Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 23:07, реферат
Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.
Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастардың айтарлықтай бөлігі құқық нормаларымен реттеледі. Дәл осы себептен, еңбекті қорғау құқықтық ұғымын анықтау осы мәселені қарастырудың маңызды аспекті болып табылады.
Заң әдебиетінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны мәселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ әлі де болса бұл мәселені шешілді деп есептеуге болмайды. Бұл тіпті мүмкін де емес шығар. Техникалық үдерістердің дамуы қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді. Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сәйкес, бұл мәселе, яғни, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс.
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ бұл – еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет [1].
Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетуі туралы А.С.Макевкина да айтқан – еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады, өйткені ол белгілі бір қаржылық әлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары әр түрлі саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік-құқықтық актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген [2].
Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі, өндірістік жарақаттылық пен кәсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни, жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мәселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің қамтамасыз етілуінің және сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мәселен, экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған [3]. Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып келе жатыр деген тұжырымға әкеледі.
ҚР заңнамасына сәйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген және еңбек етуге тартылған адамдардың, және т.б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет.
Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.
Денсаулық дегеніміз – адамның психикалық, дене және әлеуметтік әл-ауқаты. Ол адамның және жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту – еңбек етушілердің денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы [4].
Еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарға қоғамның экономикалық белсенді халқының барлық мүшелері дерлік тартылады, және оның едәуір бөлігі үшін еңбекті қорғаудың тікелей маңызы бар, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау институтының жағдайы олардың мінез-құлқын айқындайды, ал ол жалпы алғандағы қоғамның келбетіне, оның белсенділігіне үлкен әсер етеді.
Барлық құбылыстардың қандай да бір деңгейде өзара байланысты болатындығы белгілі. Бір категорияның жағдайының нашарлауы немесе қанағаттандырылмауы қалғандарына да теріс әсерін тигізеді. Мәселен, еңбекті қорғау жөніндегі мәселелер мен қатынастардың қанағаттандырарлықсыз реттелуі жалпы алғанда қоғамдық өзгерістерге әсер етуі мүмкін, және жақсы жағынан емес екендігі түсінікті.
Осылайша, еңбекті қорғау әлеуметтік құбылыс болып табылады, ол еңбекті қорғау институтының жеке алғандағы әр адамға және жалпы алғандағы бүкіл қоғамға қатысты болатындығынан және ықпалын тигізетіндігінен көрінеді.
Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді, -мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар бөлінеді. Еңбекті қорғау медицинамен аса тығыз байланысты. Ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйі қызметкердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Медицинада қызметкерлердің денсаулық жағдайына қандай да бір өндірістік факторлардың жасайтын ықпалына, кәсіби аурулардың немесе жарақаттардың белгілі бір өндірістегі еңбек үдерісімен байланыстылығына көңіл бөлінеді.
Техникалық ғылымдарда қандай да бір машиналардың, техникалық құрылғылардың, жабдықтардың және басқа да өндіріс құралдарының қолданылуының әр түрлі ережелері әзірленеді, сондай-ақ бірлікте және өзара ықпалдастықта қарастырылатын адам-машина жүйесі зерделенеді.
Саяси тұрақтылық, өзге факторларды есептемегенде, сондай-ақ тиісті мемлекеттің аумағында еңбектің қалыпты жағдайларының қамтамасыз етілу деңгейіне де байланысты болады.
Кезінде Л.И.Левитин атап көрсеткендей, еңбекті қорғауды дамыту ісінде техникалық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласындағы, соның ішінде, тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің неғұрлым тиімді жолдары мен формаларын анықтауға, заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге, қандай да бір нормативтік актінің қабылдануының практикалық нәтижелерін зерттеуге тиіс заң ғылымы саласындағы зерттеу жұмысы маңызды роль атқарады [5].
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтын қарастыру барысында біз осы ұғымға еңбек құқығының басқа институттарына немесе құқықтың басқа салаларына жататын нормалар кіретіндігін анықтадық. Мұндай нормалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қаншалықты бағытталғандығына немесе жәрдемдесетіндігіне байланысты еңбекті қорғау институтына жатқызылады. Көрсетілген нормалар қатынастарды реттейді, немесе құқықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге (немесе жәрдемдесуге) бағытталған басқа салаларының зерттеу тақырыбы болып табылады.
Еңбекті қорғау институты салааралық институт болып табылады, себебі еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында пайда болатын қатынастарды реттеу, еңбек құқығының өзінен басқа, азаматтық, сақтандыру, қылмыстық, әкімшілік, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы және, әрине, конституциялық сияқты құқықтың бірнеше салаларын реттеудің зерттеу тақырыбы болып табылады.
Конституциялық құқықтың еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін нормаларының қатарына ҚР Конституциясының 24-бабының қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына сай болатын еңбек жағдайларына құқықты белгілейтін нормалары жатады. Ата заңға сәйкес, адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғау конституциялық құрылыстың негіздеріне жатады. Әркімнің өзінің еңбекке деген қабілеттіліктерін еркін басқаруға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға құқығы, сондай-ақ әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай жағдайлардағы еңбекке және жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы адамның аса маңызды құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондай-ақ, 29-бапқа сәйкес, азаматтар денсаулықты қорғауға, соның ішінде, еңбек қызметі барысында қорғауға құқылы.
ҚР Конституциясы құқықтың бүкіл жүйесінің қалыптасуы бастау алатын негізгі заң болып табылатындықтан, онда еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі үлкен маңызға ие. Себебі Конституцияда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін құрайтын, адам мен азаматтың ең негізгі, аса маңызды құқықтары бекітілген. Басқа жағынан алып қарағанда, негіз қалаушы құжатта еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі заңды, өйткені қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін олардың еңбек қызметі барысында қорғау әлеуметтік мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің құрамдас бөлігі және конституциялық-құқықтық деңгейде регламенттелмей қалуы мүмкін емес өте маңызды категория болып табылады.
Қызметкер мен жұмыс берушіге, яғни, еңбек келісім-шартының тараптарына қатысты Конституция нормалары еңбек заңнамасы актілерінде дами түседі. Мысалы, Еңбек кодексінің 4-бабында ҚР еңбек заңнамасының принциптерінің арасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың мәселелерін мемлекеттік реттеу сияқтылары көрсетіледі. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге көрсетілген актінің 5-тарауы арналған [6].
Еңбек заңнамасының азаматтық заңнамамен тығыз байланысты екені белгілі. Соңғысы тауар-ақша және қатысушыларының теңдігіне негізделген басқа да, мүліктік қатынастарды реттей отырып, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты қатынастарды да реттейді.
Еңбек қатынастары, осылармен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар сияқты, келісім-шарттық бастамаларға негізделген және ақылы сипатқа ие. Бұдан басқа, еңбек және азаматтық заңнамалар салаларының арасында генетикалық байланыс бар, өйткені еңбек құқығы кезінде азаматтық құқықтан бөлініп шыққан. Сондықтан, әр түрлі салаларға тиесілілікті сипаттайтын пәннің дербестігіне қарамастан, еңбек құқығының дамуына азаматтық құқық принциптері мен әдістері әсер етпей қоя алмайды. Бұны, ең алдымен, құқықтар мен міндеттерді белгілеудің диспозитивтік сипатының басымдығы, құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі, құқықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау тәртібі және т.б. айғақтайды [7].
Азаматтық құқықтың зерттеу тақырыбына еңбек шартына (контрактқа) негізделетін еңбек қатынастарымен жақын жанасатын қоғамдық қатынастар кіретіндігі белгілі. Бұл – тұрмыстық мердігерлік, тапсырма, әдеби тапсырыс келісім-шарттарын және т.б. орындау жөніндегі қатынастар. Көрсетілген қатынастарға ортақ белгілер тән: олар еңбекпен байланысты, келісім-шарттық бастамаларға негізделген, ақылы сипатқа ие. Алайда олардың арасында олардың әр түрлі салаларға жататындығын білдіретін едәуір айырмашылықтар да бар [8]. Әдетте, белгілі бір қатынастарды еңбек құқығының зерттеу тақырыбына жатқызу үшін арнайы акті шығарумен бекітілген, қызметкердің еңбек ұжымы құрамында жеке еңбек қызметтерін орындауы, сондай-ақ осы қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы қажет болады.
Сондай-ақ азаматтық құқықтың еңбекті қорғау институтымен байланысын қызметкерге оның өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында келтірілген шығынды өтеу бөлігінде қарастыруға болады. Көрсетілген қатынастарды азаматтық құқықтың немесе еңбек құқығының реттеуі керек пе, немесе екі саланың екеуі де реттеуі керек пе, бұл мәселе ғылыми ортада әлі күнге дейін даулы мәселе болып табылады.
Бірінші көзқарастың мәнісі — қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру жөніндегі қатынастар азаматтық құқықтың зерттеу тақырыбына жатқызылатындығында. Бұл көзқарастың жақтастары келесілер: В.Т. Смирнов [9], А.А. Собчак [10], А.П. Сергеев, Ю.К. Толстой [11]. Екінші көзқарасты осы қатынастарды азаматтық және еңбек құқығының әрекет етулерінің шектес саласына жатқызатын авторлар ұстанады [12]. Үшінші көзқарас даулы қатынастарды еңбек құқығының әрекет ету саласына жатқызудан тұрады (Л.А. Сыроватская [13], В.Н. Толкунова [14], Р.З. Лившиц [15], П.Р. Ставиский [16]).
Біздің пікірімізше, құқықтың ешқандай саласы жеке өмір сүріп, қызмет ете алмайды – құқық салаларының құқықтық реттеу әдісі, тақырыбы және қызметі сияқты мәселелерде түйісе алатындығы әбден заңды. Оның үстіне, еңбек құқығының кезінде азаматтық құқықтың бір бөлігі болғандығын есепке алу қажет. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген дәлелдемелермен келіспеу қиын. Осылайша, біз қызметкердің денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі қатынастарды бір ғана салаға жатқызуға болмайды деп санаймыз, яғни, бұл қатынастар азаматтық және еңбек құқығының әрекет етулерінің шектес саласы болып табылады.
Информация о работе Халықты химиялық қауіпті кэсіпорындарда авария болған кезде қоргау шаралары