Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 17:26, задача
Адам баласы пайда болғанға дейін жер бетінде геологиялық төрттік дәуір кезеңінде бірнеше рет мұз басу жүрді. Төрттік мұз басу жер бетінің барлық бөліктерін тұтас қамтиды, мұз тек Орталық Азия мен Қазақстан аумағының биік таулы аудандарын ғана жапты. Тұран ойпаты мен Каспийдіңдалалы аудандарында ауа райы алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.
I тарау. ТAС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
§1.ЕЖЕЛГІ ТАС ДӘУІРІ
Адам баласы пайда болғанға дейін жер бетінде геологиялық төрттік дәуір кезеңінде бірнеше рет мұз басу жүрді. Төрттік мұз басу жер бетінің барлық бөліктерін тұтас қамтиды, мұз тек Орталық Азия мен Қазақстан аумағының биік таулы аудандарын ғана жапты. Тұран ойпаты мен Каспийдіңдалалы аудандарында ауа райы алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған. Сонымен қатар өмір сүруге аса қолайлы саналған Қаратау аймағында алғашқы адамдардың тұрақтары ежелгі тас дәуірінен бастап неолитке дейін ешбір үзіліссіз кездесіп отырады.
Адам баласының пайда болуы және оның дамуы. Адам баласының пайда болуы және оның дамуы миииллиондаған жылдарға созылған .Қазіргі ғылымда қарапайым сүтқоретілерге жататын адам тұрпатты маймылдардың 4 түрі болған деген болжам бар. Олардың 3 түрі толықжойылып кеткен, тек адам тәріздес гоминид түрі ғана сақталған. Осы гоминидтің біртіндеп қалыпты (эволюциялық) жолмен дамуы барысында бүгінгі адамдарға ұқсас « Саналы адам» Homo sapiens пайда болды. Ал адам баласының қалыпты дамуын дұрыс түсіну үшін гоминидтер түрінің даму жолына тоқталайық. ғалымдар
Гоминидтер тұқымдасының қалыпты дамуын палеоантропологтар басы төрт кезеңге бөледі. Оның бірінші кезеңіне ғалымдар рамапитекті жатқызады және оны «біздің алғашқы ататегіміз» дейді. Рамапитектің қаңқасыҮндістан, Кения, Қытай және Грекия жерінен табылған.
Адам баласының екінші бір қалыпты даму кезеңіне австралопитек жатады. Оның қалдықтары Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда табылған. Бұл маймылдар ми құрылымының дамуы жағынан жануарлар мен адамдарға ұқсас болған. Олар саналы түрде қарапайым құралдарды пайдалана білген.
Осы кезеңде өзінің еңбек етуге қабілеттілігімен көзге түскені-презинджантроп. Бұл гоминид 1959 жылы Шығыс Африканың Олдувай шаткалын зерттеу барысында жанында тұрпайы жасалған тас қаруымен бірге табылған. Ғалымдар бұл ежелгі гоминидке «қаблетті адам» деген ат берген.
Адам баласының қалыпты дамуының үшінші шешуші кезеңіне Homo адамдары жатады. Бұл адамдар тастан қару жасаған, от жаға білген, аң аулап қоректенген, топ болып бірге өмір сүрген. Олардың қаңқаларының Азия, Африка және Еуропа жерінен көптеп табылуынан адам баласының кең аймақтарды мекендегенің аңғарамыз.
Адам баласының қалыпты дамуының төртінші кезеңіне «тік жүретін адам» жатады, бұл- Homo sapiens -тің тікелей ататегі. Дүниенің әртүрлі-питекантроп және синатроп адамдары. Питикантроп адамы Ява аралынан (Индонезия) табылған. Огның ми қуысының көлемі-950 Ал синантроптың жағынан жануарлар қаңқалары және дөрекі жасалған әртүрлі пішінді тас қарулар табылған. «Тік жүруші адамнан» кейінгі, Homo sapiens -ке деін жақын түрі- неандерталь адамы. Алғашкы зерттеген ғалымдар бұл түрді өз алдына дамыған жеке түрге жатқызады. Алайда соңғы кездегіғылымипікірлерге қарағанда, бұл «саналы адамның» толық жойылып кеткен түрі.
Сонымен бүгінгі адамдардың ататегі Homo sapiens б.з..б.40- мың жылдықтың шамасында пайда болған. Алайда осы уақытқа дейін ғылымда адам баласының пайда болуы, отаны, нәсілдің қалыптасуы жайлы бірыңғай пікір жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, адамдар ғаламшардың Еуропа, Азия,Африка, Аустралия сияқты әртүрлі аймақтарында әр кезеңде пайда болған. Еуропеоид, моңголоид, негроид, австралопоид нәсілдері бір-бібімен ешбір байланыссыз. Екінші бір топ ғалымдардыңпікірі бойынша, адамдар алдымен Солтүстік-Шығыс Африканың, Алдыңғы және Оңтүстік Азияның кең байтақ аймағын мекендеген гоминиттерден тараған. Оларда алғашқы кезде ешбір нәсілдік белгілер болмаған, адамдар Жер шарынынң әртүрлі аудандарында ұзақ жылдар бойы тұруына байланысты нәсілдер бірте-бірте пайда болған. Алайда соңғы жылдары ғалымдар адам баласы Солтүстік-Шығыс Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияда пайда боды деген пікірді көбірек ұсынып жүр. Шындығында экватордың солтүстігіндегі тропиктік аймақтарда ежелгі адамдардың қаңқалары көптеп табылған.
Ежелгі тас дәуірінде адамдар дамудың бірнеше кезеңдерін өткізген. Соның нәтижесінде, тастан құралдарды жасаудың жаңа және
Қазақстан аумағынан табылған материалдар ежелгі тас дәуірінен шелль-ашель кезеңіне жатады. Бұл кезде қазақ жерінің оңтүстік аймағында, әсірісе Қаратау жотасында адамдардың өмір сүруіне толық қолайлы жағдай болған. Себебі бұл аймақта төрттік дәуір кезінде мұз бас болған жоқ. Ауа райы біршама болса да ылғалды, жылы болды.Осындай ауа райына бейімделген флора мен фауна тас дәуірінде адам баласының өмір сүруіне толық мүмкіндік туғызған.
Бұл кезеңге
жататын тас құралдар Оңтүстік-
Батыс Қаратау жоталарының
Сонымен
қатар ежелгі тас дәуірінде Кіші
Қаратадыңсолтүстік-шығыс
Археолог
Ж. Таймағамбетовтың пікірі бойынша, Қазақстанның
ежелгі тұрғындары питекантроп пен
синантроптар кезеңінде өмір сүрген.
Ал бұл кезең адам тұрпаттас «тік
жүретін адамның» қалыпты даму
мезгілімен сәйкес келеді. Бұл кездегі
Қаратау тұрғындарыот жағуды және оны
қалай сақтауды білген. Олар ірілі-ұсақты
жануарларды аулаумен,жеміс-
Орта палеолит кезеңі адамзаттың қалыпты дауының соңғы ашель-мустье кезеңінесәйкес келеді. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған тас құралдар жасалуыжағынан, тәсілдері мен түрлері жағынан шелль-ашель кезеңіндегі құралдардан біршама жетілген.
Қаратау баурайына жүргізілген зерттеу жұмыстары,бұл аймақта адам баласының мустье кезеңінен неолитке дейін ешбір үзіліссіз өмір сүргендігін көрсетеді. Ал қазіргі Қарағанды облысының Обалысай деген жерінен табылған ашель-мустьекезеңінежататын құралдарға қарап, адам баласы орталық және шығыс аймақтарды да мекенднгенін аңғарамыз.
Археологиялық
зерттеулердің нәтижесінде
Соңғы палеолиитке, жоғарыда атап өткендей, бүгінгі адамдарға ұқсас Homo sapiens түрі пайда болды. Осы кезден бастап адам баласының шын мәніндегі тарихи өмірі басталды. Ол 1868 Францияның Кроманьон үңгірінен табылып,кейін онда зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Кроманьон адамының түрі қазіргі кездегі адам түріне ұқсас. Мысалы, оның маңдайытік, қабағы дөңгелек,бас сүйегі сопақ, жақтары қазіргі адамдар жағына ұқсайды. Ми қуысының көлемі-1500-1800см³, ал бойының ұзындығы 168-194 см-ге жеткен. Оның ми қабығының жетілгендігі, егер киын жағдайлар болса, оны ұжым болып шешге тырысуы, жұмыстарды бірлесіп істеу әрекеттерінің тууы-адамдардың ақыл-ойының өсе бастағандығының көрсетеді.
Соңғы палеолит кезеңінде адам баласы бүкіл Жер шарының түпкір- түркіріне тарап, климаты әртүрлі аймақтарды мекендеп , нәсілдер мен нәсілдік топтар пайда болды . Азияның кейбір аудандары мен қазіргі Қазақстан жерін құрғақшылық жайлап , өсімдіктер дүниесі азаяды. Осыған орай мамонт сияқты ірі жануарлар қырылып қалды. Мұндай жағдай ежелгі тас дәуірі кезіндегі адамдардың өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Енді оларға ірілі-ұсақты жануарларды аулау үшін құралдардың жаңа түрлерін ойлап табуға тура келді. Аң аулаудың аумағы кеңейе түсті. Тастан жасалатын құралдарды жасау үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қабілеттілік қажет болды. Қару жасауға өзекше тас жаңғыштары (пластинкалар) пайдаланып, олар өте ұқыптылықты , дәлдікті қажет етті. Алынған жаңғышақтардан қырғыш, пышақ , тескіш сияқты қарулар жасалды. Ал мустье кезеңінде дискі секілді және үшбұрыш призма тәріздес өзекше тастар пайда болды. Мұндай өзекше тастардан ондаған жаңғыштары алынып, одан қажетті құралдар дайындалған.
Адам тастан құрар жасау барысында бірте- бірте отты да пайдаланды. Олар тасты баяу қыздыру және оны жайлап суыту арқылы тастың құрлысын өзгертті. Бұл тәсіл сығып өңдеу тәсілі деп аталды. Мұндай тәсіл құрал жасауды әлдеқайда жеңілдеткен. Жалпы, соңғы палеолитте оннан астам тас құралдардың түрлері пайда болып,олар қажетіне қарай әртүрлі жұмыстарға пайдаланылды.
Археолог ғалымдар құралдардың ішінде кескіштердің көп кездесетінің айтады. Оның себебі сүйектен құрал жасау қажеттілігінің өскендігінде дейді. Сабы сүйектен, жүзі шақпақ тастан жасалған күделі құрамалы қаруларда жасалған. Тері өңдейтін қырғыштар , тескіштер, сүйектен жасалған найза ұштары, лақтыратын қысқа сапты найзалар, шанышқы сияқты,т.б қарулар пайда болды. Ал тастан , сүйектен жасалған ине, тебендердің табылуына қарағанда, адамдар тері өңдеп, киім-кешек тіге бастағандығы байқалыды.
Шаруашылықта басты рөлді аңшылық атқарады. Аң аулаудың – қаумалапаулау, отпен қорқытып аулау, жасырын шұңқырлар қазып аулау сияқты түрлі тәсілдері болған. Аңшылықпен бірге адамдар балық аулаумен де айналысқан. Олар балықты өзен бойынанқолайлы жерінен шанышқылармен және сүйектен үшкірленіп жасалған қарапайым қармақтатмен аулады. Сонымен қатар бұл кезде адамдар терімшілікпен де айналысып, жабайы жаңғақ, сәбіз, пияз, т.б сияқты өсімдіктерді жинап қоректенген.
Археологиялық
қазба жұмыстары кезінде
Соңғы палеолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері әлі де жеткіліксіз зерттелген. Дегенмен бұл дәуірдің ескерткіштері қазақ жерінің батысы мен солтүтік аймақтарында көбірек кездесетіндігі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып отыр.
Ежелгі тас дәуіріндегі
Алғашқы адамдар тобыерте палеолиттің шелль дәуіріне жатады. Осы дәуірде қалыптасқан алғашқы қауымдық ұжым біртіндеп ашель кезеңінде әлеуметтік жағынан дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ал мустье кезеңінде бір жерде тұрақты өмір сүріп,жынысына қарай еңбек ететін, ұжымдық қатынастың жаңа түрі пайда болды.Соңғы палеолитте әлеуметтік қарым- қатынас алғашқы рулық ұжымының жетілген жаңа әрі күрделі түрі қалыптасты Ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, бұл серпіліс неандерталь адамымен (Homo sapiens ) байланысты.
Алғашқы рулық құрылыс –аналық рулық құрылыстан басталған. Ол адамдар тобының аналық жағынан қандас туыстық жақындағанына байланысты келіп шықты. Ана руды жалғастырушы рөлінде де, оны басқарушы ретінде де, шаруашылықты ұйымдастыруда да ең жоғарғы орында тұрды. Сондықтан аналық ру кезінде анаға табыну басты орында болған , оны сүйектен, жұмсақ тастардан жасалған ана мүсіндеренен байқауға болады .
§2. СОҢҒЫ ТАС ДӘУІРІ
Соңғы тас дәуірі: мезолит (ортатас,) неолит(жаңатас) және энеолит (мыстас) кезеңдерінен тұрады.
Мезолит (гр. мезос-орта, лит-тас, яғни ортатас дегенді білдіреді) Қазақстандық археологиялық ғылымында аз зерттелген. Тек қана ХХ ғасырдың соңында Есіл өңірінде, Қостанай маңы Торғайда жүргізген зерттеу жұмыстары мезолиттіңкейбір белгілерін сипаттап отыр.
Осы кезеңнің хронологиясы мен сипатына байланысты әртүрлі пікірлер бар. Соның ішінде тас дәуірінің мамандары Ж. Таймағамбетов, В.Н. Логвин мен А.М. Кисленко өз зерттеулерінде: «Тобыл өзенінің аумағындағы мезолит кезеңінің хронологиялықшеңбері б.з.б. 12/10-5 мыңжылдықтарға жатады» деген пікірді ұсынады. Ежелгі тас дәуірінен мезолит кезеңіне өтетін уақыт мұздардың еру мезгіліне сәйкес келеді. Табиғат құбылыстарындағы біршама өзгерістерге байланыстыҚазақстанның кейбір аймақтарын да егін егу мен малды ұстау қолға алына бастаса, ал екінші бір аймақтарда балық аулау мен аңшылықтың жаңа түрлері қалыптасты..
Өмір сүрудің жаңа формаларының дамуына байланысты мезолит кезеңінің тұрғындары еңбек құралдары мен қару- жарақ жасауда жаңа жетістіктерге жетті . Олар аң аулада садақты пайдаланабастады.
Адамдар енді сүйек пен ағашты пайдаланып, оларға өткір жүзді тастарды бекітіп , қарудың жаңа түрлерін жасады. Мұндай қарулар аңдармен қатар жануарлардың ұсақ түрлерін аулауда кеңінен қолданылды. Дегенмен аң аулаудың ежелгі тас дәуірінен бері жалғасыпкеле жатқанқаумалап ұстау тәсілі сақталып қалды. Табылған құрал-саймандардың ішінде жиі-жиі кездесетіндері: жебе, найза, шанышқылардың ұштары, тері өңдейтін қырғыштар, ағаш жонатын сүргілер, әртүрлі түйреуіштер мен пышақтар, біздер мен кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғыштар.
Сонымен қатар бұл кезең тас дәуірінің басқа кезеңдеріне қарағанда адамдардың бір жерден екінші жерге жиі орын ауыстыруымен ерекшеленеді. Сол себептен бұл кезеңнің тұрақжайлары сирек кездеседі және тұрақтарында мәдени қабат қалыптасып үлгерген.
Қоныстар көбінесе өзен-көлдердің жағасында орналасқан. Тұрғын үй-жайлардың лрындары өте сиркек кездеседі.
Мезолитте адамдар ежелгі тас дәуірі мен неолит кезеңінің аралығын байланыстыруда өздерінің тарихи рөлін ойдағыдай атқарған.
Информация о работе Денсаулық және денені шынықтыру жаттығулары