Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 05:20, лекция
Медициналық микробиология — адамда ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдын ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады. Медициналық микробиология адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді , оларды табу (индикация), өсіріп шығару, идентификациялау, инфекциялық аурулар тудырған микробтарға қарсы арнайы терапия мен сақтандыру жолдарын қарастырады. Зерттелетін патогендердің табиғаты бойынша бактериология, вирусология, паразитология, микология бөлімдері бар.