Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:31, реферат
Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылдың 23 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтетін «Жас ғалымдардың инновациялық идеяларының ғылымының дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
Техникалық ғылымдар
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар
Экономика ғылымдар
Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі
ОҚО, Шымкент қ., 8 м-а, 57 ү, к.4
АҚПАРАТТЬІҚ ХАТ
Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылдың 23 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтетін «Жас ғалымдардың инновациялық идеяларының ғылымының дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
Конференцияның жұмыс тілдері:
қазақ, орыс және ағылшын тілдері
Баяндамаларды дайындаудың
талаптары: шрифт -
14 кегль, ара қашықтық (интервал)-І,
шеті 2 см, Times New Roman, көлемі - 5 бетке дейін,
міндетті түрде қағаз бетінде және электронды
вариантта. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде қабылданады.
Материалдар келесі тәртіппен орналастырады: бірінші жолда ӘОЖ көрсетіледі, бір жол тастап баяндаманың тақырыбы, бір жол тастап - автордың аты-жөні, фамилиясы, келесі қатарда оқу орынның атауы және қаланың аты. Келесі жолда курсивпен - орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі. Бір қатардан соң мақаланың мәтіні. Әдебиеттер - негізгі мақаланың соңында. Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады.
Тапсырыс бөлек қағазға толтырылады: толық фамилия, аты-жөні, ұйым, лауазымы, ғылыми атағы, секцияның және мақаланың атауы, жұмыс және үй телефоны, электрондық адрес. Үздік мақалаларға және жүлделі орындар алғандарға мақтау қағаздары беріледі.
Мақалалар 2013 жылдың 16 қантарға дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы - 2 000 тенге (бір мақала үшін). Жазылған мақалалар бойынша конференция материалдарының жинағы шығарылады.
Байланыс телефондар: 8 (7252) 56-24-24, 8 (7252) 27-97-85, 8-701 3965768 - ОҚО жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Мукашева Ардак.
Мекен жайы: Шымкент қ., Конаев д., н/ү, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, № 8 ғимарат, 307 каб.
Қазақстанның табиғи қорлары және олардан тиімді пайдалану жолдары
Тарих және география кафедрасының студенті Нурметова Ф.
Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ. доктары, проф. Елюбаев С.
Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті
Шымкент қаласы
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бүл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Отын-энергетикалық қорлар
Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
Минералдық қорлар
Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен тендесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендерше де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
Климаттық қорлар
Қазақстанның географиялық
орнының ерекшеліктеріне
Су қорлары
Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалык және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий және Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.
Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Топырақ-өсімдік қорлары
Республикадағы топырақ, өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы міндет.
Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене (сантонинді жусан) өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға карсы «аллапинин» препаратының, сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті өте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің әр түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылғы мен аршаның кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дәрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандықтан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтаудың маңызы зор.
Жануарлар дүниесінің қорлары
Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса құнды америкалық ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларыңың біріне айналып отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде түлкі, қарсақ, ақбөкен, киік кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.
Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар дүниесі қорлары азық-түлік, шикізат өндірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), құлан, домбай (жабайы есек), сусар, бұлғын, лашын, жолбарыс, дала сілеусіні, қоқиқаз және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.
Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат және табиғи байлықты қорғау одағы құрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Қазақстанның Қызыл кітабы» шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жағдай тууда. Сондықтан «Қызыл кітапқа» тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы «Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының» жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 40, құстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр.
Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі