Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 10:02, доклад
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мүндай өзгерістердің сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі — аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары — бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (сома-тотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), адренокортикотроптық АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін, сінуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-тендігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоде-нелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры кысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлініссы акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, мандай төмпешіктері, бармақтары) оседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин боліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік жасушаларда түзіледі, емшекте сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролактиннің қызметі күшейсе, эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролактин керісінше көбірек бөлінеді, емшектен сүт көп шығады, сүт сапасы, майлылыгы, дәмі артады.
Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі.
Адренокортикотропин — бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді. Глюкокортикоидтар адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокортизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігін күшейтуге болады.
Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.
Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин — аналық және аталық без — тестостерон мен прогестерон гормондарының түзіліп бөлінуін күшейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин — ана безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді кобейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.
Гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар — питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сінуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедии гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедии әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедии, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедии түзілуін де гипоталамус реттейді.
Ішкі секреция бездері
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
І Әдебиетке шолу
1.1 Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
және функциялық реттелу жолдары……………………………………………………………
1.2 Гормондар мен биологиялы активті заттардың
химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және
олардың әсер ету жолдары мен механизмдері…………12
ІІ Ұйқы безінің адам организміндегі қызметі
2.1 Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы
және оның гормондары…20
2.2 Ұйқы безінің қызметі мен патологиясы…………………………………………………
21
2.3 Ішкі секреция бездерінің зерттеу әдістері………………………………………………30
2.4 Оңтүстік Қазақстан Облысының (ОҚО)
қалалары мен аудандары бойынша ұйқы безінің
ауруы «Қант диабетінің» таралу көрсеткіші
(3 жылдық динамика бойынша)…………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………
Кіріспе
Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен
мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың
қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы
жүйке және гуморальді жолмен реттеулі
арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу
жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм.
Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен
тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- Биоэлектрлік процестердің табиғаты
физико – химиялық, иондардың трансмембраналық
жылжуы;
- Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға
, немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар
арқылы іске асады;
- Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы
гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын
байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция
бездерінің қызметін реттеу гипоталамус
арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік
жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің
басқа бөлімдерімен байланысқан, атап
айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми,
таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының
белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа
бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық
ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Гипоталамустың нейроскреторлық жасушалары
афферентті нерв импульстерін гуморальді
факторға – релизинг- гормондарға, ал
олар гипофиздің клеткаларының қызметіне
әсер етіп , түзелетін гормондардың түзілуіне
, бөлінуіне әсер етеді. Бұл гормондар
мүшелер мен ұлпаларға әсер етеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде
симпатикалық және парасимпатикалық нерв
талшықтарының медиаторлары зор роль
атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің
әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір
ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің
қатысуымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңындағы
без, ұйқы безі т.б. Бұл бездердің қызметі
антогонист – гормондардың, метаболиттердің
концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі, мұнда
жүйелік реттеу эндокриндік реттеуге
ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары
бөліп шығаратын нейтропепидтер либерин
және статин деп аталған. Қазіргі кезде
келесі релизинг – гормондар, либериндер
анықталған – тиролиберин (ТРГ), молиберин
(ЛГ – РГ), кортиколиберин (КРГ), соматолиберин
(ГР — РГ), пролактолиберин (ПРЛ – РГ), меланолиберин
(МСТ — РГ). Бұл либериндер гипофизден
түзілу жылдамдығына әсер етеді.
Статиндер тобына – соматостатин, пролактостатин,
меланостатин жатады.
Ішкі секреция бездері бөлетін затын гормондар
деп атаған. Гормондар- биологиялық белсенді
заттар, ішкі секреция бездерінде түзіліп,
қанға түсіп жүйелер мен мүшелердің қызметіне
әсер етеді.
Гормон деген терминді 1902 жылы В. Бейлис
және Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін
реттейтін секретин деген затқа байланысты
ұсынған.
Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын,
алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті,
тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен
роль атқарады.
Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі
ауруларды туындатады.
Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс
атқаруын, сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі
нерв жүйесімен қатар ішкі секреция бездері
зор роль атқарды.
Менің бұл ғылыми жұмысымдағы алға қойған
мақсатым-ішкі секреция бездерінің оның
ішінде ұйқы безінің қызметінің бұзылуы
салдарынан болатын аурулардың таралу
деңгейін анықтау қант диабетіне профилактиканы
міндетті түрде қолға алатын болса, онда
біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Эндокринологияның, физиологияның және
морфологияның жетістіктері ағзаның функцияларын
реттеудегі механизмімен байланысты.
1.1 Ішкі секреция бездерінің
физиологиясы және функциялық
реттелу жолдары
Адам және жануарлар организмі дамудың
«онтогенез» деп аталатын циклін бастан
өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа
клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге
организм дейінгі аралықтағы даму кезеңі.
Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда
өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық
онтогенездік даму деп атайды. Дамудың
келесі сатысы организм туылғаннан бастап
өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны
постнатальді онтегенездік даму деп атайды.
Онтегенездік дамудың барысында дененің
массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері
өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық
өзгерістер – организмінің жекелеген
физиологиялық жүйелері қалыптасып дамиды.
Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері
ағза дамуының бастапқы кезеңінде –ақ
іске қосылып, ағзаның одан әрі дамуы мен
қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.
Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен
жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы
– ішкі сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық,т.б.)
химиялық құрамы мен физикалық және химиялық
қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты.
Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын
К.Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған.
Американ физиологы У.Кеннон бұл концепцияны
ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның
тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен
жүйелерді зерттей отырып, организмнің
ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның
физикалық және химиялық қасиетін тұрақты
сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз»
(грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып
қалу, қозғалмайтын) деп атады.
Биология мен медицина ғылымдарының табыстары
гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі
кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға
организмнің барлық жүйелері қатысатын
болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің
қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді.
Егер ағзаның ішкі ортасының химиялық
құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері
өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға
бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер
де біртіндеп активтеніп, іске қосылады.
Мысалы, жасушадан тыс ортада судың мөлшері
азайып кетсе, қандағы вазопрессин гормонының
концентрациясы көбейеді. Вазопрессин-
бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды
қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде
жүріп жатқан кез келген физиологиялық
процестер эндокриндік механизмдердің
қатысуымен жүреді.
Оганизмнің жатырлық дамуының бастапқы
кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын
реттеуді дамып келе жатқан жасушалардың
өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады.
Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары
ағза дамуының кейінгі кезеңдерінде де
сақталып, белгілі бір шектелген аумақты
ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы
жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері,
көбіне осы жолмен жүзеге асады. Қарапайым
ағзалар тіршілігінде кең тараған функцияларындағы
реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін
жасушаішілік химиялық активаторлар деп
аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда
болған химиялық акиваторлар өзара жақын
орналасқан бір жасушадан екіншісіне
еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың
барысында нерв жүйесі қалыптасты және
көп жасушалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің
өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік
рольне ие болды. Дамудың ондай кейінгі
барысында нервтік элементтердің кейбіреулер
биологиялық активті заттар түзіп, оларды
сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды.
Нерв жасушаларының мұндай жүйелерін
нейро секреторлық жасушалар деп атайды.
Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі
секреция бездері пайда болып, қалыптасады.
Ішкі секрециялық бездерде түзілетін
секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген
жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге
әсер етеді.
Сонымен функцияларды реттеу жүйесі эволюциясы
мына бағытты дамыған: жасушаішілік химиялық
заттар, нерв жасушалары, нейросекроторлық
жасушалар, эндокриндік мүшелер. Омыртқалы
жануарлар ағзасында жоғары да келтірілген
реттеу механизмдері барлық түрі сақталған.
Бірақ, ағзаның бір тұтастық қасиетін
сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен
сәйкестендіруде жүйке жүйесі ерекше
роль атқарады.
Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет
тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ
қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде
қан тамырлары капиллярлар торын құрайды,
сондықтан безде түзілген өнімдер бірден
қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге
гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік
бездері, айрықша без, бүйрек үсті, ұйқы
және жыныс бездері жатады.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне
қарай екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік
қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша,
қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз,
бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша
без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын
бездер. Бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері
жатады.
Эндокриндік бездердің орналасу схемасы.
Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы
ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон
деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен жасушалардағы
жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға
болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ,
олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген
жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге
әсер ете алады. әсер етудің мұндай формасын
телекриндік реттеу механизмі деп атайды.
Жекелеген жасушаларда түзіліп, сол жасушалардың
өзіне ғана әсер ететін активті заттар
болады, оларды «жасушалық» гормон тобына
жатқызады және олардың реттеушілік әсерін
аутокриндік реттеу деп атайды.
Ал, гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда
түзіліп, көршілес жатқан жасушаларға
қанға түспей ақ диффузия жолымен ұлпаларға
жайылып, олардың қызметіне әсер ететін
биоактивті заттар кездеседі, оларды ұлпалық
гормондар немесе гистогормондар дейді.
Осы сияқты биологиялық активті заттар
түзілетін жасушаларды паракринді жасушалар
деп, олардың көршілес жасушаларға тигізетін
әсерін паракриндік реттеу деп атайды.
Бұған ұлпалардың қабыну процестері кезінде
түзілетін простагландиндердің қатысуымен
жүретін реакцияларды жатқызуға болады.
Паракриндік жасушаларда түзілетін секреттер
мен нейрондарда түзлетін нейронмедиаторлар
арасында айтарлықтай айырмашылықтар
болмайды. Сондықтан оларды нейроэндокриндік
жасушалар деп те атайды. Бұл эндокриндік
және паракриндік жасушалар арасындағы
аса тығыз морфологиялық және физиологиялық
байланыстарға негізделген.
Гормондық және гуморальдік реттеу механизмдері
туралы түсініктерді өзара ажыратуға
болады. Бірақ екеуінің арасында көптеген
ұқсастықтар да бар. Гуморальдық реттеу
механизмі организмде ертерек қалыптасқан.
Ал, гормондар болса, тек жоғары сатыда
дамыған жануарларда ғана кездеседі.
Эндокринді бездер функцияларының нейроэндокриндік
(гипоталамустық) жолмен реттелуі. Көптеген
анатомиялық-физиологиялық зерттеулер
гипофиздің қызметі гипоталамусқа тәуелді
екендігін көрсетеді. Гипофизбен байланысты
эндокриндік реакциялардың көпшілігі
рефлекторлық процестер қатарына жатады,
өйткені, олардың орталығы гипоталамуста
орналасады, эффекторлық бөлімі- гормондық
табиғаты басым заттар- гормондар болып
есептеледі. Көптеген морфологиялық зерттеулер
гипоталамус нейрондарының аксондары
гипоталамус пен гипофиз аралығындағы
аралық дөңесте үзілетінін немесе гипофиздің
артқы бөлімінің ішіне барып аяқталатынын
көрсетеді. Бұл аксондар гормон көп түзілетін
алдыңғы және аралық бөлімдерге жетпейді.
Аденогипофизді нервтендіретін симпатикалық
нерв талшығы ондағы қан тамырларының
қабырғасына барып аяқталады да вазомоторлық
қызмет атқарады. Гипоталамуста түзілетін
нейрогуморальдық факторлар қан арқылы
аденогипофиздің троптық функциясын реттейді.
Осы тәріздес нейросекреторлық процестер
алдындағы гипоталамустың ірі жасушалы
ядроларында да байқалып, бұлардан нейрогипофиздің
пептиді секреттері бөлінетіні анықталды.
Гипоталамустық гуморальдық реттеу механизмдері
медиаторлық принцип жүйесімен жүзеге
асырылады.
Эндокриндік реттеу. Эндокриндік реттеу
деп бір бездің гормондарының екінші бір
бездердегі гормондардың түзілуі мен
шығарылуына тигізетін әсерін айтады.
Ішкі секреция бездерінің функциясын
реттеуде гипофиздің алдынғы бөлімі ерекше
роль атқарады. Егер гипофизді хирургиялық
жолмен алып тастаса, денедегі көпшілік
бездер гормондар түзуін тоқтатып, солып
қалады. Гипоталамустың зақымдануы да
осындай өзгерістерге әкеп соғады. Бұдан
гипофиздің троптық функциясының гипоталамуста
түзілетін пептидті гормондарға тәуелді
екендігін көруге болады. Егер гипофизі
алынып тасталған жануарға гипофиздік
троптық гормондарын енгізсе, бездер қызметі
бастапқы қалпына келеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуге
гипофизден басқа да біраз жүйелер жиынтығы
қатысады: гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті
бездері (КТ РФ АКТГ глюкокортикоидтар);
гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері (ГТ-РФ,
ЛГ және ФСГ); гипоталамус-гипофиз-қалқанша
безі (ТТ-РФ – ТТГ — Т3 және Т4), жүйелері.
Аталған жүйелердің әрқайсысы өз алдына
біртұтас функциональдық қызмет атқарады
және екі жақты байланыс арқылы өздігінен
реттеліп отырады . Бір жүйе гипоталамустан
гипофизге қарай төмен бағытталса (тура),
екінші жүйе мүшелер мен бездерден басталып,
гипоталамусқа қарай (кері), жоғары көтеріледі.
Гипоталамустың клеткалары сыртқы сигналдарды
мидың афферентті жолдары арқылы қабылдап,
оларды жеке -дара талдайды. Одан әрі олардың
қасиетін өзгертіп, пептидті секреттер
түрінде гипофизге жібереді. Бұл гормондар
гипофиздің алдынғы бөлігінің функциясын
не жылдамдатады (либериндер),не тежейді
(статиндер).
Гипоталамустық пептидті гормондардың
әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігін
пайда болатын биохимиялық өзгерістер
тропты гормондар түрінде шетте орналасқан
бездерге әсер етеді. Кері байланыстар
гипофиз (қысқа жол) бен бездерден (ұзын
жол) басталып гипоталамусқа барып аяқталуы
мүмкін. Мысалы: жыныс және тиреоидты гормондар
мен картикостероидтар кері байланыс
заңдылығы арқылы гипофизбен гипоталамус
функцияларына әсер ете алады.
Сонымен, гипоталамус біріншіден, сыртқы
сигналдарды қабылдап, оларды жіктеп,
қайта өңдеу арқылы өзгертіп сол түрінде
байланыс жолымен ішкі секреция бездеріне
бағыттаса, екіншіден, бездерден шыққан
сигналдарды кері байланыс жолымен қабылдап
оған тиісті жауаптар қайтарады.
Эндокриндік немесе гуморальдық реттеу.
Гормондар қатарына жатпайтын кейбір
метаболиттер эндокриндік бездер қызметін
гуморальдық жолмен реттеу механизіміне
қатысады. Реттеудің бұл түрі көпшілік
жағдайларды, эндокриндік функциялардың
өзін — өзі реттеу жүйесіне жатады, өйткені,
метаболиттер гормондар бақылауында болатын
алмасу поцестерінің деңгейі қарқыны
туралы ақпарттарды гормон түзетін бездерге
жеткізіп оларды үнемі ол жөнінде хабардар
етіп отырады. Мысалы, глюкоза эндокриндік
жасушалармен глюкорецепторлар арқылы
әрекеттесіп, Лангерганс аралшықтарында
инсулиннің, глюкагонның, хромофин ұлпаларында
адреналиннің, аденогипофизде сомато
және адренокортикотропты гормондардың
түзілуіне секреция қарқындылығына әсер
етеді. Өз кезегінде, инсулин, глюкагон,
адреналин, СТГ және АКТГ – көмірсу алмасуының
немесе гликемия деңгейін реттеудің аса
маңызды реттеуші факторлары ретінде
жұмсалады. Ішкі секреция бездерінде бос
күйіндегі май қышқылдары да осы тәрізді
жолдармен әсер етеді. Белок алмасуын
тежейді. СТГ мен инсулин гормонының секрециясы
қандағы амин қышқылдары концентрациясына
байланысты. Кальций алмасуын бақылайтын
паратгормон мен кальцитониннің секрециялық
деңгейі — қандағы Са2+ концентрациясымен
реттелсе, су алмасуын қатысатын АДГ түзілуі
– қанның осмостық қысымының деңгейімен
анықталады.
Эндокриндік жүйелердегі тура
және кері байланыстар механизмінің жалпы
схемасы.
Эндокриндік бездер функциясын жасушааралық
бақылауда басқа типтегі гормондық факторлар
да көрнекті роль атқарады. Мұндай агенттерге
көпшілік жағдайларда гормондық әсерлердің
іске асырылуында функция атқаратын простагландиндер
(ПГ) мен Са2+ жатқызуға болады. Простагландиндер
гормондық қасиеті бар заттар тобына кіреді
және олардың қазіргі кезде 15 түрі белгілі.
Простагландиндер эндокриндік бездердің
кейбіреулеріне гормондар түзілуі мен
олардың секреторлық активтіліктеріне
тікелей немесе жанама жолмен әсер етеді
(гипофиз, бүйрекүсті, жыныс және қалқанша
бездер). Нерв ұштарынан медиаторлар бөлінуін
өзгерте отырып, синапстардан эфекторлы
құрылымдарға нейрогуморальдық әсерлердің
берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар
бар. Простагландиндердің жануарлар мен
адамдардың репродуктивтік мүшелеріне
тигізетін әсер күшті көрінеді. Егер буаз
малдардың әр 100кг массасына 0,05мг ПГ енгізге
бірнеше сағаттан кейін оларға туу актісі
басталады.
Кальций да кейбір эндокриндік бездер
функциясын реттейтін гуморальдық факторлар
қатарына жатады. Кальций көптеген белокпепидті
және стероидты гормондар мен катехоламиндердің
секрециясын стимулдайды. Қорыта келгенде,
эндокриндік процестердің өздігінен реттелу
механизмдері метаболизмдік гомеостазды
тұрақты деңгейге ұстауға бағытталған.
1.2 Гормондар мен биологиялы
активті заттардың химиялық
Адам ағзасында жасушалар, ұлпалар байланысын
бір ағзаға жинақтайтын, оны қоршаған
ортаға бейімдейтін нерв және гуморальды
жүйелер. Нейрогуморальдік реттеу жүйесі
бір – бірімен тығыз байланысқан. Нерв
және гуморальды жүйе бір – бірімен тығыз
байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- биоэлектрлік процестердің табиғаты
физико – химиялық иондардың трансмембраналық
жылжуы;
- нерв жасушадан келесі нерв жасушаға
немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар
арқылы асуы;
- нерв және гуморальды жүйенің тығыз байланысы
гипоталамало – гипофизарлық деңгейінде
айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция
бездерінің қызметін реттеуі гипоталамус
арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афферентік
жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің
басқа бөлімдерімен байланысқан, атап
айтсақ: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми,
таламус, базальдық түйіндер, ми қыртысының
белгілі аймақтары. Сондықтан гипоталамусқа
бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық
ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Нерв импульстеер берілуге секундтық
бір бөліктері ғана келеді. Сондықтанда
нерв жүйесі арқылы ағзаны ағзаны ұзақ
адаптивтік реакциялар арқылы қамтамасыз
етіледі. Гуморальды реттеу факторларында
гормондар, электролиттер, медиаторлар,
кининдер, прогландиндер және одан да
басқа метаболиттер жатады.
Ішкі секреция бездерінің қызметін симпатикалық
және парасиматикалық нерв талшықтарының
медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан
ішкі секреция бездерінің әрекеті екі
жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция
бездерінің реттелуі гипофиздің қатыспауымен
жүреді. Мысалы, қалқанша маңы безі, ұйқы
безі, тағы басқалар. Бұл бездердің қылзметі
антогонист – гормондардың, метаболиттердің
концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гуморальды реттелудің басты формасы
гормондар арқылы реттеу. «Гормон» деген
атауды алғаш рет 1902 жала Старлинг пен
Бейлис он екі елі ішек шығаратын зат –
секретинді ашып қолданған. «Гормон» деген
термин (грекше «hormon» — қоздырамын, қозғалтамын)
мағына береді.
Гормондар жоғары активті заттар. Оны
ішкі секреция бездері ағзаның ішкі ортасына
бөліп шығарады. Эндокрин бездерінің секрет
бөліп шығаратын түтіктері болмайды.
Эндокриндік бездеріне гипофиз, эпифиз,
қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек
үсті бездері, тимус жатады.
Сыртқы секреция бездерінің ерекшелгі
оларда секреция бөліп шығаратын арнаулы
түтіктері болады. Аралас секреция бездеріне
жататындарға ұйқы безі, жыныс бездері.
Биологиялық активті заттарды бездерден
басқа да органдар шығару мүмкін. Олардан
атап айтсақ бүйрек, ас қорыту тракты жүрек.
Барлық бірдей арнайы жасушалар бөліп
шығаратын заттар «гормондар» деген классикалық
кретиндерге сай келмейді. Сондықтан да
кейінгі кездері «гормон» атауымен қосымша
биологиялық активті заттар (БАЗ) да қолданылып
келеді. Ол заттар сол шығарылған жерде
ғана әсер етеді. Мысалы: олардың БАЗ бірейлері
шыққан жерінде ғана әсер етіп қан айналымына
қатыспайды. Ондай секрет бөлетін жасушаларды
паракрин жасушалары деп атайды. Ондай
секрет бөлетін жасушаларды паракрин
жасушалар деп атайды. «Гормон» деген
атаудың анық анықтамасын катехоламиндер
– адреналин мен нормадреналиндерге қатысты.
Оны бүйрек үсті бездерінің ми қабаты
шығарғанда гормон деуге болады. Ал оларды
симпатикалық нерв ұштары шығарғанда
оны медиаторлар деп атайды. Гипоталамус
реттеуші гормондар – нейропептидтер.
Оған қоса жақында ашылған энкефалиндер
мен эндорфиндер тек ғана гормондық емес
медиаторлақта қызмет атқарады. Реттеуші
гипоталамус пепидтері ми нервтерінен
басқа ішектін ерекше жасушаларынан табылған.
Ол нейрогензин, соматостатин, және тағы
басқалар. Қазіргі біздің білуімізше олар
неше түрлі мүшелер мен ұлпалар жасушаларында
араласып диффуздық нейроэндокриндік
жүйесіне жатады.
Гормондар мен биологиялық активті заттардың
табиғаты әртүрлі. Гормондар құрылымының
күрделілігіне байланысты олардың әсері
де әртүрлі болады. Мысалы медиаторлар
әсері секундтық бір бөлігіндей болса,
петидтерде бірнеше сағатқа, ал стероидты
гормондар мен иодтирониндер тәулікке
дейін әсер етеді. Гормондардың химиялық
құрылымдарын, физикалық- химиялық қасиеттерін
талдау олардың әсер ету механизмін түсінуге
әртүрлі сұйық ішінен бар – жоғын анықтауға
көмектеседі.
Гормондар мен БАЗ – дың құрылымы бойынша
жіктелуі:
1. Амин қышқылы тектес:
Тирозин тектес: тироксин, триодтиронин,
дофомин, адреналин, норадреналин;
Триптофан тектес: мелатонин, серотонин;
Гистидин тектес: гистамин.
2. Белок – пептид гормондар:
полипиптидтер: гликоген, кортикотропин,
меланотропин, вазопрессин, окситоцин,
қарын – ішек пептид гормондары:
жай белок – протеиндер: инсулин, соматотропин,
пролактин, паратгормон, кальцитонин:
күрделі белоктар: гликопротеиндер, тиреотропин,
фоллитропин, лютропин.
3. Стероидгормондар:
кортикостероидтар: альдостерон, картизол,
кортикостерон;
жыныс гормондары: андрогендер (тестостерон),
эстрогендер мен прогестерон.
4. Май қышқылдар тектес:
Арахидон қышқылы мен ол тектес: простогландиндер,
простациклиндер, тромбоксондар, лейкотриндер.
1. Гормон қашықтан (алыстан) әсер етеді,
яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық
орналасқан ағзаларға әсер алады.
2. Гормондар ағза қызметің гуморальды
реттеуге аралық роль атқарады. Бұл реттеуде
басты бағыттаушы рольді орталық жүйке
жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері
көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете
отырып, эфференттік (шекті) фегетативті
және сомалық жүйелермен қатар қызмет
жасайды.
3. Гормондар арнайы әсер бар. Соған байланысты
белгілі бар гормонның жетіспеушілін,
екінші гормонмен немесе басқа биологиялық
белсенді затпен алмастыруға болмайды.
4. Барлық гормондар биологиялық белсенділігі
жоғары болады. Мысалы, тироксинның 1:100
млн, адреналиннің 1: 100 млн сұйтылғанда
да әсер етеді, ал 1 грамм инсулин 12500 қоянның
қандағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
5. Гармондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде
әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі
жасуша мембранасы арқылы тез өсуі біршама
төмен молекулярлық салмағына байланысты.
Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың
ұлпалық ферменттердің ықпалымен ыдырауына
және денеден сұйрық арқылы жеңіл шығарылуына
байланысты.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне
ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер
етеді, яғни оларда морфологиялық өзгерістер
туғызуы мүмкін, кейде ағзалар ұлпаның
өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар
зат алмасу қарқынында әрі РНК – сіне
басқа нуклейн қышқылдарынң жасалуына
әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы
кезінде адамның бет — әлпеті соншалық
өзеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде
тез диагноз қоюға болады – акромегалия,
гигантизм т.б.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды,
яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық
процестерге арнайы әсер етпейді. Бірақ
әртүрлі ферменттер арқылы химиялық реакциялардың
жылдамдығына әсер ете алады.
Информация о работе Гормондардың негізгі қызметтері. Гипоталамус. Гипофизарлық жүйенің ерекшелігі