жуып дезинфекциялауға арналған препарат, 0,25-0,5% ерітінді 55-60°С қолданылады.

Калии перманганаты (КМgO4)  0,5-2% қолды зарарсыздандыруға, 2-4% заттардың бетін зарарсыздандыруға дайындалады [17].

Хлорамин – 30% хлордан туратын, суда нашар еритін, күшті препарат.

 

 

1-кесте  – Дезинфектанттарды бағалау критерийлері

 

Препараттар

тобы

Антимикробная активность

Уыттылығы төмен

Жуғыш әсері

Фуксирлеуші қасиетінің жоқтығы

Коррозия туғызуы

Сақтау тұрақтылығы

Бірнеше рет қолданылуы

Ерігіштігі 

Жағымсыз иіс 

Бакте- 
рия

Мико- 
бактерия

Саңырауқұлақтар

Вирус

Хлор- 
түзушілер

+

+

+

+

-

-

-

-

-

-

-

-

Оттек-түзушілер

+

+

+

+

-

-

+

-

-

-

+

+

Альдегидтер

+

+

+

+

-

-

-

+

+

+

+

+

Альдегид- 
түзушілер

+

+

+

+

+/-

+/-

+/-

+

+

+

+

+

Альдегидсіз композициялық

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+


 

Дәстүрлі  ерітінділердің әсер ету механизмі  жетік зерттелген, бірақ оған төзімді  микроорганизмдер бар. Бүгінгі таңда  осы дәстүрлі залалсыздандыру ерітінділерінен басқа қолданылатын дезинфектанттардың саны көп-ақ. Солардың мысалы төменде көрсетілген:

«Диновис» - ауыл шаруашылығы және ветеринарияда мекеме ішін зарарсыздандыруға арналған ерітінді. Кей бактериялар мен саңырауқұлақтарға әсер ету спектрі кең. Бактериялар: Escherihia coli, Staphylacoccus aureus, Staphylacoccus albus, Bacillus cereus, Saccharomyces cereviziae; саңырауқұлақтар: Candida albicans, Mucor mucedo, Penicillum glaucum, Aspergillus niger.

«Дезоксаль» - технологиялық жабдықтарды, құрылғыларды зарарсыздандыруға арналған ерітінді.

ТМ «ФормоДез» - заманауи жаңа құрамында белсенді хлор концентрациясы кемітілген әмбебап  препарат. Өндірістің барлық түрінде  қолданылады.

Заманауи  жаңа антисептиктердің бірі «Биопаг»1% және дезинфекциялық препарат «Биопаг Д»20%  - уыттылығы төмен, тұрақтылығы жоғары комбинирленген препарат (1-сурет). Бұл препараттың ерекшелігі, ҒЗН дезинфектологтарының зерттеулері бойынша, биоцидтік қасиеті 8 айға дейін

сақталады. Тағы бір ерекшелігі ветеренарияда  таға шірігін (20%),сиыр маститінде (1%) емдеуде  де қолданыс тапты.

 

 

1-сурет.  Дезинфекциялық ерітінділер

 

«Дезавид» - жаңа әмбебап дезинфекциялық препарат. Барлық патогенді микроағзаларға қарсы әсер етеді, әсері ұзақ, экологиялық қауіпсіз, экономикалық тиімді.

 

 

2-сурет.  Дезовид дезинфекциялық ерітіндісі

 

«Вироцид» - поликомпозициялық препарат, құрамында 4 компонент бір бірінің ісерін белсендіреді. Граммоң,граммтеріс бактериялар, вирустар, саңырауқұлақ, ашытқы, балдырларға  әсері жойқын.

  1. Бөлмені механикалық жолмен тазалау;
  2. Жуғыш ерітіндімен жуып, кептіру;
  3. 0,25-0,5% Вироцид ерітіндісін қолдану. Жұмыс ерітіндісі 1л-4м2, экспозиция 30минут;
  4. Бөлмеге көлемді дезинфекцияны аэрозойльді әдіспен 20-25% Вироцид ерітіндісімен жүргізу [18].

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте  – Қазақстанда қолданылатын дезинфектанттар:

 

        "Хорт Стома"

(ООО "Полисепт", Россия)

ДВ: төрт дәрежелі аммонии қосылысы (алкилдиметилбензиламмоний хлорид және дидецилдиметиламмоний хлорид) –  5,5%, полигексаметиленбигуанидин гидрохлорид (ПГМБ) – 0,5 және функционалды қосылыстар.

Сақтау  мерзімі 3 жыл,жұмыс ерітіндісі– 14 тәулік.

«ХОРТ стома» препараты  граммоң және граммтеріс микроорганизмдерге антимикробтық белсенділік танытып, вирус, АИТВ, полиомиелита, аденовирусов, вирусов «атипичной пневмонии» (SARS), «құс» тұмауы  H5N1, «шошқа» тұмауы, герпес т.б.), Кандида және  Трихофитон өкілінің саңырауқұлақтары.                                            

 

 

 

 

 

"Хлормисепт Люкс"

(ООО "Полисепт", Россия)

ДВ: натрий тұзы дихлоризоцианур қышқылы 98%, ПАВ және арнайы  компонентер. 1 таблетканы суда еріткенде 1,48 (±0,2) г белсенді хлор бөлінеді.

Жарау мерзімі: ашылмаған күйде 5 жыл, жұмыс ерітіндісі үшін 5 тәулік.

Препарат бактерияға(туберкулез микобактериясы) , вирус (Коксаки, ЕСНО, полиомиелита, ротавирусов, энтеровирусов, гепатит А, В, С, АИТВ, ЖРВИ, тұмау , H5N1, H1N1, «атипичный» пневмония, парагриппа, герпеса, аденовирусов), саңырауқұлақ Кандида, Трихофитон,бактерия споралары (сібір жарасы қощдырғышы).

 

 

 

"Аквабриз 300"

(ООО "Мир  дезинфекции", Россия) 

ДВ: 1 таблетка құрамында натрий тұзы, дихлоризоцианур қышқылы (Nа- соль ДХЦК) 0,5 гбелсенді хлор бөлінісі  300 мг.

 
Жарамдылық  мерзімі 5 жыл.

«АКВАБРИЗ» (таблетки) суды залалсыздандыруға арналған препарат. Споратүзуші вегетативті бактерияларға бактерияларға бактерицидті, вирулицидті, фунгицидті және спороцидті әсер етеді. 

 

 

 

 
   

 

"Экобриз"

ДВ:: төрт дәрежелі аммонии қосылысы (алкилдиметилбензиламмоний хлорид және дидецилдиметиламмоний хлорид) 1,84%, N,N-бис(3-аминопропил)додециламин (третичный амин) - 2,3%, қосымша компоненттер (неионогенный ПАВ, синергисты биоцидов, ингибитор коррозии)

Сақтау мерзімі: 3 жыл, жұмыс ерітіндісі – 14 тәулік.

 «Экобриз» препараты граммоң және граммтеріс микроорганизмдерге антимикробтық белсенділік танытып, вирус, АИТВ, полиомиелита, аденовирусов, вирусов «атипичной пневмонии» (SARS), «құс» тұмауы H5N1, «шошқа» тұмауы, герпес т.б.), Кандида және  Трихофитон өкілінің саңырауқұлақтары.                                            

 

  

 

 

        "Хлормисепт эконом"

(ООО "Полисепт", Россия)

ДВ:натрий тұзы дихлоризоцианур қышқылы, адипин қышқылы, натрии бикарбонаты

Жарамдылық  мерзімі: ашылмаған күйде 5жыл, жұмыс ерітіндісі – 5 тәулік.

Препарат бактерияға(туберкулез микобактериясы) , вирус (Коксаки, ЕСНО, полиомиелита, ротавирусов, энтеровирусов, гепатит А, В, С, АИТВ, ЖРВИ, тұмау , H5N1, H1N1, «атипичный» пневмония, парагриппа, герпеса, аденовирусов), саңырауқұлақ Кандида, Трихофитон,бактерия споралары (сібір жарасы қощдырғышы) [18].

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері