Организмнің ішкі ортасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 20:29, лекция

Описание работы

Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.

Содержание работы

Ағзаның ішкі ортасы: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
Қан, құрамы мен қызметі
Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
Лимфа, құрамы мен қызметі
Ұлпа сұйықтығы, құрамы мен қызметі

Файлы: 1 файл