Организмнің ішкі ортасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 20:29, лекция

Описание работы

Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.

Содержание работы

Ағзаның ішкі ортасы: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
Қан, құрамы мен қызметі
Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
Лимфа, құрамы мен қызметі
Ұлпа сұйықтығы, құрамы мен қызметі

Файлы: 1 файл

Лекция 5. Организмнің ішкі ортасы.docx

— 42.57 Кб (Скачать файл)

Лекция 5. Организмнің  ішкі ортасы

Жоспар:

  1. Ағзаның ішкі ортасы: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа 
  2. Қан, құрамы мен қызметі
  3. Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
  4. Лимфа, құрамы мен қызметі
  5. Ұлпа сұйықтығы, құрамы мен қызметі

 

  1. Ағзаның ішкі ортасы: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа 

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ  құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын  тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде  зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы  клеткалардағы заттың алмасуына  қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен  қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.       

 

  1. Қан, құрамы мен қызметі

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Қанның қызметі:

  1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;
  2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;
  3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
  4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
  5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
  6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
  7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
  8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
  9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

 

        Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы — плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады. 

Қан плазмасы (қан сарысуы) — қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты — қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,8% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферментер, гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.

  1. Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер

Қан жасушалары. Қан жасушаларына — эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады.

Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, пробирканың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні — ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де — шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» — қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оксигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан — алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.

Адам денесіндегі эритроциттердің  өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде  ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек  кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Бірнеше апталық нәрестелер қанының эритроциттері ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің «сары ауруы» деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. Гемоглобин — қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин болады. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді.Қорыта келгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көміртек қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды (жеткізеді).

Лейкоциттер. Лейкоциттер — ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.

 

Тромбоцит (тромбоцит) (thrombocytos, грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қан жасушасы.

 
Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сұтқоректі жануарлар қанында тромбоциттер пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.)

Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі

  • грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.
  • протеин, май, көмірсулар жатады.

Құстардың жұмыртқа жасушаларында  ұрықтың дамуына қажет трофикалық қосындылар сарыуыз түрінде коп  мөлшерде жинақталған. Май қосымдылары  — май жасушалары — липоциттерде (адипозиттер) қорланады. Өте ұсақ май тамшылары организмнің көптеген жасушаларында кездеседі. Көмірсулар жануарлар организмі жасушаларында негізінен гликоген (полисахарид) түрінде қорланады. Гликоген, әсіресе, бауыр жасушаларында, ет жасушалары мен талшықтарында көптеп кездеседі. Гликоген цитоплазма матриксінің құрамына да кіреді. Трофикалық қосындылар — қоректік заттар қоры және энергия көзі.[1] Тромбоциттер сүтқоректілерден басқа жануарлардың көпшілігінде қан клеткаларынан түзілетін, ұсақ, дөңгелек не ұзынша келген, тығыз ядролы және әлсіз базофильді, цитоплазмалы клеткалар түрінде кездеседі. Сүтқоректі жануарлардың қанында Тромбоциттердің орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді, т.б.) ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі. Қан табақшаларының құрамында арнайы 4 түйіршік: (дельта түйіршіктерінде азенозин екі фосфор және аденозин үш фосфор қышқылы, серотонин, кальций иондары; альфалықта – қан ұюына қатысатын, қабыну, иммунитет және бүлінген тіндердің қалпына келтіретін өсу факторы; лизосомалықта – гидролиздік ферменттер; пероксисомалықта –каталаза ферменттері) болады, сондай-ақ митохондрия табақшалардың жылжуын қамтамасыз ететін микротүтікшелер, гликоген түйіршіктері, кейде рибосома айқындалады. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі ірі клеткалар – мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары 8 – 11 тәулікке дейін тіршілік етеді.

 

Қанның ұюы.

Ұю (ұйысу) организмді қан жоғалтудан сақтайтын, қорғаныстық реакциясы (бейімделуі). Ұюға қарсы жүйе: ГЕПАРИН (өкпелермен бауырда) – ұюға қарсыласады; Фибринолизин (сывороткада) – фибринді ерітетін фермент. Қанның ұю сатылыры

  1. Қанның ұюы жарақат алған жерден қан жоғалтпауға көмектеседі. Қалыпты жағдайда денедегі айналған қанда тромбоциттер, негізгі сары суы және ұюға қажетті қосымша факторлар болады. Олардың ішіндегі негізгісі протромбин, фибриноген, Са2+ иондары және К дәрумені. Ұлпалық факторлар қан тамырларын қоршаған жасушаларда болады.
  2. Ұлпалар мен тамырлар зақымданғанда одан қан щыға бастайды. Тромбоциттер тамырдың қабырғасына «жабысады» да ұый бастайды. Зақымданған жерді жабады. Ұю факторларын және тамырды тарылтатын заттар бөле бастайды.
  3. Протромбиназа еріген фибриногенді ерімейтін фибринге айналдырады да зақымданған жерді жауып тастайды.
  4. Желе тәрізді жұмсақ зат біртіндеп қатая бастайды. Ол сары су арқылы сүзіліп қатты – фибринді тромб пайда болады.

Организмді қан жоғалтудан сақтайтын, оның ең маңызды қорғаныс механизмі. Қан ұюы нәтижесінде оның ерігіш нәруызы фибриноген ерімейтін фибринге айналады. Қан ұюының ферментативтік үрдіс екенін 100 жыл бұрын орыс ғалымы А.А. Шмидт (1861) тапқан. Қан ұю жүйесінің факторлары екі топқа бөлінеді.:

  1. Гемокоагуляцияны тездететін және қамтамасыз ететін;
  2. Оны тоқтатын немесе баяулататын.

Қан плазмасында гемокоагуляция жүйесінің 13 факторы бар. Факторлардың көбісі бауырларда кездеседі. Оның синтезі үшін « К» витамині қажет. Қан ұю үрдісі үш фазада өтеді:

  1. Протромбиназа деген кешен түзіледі;
  2. Белсенді протеолитикалық фермент тромбин түзеді;
  3. Тромбин әсерінен фибриноген фибринге айналады.

Гепарин - кең спекторы бар табиғи антикоагулянт, ол алғашқы рет бауырдан алынған, сондықтан оның аты гепарин. Гепарин қан ұюының барлық фазаларын тежейді. 

Гемолиз және оның түрлері.

Гемолиз (грекше haіma –қан, lysis – еру) –эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады.Денедегі ескірген эритроциттер жарылып,олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі.Эритроцит 120-130күн жасайды.Ескірген эритроциттердің біразы бауырда,көпшілігі көкбауырда гемолизденеді;
  2. Осмостық гемолиз - эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысым аз ерітінді құйса,эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді,судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып,ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Cөйтіп қан гемолизге ұшырайды;
  3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен ақуыздан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті)әсерінен болады;
  4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;
  5. Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытқан кезде болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткенкенде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады;
  6. Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады).Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай абайлап тасу керек;
  7. Элетрлік гемолиз - электрдің әсерінен болады.Сәуле энергиясы мен ультродыбыс та электр күші эритроцит қабығын, тканін үзіп жарады.

Қан топтары.

Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын  толтырады.Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тәжірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір  адамның қаны екінші адамға алдын  ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация  құбылыстарының ерекше мәні бар.1836 жылы Губер жануарлардын бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырған кезде эритроциттерінің бір біріyе жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамның қаның екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютинацияланатынын, желімдеген эритроциттер жарылып олардан гемолизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемолитикалық шокка апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглютинациясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді. Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Янский ашты.Тірі организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көрген адамдардың қандарын алма кезек араластырып мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасын 2 түрлі (А және В) агглютиногендер, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкестелетің 2 түрлі агглютининдер желімдейтін (α) не (β) болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық α-агглютинин жабыстырса, В- агглютиногені бар эритроциттерді β- агглютинин жабыстырады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А - агглютиноген, α- агглютининмен, В- агглютиноген β-агглютининмен) болмайды. Белгілі 4 заттан (А, В және α, β ) тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келіп адам қанын 4 топқа бөлді. Халықаралық келісім бойынша қан тобы белгілерінде оның агглютиноген қан тобы көрсетіледі.

                        Оαβ (I);   Аβ ( I I );   Вα ( I I I );   АВо ( I V ).

Адам қанын 4 топқа бөлініп қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап берді. Құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездессе (А мен α, В мен β ), алдымен құйылған қанның( қан беретін адам –донордің) эритроциттері жабысады. Донордың аздап эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам ) плазмасы көптеген агглютининдермен кездеседі. Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар – жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс ( +) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады. Осы 4 топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады ( мұны АВ ноль деп оқу керек), бұлардың ішінде әсіресе қаны I топқа жататын адамдар көп (46% ), II топтағылар сәл аз ( 42% ), ең азы III топтағылар (9% ), IV топтағылар (3% ).        

 


 

 

  1. Лимфа, оның құрамы мен қызметі

Лимфа — организмде қан  плазмасының ұлпа аралық кеңістікке сүзіліп, одан өрі лимфа жүйесіне жиналуы нәтижесінде пайда болатын  түссіз, сілтілі реакциялы (рН 7,4-9,0) сүйық. Ол ұлпа сүйығының лимфа капиллярына  өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің шын мәніндегі  ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Лимфаньң негізгі қызметі — белоктарды ұлпа аралық қуыстан қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорытуда, зат алмасу процестерінде маңызды  рөл атқарады.

Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті  сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер және антиденелер  кездеседі. Құрамы жағынан лимфа  белоктары плазма белоктарына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте  аз (1-2 пайыз). Белоктар мөлшершің аз болуымен байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда  төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер  мен бикарбонаттар мөлшері көбірек. Оның әрекетшіл ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасы көрсеткішінен  жоғары. Лимфада эритроциттер мен  тромбоциттер болмайды, лимфоциттер  кездеседі. Фибриногеннің болуымен байланысты лимфаға құю қасиеті  тән. Дегенмен, әр түрлі мүшелерден ағып шыққан лимфа құрамы олардың  физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп  отырады.

Лимфа айналымы

Лимфа тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеге тармақталады да, ұлпалардан қанға  судың, онда еріген кристаллоидтардың, коллоидты ерітіңділердің оралуын  қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа  капиллярлары торынан, ағзалық майда  тамырлар шумағынан, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ лимфа тамырларынан, жеке мүшелерден лимфаны негізгі  лимфа бағандарына құятын ірі  лимфа тамырларынан, лимфа түйіңдерінен жөне дененің басты лимфа өзектерінен  құрылған.

Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпа аралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа  каипллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын каналдар торабын құрып, біртіндеп  лимфа тамырларына айналады. Бұл  тамырлардың арасында веналардагы  тәрізді қақпақшалар орналасады. Лимфа тамырларының өте жұқа қабырғасы  дәнекер ұлпалар мен бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат  эндотелий жасушаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары  сияқты сезімтал және қозғағыш нерв талшықтарымен  жүйкеленеді.

Информация о работе Организмнің ішкі ортасы