Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 11:58, курсовая работа
«Наркомания» - бұл сөз грек тілінен алынған және екі түрлі түсінік береді: нарке -бұғаулық, жансыздану; мания - есалаңдық, ақылсыздық. Бұл ауру нашақорлық заттарды қолданумен және оларға деген құштарлықтың пайда болуымен байланысты. Соңғы уақытта нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбейгендігі және нашақорлықтың артуы туралы жиі естіп жатамыз.
Кіріспе......................................................................................................3
I тарау. Наркотиктер туралы жалпы түсінік және оған қарсы шаралар
1.1 «Наркомания» туралы түсінік.........................................................4
1.2. Нашақорлық – қоғам дерті............................................................13
1.3.Нашақорлықтың бастапқы алдын алу шаралары .......................13
II тарау. Оқушыларға анатомия сабақтарында наркотиктерге қарсы тәрбие беру әдістемесі
2.1.Мектеп оқушыларына наркотиктерге қарсы тәрбие беру ..........22
2.2. Анатомия сабақтарында наркотиктерге қарсы тәрбие беру әдістемесі...............................................................................................22
2.3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.........................................24
Қорытынды.........................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мемлекет есерткі пайдалануды
қылмыстық әрекетке жатқызбай,
оның жарияланғанына жол ашқан
жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау
жасауға мүмкіндік туады делінеді. Сөйтіп,
жастардың қолына есірткіні түсіруге
жол бермеу керектігі де түртілген. Сонымен
бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың
күш-қуатын әлсіретеді. Ал, қарсы пікір
айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым
кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге
тәуелділіктен құтқаруға кепілдік беретін
құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді.
Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды.
1.3. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
Қазақстандық
қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары
(моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық
құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің
жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың
бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының
өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде
есірткіге деген қоғамдық иммунитетті
қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті
қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік
әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім
беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс
бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы
негізгі бағыт беретін күш тек орталық,
жергілікті атқарушы билік органдарының
ғана емес, азаматтық қоғам институттарының
да қызметі болуы тиіс.
Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында
салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді
насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік
қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары
ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде
есірткі пайдаланатын адамдар санының
өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды
зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге
ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды
әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық
санада адамның денсаулығы өзі үшін де,
тұтастай қоғам үшін де құндылық болып
табылатындығы жөніндегі идеяның алатын
орны барған сайын қомақты болуы тиіс.
Оны есірткі пайдаланатын адамдармен
жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт
деп есептеуге болады, өйткені өзінің
денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі
басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың
іске асырылуын жеңілдетеді.
Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер
мен жастар арасында нашақорлықтың алдын
алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын
құру қажет.
Аталған міндет екі негізгі құрамдас
бөліктің болуын көздейді: ПБЗ-ны теріс
пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі
білім беру мекемелерінің қызметкерлерін
даярлау, қайта даярлау процесін жолға
қою және олар бойынша педагогтар алдын
алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы
әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру
қажет.
Халыққа есірткілердің зияны туралы кең
көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі
тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
көпшілік қауым үшін қажетті білімнің
негізгі көзі болып есептелуі олардың
бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады.
Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының
жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу,
рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің
"жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты
ретіндегі теріс түсініктер уағызына
жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.
Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы
насихат есірткіге қарсы жарнаманың орналасуын
және баспа және электронды БАҚ-та жүйелі
қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем
жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ
есірткіге қарсы тақырыптағы тұрақты
теледидар бағдарламалары мен хабарларын
ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда,
мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық
ақпарат құралдарында болуға тиіс.
Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудің
маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық
көңіл-күйдің өсуі болып табылатындықтан,
кең көлемді мәдени-тәрбие жұмысын және
оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының
арасында есірткіге қарсы белсенді насихат
жүргізуді негізге ала отырып, оқушылар
мен студенттердің "Нашақорлық - Қазақстанның
болашағына төнген қатер" атты бүкіл
қазақстандық қозғалысын қалыптастыру
жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.
Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің
бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен
бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға
ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық
секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық
үйірмелер, аула клубтары желілерін жер-жерлерде
кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру
кезінде пікір сайыстар, дискотекалар,
плакаттар мен суреттер конкурстарын,
викториналарды және есірткіге қарсы
бағыттағы басқа да іс-шараларды өткізуді
көздеу қажет.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы
гендерлік саясат тұжырымдамасын негізге
ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 999 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі
ұлттық жоспарға сәйкес бұл жұмысқа салауатты
өмір салты, отбасын жоспарлау орталықтарын
және әлеуметтік саладағы басқа да агенттерді
тарта отырып, әйелдердің, әсіресе фертилді
жастағылардың, есірткі қабылдамауға
деген тұрақтылыққа бағытталған толық
ауқымды үгіт саясатын жүргізу қажет.
Бұдан басқа, есірткіге иммунитетті қоғамның
өзі қалыптастыруы тиіс. Мемлекет нашақорлықтың
және есірткі бизнесінің таралуына қарсы
күресте азаматтық қоғам институттары,
түрлі қоғамдық-саяси және үкіметтік емес
ұйымдар, жекелеген азаматтар арасында
бастамашылықты дамыту және көтермелеу
үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы
қажет. Алдын алу жұмысына мемлекеттік
әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы
үкіметтік емес ұйымдарды неғұрлым белсенді
түрде тарту, қызметі ПБЗ-ға тәуелділіктің
бастапқы алдын алуға бағытталған қазіргі
қоғамдық ұйымдарды қолдауды жүзеге асыру
және жаңаларын құруға барынша жәрдемдесу,
осы салада ғылыми-талдамалық және зерттеу
жұмысын жүргізу қажет.
Дінге сенетіндер мен олардың жақындарының
есірткіні қабылдамауын орнықты қалыптастыру
бойынша діни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықты
ұйымдастыру қажет.
Нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға
деген теріс көзқарасты жеңу мемлекет
пен қоғамдық ұйымдар қызметінің негізгі
бағыттарының бірі болуға тиіс.
II тарау. Оқушыларға анатомия сабақтарында наркотиктерге қарсы тәрбие беру әдістемесі
2.1.Мектеп оқушыларына наркотиктерге қарсы тәрбие беру
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс
жүргізу кодекстеріне және Есірткінің
заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті
күшейту мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының әкімшілік
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек.Ең бастысы – есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Жасөспірімдер мен жастар
арасындағы нашақорлық – кең ауқымды
масштабта ғана артып келе жатқан
мәселесі емес, сондай-ақ дамушы Қазақстанның да мәселесі. Оның
ауыр әлеуметтік салдары бар: қылмыстар,
адамгершілікке жат әрекеттер жасалады,
жеке тұлға мен тұтас халықтың азып кету
құбылысы болады, әсіресе жастар арасында
өлім көбейеді, адам өміріне қауіпті аурулар
көбейіп тарайды, ауру және кемтар балалардың
өмірге келуі көбейеді, отбасылар күйрейді.
Бүгінгі таңда Қзаақстанда есірткіні
тарату және қолдануға байланысты жағдай
қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз әлеуметтік
құбылыстарына жылдам және жиі ұшырайтын
кәмелеттік жасқа толмағандар, балалар
мен жасөспірімдер өмірі үшін шынайы қауіп
төндіріп тұр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық
ғылыми-тәжірибелік орталығы есірткінің
медициналық-әлеуметтік проблемаларының
деректері бойынша 2008 жылмен салыстырғанда,
2009 жылы психобелсенді заттардың қоздыруынан
болған психикалық және мінез құлқындағы
бұзылулар диагнозі алғаш рет қойылған
тұлғалардың саны 61396 адамнан 60396 адамға
дейін шамалы азайып отыр (100 мың адамға
– 390,4-тен 381,5-ке дейін, Солтүстік Қазақстан
облысында бұл көрсеткіш – 336,2).
Балалар мен жасөспірімдердің девиантты
мінез-құлқы формасы сияқты есірткінің
негізгі себептерінің арасында нашар
отбасы, ата-аналардың маскүнемдікке салынуы
мен нашақорлығы, өмір деңгейінің төмендігі,
эмоциялық байланыстың жоқтығы, жарым-жарты
отбасы, психобелсенді заттарға оңай қол
жеткізу, жасөспірімдер уақытының шынайы
бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуметтік
факторлар бірінші орынды алады. Есірткі
көбінесе қоғамдық орындарда сатылады:
мектептерде, би кештерінде, кафелерде,
көшелерде, саябақтарда.
Есірткі таратудың негізгі факторлары
жеке-психологиялық ерекшелік, өзінен
ересек немесе беделді құрдастарына еліктеу,
жағымсыз сезім күйзелісін бейтараптандыру
әрекеті, тұлғаның ауытқушылық белгілері,
«қасақана» қарсыласу реакциясы, психологиялық
қорғаныс пен құндылық тосқауылының төмендігі,
халықтың психобелсенді заттарды қолдануының
алдын алу туралы және оның адам ағзасына
әсері туралы ақпараттандырудың төмен
деңгейі болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің
облыстық орталығы халық арасында, әсіресе
жастар мен жасөспірімдер арасында жүйелі
түрде жоспарлы жұмыс жүргізеді. 2010 жылы
нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-шолу
материалдарын және бейне-аудио роликтерді
трансляциялауға жергілікті бюджеттен
162 мың теңге, ал республикалық бюджеттен
1012,5 мың теңге бөлінді. Әлеуметтік жобалар
аясында профилактикалық әрекетті белсендіру
үшін үкіметтік емес жастар ұйымы тартылды.
«СҚО медиа-орталық» және «СҚО волонтерлер
клубы» ЖБҰ заңды тұлғалардың бірлестігі.
Олар жастармен және жасөспірімдермен
жыл бойы мектептерде, жазғы лагерлерде
профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырады.
2010 жылдың 26 маусымында осы үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері қалалық мәдениет
және демалыс саябағында Ішкі істер департаменті,
жастар ұйымы, көркемөнерпаздар ұжымы
өкілдерінің қатысуымен кең көлемді «Менің
қалам есірткісіз» атты акциясын өткізді.
Шараның мақсаты: нашақорлық мәселесіне
жұртшылықтың назарын аудару және нашақорлықтың
дамуына қарсы бағытта жұмыс жасауға мүдделі
барлық ведомостволарды жұмылдыру. Осындай
шаралар мұндай қауіпті жағдайға қарсы
жас адамдарды біріктіру үшін, жастардың
толыққанды салауатты өмір сүруге деген
еркі мен қалауын көрсету үшін қажет.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық Қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтын салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.Олар:
І бағыт – «Темекі шегуді тоқтату»
ІІ бағыт – «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
ІІІ бағыт – «Нашақорлық, наркобизнеске қарсы күрес»
Бала тәрбиесінде осы бағыттарды мықтап ұстап, балаларды жаман әдеттен жирендіріп, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу аса маңызды. Бала тәрбиесінде жауапты ата-ана болғанымен, негізгі тәрбие көзі мектеп болғандықтан мектебімізде нашақорлықтын алдын-алуға байланысты арнайы жоспарлар бар.
Осыған байланысты «Ішімдік ішу- өзіңді құрту» тақырыбын сынып сағаттарын өткізуге болады.. Онда «Денсаулығын – байлығын», «Темекі-денсаулық жауы», «Өмірің болсын десең», «Болашақ есірткісіз», «Түтінге тұншыққан ұрпақ,» «Салауатты өмір салтын дәріптейік» т. б. тақырыбтарда сайыстар, ойтолғаулар, тәрбие сағаттары мен әңгімелесу кештері болады.. Сынып сағаттарда оқушылар нашақорлықпен зиянды заттар жайлы мол мағлұматтар алады.
Сонымен қатар мектеп психологы «Есірткіден бас тарту» тақырыбында 8-10 сыныптар аралығында оқушыларды нашақорлықтан бас тарту түрлерімен таныстыру және нашақорлық жайында ойларын білу мақсатында трениг өткізуге (ролдік ойын түрінде) болады. Оқушылар трениг барысында өздерін еркін ұстай біледі және өз ролдерін жақсы орындайды.
Мектепте валеология мұғалімдері бірлесе отырып , «Темекі – денсаулық жауы» тақырыбында 7-9 сыныптармен пікірталасөткізуге болады.. Онда валеолог темекінің шығу тарихына, химиялық құрамы мен оның ағзаға әсері жайлы түсіндіріп, оқушылармен «Арақтың азабы қандай?», «Арақтын алдында адам дәрменсіз бе?» сұрақтарына бірлесе жауап іздеп, соңында маскүнемдік жайлы,оның соңы қалай аяқталатыны туралы айтылды.
Қыс айында барлық сыныптарда тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.
2-сыныпта «Денсаулықтың достарымен қастары»
3-сыныпта «Зиянды заттармен күрес» және «Денсаулық зор байлық»
4-сыныпта «Дені сау
ұрпақ үшін» тақырыптарында
Онда бастауыш сынып оқушыларына денсаулықтың адам үшін қаншалықты қымбат екені, оны ешқандай да ақшаға сатып алуға болмайтындығы жайлы айтылып, кенес берілді және осы кезден бастап жаман әдеттен аулақ болып, спортпен шұғылданып, таза жүру керектігі жайлы айтылды.
6-сыныпта «Денсаулығым - бақытым» тақырыбында сайыс түрінде, ал 7 – сыныпта «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында конференция түрінде тәрбие сағаттары өтілді.
8 – сынып оқушыларына
«Салауатты өмір – денсаулық
кепілі» тақырыбында лекция
9-сыныпта 19-қаңтар күні «Зиянды әдеттен сақтан» тақырыбында әңгіме жүргізіліп өсіп келе жатқан жасөспірімге темекі мен нашаны қолдану қаншалықты зиянды екенің, ол тек өз басымен ғана зиян емес сонымен қатар одан туыстарымен, жақындарының да зардап шегетіндігі жайлы айтылды.
Нашақорлық өте ауыр дерт екенің түсіндіріп одан аулақ болуға шақырды.
11- сынып оқушыларымен «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында пікірталас және «Денсаулығым - бақытым» тақырыбында сұхбат өтілді.
10-сыныпта «Арақ ажалың,
наша тажалың»тақарыбында
Осындай тәрбиелік шаралардың арқасында нашақорлық жайлы білімдері жоғары дәрежеде. Олар есірткінің адам психикасына өте қатты өзгертетінің, есірткіні пайдалану, оны сату, тарату, қылмыс екенін біледі. Сонымен қатар ұрлық есірткіге тән қылмыс деп біледі.
Оқушылар барлығы есірткімен түбегейлі және жігерлене күрескен жағдайда есірткі саудасын мүлдем жоюға болады деп сенеді
2.2. Анатомия сабақтарында наркотиктерге қарсы тәрбие беру әдістемесі
Мектепте 8, 9-сыныптың оқушыларына «Тыныс алу жүйесі» тақырыбын өту барысында айтуға болады. Ол үшін оқушылар наркотиктің құрамымен танысуы керек.Жалпы наркотиктің құрамында мына заттар болады:
Токсикомания – булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Информация о работе Наркотиктер туралы жалпы түсінік және оған қарсы шаралар