Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 11:58, курсовая работа
«Наркомания» - бұл сөз грек тілінен алынған және екі түрлі түсінік береді: нарке -бұғаулық, жансыздану; мания - есалаңдық, ақылсыздық. Бұл ауру нашақорлық заттарды қолданумен және оларға деген құштарлықтың пайда болуымен байланысты. Соңғы уақытта нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбейгендігі және нашақорлықтың артуы туралы жиі естіп жатамыз.
Кіріспе......................................................................................................3
I тарау. Наркотиктер туралы жалпы түсінік және оған қарсы шаралар
1.1 «Наркомания» туралы түсінік.........................................................4
1.2. Нашақорлық – қоғам дерті............................................................13
1.3.Нашақорлықтың бастапқы алдын алу шаралары .......................13
II тарау. Оқушыларға анатомия сабақтарында наркотиктерге қарсы тәрбие беру әдістемесі
2.1.Мектеп оқушыларына наркотиктерге қарсы тәрбие беру ..........22
2.2. Анатомия сабақтарында наркотиктерге қарсы тәрбие беру әдістемесі...............................................................................................22
2.3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.........................................24
Қорытынды.........................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази – 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
2.3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі оқушының денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, оқушылардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне оқушының көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
«Оқушының саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды. Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болады. «Ауырып – ем іздегенша, ауырмайтын – жол іздейік.»
Ендеше мектепте және қоғамдық жерлерде, жалпы өмірде мына шараларды ұмытпаған жөн.
І. Денең cay болсын десең...
1. Сыныпқа таза aya молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза aya, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.
2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, аркаңды күнде салкын сумен жуып тұр. Көнбісті боласың. Денеңді таза ұста. Жұмасына бір рет жылы суға шомылып түр.
3. Жылы мезгілде таза суға көбірек шомыл. Ең артығы күннің шуағымен жылыған суға түссең тіпті жақсы.
Шомылуға қолайлы уакыт сәске мен намаздыгер (екінді) мезгілі. Тал түсте, күн қызьп тұрғанда суға түспе. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға шомылма. Қызынып яки терлеп тұрып суға түспе. Әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір,
Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді! Шешінісімен, басыңды сула да, суға түс.
Суға жүгіріп келіп,қарғып яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында түрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан (көп дегенде шәй қайнатым уақыттан) артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп қүрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тымық күні Судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп түла бойыңды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тымық, жылы. күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласьң.
Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Терің көнбісті болып шынығады. Сондыктан жиірек жуын.
Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез а лады.
Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда қаныңды тасытып, денеңді болбыр етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Жылы суға яки моншаға түскен соң, денеңді жәйімен бірте-бірте салқындат. Суықтан сақтан.
Шомылып шыққаннан кейін үстіңді таза орамалмен (сүлгімен) немесе дәкемен әбден сүртіп құрғат. Денеңді таза ұстау үшін жуынғаннан кейін іш киіміңді (көйлек-дамбалыңды) жиі ауыстырып түр. Ең болмағанда көйлек-дамбалыңды аптасына бір рет ауыстыр.
4. Қара жұмыс істегенде ауыстыратын екі киімің болсын.
Күндіз кигеніңді түнде шешіп жайып, түнде кигеніңді күндіз жайып ауыстыр.
Тер, түлеген тері, теріңнен шыққан май, басқа зиянды
нәрселердің бәрі ішкі киімге сіңеді. Бұл заттар шіри бастайды, шіріктің әсерінен колтықтарыңның, башайларыңньң арасы секілді жерлерде қолаңса, шуаш пайда болады. Шіріктің салдарынан тері жидіп түлейді, қызылшақа болады, түрлі жара түседі.
5. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала.
Ең болмағанда тісіңді күнде кешкісін жатарда бір тазала. Мәсуегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Күтеперіштен жасалған тіс тазалағышты колданба.
6. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір, тағысын тағы).
7.Өте жылы киінбе, басың жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста. Шаш қойма.
8. Дененді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.
9. Аяқ киіміңнің
(етігіңнің) ұлтаны табаныңа
10. Киімің әсіресе шұлғауың байпашің (шұлығың) суланса шапшаң шешіп таста, құрғақ киім киіп ал.
11. Бөгделердің киімдерін, әсіресе бет орамалын, қол орамалын пайдаланба, бөркін, көйлек-дамбалын киме. Ауру адамның, өліктің киіміне жолама.
12. Өте көп ішіп-жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты жөнімен ішіп-же, күніне үш мезгілден артық тамақтанба, уақыты асқан тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сияқты тағамдарды асқа көп салма. Қызыл бұрыш, хрен секілді нәрселерді асыңа салма. Ауырған, арам өлген малдың етін, шала піскен, иістенген, бұзылған етті, жемісті жеме. Ауруға шалдығасың.
13. Арақ, боза секілді есірткі ішімдіктерге жолама. Наша шекпе, көкнәр жеме! Диюана боласың. Шәйды, кофені қып-қызыл қыльш ішпе, сұйықтау етіп іш. Бүларды ұйқтардың алдында ішпе.
14. Тамаққа отырар
алдында қолыңды жу. Тамақты
қазақша, қолмен жесең,
15. Ауру, саулығы күмәнділеу адаммен табақтас болма. Ешкімнің де сарқытын ішіп-жеме.
16. Аяқ-табақ, қасық-аяқ,
пышақ-шанышқы секілді ас
17. Жуып-тазаламай
тұрьш, басқалар колданған аяқ-
18. Ерте жат, ерте тұр, оянған соң төсекте еріншектеп жатып алма. Оянысымен төсектен тұрып кет. Төсекте керіліп жата берсең, еріншектігің ұстап, бүгінгі істейтін жұмысыңа зауқың болмайды.
19. Кешке ұйқтардын
алдында ауыр жұмыс істеп
20. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы — түс көрмей қатты ұйқтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысьш бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді.
21. Ұйқының ұзақтығы жасқа карай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16-20 сағат, 10-12 жашр балаға — 9 сағат, бозбалаларға — 8 сағат, үлкен кісіге 6-7 сағат ұйқы жетіп жатыр.
22. Еш уақытта біреумен
қойындасып жатпа, жеке жатып
үйрен. Басқа кісінің төсегіне
жатпа, төсек-орнын, жастығын,
Қортынды
Нашақорлық – бұл тұлғаның жан-жақты зақымдануы, көп жағдайда адам тәнінің мүшкіл қалына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз, адамның нашақор болуы, біртіндеп өзінің адами қасиеттерін жоғалтады; психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды; достары, отбасы, жұмысынан айырылады; қылмыстық ортаға тартылады; өзіне және өзінің айналасындағыларға түпсіз бақытсыздық әкеледі, осылайша өз өмірін өзі бұзады. Нашақорлық еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, дегенмен бұдан сорақысы нашақорлыққа тәуелді жас жеткіншектердің санының өсуі.
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған.
Мектеп оқушылары арасында нашақорлыққа қарсы тәрбиелік шаралар жүргізілсе, оқушылардың нашақорлық жайлы білімдері жоғары дәрежеде болады. Олар есірткінің адам психикасына өте қатты өзгертетінің, есірткіні пайдалану, оны сату, тарату, қылмыс екенін біледі. Сонымен қатар ұрлық есірткіге тән қылмыс деп біледі.Оқушылар барлығы есірткімен түбегейлі және жігерлене күрескен жағдайда есірткі саудасын мүлдем жоюға болады деп сенеді
Информация о работе Наркотиктер туралы жалпы түсінік және оған қарсы шаралар