Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 16:08, контрольная работа
Орталық кітапханада «Бақытты балдәурен» ертеңгілігі өтті. Оған кітапхана оқырмандары мен ата-аналары қатынасты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, соңынан асьфалтқа сурет салды, Ақтаудың 50 жылдығына байланысты қаланың, теңіздің суреттерін бейнелесе, біреуі тудың, гүлдің суреттерін салған. Соңынан әр түрлі ойындар, сайыстар жүргізілді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Мақсаты : Сурет салдыру арқылы әр баланың қабілетін байқау, суретін көріп ойын оқу.
Мақсаты : Сурет салдыру арқылы әр баланың қабілетін байқау, суретін көріп ойын оқу.
4маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
№8 К/Ф-лының ұйымдастыруымен 4- маусымда №12 орта метеп №13 гимназия 4-5 сынып оқушыларымен «Елдік белгілер, ел үмітінің шырағданы» атты диспут Рәміздер күні кітапханада аталып өтілді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отан сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге еліне , жеріне отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. «Менің елім- менің нышаным» атты кітап көрме жасалып, шолу жүргізілді.
Жаратылыстану, денсаулық және экологиялық тәрбие –20 маусым күні сағат 11.30-да кітапханада «Әлем есірткісіз» рөлдік ойын оқырмандар арасында өткізілді. Қатысқан оқырман саны 12. Мақсаты; Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру,жас бүлдіршіндердің мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіру Шара аясында кітапханаға 6 оқырман жазылды. «Нашақорлық ғасыр дерті» атты көрмеге шолу жүргізілді
Нашақорлыққа қарсы күрес күні
Қалалық орталық кітапхана кітапхана филиалдарымен біріге отырып 26-маусым – нашақорлыққа күрес күніне орай «Нашақорлық – мәңгілік қорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға ЖИТС орталығының мамандары қатысып, оқырмандарға кеңес берді. Қысқаша ақпарат беретін парақшалар таратып, тарихы, сақтану жолдары т.б. туралы мәлімет беретін бейнебаян көрсетті.
Мақсаты – өскелең жас ұрпаққа қазірден дұрыс бағыт беріп, барлық жаман дерттің алдын алуға тәрбиелеу. Денсаулықтың бірінші байлық екенін ұғындыру.
№8КФ-лы «Әлем есірткісіз» рөлдік ойын оқырмандар арасында өткізді. Қатысқан оқырман саны 12, нәтижесінде кітапханаға 6 оқырман жазылды, шара соңінда «Нашақорлық ғасыр дерті» атты көрмеге шолу жүргізілді.
№9КФ-лы «Есірткісіз болашақ» - сүреден әңгіме өткізді. Мақсаты: жаңа өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдіқ, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жолдарын дәлелдеп түсіндіру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қатысқан бала саны- 17.
Техника, ауылшаруашылығы, еңбек және кәсіптік бағдар беру
Орталық кітапхананың балалар бөлімі ғарышкерлер күніне «Байқоңыр – ғарыш айлағы» атты ертеңгілікті №5 мектептің 2,3 сыныптарының қатысуымен өткізді. Онда 1961 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан адам мінген ғарыш кемесі ұшырылғаны, бірінші Ю.А Гагарин ұшқаны және Байқоңыр халықаралық ғарыш айлағы екені туралы айтылды.
№5 мектептің 4 «г» сыныбымен «Тұңғыш ғарышкерлер» деген тақырыппен патриоттық сабақ өттті. Онда Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтер беріліп, слайдтан біздің ғарышкерлеріміздің еңбегін, батылдық ісі туралы көрсетілді.
Мақсаты: Балаларды тұңғыш ғарышкерлермен таныстыру арқылы батылдыққа, ұлтжандылыққа және Отанын сүюге тәрбиелеу.
№8КФ-лы №12 орта мектеп оқушыларымен « Ғарыш- болашақ баяншысы» атты хабарлама сағатын кітапханада өткізді. Мақсаты: балаларға ғарышкерлер күні туралы түсінік беру,қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар мен Талғаттың ерекшеліктерін ардақтап , оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Осы кітапханада мамыр айында №12 орта мектеп оқушыларымен Жас түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында «Жастар – болашақ тірегі» атты іскерлік ойын өткізілді. Шара мақсаты: өлкемізге қажетті мамандықтар туралы бағдарлама беру.
Өнер, дене шынықтыру және спорт
25-маусымда «Қазақ түрік лецейінің» акт залында, «Тұлпардай желмен жарысқан» деген тақырыпта «Әминнің сабақтары» атты жаңа кітапқа тұсаукесер слайд арқылы өткізді. Шара аясында «Желден озған желаяқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге слайд жасалды. Мақсаты жаңа кітапты көпшілікке насихаттау, көрмеге Әмин Тұяқовтың өмірі мен жалпы Қазақстан спорты туралы кітаптар, баспасөз беттерінде әр жылдарда шыққан материалдар қойылып, көрмеге шолу жүргізілді. Шараға кітап авторлары мен кейіпкері Әмин Елемесұлы Тұяқов қатынасты.
31- мамырда сағат 11-30 да
«Балауса балғын болашақ»
Тіл білімі, әдебиеттану және көркем әдебиет
Қалалық орталық кітапхана 28-ші мамыр күні Маңғыстау облысының 40 жылдығы мен «Бір ел – бір кітап» акция аясында таңдалынған Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған «Маңғыстауда өзімді патшадай сезінемін» атты оқырмандар арасындағы жас ақындар байқауының қорытынды кешін өткізді. Іріктеу кезеңі мамыр айының 18-ші жұлдызында өтті.
Байқауға 14-25 аралығындағы 10 үміткер қатысып, 3 шарт бойынша сайысқа түсті. Бірінші өздерін таныстырды, 2-ші бөлімде Ф.Оңғарсынованың Маңғыстау өлкесіне арналған жырларын мәнерлеп оқыды, 3-ші кезеңде Ф.Оңғарсыноваға арнау, тағы біреулері ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады. Байқауға ақын Анар Шамшадинова, журналист Гүлнар Науырша және облыстық кітапхананың әдіскері Нұргүл Еңсегенова қазылық етті. Байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хаттармен марапатталып, ақшалай жүлде беріліп, кітап тарту етілді.
Байқаудың мақсаты - Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалынған Ф. Оңғарсынованың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау,ақынның мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды тану, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету.
Сайысқа №8 кітапхана филиалының оқырмандары «Дарынды балалар» мектебінің оқушысы Ә.Бисенов және №12 орта мектебінің Бибігүл Ахметова қатысып, жүлделі 1-ші орынды Бисенов Әліби иеленді.
Анықтама –библиографиялық қызмет
20.04.13 «Кітапхана – білім ордасы» кітапханалық сабақ № 5 мектептің 1 сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Балалардың кітапқа қызығушылығын оятып, кітап оқуға тарту.
24.04.13 «Мен – Болашақ оқырманмын» ертеңгілігі 4г сыныбымен өтті. Балаларды кітапханамен таныстырып, кітапты қалай пайдалану керек екені және кітапхана ережелерімен таныстырылды.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту арқылы кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.