Микрооганизмдер систематикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 13:46, доклад

Описание работы

Микроорганизмдер систематикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Бактериялардың өте ұсақтығы және өте тез өзгергіштік қасиеті систематикалық орнын анықтауға көп қиыншылықтар келтіреді. Қазір микробиологияда бактерияларды классификациялауда олардың толып жатқан қасиеттерін еске алады. Сондай-ақ, морфологиялық ерекшеліктері – клетка пішіні, мөлшері, қозғалуға және спора түзуге қабілеттілігі, Грам әдісімен боялуы, ет-пептонды агарда және желатина бар қоректік ортада өсу ерекшеліктері, физиологиялық қасиеттерінен; қоректену, тыныс алу ерекшеліктері, ортаға бөлетін заттарының түрі мен түрлі химиялық реакцияларға қатысы ескеріледі.