Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 17:26, задача
Адам баласы пайда болғанға дейін жер бетінде геологиялық төрттік дәуір кезеңінде бірнеше рет мұз басу жүрді. Төрттік мұз басу жер бетінің барлық бөліктерін тұтас қамтиды, мұз тек Орталық Азия мен Қазақстан аумағының биік таулы аудандарын ғана жапты. Тұран ойпаты мен Каспийдіңдалалы аудандарында ауа райы алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.
Неолит кезеңінде адам баласы тастан құрал жасаудың ең жоғарғы сатысына жетті. Адамдар белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлерін саралап , іріктеп алған және тастан құрал жасауда жаңа тәсілдерді қолданған. Мысалы, тасты жылтырату, тесу, кесу сияқты тәсілдерді пайдаланып, өңдеуге қиын тастардыңөзінен құрал жасады. Шаруашылықта қажетіне қарай тастан балта, кетпен, үккіш, келі-келсап жасаған.
Неолит кезеңіндегі құрал-сайман жасаудағы және шаруашылықтағы түбірлі жетістіктер неолиттік революция деп аталады. Адамдар бұл кезеңде тамақты отқа пісіріп, жеуге жарайтын өсімдіктерді, дәнді-дақылдарды өсірген, жануарларды қолға үйреткен және оларды іріктеуге көшкен.
Неолит
кезеңіндегі адамдардың қолы жеткен
жетістігінің бірі- саз балшықтан
ыдыс жасауды үйренді.Сондай-ақ өмірге
мал шаруашылығы мен
Сонымен шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болып , тұрмысқа қажетті жаңалықтар өмірге келді. Тоқымашылық , тау- кен істері сияқты кәсіптер тұрмысқа ене бастады.
Неолит кезеңінде адамдар рулыққоғамда өмір сүрді. Олар бірігіп, ұжым болып еңбек етті. Өңдірістік құрал-жабдықтар мен өнім жалпы рулық қоғамының меншігінде болды. Бұл кезең қоғамның жаңа түрі- тайпаның, тайпалық одақтардың құрылыуына әзірлік болатын.
Неолит кезеңі ескерткіштерінің зерттелуі. Қазақсьан жерінде 600-деп астам неолит пен энеолит кезеңінің ескерткіштері белгілі. Олар көбінесе су бастаулары бойында орналасқан. Адамдар мұндай қоныстарда уақытша тұрып, олар маусымдық қызмет атқарған. Қоныстардан садақтың жебелері, найза ұштары,балта, соққы, пышақ , қырғыш , қашаулар т.б. тас құралдар табылған.
Қараүңгір- неолит кезеңіне жататын тұрақ . Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Қараүңгір ауылынан солтүстікке қара 1,5 шақырым жерде осы аттас өзеннің оң жағында орналасқан. Үңгір екі бөлмеден тұрады:алдыңғысының ұзындығы-20 м, төргісі-9 м. Зерттеу жұмысы кезіңдеүңгірден күнделікті тіршілікте пайдаланған тастан, сүйектен жасалған құрал-саймандар, жануарлардың сүйектері табылған.Олардың ішінде сүйектен жасалған ине, біз, қыштан жасалған ыдыс сынықтары да бар.
Табылған сүйектерге қарағанда, адамдар бүгінгі таңда кездесетін жануарларды аулаған. Мысалы құлын,аю, бұғы,елік,қабан, жылқы, сиыр, кекілік, қырғауыл т.б. Зетрханалық зерттеулер қоныстыңжасын шамамен б.з.б. 5- мыңжылдыққа жататтының анықтады.
Ал Маңғыстау жерінен Ойықты және Төлес мәдениетінің ескерткіштері табылған. Олардың б.з.б. 6-5 мыңжылдықтарға жататыны анықталды. Бозашы түбегі мен Орталық Маңғыстаудың Түйесу құмдарындағы көптеген тұрақтар Ойықты мәдениетінің тұрақтарына ұқсас. Ол тұрақтардан табылған ыдыстардыңсырты геометриялық өрнектермен безендірілген.
Ойықты мәдемиетінің тұрғындары тұрмыста теріні , сүйек пен ағашта өңдеуді кеңінен қолданған. Ал теңіз тұздары мен қазып алынатын былқылдақ денелілердің сауытынан (моллюскалардан) әшекей бұйымдар жасаған. Маңғыстау аймағында Ойықты мәдениетімен қатар Төлес мәдениетінің тұрақтары да зерттелген. Оның қыш бұйымдарының алуан түрлі қырлары бар және сыртына өрнектер салынған. Төлес мәдениеті Ойықты мәдениетініңбір нұсқасы ретінде белгілі.Олардың бір-бірінен ерекшеленуіне тұрғындардың ауа райының өзгеруіне, экономикалық жағдайдың талабына сай бейімделуі әсер еткен. Яғни күн көрістеріне қажетті жануарлардың басқа жаққа азық іздеп ауып кетуіне байланысты адамдар да көшіп отырған. Сөйтіп, Төлес мәдениеті пайда болған . Төлестіктер-кезбе аңшылар. Арал-Каспий аралығындағы маусымға қарай орын ауыстыруы қола дәуірінде малшылардың маусымдық көшу жүйесіне тікелей әсер еткен.
Маңғыстау аймағын мекендеушілердің бір бөлігі Каспий теңізінің жағалауында тұрған. Олар балық Аулауға байланысты бір жерде тұрвқты өмір сүрген. Сондай қоныстардың бірі- Ақтау қаласына жақын жерден табылған Қосқұдық-1 тұрағы. Ол теңіз жағалауынан 1 шақырым жерде теңіз жарқабының жоғарғы жақ шетіне орналасқан. Тұрақтың мәдени қабатының қалыңдығы-35см. Мұнда ұлутастан салынған 16х14м тұрақжай орын сақталған. Мәдени қабатынан шақпақ және жаә тастардан жасалған көптегегн бұйымдар , ыдыс сынықтары, теңіз қабыршақтары мен олардан жасалған әшекейлердің бөлшектері табылған. Әсіресе балық аулауға қажетті құралдарішінде ауды суға батырып тұратын тастар мен ауды көтеріптұратынқалқымалар көп кездеседі.
Қосқұдық тұрағынан табылған кыш ыдыстардың үлгілерінде де Ойықты мәдениетінің белгігері бар. Ыдыстардың сырты тарақ тәрізді өрнектетмен өрнектелген және қабыршақ ұнтақтары қосылған ыдыстардың жаңа үлгідегі сынықтары кездеседі. Мұндағы қыш ыдыстар Солтүстік Каспий маңы мен Еділ бойындағы Хвалын мәдениетінің ерекшеліктерінде ғана кездеседі. Қыш ыдыстар б.з.б. 5-мыңжылдықтың соңы мен 4- мыңжылдықтың бірінші жатрысына жатады.
Атбасар мәдениетінің тұрақтары Ақмола облысы Атбасар ауданы
жерінде шоғырланған.Бұл жерде археологиялық
200-ге жуық тұрақ табылып, зерттеурер жүгізілген.
Аca көрнекілері Қарылға,Жабай,т.б.тұрақтар.
Маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай ойпатында табылған. Тұрақтардың ішінде Маханжар, Амангелді, т.б. жақсы зерттелген. Ал Тобылда әзірше Алқау-2 тұрағы ғана мәлім. Маханжар мәдениетінің ыдыстары көзге ерекшке түседі. Олар жіңішке қылқа мойынды , конус тәрізді, түптері кейде бұдыр болып бітеді. Ыдыстардың сырты кеппей тұрып, тарақга тістерімен өрнектеген. Ал Тобыл өңірінен табылған құралдардың ішінен тесілген ұрыш ық басы табылған. Бұл тұрғындардың жіп иіріп, тоқымашылықпен айналысқандығын білдіреді.
Железинка ауылының жанынан табылған әйел қабірі неолит кезеңі тұрғындарының әдет-ғұрыптары туралы толық мәләмет береді. Мола аналық ру қоғамында ана үстемдігінің қандай дәрежеде болғандығын көрсетеді. Әйелдің мәйіті жатрылай өртеніп, қалған денесі заттарымен бірге жерленген. Атап айтсақ, бас киімге таққан әшекейлері орақ тәрізді қапсырмалары,жытқыш аңдардың тістеріненжәне ұлқауашағынан жасалған моншақтары, көптеген еңбек құралдары, құты тәрізді кішілеу үш ыдыс, т.б. қызыл жосамен бояу және адамды өртеп қою отқа, Күнге табынудың бір белгісі деуге болады.
Энеолит. Адам тастан жасаған құралдарын айнымас серігі етіп, қалыпты дамудың нәтижесінде мыңдаған жылдарды артқа тастап , металдан құрал жасау дәрежесіне де жеткен. Адамдардың алғашқы құралы ретінде ретінде пайдаланған металы мыс болды. Алғаш адамдар мысты кездейсоқ жағдайда тапқан. Олардың құрал жасайтынтым ірі, үлкен тастарды тұрақ-жайларына апаруы қиын болған. Сондықтан ондай тастың үстінеот жағып қыздырып, оған су құйғанкезде тас шытынап, кейбір тастардың құрамындағы мыс, қорғасын, қалайы сияқты тез еритін металдар балқып, тастан ағып шыққан. Осыдан келіп адамдар мыстан құрал жасауды игере бастаған. Алайда мыстың жұмсақ болуына байланысты одан жасалғанқұралдаркейбір жағдайларда жарамсыз болды. Сол себепті мыстанжасалған құралдар тастан жасалған құралдарды тұрмыстан біржолата ығыстыра алмады. Сондықтан адам өмірінде мыс пен тастан жасалған құралдардың қатар жүру уақытын энеолит кезеңі(энео-мыс,лит-тас) деп аталады.
Энеолиткезеңінде саз балшықтан жасалған ыдыстар көбейді, олардың сыртына салынған өрнек даму түсті. Тұрғын үйлердің құрылыс жүйелері күрделенді.
Қазақстандағы
энеолит кезеңінің
Ботай мәдениеті. Бұл мәдениеттің ескерткіші Ақмола обоысындағы Ботай бекетінің жанында орналасқан. Мерзімі жағынан ескерткіштер б.з.б. 3-2 мыңжылдықтарға жатады.
Жалпы, Ботай мәдениетіне қатысы бар 20-дан астам қоныстар белгілі. Қоныстар, әдетте, Торғай , Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалы, Иманбұлақ сияқты шағын дала өзендерінің жағасында орналасқан. Олардың ішінде материалдарға бай, көп ақпарат беретіні-Ботай ескерткіші. Бұл қоныс , шамамен б.з.б. ХХІV-XXII ғасырдың аралығында болған. Қоныстың зерттелуі кезінде 158 тұрғын үйдің орны табылған. Қазба жұмысы кезінде қоныстың бірнеше мәдени қабаты болғандығы анықталды.
Қоныстан табылған құрал-саймандар алуан түрлі тастардан, саз балшықтан, сүйектен, мыстан жасалған. Табылған құрал-жабдықтардың алуантүрлілігіне қарағанда, қоныстың тұрғындары шаруашылықтың әртүрлі саласымен айналысқан. Мысалы, аң алағанға байланысты көптеген тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, жебелер, сүңгілер, найза ұштары, балық аулайтын шанышқылар табылған. Сонымен қатар ағаш өңдейтін балта, шот, қашау,жоңғы, кескіш, қырғыштар секілді құралдар да бар. Ал тоқымашылыққа қажетті құрал- жабдықтардың алуан түрлерінің табылуы шаруашылықтың жан-жақты дамығандығынкөрсетеді. Әсіресе мал шаруашылығының дамығандығы, оның ішінде жылқы өсірудің бірінші орында орында болғандығыат әбзелдерінің көп кездесуінен көрінсе, қоныстан 70 000-ға жуық жылқы қаңқаларыныңтабылуы да бұл тұжырымды айғақтай түседі.
Ботай мәдениетінің діни наным- сенімдеріне келер болсақ, қоныстың тұрғындары қаза болған адамдарын көне тұрақтарына жерлеген. Жерленген адамның қабірінің айналасына жылқының бас сүйектерін жағалай қойып шыққан. Сонымен қатар тұрақжайлардың бірінен қабырғадағы сөреде саз балшықпен мумияланған бір адамның бас сүйегі табылған. Ал кейбір тұрғын үйлердің табалдырығыныңастына иттің қаңқалары көмілген. Мұндай жерлеу әдет-ғұрыптар мен рәсімдік сипаттағы салттар, бір жағынан, тотемдік сананың жұғынын көрсетсе, екінші жағынан, ата- бабалар руына сиынудыкөрсетеді.
Ботай мәдениетіне
археологиялық зертте жұмыстарын жүргізу
кезінде Оңтүстік Оралдың далалық
мәдениеті мен Еділ бойының Хвалын
мәдениетінің ешкерткіштері кейбір
белгілері бойынша ұқсас
Энеолит кезеңінде Маңғыстау аймағын ерекше атап өтетін маңызы зор. Өйткені мұнда шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі- көшпелі мал шаруашылығы дами бастаған. Олар жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Сөйтіп, қола дәуірінде Маңғыстауда жартылай көшпелілердің жаңа мәдениеті пайда болды.
Адам баласы пайда болғанға дейінгі
жер бетінде геологиялық
Информация о работе Денсаулық және денені шынықтыру жаттығулары