Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:19, реферат
Халықты осы заманғы зақымдаушы қарудан қорғаудың әр түрлі жолдары мен әдістері бар. Оған жататындар: халықты корғау ғимараттарына орналастыру; қала тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру және таратып орналастыру; халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныстың паналау ғимараттары
Паналау ғимараттары халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулардан қорғау үшін арнаулы жобамен салынған күрделі құрылыс. Паналау ғимараттарының ядролық жарылыстың соққы толқынына қарсы тұрақтылығын күшейту үшін оның құрылысына темір-бетон конструкциялары қолданылады. Бұл материалдар паналау ғимараттарының беріктігін бірнеше есе арттырады.
Жоспар
1.Персоналдың қорғалғандығын арттыру тәсілдері.
2.Инженерлік –техникалық кешеннің және объектіні басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар.
1.Азаматтық қорғаныстың ең басты міндеті соғыс және бейбіт уақытындағы халықты осы заманғы зақымдаушы қарудан қорғау болып табылады. Халықты осы заманғы зақымдаушы қарудан қорғауға даярлық бейбіт уақытта жүргізіледі.
Халықты осы заманғы зақымдаушы қарудан қорғаудың әр түрлі жолдары мен әдістері бар. Оған жататындар: халықты корғау ғимараттарына орналастыру; қала тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру және таратып орналастыру; халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныстың паналау ғимараттары
Паналау ғимараттары халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулардан қорғау үшін арнаулы жобамен салынған күрделі құрылыс. Паналау ғимараттарының ядролық жарылыстың соққы толқынына қарсы тұрақтылығын күшейту үшін оның құрылысына темір-бетон конструкциялары қолданылады. Бұл материалдар паналау ғимараттарының беріктігін бірнеше есе арттырады.
Панахана жапсарласа салынған Жеке тұрғызылған панахана
Паналау ғимараттарының соққы толқынынан қорғау дәрежесі бір шаршы сантиметрге түсетін артық қысымның мөлшерімен белгіленеді, артық қысымның мөлшері 0,5 килограмнан 5 килограмға дейін болады, осыған сәйкес паналау ғимараттары 4 класқа бөлінеді.
1 -класқа жататын паналау ғимараттары ерекше жобамен ірі қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады.
Паналау ғимараттарында адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасалынуға тиіс. Паналау ғимараттары негізінен адамдарды орналастыруға арналған бөлмелерден, кіру жолының тамбурынан; мұнымен қатар қосалқы бөлмелерден, сүзгі-желдеткіш камерасынан, санитарлық жүйеден, дизельді электр станциясынан тұрады. Адамдар орналасатын негізгі бөлмелер бір адамға 1,5 м3 келетіндей есеппен салынады. Паналау ғимараттары орналасатын адамның санына қарай кіші, орта және үлкен ғимараттар болып үшке бөлінеді. Кіші ғимараттарға 150, орта ғимараттарға 150-450, ал үлкен ғимараттарға 450-ден аса адамды орналастыруға болады. Паналаушылар орналасатын бөлмелер жақсы жабдықталып, адамдар жайғасатын орындар бір кісіге - отыру үшін 0,45 х 0,45 м, ал жатып тынығу үшін 0,55 х 1,8 м көлемінде бөлінеді. Паналау ғимараттарында кіру-шығу есіктері болады. Үлкен паналау ғимараттарына кіріп-шығу үшін шлюз-камера жасалынады. Санитарлық жүйе ғимараттың ішінде салынады. Ол жуыну кұралдарымен, т.б. жабдықталады. Паналау ғимараттарын электр қуатымен жабдықтау үшін оның сыртқы қабырғасына дизельді электр станциясы орнатылады. Ғимараттарда екі кіру жолы болады, мұнда адамның қай жағынан көп кіретіндігі ескеріледі. Кіру жолдары арнаулы тамбурлар мен жабдықталады, тамбурлардың есіктері ауа, шаң-тозаң кірмеуі үшін сыртынан және ішінен тығыздалып бекітіледі. Паналау ғимараттарының есіктері үйінділермен басылып қалмау үшін оның үстіңгі жағына берік күнқағар жасалады. Орналасу жағдайына қарай паналау ғимараттары екі түрге бөлінеді: бірінші түрі - өндірістердің құрылыстарының астыңғы қабатында, екіншісі өндірістерге жақын жердегі бос алаңға жеке салынады. Негізінде әуе дабылынан кейін адамдар тез жасырынып үлгеруі үшін ғимараттарды өндіріске жақын жерге салған жөн. Паналау ғимараттарын салғанда оларды бейбіт уақытта халық шаруашылығы қажеті үшін пайдалану көзделінеді.
Ядролық жарылыс кезінде үйлер мен басқа да кұрылыстар қирап, нәтижесінде паналау ғимараттарының шығар аузын үйінділер басып қалуы мүмкін, сондықтан паналау ғимараттарына авариялық шығу жолы салынады. Паналау ғимаратына жасырынған адамдардың санына қарай авариялық шығу жолы 0,9x3 м немесе 2x2 м көлемінде салынады.
Паналаушыларды таза ауамен камтамасыз ету үшін ғимараттарға сүзгі-желдеткіш камерасы қойылады. Ол әдетте паналау ғимаратының сыртқы қабырғасына, сыртқа шығу жолына жақын орналастырылады.
Сүзгі-желдеткіш камерасы екі бөліктен: желдеткіштен және сүзгісорғыштан тұрады. Сыртқы ауа желдеткіш шахтаға кіреді де жапқыш -клапанға өтеді. Жапқыш-клапан соққы толқынының әсерінен автоматты түрде желдеткіш каналды жабады. Камераға енген ауа шаң-тозаңнан тазартылғаннан кейін желдеткіш камераға түсіп, ауа тарату жүйесі арқылы паналау ғимаратының ішіне беріледі.
Бұл желдеткіштің жұмыс істеу жүйесінің бірінші режимі немесе таза желдету режимі деп аталады. Бұл режимде жұмыс істеу адамдарды паналау ғимаратына кіргізгеннен бастап жүргізіледі. Аймақ радиоактивті зақымға ұшыраған жағдайда да ауамен жабдықтау осы режим бойынша жүргізіледі. Таза желдету режимінде ғимаратқа сырттан әр адамға шаққанда 15-20 м3 мөлшерінде ауа кіреді. Егерде химиялық зақым туралы дабыл берілген жағдайда паналаушыларды ауамен жабдықтау екінші сүзу-желдету режиміне көшіріледі. Бұл режимде паналау ғимараттарына берілетін ауа сүзгі-сорғыш қондырғының жәрдемімен улы және бактериялық заттардан, шаң-тозаңнан тазартылады. Бұл режим бойынша әрбір паналаушыға саға- тына 2 м3 ауа беріледі.
Егер паналау ғимараты ішіңде көмір кышқыл газы көбейген жағдайда сырттан кіретін ауаны тоқтатып, ғимарат ішіндегі ауа регенератор қондырғысы арқылы тазартылып, бастапқы қалпына келтіріледі.
Паналау ғимаратын электр қуатымен жабдықтауда сыртқы электр жүйесі пайдаланылады, сонымен қатар ғимараттың ішінде шағын дизельдік электр жүйесі орнатылады, бұл сырттан электр қуатын алу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланылады.
Әрбір ғимаратта адамдардың ауыз су қоры жасалады. Ауыз су беті жабық арнаулы ыдыстарда сақталады.
Паналау ғимараттарына жылу орталық жылу жүйесі арқылы беріледі. Әуе дабылы берілгеннен кейін паналау ғимараттарына халықты кіргізу ең маңызды жұмыс, бұл көбінесе халықтың паналау ғимаратына кіру тәртібін және оған жететін жолды жақсы білуіне байланысты, сондықтан әр адам алдын ала паналау ғимаратына кіру жолын жақсы білуге тиіс. Ғимаратқа адамдарды кіргізу ұйымшылдықпен жүргізілуі керек, мұнда ешқандай үрейленуге, асып-сасып абдырауға болмайды. Бүл үшін адамдар 40-50-ден топқа бөлінеді, топқа басқарушы адам тағайындалады. Оның басшылығымен адамдар паналау ғимаратына кіріп, өзіне белгіленген орынға жайғасады. Топ басқарушысы адамдар паналау ғимаратына кіргеннен кейін адам саны және олардың қалай орналасқаны туралы паналау ғимаратының звено командиріне баяндайды.
Паналау ғимараттарында тәртіп сақтау тікелей топ басшысы мен звено командиріне жүктеледі. Олар паналаған адамдарға ішкі тәртіпті түсіндіріп, оның мүлтіксіз орындалуына тікелей жауапты болады. Сонымен қатар топ басшылары ғимаратта тазалықтың толық сақталуына және су қоры мен азық-түліктің дұрыс пайдаланылуына бақылау жасайды. Паналау ғимараттары, радио, телефон, т. б. байла- ныс қүралдарымен жабдықталуы керек.
Объектілерде салынған паналау ғимараттарын жоғары дайындықта ұстап, олардың агрегаттарының дұрыс жұмыс істеуі ұдайы тексеріліп тұруға тиіс, ал соғыс қаупі туған кезде оларды халықтың пайдалануына ыңғайлау объекті бастықтарына жүктеледі. Паналау ғимараттарына адамдарды орналастыру және онан шығару тек азаматтық қорғаныс бастықтарының бұйрығымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар коллективтік қорғаныс құралдарына химиялық және биологиялық зақымнан, радиациядан қорғайтын паналау орындары, қарапайым паналау орындары жатады, бұл мақсатқа кен орындары да, жырасайлар да, орлар да пайдаланылады.
Бұлардың ішінде құрылыс жағынан күрделісі және қорғаныс қабілеті сенімдісі радиациядан қорғайтын паналау орындары. Радиациядан қорғайтын паналау орындары қорғаныс мақсатына арнайы салынатын ғимараттар. Олар ішіне паналаған адамдарды радиоактивті сәуле шарпуынан, жарық сәулесінен және ішінара, хи- миялық, радиоактивті заттардан, биологиялық қарудың зақымынан және соққы толқынынан қорғайды. Радиациядан қорғайтын паналау орындары ретінде ең алдымен подвалдар, погребтер, шөп сүрлейтін шұңқырлар, сондай-ақ жер үстіндегі тас үйлер де пайдаланылады. Подвалдар мен терең шұңқырларды кең түрде пайдалану қажет, өйткені бұларды тез арада көп шығын шығармай-ақ паналау орнына бейімдей қоюға болады. Паналау орындары аркылы инженерлік- коммуникация жүйелерін жүргізуге болмайды. Радиациядан қорғайтын паналау орындарында паналаушы адамдар орналасатын бөлмелер және тазалық торабы, желдету камерасы болады. 50 адамга дейін сиятын паналау орындарында санитарлық торап бөлініп, онан қоқыстар мен қалдықтар мезгілінде тысқа шығарылып отырады. Паналау орындарын дайындау мерзімі 2 тәуліктен аспауы керек. Радиациядан қорғау коэффициенттеріне қарай, олар 3 топка бөлінеді: бірінші топқа жататындардың қорғау коэффициенті 200 немесе онан да артық, екінші топқа жататындардың қорғау коэффициенті 50-200 дейін, үшінші топқа жататындардың қорғау коэффициенттері 20-дан 50-ге дейін.
Паналау орындарының қорғау қасиеті радиацияның дозаларын әлсірету коэффициентімен белгіленеді. Селолық, ауылдық жерлерде көбінесе көкөніс сақтайтын қоймалар, погребтер мен подвалдар радиациядан қорғайтын орын етіп бейімделеді. Ол үшін олардың қоғау қасиеттерін күшейту керек, атап айтқанда, қабырғалары мен шатырын қалыңдатып, есік-терезелерін тығыздап бекіту қажет. Үй- лердің, погребтердің, қоймалардың есік-терезесіндегі тесіктер мен саңылаулар толық бекітіліп, сырттан ауа кірмейтіндей жағдайға келтіріледі. Сонымен қатар жылу жүйесі мен су жүйесі құбырларының паналау орнына кірген жері жақсылап бітеледі. Есіктерін тығыз етіп жабу үшін оларды киізбен және қалың материалдармен сырты- нан қаптау керек. Ең алдымен паналаған адамдарды таза ауамен жеткілікті түрде қамтамасыз етуғе ерекше назар аудару керек. Бұл үшін оларға арнаулы желдеткіштер орнатылады, сондай-ақ мұндай паналау орындарында табиғи желдеткіштер жасалады. Оларды жасауға көп шығын жұмсалмайды. Бұл үшін тақтайдан сорғыш және ауа ағынын жасайтын қораптар орнатылады. Қораптарды қорғау үшін үстінен берік материалдан күнқағар орнатылады. Мұндай қораптарда шаң-тозаңдарға қарсы сүзгі орнатылады. Ауаны сорып кіргізетін қораптың сору қасиетін күшейту үшін, оны ауа ағыны қорабынан 1,5-2 метр жоғары орнату керек. Радиациядан қорғайтын паналау орындарында адамдардың тіршілік етуіне қажетті қолайлы жағдайлар жасалуға тиіс.
Жертөледегі радиациядан корғайтын паналау орындары
Кей жерлерде мұндай орындар адамдардың паналауына жеткіліксіз болуы мүмкін, мұндай жағдайда жай паналау орындары салынады. Жай паналау орындарына жататындар: ор, жыра және кен орындары. Олардың төбесін жауып, іргелерін қалыңдатып, тесіктерін тығыз бекіту керек. Мұнда да паналаушылардың тіршілік
етуіне барлық қажетті жағдай жасалуы керек. Ол үшін адамдарға демалу орындарын дайындап, оларды су, жарық, тамақ, таза ауамен толық қамтамасыз ету шаралары жасалады. Паналау ғимараттары халықты осы заманғы зақымдайтын қарулардан қорғаудың ең сенімді кұралы болып табылады. Оларды уақытында дайындап, дұрыс пайдаланған жағдайда адам шығынын болдырмауға болады.
Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері
Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар кұрылады, олар тиісті АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады.
Көшіру комиссиялары (КК) республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктер де, ведомстволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
Көшіру комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі көшіру комиссиянын төрагасы болып тағайындалады.
Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
КК-нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде халықты қарсы алу, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықтың тұрмысқа қажеттілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау.
Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір объекті негізінде құрылады. КЖП әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссиясына бағынады.
КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен және ПИК-термен, көлік иелерімен, байланыс жасау, оларға халықтың КЖП-ға келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адамдарға медициналық көмек көрсе- ту қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-га хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Аралық көшіру пункттері (АКП) елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан дер кезінде даярланады және көшірілетін халықтың сәл демалуына, оларды тіркеуге кажет жағдайға, дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге арналган. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ-киім айырбасталады немесе тазартылады.
АКП-тің негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, аудандар КЖП-термен қауіпсіз аймақты, көлік қозғалысының кестесін келісуді, адамдарды соңғы баратын нүктеге жөнелтуді, дәрігерлік көмекті көрсетуге, коғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жөнелту уақыты туралы баяндайды.
Көшіру қабылдау комиссиялары (КҚК) селолық аудандар мен көшірілген халықгы орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауыл шаруашылық ұйымдарында құрылады.
КҚК селолық аудандар АҚ, меншіктің барлық нысанындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындары бастықтарының шешімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауыларуашылық кәсіпорындары бірінші басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті атқару органдары мен АҚ және ТЖ қызметтерінің, келген халықты қабылдауға, орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзге де ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да есеп пен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпен қамсыздандыру топтары қүрылады.
Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру
Көшіру шараларын жоспарлау, даярлау және іске асыру кезінде камсыздандырудың барлық түрі жан-жақты пысықталып қарастырылады.
Төтенше жадай кезінде халықты қорғау үшін мыналар қарастырылады: ЖКП-ке, КҚП-ге түсіру станциялары нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының бойындағы қорғаныс ғимараттарына паналау; халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамсыздандыру, радиациялық және химиялық барлау жүргізу, халыққа басқару және хабарлау құралдарын өз уақытында жеткізу, дозиметрлік, химиялық және бактериологиялық бақылауды, санитарлық тазалау мен залалсыздандыруды ұйымдастыру. Қорғаныс ғимараттары жетпеген кезде халықты орналастыру үшін станциялар мен өзге нүктелерде болуы мүмкін қарапайым бас сауғалар салу, сондай-ақ табиғи панажайды пайдалану жоспарланады.
Көлікпен қамсыздандыру халықты, мекемелерді және материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа апаруды, жұмыс ауысымдарын қауіпсіз аймақтан қалаға апарып қайтуды ұйымдастыруды қамтиды.
Материалдық қамсыздандыру отынды, жағар және өзге де материалдарды, көшірілетін және қоныстандырылатын халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлікпен және азық-түлікпен қамсыздандыруды қарастырады, қауіпсіз аймақта халықты қамсыздандыруды жергілікті органдар сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктелері арқылы жүргізеді.
Информация о работе Персоналдың қорғалғандығын арттыру тәсілдері