Ботулизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:32, доклад

Описание работы

Ботулизм — ең ауыр улану. Бұл ауру ботулизм бактериясының уымен ағзаның нерв жүйесін зақымдағанда туындайды.
Табиғатта ботулизм көп тараған. Ол топырақта, мал тезегінде, су қоймаларында кездеседі. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде өсіп-өніп, ботулотоксинді — уытты жинап, сол арқылы зақымдайды. Микроб оттегісіз ортада, яғни етте, балықта, консер

Файлы: 1 файл

ботулизм.docx

— 13.89 Кб (Скачать файл)

БОТУЛИЗМ

 

Ботулизм — ең ауыр улану. Бұл ауру ботулизм бактериясының уымен ағзаның нерв жүйесін зақымдағанда туындайды.

Табиғатта ботулизм көп тараған. Ол топырақта, мал тезегінде, су қоймаларында кездеседі. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде өсіп-өніп, ботулотоксинді — уытты жинап, сол арқылы зақымдайды. Микроб оттегісіз ортада, яғни етте, балықта, консервіде жақсы өседі. Үйде даярланған тамақтарда, әсіресе, саңырауқұлақ, ет, балық дұрыс консервіленбегенде бактериялар өсіп-өнеді. Ботулизм клостридий оттегісіз ортада, спор және уын шығарады. 7 түрлі антигенді түрлері бар. Адамға ең қауіптісі А, В, Е түрлері. Қыздырғанда уы залалсызданады, қатты тұзды ортада қасиетін сақтайды.Споры 5 сағат қайнатқанда ғана өледі. 70 кг салмақты адамның өлім дозасы 1 нг/кг. Бұл жылан уынан 375 есе қатты.

Аурудың өрбуінде ботулизм токсині асқазан арқылы енеді. Ботулизм уы асқазан қышқылы ферментіне төзімді. Сырт қабаты арқылы еніп, ішек қан тамырына қосылып, бар ағзаға тарайды. Ботулиз уы (токсин) нерв жүйесін зақымдайды, әсіресе құймышақ бөлігіндегі паралитикалық нерв жүйесін бүлдіреді. Науқастың сал болуы мүмкін. Бұл кезде тыныс, тамақ, қолқа жүйелерінің жұмысын тоқтатады. Тыныс ала алмай өліп қалуы мүмкін.

Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2-5 күнге созылады. Жасырын кезеңінің ұзақтығы аурудың жеңіл, ауырлығына байланысты. Жеңіл түрі 2-5 күн, ауыр түрі 26-30 сағат, ал өте ауыр түрі 24 сағат мерзімде өрбиді. Аурудың құсқысы келеді, құсады, іші өтеді, Асқазан түбі ауырады, содан кейін тілі құрғап, көзі бұлдырап, көз алды тұманданып,көру қабілеті нашарлайды. Көз көру қызметінің өзгеруі алғашқы белгі болады және ол тек ботулизмге тән. Екі көзінің жанарында өзгеріс бірдей болады. Жұмсақ таңдайдың нерв жүйесі зақымданғандықтан, үн мұрынмен сөйлегендей болады және су ішкенде мұрнынан ағады. Дауыс қырылдап, тіпті сөйлей алмай қалады. Науқастың сана — сезімі толық сақталынады, бірақ тамақ ішу, желке, қолдарының, дем алу нервтерінің жүйесі істемей қалуы мүмкін.

Ботулизмге қызудың көтерілуі тән емес. Дегенмен жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы төмендейді, жүрек етінің қабынуы басталады. Науқас сал болуынан, жүрек тоқтап, өліп кетеді.


Информация о работе Ботулизм