Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 10:24, курсовая работа
Залалсыздандыру – әр түрлі факторлардың әсерімен патогенді микроорганизмдер мен олардың спораларын жою іс-шаралары.
Биопрепараттар - жұқпалы ауруларды анықтау, олардың алдын алу, емдеу және балау мақсатында қолданылатын препараттар. Олар емдік, алдын алу және балау мақсатында қолданылатын препараттар.
Стерилизация - микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.
Дезинфектант – залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық препараттар.
Анықтамалар, белгілеулер мен қысқыртулар ......................................... 5
Кіріспе 6
Негізгі бөлім 8
1. Реактивтердің түрлері, маңызы және олардың қолданылуы 8
2. Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері 13
2.1 Стерилизациялаудың түсінігі мен әдістері 13
2.2 Стерилизациялау параметрлері 18
2.3 Ыдыстарды зарарсыздандыруға қойылатын талаптар 20
2.4 Жуылған ыдыстың тазалық дәрежесiн анықтау 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
БИОПРЕПАРАТТАР
Ыдыстарды стерилизациялаудың физикалық әдістеріне мыналар жатады:
1. Газды жаңғышпен немесе спирт жалынымен қыздыру. Берілген әдіс шектеулі түрде қолданылады. Мысалы׃ бактериологиялық ілмекті, ине, пинцеттерді стерилдеуде.
2. Құрғақ ыстық кептіру шкафында стерилизациялау ( Пастер әдісі). Бұл әдіс 45 минут ішінде 165-170 С қыздырылған ауада бактерициттікке негізделген. Өте жоғары температурада ыдысты қағаз ораған дәкелі тығын күйіп кетеді, ал төменгі температурадағы стерилизация бірнеше мерзімді қажет етеді. Петри шынысы, пробирка, пипетка, ыстық шыны ыдыстарды стерилизациялайды.
3. Буды қысыммен булау стерилизаторында стерилдеу (Автоклав).
Бірден-бір тиімді стерилизациялау әдісі, микробиологиядан басқа клиникалық практикада кеңінен қолданылады. Автоклавпен жұмыс істегенде инструкция және қауіпсіздік ережелері қатаң сақтау керек. Көптеген қоректік орта, байлам материалдары, маталар 1 атм. қысыммен 15-20 мин. Барысында стерилденеді, ал инфекцияланған материал 1,5-2 атм. 20-25 мин. барысында залалсыздандырады. Максимальді температурда буын арнайы термометрмен өлшенед, ал стерилизациялау материалдарымен бірге автоклавка енгізіледі. Химиялық заттардың белгілі температурада еруі бірқатар жағдайларда қолданылады׃ бензонафтол (110°С), бензой қышқылы (120°С).
4. Автоклав немесе Кохтың ағынды аппаратында стерилизациялау.
Берілген стерилизация түрі ( бұралмаған қақпақта және ашық кранды) будың вегетативті торшаларға антибактериялық әсер етуіне негізделген. Бұл әдіс жоғары температураға шыдамайтын материалдарды стерильдеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, витаминдер және көмірсулары бар қоректік орталарды стерилдеу кезінде. Толық залалсыздандыру үшін бөлшектік стерилизация принциптерін қолданамыз.
Бұл материалды 100°С-та 20-30 мин. 3 күн қатарынан стерилдейді. Бұл жағдайда вегетативті торшалар өледі, ал споралар сақталып, тәулік ішінде қайта өсіп шығады. Келесі екі реттік қыздыру материалдың толық стерилденуіне кепілдік береді.
5. Тиндализация. Бұл әдіс материалды 1 сағаттан 56-58°С-та 5-6 күн қатарынан стерилдеу. Бұл әдіс стерилдеуге жоғары температурада тез бұзылатын заттар алынады ( қан сарысуы, витаминдер т. б.)
6. Ультракүлгін сәулелермен стерилдеу. Бұл әдіс ультракүлгін сәулелердің толқын ұзындығы 260-300 мкм болғанда бактерициттік қасиетіне негізделген. Бұл әдіспен бокс ауасын, операция бөлмелерін, балалар мекемелерін стерилдеу үшін бактерициттік әртүрлі қуатты лампаларды қолданады. (БУВ-15, БУВ-30). Бұл келірілген әдістен басқа термиялық антимикробтық залалсыздандыру-қайнату қолданылады. Бұл әдіспен шприцтерді, ұсақ хирургиялық аспптарды, заттық және жабын шыныларды және т. б. заттарды стерилдеу ушін бұларды стерилизаторға салып, ішіне су құяды. Судың керексіз қасиеттерін және қайнау температурасын көтеру ушін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату 30 минуттан кем болмау қажет. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацины қамтамасыз етпейді. Өйткені кейбір вирустар( мыс, гепатит вирусы) және бактерияның споралары тіршілік ету қабілетін сақтап қалады.
7. Пастерилизация бұл бактерия споралары немесе вегетативті клеткалар температура әсеріне қатынасына негізделген. Материал 5-10 минут ішінде 50-65°С-та қыздырылып жылдам салқындатымен аяқталады. Көбінесе сусындарды және тағамдық өнімдерді пастерлейді ( сыра, сүт т. б.) [6].
Механикалық стерилизация (фильтрлеу). Берілген әдіс микроорганизмдерді жіне олардың спораларын ұсақ поралы филтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген. Лабораториялық практикада материалдарды асбестік және мембраналық фильтрмен фильтрлеу кеңінен қолданылады. Бұл фильтрлерді Зейцтің цилиндрлік воронканың ішіне бекітеді. Воронканың түтікшелі жағын резиналы тығынмен тубусы бар колбаға орнатады. Фильтрация алдында құралған бүкіл жүйе асбесті фильтрмен бірге автоклавта стерилденеді.
Мембраналық фильтрлерді және қайнатып стерильдеп, Зейцтің стерильді воронкасына орнатады. Фильтрация вакуум насостың көмегімен жүреді, бұған тубусы бар колба жалғанады.
Асбестік фильтрлер дм 30 және 140 мм болып шығарылады. Оның фильтрлеуші маркасын және стерильдеуші маркасын (сф) айырады. Мембраналық фильтрлердің қалыңдығы 0,1-0,5 мм 35 мм болады, бұлар нейтроклетчаткалардан немесе ацетилцеллюлозадан тұрады. Поралардың өлшеміне байланысты бұл фильтрлер 1-ден 5-ке дейігі нөмерді иеленеді ( поралардың өлшемдері 350-1200 нм тең) Сонымен қатар бактерияның токсиндерін, фагтардың және бактерияның тіршілігіне қажетті әртүрлі заттарды алу үшін пайдаланылады [7].
Химиялық стерилизация әдісі. Бұл әдісте әртүрлі бактерициттік қасиеті бар химиялық заттар қолданылады. Бірақ лабороториялық практикада осф заттарды қолдану шектеулі.
Шыны жинағыштар: су келетін түтікке арналған, стерилді мақтадан жасалған тампон қойылатын шыны түтікке арналған екі саңылауы бар тығындармен (қақпақтармен) тығыз жабылуы тиіс.
Жинағыштар тұғырларға, баллон аударғыштарға орнатылады. Жинағыштар шыны түтіктердің, силиконды резеңкеден, басқа да суға индифферентті материалдан жасалған, медицинада қолдануға рұқсат етілген және бумен өңдеуге шыдамды шлангілердің көмегімен аквадистиллятормен жалғанады, тоңазытқыш түтігімен тығыз жанасады.
Жұмыс орындарына су беру құбырлар арқылы
жүзеге асырылады. Тазартылған суды
және инъекцияға арналған суды жұмыс
орнына беруге арналған құбырлар Қазақстан
Республикасында қолдануға
Шыны және болат құбырларды пайдалану және дезинфекциялаудың қолайлылығы үшін ішкі диаметрі кемінде он алты-жиырма миллиметр түтіктер пайдаланылады. Құбырдың ұзындығы айтарлықтай болғанда микробиологиялық талдауға дистиллят сынамасын жуу, стерилдеу, іріктеу үшін әр 5-7 м сайын сыртқы шығаратын және шүмегі бар үштіктер орнатылады [9].
Құбырды жуу және дезинфекциялау жинау алдында, пайдалану үдерісінде, зертханалық бактериологиялық зерттеулер талдауларының нәтижесі қанағаттанарлықсыз болғанда 14 күнде кемінде бір рет жүргізіледі.
Шыны және металл құбырларды зарарсыздандыру үшін автоклавтан шыққан жіті буды 30 минут бойы жүргізеді, стерилдеу уақытын есептеуді бу құбырдың соңына шыққан сәттен бастап жүргізеді. Бумен өңдеу 30 минут бойы жүргізіледі.
Полимер материалдардан және шыныдан жасалған құбырлар кейіннен тазартылған сумен жуу арқылы дезинфекцияланады. Содан соң қалпына келетін заттардың жоқ екендігіне тексеру жүзеге асырылады.
Шыны түтіктер мен сауыттарды пирогенді
заттардан тазарту үшін жиырма 5-30
минут бойы калий перманганатының
ыстық қышқылданған 1% ерітіндісімен
өңдейді. Ерітінді дайындау үшін калий
перманганатының 1%-қ ерітіндісінің
он бөлігіне күкірт қышқылының 1,5% ерітіндісінің
алты бөлігін қосады. Көрсетілген
өңдеуден кейін сауыттар мен түтікшелер
инъекцияға арналған жаңа айдалған сумен
сульфат-ионға теріс реакция
Құбырға ауа кіріп, ауа тығындары пайда болмауы үшін дистилляттың берілуін реттейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін су құбырдан төгіледі.
Тазартылған суды жаңадан дайындап пайдаланады, судың қасиетін өзгертпейтін және оны механикалық қоспалардан және микробиологиялық ластанулардан қорғайтын материалдан жасалған жабық сыйымдылықтарда, бірақ үш тәуліктен асырмай сақтайды.
Стерилді емес дәрілік нысандарды дайындау барысында пайдаланылатын дәрілік заттар тығыз жабылған штангластарда және олардың ластануын болдырмайтын жағдайларда сақталады.
Бюретка қондырғылары, тамшылар он күнде
кемінде бір рет
Бюретка қондырғылардың су ағызатын крандары жұмыстың басында ерітінді тұздарының, экстрактылардың, тұнбалардың қақтарынан тазартылады және спиртті эфир (1:1) қоспасымен сүртіледі.
Дәрілердің сұйық нысандарын сүзу кезінде құйғыштар, бөліп өлшегенге және ыдысқа салғанға дейін ұнтақ немесе жақпамай массасы бар келілер пластмасса, металл пластинкалармен жабылады. Жақпамай мен ұнтақтар келілерінен іріктеу үшін пластмасса пластинкалар пайдаланады.
Жақпамайлар дайындағаннан кейін майдың қалдығы картонның, қағаздың, лигниннің көмегімен алынып тасталады [12].
Жұмыс үшін пайдаланылатын капсулалар, қалақшалар, жіптер, орап байлайтын резеңкелер ассистенттік (өлшеп-орайтын орын) үстелдің жәшіктерінде (жәшіктер күнсайын жуылады) сақталады. Қосымша материалдарды жабық шкафтарда, олардың ластануын болдырмайтын жағдайларда сақтайды.
Өндiрiстiк
үй-жайларды күн сайын өңдеу әр
ауысымнан кейін пайдалану
Толық өңдеу:
1) жабдықтың дәрiлiк заттармен
тікелей жанасатын алмалы-
2) жабдықтың iшкi бөлiктерiн температурасы
600С жуғыш заттың 0,5% ерiтiндiсiмен
өңдеп, содан соң ағынды сумен, соңынан
тазартылған сумен бірнеше рет шайған
дұрыс. Жабдықтың бөлшектелмейтін бөлiктерiн
стерилдеуді алпыс минут бойы (120±10С) температурада
ыстық бумен жүзеге асыру ұсынылады. Қажет
болған жағдайда (көлемдік үлесі 76%) этил
спиртімен суланған салфеткамен сүрту
қажет.
3) жабдықтың сыртқы беттерін үй-жайдың беттерін өңдегендей жолмен өңдеген дұрыс;
4) Қазақстан Республикасында
Стерилдеу сапасын бақылау физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдермен жүзеге асырылады.
Стерилизаторлардың
бақылау-өлшеу аспаптары жыл
2.2 Стерилизациялау параметрлері.
Залалсыздандыру – физикалық, химиялық әсер етумен вирус, микроорганизм флорасы және оның спораларын жоюға бағытталған іс-шаралар жиыны.
Залалсыздандырудың
Химиялық әдіс химиялық қосылыстармен әсер ету арқылы залалсыздандыру (хлорлы әк, екі-үш негізді СаСl2, хлорамин т.б.) [15].
3-кесте – Залалсыздандыру әдістері
Залалсыздандыру әдістері |
Әсер етуші фактор |
Бумен |
t,қысым, экспозиция, будың қанығу дәрежесі |
Ауамен |
Экспозиция, t |
этилен-оксиді Газды |
Газ концентрациясы, t, экспозиция,қысым, ылғалдылық, будың қанығу дәрежесі |
булы-фоммалинді |
Газ концентрациясы, t, экспозиция,қысым, будың қанығу дәрежесі |
Химиялық |
Ерітіндідегі белсенді әсер ету заттардың концентрациясы, экспозиция уақыты. |
Қаптама материалдарынан босатылып
алынған жаңа және бұрын қолданыста
болған ыдыстардың механикалық ластануын,
дәрiлiк заттардың қалдықтарын
кетiру үшiн сыртынан және ішін ағынды
құбыр суымен шаяды, содан соң
он бес минут бойы жуу құралының
0,5% ерітiндiсiне салып қояды.
Қатты ластанған ыдысты одан ұзақ
уақытқа (2-3 сағатқа) салып қояды.
Суланғаннан кейін ыдысты сол ерiтiндіде қатты ысқышпен немесе жуғыш машинамен жуады, содан соң (50±10)0С температурада ағынды құбыр суымен кемінде бес-жеті рет шаяды және ең соңында тазартылған сумен жуады. Машинамен шаю кезінде жуғыш машинаның түріне байланысты шаю режимінде ұстау уақыты 5-10 минут.
Информация о работе Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері