Мединиская микробиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 05:20, лекция

Описание работы

Медициналық микробиология — адамда ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдын ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады. Медициналық микробиология адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді , оларды табу (индикация), өсіріп шығару, идентификациялау, инфекциялық аурулар тудырған микробтарға қарсы арнайы терапия мен сақтандыру жолдарын қарастырады. Зерттелетін патогендердің табиғаты бойынша бактериология, вирусология, паразитология, микология бөлімдері бар.

Файлы: 1 файл

Зұлхарнаева Іңкәр МБТ202.pptx

— 1.24 Мб (Скачать файл)

Медициналық микробиологияның даму тарихы. 
Дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері. 
    Санитарлы микробиологияның даму тарихы. 
Дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері. 
Санитарлы микробиологияның салалары.

 

Орындаған: Зұлхарнаева І. М

Тексерген: Абдиева Г. Ж

 

 

 

Микробиология- микроорганизмдердің құрылымын, құрылысын, систематикасын, физиологиясымен, генетикасын, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін зерттейді.

 

Медициналық микробиология — адамда ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдын ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады. Медициналық микробиология адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді , оларды табу (индикация), өсіріп шығару, идентификациялау, инфекциялық аурулар тудырған микробтарға қарсы арнайы терапия мен сақтандыру жолдарын қарастырады. Зерттелетін патогендердің табиғаты бойынша бактериология, вирусология, паразитология, микология бөлімдері бар.     

 

  

Медициналық микробиология:

 

    • Патогенді микроорганизмдердің  зат  алмасуын, қоректенуін,   тыныс  алуын,   өсу  және  көбею  
      жағдайларын, генетикалық ерекшелігін зерттейді;
    • микроорганизмдердің  жұқпалы  аурулар этиологиясы    мен  патогенезіндегі орнын;
    • микроорганизмдер   тудыратын   аурулардың   негізгі  

      клиникалык  көріністері мен таралуын;

    •  жұқпалы аурулардың арнайы диагностикасын, алдын алуын және емдеуін;
    • патогенді микроорганизмдердің экологиясын қарастырады.

 

Медициналық микробиологияның даму тарихы:

 

Микробиологияның даму жолында  көптеген жылдар өтті. Микроорганизмдерді адам баласы жете білмесе де сонау  ерте заманнан бері олардың әрекеттерімен  таныс

болды. Шарап жасау, сүттен түрлі тағамдарды дайындау, нан пісіру, мал және өсімдік өнімдерін ұзақ сақтау жөніндегі әдіс-тәсілдерді адам баласы ертеде ойлап тапқан. Сол  кездің өзінде адам жұқпалы ауруларға  қарсы егуді 

де қолданған.

  
 
 
 
 
 
Микробиологияның  даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады: 1.эвристикалық, 2.морфологиялық, 3.физиологиялық, 4.иммунологиялық , 
5.молекулярлы-генетикалық.  

 

1.Морфологиялық кезең. Микробты зерттеу ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қолға алынды. Бұған оптикалық  аспаптардың шығарылуы әсер етті. Микроскоп алғаш рет 1619 жылы Голландияда  жасалып шығарылды. Бұл аспапты одан әрі жетілдірген Афанасий Кирхер болды. Бұл әрине, құрылысы жөнінен өте қарапайым аспап еді. Солай бола тұрса да А.Кирхер сасыған етті, шарап сіркесін, сүтті қарап, олардан түрлі организмдерді көрген. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, одан ерекще «құртты« көрді.

 

 

2.Эвристикалық (4-3 қазіргі ғасырға дейін - 16 ғасыр  қазіргі эрада) - эпидемия пайда болғаның аспандағы құдайдан көрген. Бірақ  сол кездегі көптеген ғалымдар (Гиппократ, рим жазушысы Варрон және т.б.) айтуы  бойынша эпидемия кезінде ауада  ерекше ауру тамшылар - «миазмалар«  бар, ал Лукрецкий Кар айтқандай  әр инфекцияның өз тұқымы бар. 14 ғасырда  оба пандемиясы Европа тұрғындарының 1/4 қайтыс болғанын инфекциялық аурулары жұқпалығына зең қойды. 1374 жылы Венецияда  бірінші рет карантин шаралары қолданды, қала 40 күнге ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармады. Бір ғасыр  өткен соң осының бәрі ауру себебі, жұқтырылуы Джираламо Фракастро  гипотезасы негізіне жатты. Осы гипотеза бойынша әр ауру бір ғана жұқтырылуымен  байланысты, науқас адамдарды бөлек (изоляция) емдеу қажет, көп қабатты  марлядан жасалған мұрындық (масқа) кию  керек, карантин жасау. Бірақ осы  гипотезаны дәлелдеу үшін микробтар  әлемін ашу қажет болды.

 

 

3.Пастер және Кох дәуірі, физиологиялық кезең.

      Микробиология  тарихында  Л. Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың   мәні аса зор. Х1Х ғасырдың  екінші жартысында Европада өнеркәсіптік  капитализм дамыды. Осыған байланысты  микробиологияда  бірқатар жетістіктер пайда болады. Осы жетістіктерге Л. Пастердің   тікелей қатысы бар. Ол 1857 жылы  ашу процесін зерттеп, оның  табиғатын таныды, 1868 жылы жібек  құртының індетін ашты.

1891жылы жұқпалы аурулар 

қоздырғыштарын зерттеп, онымен  күресу 

үшін пайдасы мол микроорганизмдерден 

вакцина жасады. Ал 1885 жылы құтыру  ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын  ашты,одан сақтанудың жолдарын  көрсетіп берді. Әсіресе Л.Пастердің  1860 жылы «тіршіліктің өздігінен  пайда болуы« деген ұғымға  үзілді кесілді    соққы беруі 

маңызды болды.

Р. Кох микробиологияда  зерттеу жұмысына арнап көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынды. Әсіресе, оның белгілі бір микробты зерттеу  үшін, арнаулы қоректік орта дайындау керек деген пікірі өте құнды  және ол іс жүзінде қазір микробиологиялық практикада қолданылады. Р. Кох өз әдісін қолдана отырып, өкпе ауруын қоздыратын микробтарды тапты, ең алдымен туберкулез қоздырғышын - Кох таяқшасы, және азия тырысқағы - Кох вибрионы. Арнайы қоздырғыштарды зерттеп Р. Кох келесі критерийлер, яғни постулаттар ашты (Кох триадасы): 1. Микроорганизмдер нақты ауруларда  кездеседі және аурудың патологиялық және клиника көріністерін сипаттайтын  жағдайда. 2. Басқа ауруларда микроорганизмдер кейдесоқ патогенді паразит ретінде  кездеспейді. 3. Науқастың материалынан алынған микрорганизмдер, олардың  таза дақылын бөліп алған соң  жануарларға еңгізгенде, оларда да адамда дамыған ауру қозады.

Р. Кох ұсынған тәсілдер бойынша 20 жылдан астам көптеген инфекциялық  аурулар қоздырғыштары ашылды (сібір  түйнемесі, оба, дифтерия, дизентерия, тырысқақ, туберкулез және т.б.).

 

 Микробиология тарихында  орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің (1864-1920) қосқан үлесі мол. Ол осыған дейін ешкім  зерттемеген темекі теңбілі мен  рябуха деген ауруларды зерттеп, олардың қоздырғыштарын тапты. Олардың  әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенін және бұл ауруларды қоздырғыштардың  өзі осы аурулардан бөлек болатының  анықтады, кәдімгі бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, мөлшері жағынан  өте кішкене вирустар деп аталатын микроорганизмдердің ерекше тобын тапты. Ивановскийдің осы еңбегінің арқасында вирусология ғылымының негізі жасалады.

4.Иммунологиялық  кезең

 

 Х1Х ғасыр соңы және ХХ ғасыр басында кең дамып таралған ғылымы - иммунология. Иммунология алғашында макроорганизмнің инфекциялық ауруға төзімділігі туралы ілім болса, қазіргі кезде организмнің ішкі ортасы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ететін түрлі генотипы бөтен заттардан қорғаныс механизмдерін зерттейтін ілім. Иммунология білімі инфекциялық аурулардың лабораторлық диагностика тәсілдері, алдын-алу шаралары және емдеуінің және иммунологиялық препараттар (вакциналар, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, диагностикумдар) негізі болып табылады. П. Эрлих - неміс химигі - иммунитеттің гуморальдық теориясын ұсынды. Осы  теория бойынша жануарларға еңгізген сіреспе және дифтерия токсиндері қандағы  антиденелер арқылы нейтрализациялып иммунитет құрайды. Осымен қатар, И. И. Мечников зерттеулерінде иммунитетте  макро- және микрофагтар қатысатының  дәлелдеді. Осы клеткалар бөтен  заттарды (соның ішінде бактерияларда) өзіне қаратып жояды.

Микробиология дамуына айта қаларлықтай үлес қосқан орыс ғалымы И.И.Мечниковтың (1845-1916) фагоцитоз жөніндегі  ілімі бүкіл әлемге әйгілі, клеткалық  иммунитетке бастау салды. И. И. Мечников фагоцитоздан басқа микробтық антагонизм ілімін ашты. Экспериментальды сифилис, туберкулез эпидемиологиясы мен  иммунологиясын тексеруде атқарған үлесі зор. И. И. Мечников ілімін одан әрі жалғастырушы академик Н. Ф. Гамалея (1859-1949). Ол көп жылдық еңбектің нәтижесінде  микробтар әлеміндегі ерекше организмдер - бактериофагтарды ашып, зерттеді. Сөйтіп қазіргі кезде зор қарқынмен  дамыған вирусология ғылымының  негізін қалады.

Осы этапта жаңа патогенді  микроорганизмдер ашылып, зерттелген - құқыл спирохета, лептоспирлер, боррелиялер, риккетсиялар, хламидиялар, бактериялардың 1-формасы, микоплазмалар, жаңа вирустар. Клиникалық иммунология кең дамуда, антидене анықтайтын диагностикалық реакциялар ашылуда - Вассерман, Видаль ж.т.б. реакциялар. Кальмет және Джерен туберкулез таяқшалар  ішіннен вакциналық штамм шығарды (БЦЖ), Рамон дифтерия және сіреспе  профилактикасы үшін дифтерия мен сіреспе  анатоксинның ұсынды. Жаңадан химиопрепараттар пайда болды (сальварсан - Эрлих), кейінірек - хинин, сульфаниламидтер.

 

1950-1960 жылдары микробиология   және иммунология жылдам түрде   дамуда – молекулярлы-генетикалық кезең (ХХ ғ. екінші жартысындағы жаңалықтармен байланысты) деп аталады. 

Оның даму себептері:   а) молекулярлық биология, генетика, биохимия салаларында күрделі жаңалықтар ашылуда; б) жаңа бағыттар жол алуда - генетикалық және клеткалық инженерия, биотехнология, информатика; в) жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа аппаратуралар тіршіліктің  одан әрі құпияларын ашуда едәуір зең салуда.

Осы кезеңде электронды микроскоп пайда болған.

 

Медициналық микробиология:

санитарлық, фармацевтикалық,клиникалық,паразитология  және т.б.

Санитария -(лат. Sanitos- саулық, денсаулық) халықтың әл-ауқастың денсаулығын жақсартуға,қоршаған ортаны сауықтыруға және адам өмірін ұзартуға бағытталған гигиена саласында өңделген шараларын жүзеге асыратын ғылымның бір саласы. Санитарлық бақылауды санитарлы- эпидемиология станциялары жүргізеді.

Санитарлық микробиология - қоршаған ортадағы микрофлораны, микрофлораның организммен қарым-қатынасын, микрофлораның және оның өнімдерінің адам денсаулығынын жағдайына әсерін зерттейді, адамға микроорганизмдердің колайсыз әсерлерінің алдын алатын шараларды өңдейді

Санитарлық микробиологияның зерттеу объектілері – су, ауа, топырақ, қоршаған орта обектілері, тамақ өнімдері.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАҒЫШТАР: ПАТОГЕНДІ, ШАРТТЫ ПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕР, ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАР,НАСЕКОМДАР,КҮРЕСУГЕ АРНАЛҒАН МИКРООРГАНИЗМДЕР,ТАКСИНДІК МИКРООРГАНИЗМДЕР ПРОДУЦЕНТТЕРІ. ӘР ТҮРЛІ ЗАТ-АНТИБИОТИК, БЕЛОК, ФЕРМЕНТ, ВИТАМИНДЕР.

 

Санитарлық микробиологияның міндеттері: 
    Қоршаған орта обьектілерін (су, топырақ, ауа, тағам өнімдері, күнделікті қолданатын заттар) зерттеу әдістерін жасау және дамыту. 
    Қоршаған ортаның адам мен жануарға әсер ету жолдарын бағалау. Бұл бөлімді санитарлық микробиолгия атқарады. Адам мен жануар патогенді микроорганизмдер көзі болып табылады, сондықтан ол қоршаған ортаға әсер етеді. Санитарлық микробиологияның негізгі мақсаты табиғи процестердің өзіндік тазалануын қадағалау.  
    МЕСТ және т.б нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқаулар дайындау.         Қоршаған ортаның микрофлорасы гигиеналық талаптарға сай болу керек, әсіресе микробиологиялық көрсеткіштері. Санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер жалпы гигиеналық талаптармен сәйкес болуы керек. 
    Қоршаған ортаның тазалығына жүргізілген шаралар және олардың орындалуын қадағалау. Дәрігер-гигиенисттің бұл бқлімде атқаратын қызметтері: ағымды санитарлық қадағалау және ескертпелі санитарлық қадағалау. Ағымды санитарлық қадағалау- дәрігер гигиенисттің күнделікті жұмыс барысында қадағалау жүргізу. Су сапасы, тағам өнеркәсібінің өнімдері, суды дұрыс әрі тиімді залалсыздандыруды қадағалау. Ескертпелі санитарлық қадағалау - әртүрлі құрылыс мкемелерін салуда (әсіресе бала-бақша, ЕПМ, санатория т.б), су көздерін таңдауда.  
    Қоршаған ортаны қорғау. Бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі. Адам мен қоршаған ортаның қарым – қатынасы. Олардың адам ағзасына тигізетін әсерін азайту немесе болдырмау.  

   Санитарлық бактериологиялық лабораторияның зерттейтін заттары:  
су – ауыз су, ашық су қоймалары 
ауа – операциялық, перзентхана, бала-бақша, аурухана палатасы, дәріхана,   мектеп, кинотеатр т.б. 
  дәрілік препараттар – егетін, көзге тамызатын,

    дистилденген су.  
топырақ – балалар мекемелерін салуда, коммунальді құрылымдар, кейде   эпидемиялық көрсеткіштері бойынша. 
Хирургиялық материалдардың тазалығын 
  Тағам өнімдерін – тағамдық улануда 
  Күнделікті қолданатын заттарды. 
     Санитарлық бактериологиялық лабораторияның бөлмелері: 
  Бактериологиялық зерттеу бөлмесі 
  қоректік орта дайындайтын бөлме 
  автоклав 
  жуатын 
  материалдарды сақтайтын бөлме 
  вивария 
  анализ өабылдайтын бөлме және тіркейтін бөлме 
  меңгерушінің бөлмесі 

Бактериологиялық  зерттеу лабораториясының көлемі 1 адамға 7,5 м2 болу керек. Бөлмеде бокс болады және онда міндетті түрде бактерицидті лампа болу керек. Лабораторияны күнделікті дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау жүргізіледі (1-5 % фенол ерітіндісі және 1-5 % хлорамин ерітіндісімен).  

 

Санитарлық микробиологияның алғашқы даму кезеңі Э.Масе ішек таяқшасын судың фекальді ластанған көрсеткіші ретінде қолдануды ұсынды.  Қазіргі уақытта санитарлық микробиология жеке ғылым, 3 дисциплинадан тұрады:

санитарлық микробиология;

санитарлық гигиена;

санитарлық эпидемиология. 

 

Санитарлық микробиологияның даму тарихы:

Микробтың жалпы  санының критерийі:

Жалпы микроб саны (ЖМС)- барлық микроорганизмдердің 1мл/1гр субстраттағы саны. Осы арқылы, сыртқы ортада микроорганизмдер қаншама көп болса, сонша патогендік микроорганизмдердің ластануы ықтималдығы жоғары болады.

СКМО- санитарлық –көрсеткіштік микроорганизмдері;

Титр – субстраттың минимальды саны (см3, г), және онда СКМО анықталады;

Индекс- СКМО – ның саны;

Айрықша мүмкін сан (АМС)-СКМО-ң саны 1л судағы немесе 1 г басқа субстраттағы саны. Бұл дәлме-дәл көрсеткіш, оның сенімді шекаралары бар.

Санитарлық микробиологияның зерттеу әдістері

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бағалау әдістері:

1.Патогенді микроорганизмдерді  тікелей анықтау әдісі.

2.Патогенді микроорганизмдерді  жанама анықтау әдісі.

Тікелей анықтау-  экстремалды авария жағдайында зерттеу.

Артықшылығы:қарапайым,тез.

Кемшілігі:біркелкі таралмаған,өлі-тірі клетканы ажырату  қиын.

Жанама анықтау:

1)Жалпы микробтық  сан.(ЖМС)

2)Санитарлы көрсеткіш  м.о.(СКМ)

ЖМС- 1гр. Немесе 1 л. Субстраттағы микробтардың жалпы саны.

СКМ-санитарлы микробиологияның өзіндік әдісі. Адам организмі мен жылы қанды жануарлардың асқазан-ішек жолдары мен жоғары тыныс алу мүшелерінің облигатты микрофлорасының өкілдері.

Информация о работе Мединиская микробиология