Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 16:08, контрольная работа
Орталық кітапханада «Бақытты балдәурен» ертеңгілігі өтті. Оған кітапхана оқырмандары мен ата-аналары қатынасты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, соңынан асьфалтқа сурет салды, Ақтаудың 50 жылдығына байланысты қаланың, теңіздің суреттерін бейнелесе, біреуі тудың, гүлдің суреттерін салған. Соңынан әр түрлі ойындар, сайыстар жүргізілді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Мақсаты : Сурет салдыру арқылы әр баланың қабілетін байқау, суретін көріп ойын оқу.
«Қалалық орталық кітапхана» ММ-нің
2013 жылдың І жартыжылдығында өткізген
іс-шараларының хабарламасы
2013 жылдың бірінші
жартыжылдығында Ақтау
Мекемеге қалалық бюджеттен 2013 жылға - 33 миллион 353 мың теңге бөлінді.
І жартыжылдықта жұмсалған қаржы: 12миллион.... мың теңге, оның ішінде қызметкерлердің еңбек ақысына – миллион - мың теңге жұмсалған.
Осы жылдың ІІ-ші жартылығына 498 дана Ресей баспасөз басылымдарына жазылып оған – 248 мың 044 теңге жұмсалды. Жыл басынан мемлекеттік тапсырыспен келген әдебиеттер – 1525 дана, 273 атау, 1 миллион 978 мың теңгеге. Көпшілік шараларды өткізуге – 239 мың теңге,
Астанаға іс-сапарға бір кызметкерге – 50 мың теңге жұмсалды.
Жүйе бойынша 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі көрсеткіштер: оқырман саны – 8329, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 19 оқырманға азайған.
Балалар оқырман саны – 3915, бұл өткен жылмен салыстырғанда – 105 оқырманға азайған.
Жасөспірім оқырман саны – 2188, бұл өткен жылмен салыстырғанда – 46 оқырманға азайған.
Оқырмандарға берілген басылымдар – 177763 дана, бұл откен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 4573 данаға кеміген, оның ішінде – 98964 данасы мемлекеттік тілде.
Оқырмандардың кітапханаға қатынасуы – 82809 құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда – 4494-ке азайған.
Жүйе бойынша өткізілген көпшілік шаралар саны – 86, оқырмандарға берілген әр тақырыптағы анықтама саны – 1939, оның – 1500 қазақ тілінде.
Өмірзақ ауыл кітапханасының кітап қоры – 5014 дана, оның – 3770 данасы қазақ тілінде және 36 дана баспасөз басылымдарына жазылған, оның – 32 данасы қазақ тілінде. Бірініші жартыжылдықта келіп түскен басылымдар – 102 дана, 97-сі қазақ тілінде. Оқырман саны – 218, бұл өткен жылмен салыстырғанда – 53 оқырманға азайған, балалар оқырман саны – 132, өткен жылмен салыстырғанда – 26 оқырманға азайған. Жасөспірім оқырман саны – 17 бұл өткен жылмен салыстырғанда – 8 оқырманға азайған. Оқырмандарға берілген басылымдар – 6387 дана, оның ішінде балаларға берілгені – 3351 дана. Оқырмандардың келуі – 2184 құрады.
Жыл басынан өткізілген
Оқырмандарға – 1939 библиографиялық анықтама берілді, оның – 1500 қазақ тілінде.
Барлық көрсеткіштердің өткен жылмен салыстырғанда төмендеп кету себебі №4 кітапхана-филиалы наурыз айынан бастап оқырман қабылдауда және Өмірзақ ауыл кітапханасы бір айға жақын жабық болды, қызметкердің денсаулығына байланысты.
Жыл басынан барлық
Саяси-әлеументтік тақырыпта әдебиеттерді насихаттау барысында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Ақтау қаласы әкімдігі және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті жанындағы «Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұраларын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының 40 жылдығы және Ақтау қаласының 50 жылдығы аясында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-дарама театрында Мақтымқұлы Пырағы мен Абыл Тілеуұлының шығармашылығына арналған «Достық жыры» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кеште Пырағының жырларын қалалық орталық кітапхана қызметкерлері түрікмен және орыс тілінде оқыды. Сонымен бірге осы кешке арқау болған Абыл мен Пырағы шығармашылығын насихаттап, олардың әдебиеттегі достық үндестігін дәлелдейтін «Бірлігі жарасқан ел бақытты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қалалық орталық кітапхана 30-сәуір күні «Бірлігі жарасқан ел бақытты» деген тақырыпта М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжінің студенттерінің қатысуымен интеллектуалдық ойын өткізді. Жас ұрпаққа осы танымдық ойын арқылы ынтымағы бір елдің іргесі мықты болатынын жеткізу.Достықта, тұтастықта өмір сүруге шақыру, баулу. Осы тақырыптағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ынтымақ – береке бастауы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
№3КФ-да «Ынтымақ түбі – игілік» атты тақырыптық кеш өтті. Кешке №16,23 орта мектеп оқушылары қатысып, Қазақстан халықтары арасындағы достық, ынтымақтастық, татулық туралы көп мағлұмат алды және осы тақырыпта жазылған өлеңдер оқып, көрмемен танысып тарасты.
№6КФ-лы «Қазақстан – ұлы достық мекені» атты ертеңгілікті №15 мектепте бастауыш сынып оқушыларымен өткізді. Мақсаты:оқушыларды достық пен бірлікке, көпұлтты Қазақстан халқының түрлі этностарының мәдениеті мен салт-дәстүріне сыйластықпен қарауға баулу.
№7КФ-лы «Достық бірлік белгісі» атты тәрбие сағатын ауыл мектебінде өткізіп, осы тақырыпта ұйымдастырған кітап көрмесіне шолу жүргізе отырып жаңа әдебиеттермен таныстырды.
№8КФ-лы №12 орта мектептің 5-6 сынып оқушыларымен «Ұлт көп – Отан жалғыз» атты әңгіме өткізді. Мақсаты: түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы баға жетпес байлық, балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалар достас елдердің ақындарының өлеңдерін оқып, билерін биледі. «Халық қуаты бірлікте» атты кітап көрме жасалып, шолу жургізілді. 4- оқырман жазылды.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне
№9КФ-лы «Ел қауіпсіздігі сенімді қорғалуда» патриоттық сабақты №28 мектепте 5а сынып оқушыларымен өткізді. Сынып жетекшісі - Жусупова Зинеш апайымен. Мақсаты: оқушыларды әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, әскери шеберлігін жетілдіру әрекетіне дағдыландыру. Әскери антқа адал болуға , өз Отанының патриоты болуға, әр түрлі қиыншылыққа табандылықпен төзуге тәрбиелеу.
9-мамыр – Жеңіс Күні
Қалалық орталық кітапханада мамыр айының 3-ші жұлдызында 9-мамыр – Жеңіс Күніне орай «Өмірлерін өшпес даңқ өрнектеген» деген атпен тақырыптық әрі кездесу кеші өтті. Бұл кешке Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, №25744 әскери бөлімінің сарбаздары мен қызметкерлері, колледж студентері, №5 мектеп оқушылары және журналист қатысты.
Кеш барысында аталарымыз өмір жолдарын, соғыс кезіндегі қиындықтар, жеңіс үшін күрес туралы әңгімелеп берді. Майдан қасіреті мен жеңіс туралы жырлар, майданның хабарын жеткізген хаттар оқылып, әндер шырқалды. Кеш соңында «Ұлы Жеңіс – ұлы тарих» тақырыбындағы кітап көрмесі танысытырылды.
Кешті өткізудегі мақсат – тарих көшінде өшпес із қалдырған Ұлы Отан Соғысының мәнін ұғындыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жеңістің бағасын біліп, оны қастерлеп, құрметтеуге баулу.
Балалар бөлімінде «Мәңгі болсын тыныштық» атты тарихи сабақ №5 ортата мектебінің 4 «г» сыныбының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Балалардың бойына
Отанына деген сүйіспеншілік, азаматтық
жауапкершілік, аға ұрпақтың ерлік
жолдарына деген
№7 К/Ф-лы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Жеңіс Күніне арнап мамырдың 4-ші жұлдызында №27 орта мектепте «Батырлар ел есінде» атты ардагерлермен кездесу кешін өткізді. Кезедесуде ардагер Даулетбай Қанышев 5-сынып оқушыларына өмір жолын, Ұлы Отан соғысы жылдарында көзімен көріп, басынан өткен сын сәттерін әңгілмелеп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар ардагердің құрметіне көптеген өлеңдерді жатқа оқып, ән шырқады. Бұл шараның мақсаты – балаларды отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу.
№8КФ -лы «Ұлттың ұлы перзенті» атты ерлік сабағын №12 орта мектеп 5-сынып оқушыларымен мектеп сыныбында өткізді. Қатысқан оқырман саны – 27 және ұстазы Қосбергенова Нұршагүл. Мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру. «Ұлы жеңістің даңқы өшпейді» атты кітап көрмесі жасалып, шолу жүргізілді. 6 оқырман жазылды.
№9КФ-лы «Әспеттейміз ерлерді» атты ауызша журналды №28 орта мектепте өткізді. Журнал үш беттен дайындалып 1беті «Айбынды Ер командир» (Панфилов И.В. – 120), 2 беті «Қазақ партизаны» (Қ.Қайсенов – 95). 3 беті Панфилов пен Қасеновқа арналған өлеңдер оқумен қортыланды. Қатысқан 30 бала.
«Халықаралық кітап және кітап авторларының құқығы күніне» орай Қалалық орталық кітапхана филиалдарымен біріге отырып сәуір айының 25-ші жұлдызында журналист, ақын Анар Шамшадиновамен орталық кітапханада «Мен саған ораламын» атты кездесу кешін өткізді.
Бұл кеште ақын өмірінен
сыр тартар сұрақтар қойылып,
шабыттан шарықтай туған
Кездесу кеші ақынның шалқар
шабытынан туған дүниелері мен
газет мақалалары қойылған «Жыр
– дария, жыр – семсер» деген
тақырыпта ұйымдастырылған
Кеш мақсаты – жастарды ақынмен жүзбе-жүз кездестіріп, олардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ақынмен жақынырақ таныстырып, шығармаларын насихаттау, жастарды кітапханаға тарту.
№8 К/Ф-лы Облыстық Балалар ауылы 5-6 сынып оқушылармен «Кітап ақылдың құйылған көзі» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесінде, балаға білімнің кітап арқылы келетінін ұғындыру;: Адам өміріндегі кітаптың маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, баланың кітапқа сүіспеншілігін арттыру, кітаппен достастыру,тіл байлығын дамыту. Кітапты күтіп ұстауға үйрету.
Қалалық орталық кітапхана 28-ші мамыр күні Маңғыстау облысының 40 жылдығы мен «Бір ел – бір кітап» акция аясында таңдалынған Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған «Маңғыстауда өзімді патшадай сезінемін» атты оқырмандар арасындағы жас ақындар байқауының қорытынды кешін өткізді. Іріктеу кезеңі мамыр айының 18-ші жұлдызында өтті.
Байқауға 14-25 аралығындағы 10 үміткер қатысып, 3 шарт бойынша сайысқа түсті. Бірінші өздерін таныстырды, 2-ші бөлімде Ф.Оңғарсынованың Маңғыстау өлкесіне арналған жырларын мәнерлеп оқыды, 3-ші кезеңде Ф.Оңғарсыноваға арнау, тағы біреулері ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады. Байқауға ақын Анар Шамшадинова, журналист Гүлнар Науырша және облыстық кітапхананың әдіскері Нұргүл Еңсегенова қазылық етті. Байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хаттармен марапатталып, ақшалай жүлде беріліп, кітап тарту етілді.
Байқаудың мақсаты - Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалынған Ф. Оңғарсынованың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау,ақынның мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды тану, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету.
31мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай
орталық кітапхананың балалар бөлімінде «Қазақтың тарихындағы ұлы тұлғалар» атты көрме-диалог өткізілді.
Онда А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,
№8КФ-да №12 –орта мектеп №13 гимназия оқушыларымен «Қанды жылдар елесі» атты ерлік сабақ өтті. Шара аясында қонаққа зұлмат жылдарда елден қуғынға ұшырап кеткен , сол кездердің бүгінгі ұрпағы Кенжебеков Досым ағай шақырылды. Қонақ бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейтін боздақтардың жан кешті тарих тылсымындағы шетелдердегі тағдырлары жөніндегі мағлұматтарды бүгінгі ұрпақтың жанына жеткізіп, әңгімелеп берді. «Ғасыр жүгін арқалаған арыстар» атты көрме жасалып, шолу жүргізілді. 4 жаңа оқырман жазылды.
1маусым – балаларды қорғау күніне
Орталық кітапханада «Бақытты балдәурен» ертеңгілігі өтті. Оған кітапхана оқырмандары мен ата-аналары қатынасты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, соңынан асьфалтқа сурет салды, Ақтаудың 50 жылдығына байланысты қаланың, теңіздің суреттерін бейнелесе, біреуі тудың, гүлдің суреттерін салған. Соңынан әр түрлі ойындар, сайыстар жүргізілді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.