Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 13:46, доклад
Микроорганизмдер систематикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Бактериялардың өте ұсақтығы және өте тез өзгергіштік қасиеті систематикалық орнын анықтауға көп қиыншылықтар келтіреді. Қазір микробиологияда бактерияларды классификациялауда олардың толып жатқан қасиеттерін еске алады. Сондай-ақ, морфологиялық ерекшеліктері – клетка пішіні, мөлшері, қозғалуға және спора түзуге қабілеттілігі, Грам әдісімен боялуы, ет-пептонды агарда және желатина бар қоректік ортада өсу ерекшеліктері, физиологиялық қасиеттерінен; қоректену, тыныс алу ерекшеліктері, ортаға бөлетін заттарының түрі мен түрлі химиялық реакцияларға қатысы ескеріледі.
Микроорганизмдер систематикасы
Микроорганизмдер
Леман мен Нейман (1896 ж.) барлық микроорганизмдерді екі үлкен топқа немесе қатарға бөлді. Оның бірі – шизомицеттер, екіншісі – актиномицеттер (сәулелі саңырақұлақтар) соңғы жылдардағы зерттеулермен байланысты бұған миксобактериялар қатары қосылды. Бұлардың әрқайсысының өзінде бірнеше тұқымдас және туыстар бар. Бұл системада микроорганизмдерді тұқымдастарға бөлуде олардың сыртқы формасы, спора түзу қабілеттері ескерілсе, туысқа бөлгенде клетка иректігі мен оны бөлетін аралық перденің орналасу тәртібі негізге алынды. Ал бактерияларды түрлерге бөлгенде, морфологиялық, қоректік ортада бактериялардың өсіп-даму қабілеті және физиологиялық қасиеттері еске алынады.
Бактериялар систематикасы
Шизомицеттер қатары. Бұл қатар негізінен алты тұқымдасқа бөлінеді: коккалар, бактериялар, спириллалар, спирохеталар, десмобактериялар және бациллалар.
Коккация тұқымдасына шар
Стрептококкалар бөліну арқылы көбейеді. Сарциналар көбейгенде сегіз-сегізден бірінің үстіне бірі тең тәрізді болып орналысады. Микрококкалар көбейгенде жеке-жеке клеткаларға ажырап, жүзімнің шоқ жемісіне ұқсап орналысады.
Бактериялар тұқымдасы. Бұған 300-ден астам түрі бар бактериялардың бір-ақ туысы жатады. Олардың клеткалары цилиндр тәрізді жұмыр болады. Спора түзбейді, қозғалмайды. Кейде олар немесе екі-екіден, болмаса моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқшаларға ұқсайды. Топырақта кеңінен таралған және кейбір процестерді қоздырғыштар болып саналады.
Спиралляциялар тұқымыдасы. Екі туыстан тұрады. Спириллалар туысына жататын бактериалар клеткаларының пішіні спираль тәрізді болады да спора түзбейді. Ал осы тұқымдасқа жататын туыс – оба вибриондарының пішіні үтірге ұқсайды, Талшықтары арқылы бұл екі туыстағы бактериалар да актив қозғала алады.
Спирохета тұқымдасы. Клеткалары нәзік әрі ұзын болады. Кейде клетка ұзындығы енінен 200 есеге дейін артады. Бұл тұқымдасқа бірнеше туыстар (спирохета, лептоспира т.б) жатады. Негізінен олардың барлығы да ауру қоздырғыштар (мерез, іш сүзек т.б)
Десмобактериялар тұқымдасы, бұларды жіп тәрізді бактериалар деп те атайды. Өйткені бұл тұқымдасқа жататын организмдер көп клеткалы ұзын жіпшілер. Жіп тәізді клеткаларда, темірдің және марганецтің гидрототықтары жиналатын қынаптары бар. Бұл тұқымдасқа күкірт және темір бактериалары жатады.Күкірт бактериалары клеткаларыныңбір шеті ептен шырышталған. Осы шетімен олар табиғи заттарға жабысып тұрады.Олар гонийди арқылы көбейеді. Гонийдийларының сыртында талшықтары өте көп. Сол арқылы олар қозғалады.
Бациллалар тұқымдасы. Ол тек бацилла тұқымдасынан тұрады. Спора түзетін таяқшалар. Олардың қозғалатын да, қозғалмайтын да түрлері бар. Спора түзу кезінде ұршық немесе барабан таяқшасы тәрізденіп өзгереді. Бациллалар тұқымдасының 500-ден астам түрі белгілі. Олар табиғатта өте кең тараған, азотты және азотсыз қалдықтарды ыдыратуда өте үлкен роль атқарады. Бұларддың ішінде қауіпті ауруларды қоздыратын түрлері де бар.
Актиномицеттер қатары бұл қатарға бір клеталы проактиномицеттер және актиномицеттер деп аталатын екі тұқымдас жатады. Бірінші тұқымдасқа таяқша тәрізді, бұтақтануға бейім бактериялар жатады. Олардың бір ерекшелігі – бұтақталған бір клеткалы мицелий түрінде өсуі . Оның бір ұшы ортаға бекиді де, екінші ұшы ауада қалады. Бұлар ауадағы мицлий ұшында пада болатын споралар арқылы өбейеді. Актиномицеттер табиғатта кең тараған, олар топырақта, суда және өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарында тіршілік етеді. Сөйтіп топырақтағы органикалық қалдықтарды ыдырытып, гумус яғни қарашірікті тұзуге қатысады. Актиномицеттер өз денесінің ортаға түрлі түсті бояулар (пигменттер) бөледі. Кейбір түрлері адам мен жануарларда болатын атиномикоз деп аталатын қауіпті ауруды қоздырады. Актиномицеттердің өніп - өсуіне е қолайлы тепература +23-27градус жылылық.. Құрғақшылыққа төзімді, кейде құрғақ топврақта он жылдан астам уақытқа дейін тіршілігін сақтай алады. Оларға қолайлы қышқылдық (Рн) мөлшері 6,8-/,0 шамасында болуы жетклікті. Топырақтағы актиномицеттер саны жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, кездесетін микроорганизмдердін саны жалпы санына шаққанда көктемде 20 проценттей, ал күзде 30 проценттей болады. Топырақтың терең қабаттарында сирек кездеседі.
АКтиномицеттердің ішінде басқа микроорганизмдер тіршілігін тежейтін, кейде оларды құртып жіберетін ерекше заттар бөлетін түрлері де кездеседі. Оны антибиотиктер деп атайды. Олар түрлі ауруларға қарсы қолданылып жақсы нәтиже беріп отыр.
Миксобактериялар қатары. Миксобактериялардың көпшілігі таяқша тәрізді. Бұлардың бактериялардың басқа топтарына қарағанда негізгі ерекшелігі көбею мен даму процестерінің өте күрделілігенде. Кейбір түрінде жекелеген ядро болады. Қоректік ортаның бетінде түзілген колониялар аз уақыт ішінде оны жауып кетеді. Клеткадан бөлінген шырын ісініп, оны алға қарай жылжытып отырады. Қоректік ортаны алқызыл түске бояйды. Мұның миксококкус, полиангум, хондромицес және сорангум деп аталатын туыстары бар.
Миксобактериялардың көпшілігі көңде,
шіріген ағаш қалдықтарында, топырақта
жиі кездеседі. Олар табиғаттағы
органикалық заттардың