Халықты химиялық қауіпті кэсіпорындарда авария болған кезде қоргау шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 23:07, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.

Файлы: 1 файл

Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың.docx

— 73.86 Кб (Скачать файл)

Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды [17].

О.В.Смирновтың атап көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік құқықтардың шектес сипаты, біріншіден, реттеу тақырыбының ұқсастығынан (еңбек құқығында – еңбек саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар; әкімшілік құқықта – мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар) және, екіншіден, құқықтық реттеу әдісінің ұқсастығынан (құқықтың екі саласында да мемлекеттік-билік нұсқамалары тәсілін қолдану) көрінеді [18].

Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ арасында еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.

ҚР Еңбек кодексі еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау қатынастарын ұжым аясында шектемейді. Онда еңбек құқығының зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастардың кең түсіндірмесі мазмұндалған.

Еңбекті қорғауды жоғарғы органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Жоғарыда көрсетілген құқық нормалары 2 түрлі болуы мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды жалпы сипатта реттейтін нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда болуының алғышарты ретінде бой көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі органдарының (қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін нормалар жатады.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.

Еңбек қатынастарында азаматтар еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары барысында еңбекке төленетін ақы қызметкер еңбек ететін ұйымдардың, мекемелердің қорларынан шығарылады. Әлеуметтік қорғау құқығы орталықтандырылған қорлардан жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуді қарастырады. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау құқығы үшін, еңбек құқығындағыдай, материалдық төлемдердің келісім-шарттық әдісі тән емес. Азаматтар материалдық қамтамасыздандыруды құзырлы органдар қабылдаған құқықтың директивалық нормалары негізінде алады, соған байланысты олар тараптардың келісімімен өзгертіле және нақтыландырыла алмайды [19].

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттеу тұрғысынан сақтандыру құқығымен байланысты. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңы жұмыс берушіні қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар ұйыммен сақтандыру келісім-шартын жасасуға міндеттейді [20]. Өз жауапкершілігін сақтандыра отырып, жұмыс беруші денсаулығын қалпына келтіруге қажетті немесе тиісті сомаларға құқықтары бар адамдар үшін қажетті ақша қаражаттарын өтеуді кепілдейді.

Бұл сақтандырудың негізгі мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілуі мүмкін қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады, және біздің республикамызда қарастырылған халықты әлеуметтік қорғаудың 3-ші және соңғы деңгейі болып табылады.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі қатынастардың өздері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар сияқты, азаматтық және еңбек құқығы сияқты салалардың реттеу тақырыбы болып табылады. Құқықтың қандай да бір саласының нормалары сақтандыру төлемдеріне құқықтың жүзеге асырылу кезеңіне байланысты әрекет етеді. Мәселен, азаматтық құқық нормалары сақтандыру және зиянның орнын толтыру туралы жалпы ережелерді реттейді, еңбек құқығы нормалары, атап айтқанда, еңбекті қорғау институтының нормалары сақтандыру оқиғасының орын алуының негіздерін анықтайды, яғни, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі қандай да бір ережелерді бұзуы қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін негіз бола алады.

Еңбекті қорғау институтының салааралық сипаты еңбек қызметін зерттейтін психологиялық ғылымның бағыты, соңғы кезде зерттеу салаларының өзектілерінің бірі – эргономикамен байланысынан да көрінеді.

«Эргономика» терминін (грекше ergos – жұмыс, nomos – заң) Англияда 1949 жылы Эргономикалық зерттеу қоғамын құрған бір топ ағылшын ғалымдары қабылдаған. Америкада зерттеулердің бұл бағыты «адам инженериясы», ал ГФР-да «антропотехника» деген атауға ие болды [21]. Эргономика, адамның еңбек қызметін психология, физиология, әлеуметтану, сондай-ақ заң ғылымдары тұрғысынан зерттейтін кешенді құрылым бола отырып, еңбекті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де айтарлықтай маңызға ие.

Республикалық деңгейдегі еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржылық құқықтың ғана емес, сонымен бірге еңбек құқығының да реттеу тақырыбы болып табылады.

Осылайша, еңбекті қорғау құқықтық институты салааралық құрылым болып табылады, себебі қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелерін реттеу кезінде түйісетін құқықтың көптеген салаларымен және олардың институттарымен, конституциялық құқықтармен және бостандықтармен, еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың әкімшілік жоспарлануымен және ұйымдастырылуымен және т.б. байланысты. Осы қатынастардың барлығы бірнеше институттың нормаларының реттеу тақырыбы болып табылады.  

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Голощапов С.А. Правовые вопросы охраны труда. -М.: Юридическая литература, 1982, -51, 62 бб.

2. Макевкина А.С. Понятие охраны труда по российскому трудовому праву: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. -Барнаул, 2005,  - 12 б. // Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Тараз қаласындағы филиалы арқылы алынған.

3. 2007-2010жж. жұмыспен қамту бойынша жедел статистикалық көрсеткіштер // ҚР Статистика агенттігінің интернет сайтынан — http://www.kaz.stat.kz/digital/stat_trud_kz/Pages/default.aspx

4. Паэглэ В.Э. Охрана труда как социально-правовая система и управление ею. — Рига: Зинатне, 1985, — 8 б.

5. Левитин Л.И.  Правовое регулирование охраны  труда в колхозах: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. –А.: Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, 1968, — 2 б.

6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл //  «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz

7. Нұрмағамбетов А.М. О соотношении трудового договора и гражданско-правового договора. // Право и государство. -1997.- №7. – 12 б.

8. Трудовое право.  Учебник под ред. О.В. Смирнова.  -М.: Проспект, 2000, -19 б.

9. Смирнов В.Т.  Гражданская ответственность государственных  предприятий за причинение увечья  или смерти работникам. – М.: Госюриздат, 1957, – 232 б.

  1. Смирнов В.Т., Собчак А.А. Общее учение о деликтных обязательствах в советском гражданском праве. – Л.: Ленинград университетінің баспасы, 1983, –19-23 бб.
  2. Гражданское право. Оқулық,  А.П.Сергеевтің, Ю.К.Толстойдың редакциясымен. 3 Т. – М.: ПБОЮЛ Л.В.Рожников, 2000, – 4-22 бб. және басқалары.
  3. Поленин С.В. Пограничный институт гражданского и трудового права (Возмещение вреда, причиненного здоровью // Советское государство и право. – 1974. — № 10. – 60-68 бб.
  4. Сыроватская Л.А. Ответственность по советскому трудовому праву. – М.: Юридическая литература, 1974. – 50 б.
  5. Толкунова В.Н. Трудовое право: курс лекций. – М.: ТК Велби АҚБ, 2002, – 244 б.
  6. Лившиц Р.З. Ответственность за повреждение здоровья рабочих и служащих в советском праве // Советское государство и право. – 1964. — №5. – 103-110 бб.
  7. Ставиский П.Р. Материальная ответственность предприятий в трудовых отношениях. – Киев; Одесса: Вища школа баспа бірлестігі, 1987. – 63 б.
  8. Лившиц Р.З. Теория права. Оқулық. -М.:БЕК, 1994, -188 б.
  9. Трудовое право. Оқулық. О.В. Смирновтың редакциясымен. -М.: Проспект, 1998, -20 б.
  10. Ахметов А., Ахметова Г. Трудовое право: Оқулық. -Алматы: Юридическая литература, 2005, -14, 15 бб. 
  11. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: 7 ақпан 2005 жыл, № 30  // «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz
  12. Котелова Ю.В. Очерки по психологии труда: Оқу құралы. -М.: Мәскеу университетінің баспасы, 1986. -24 б.

Информация о работе Халықты химиялық қауіпті кэсіпорындарда авария болған кезде қоргау шаралары