Персоналдың қорғалғандығын арттыру тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:19, реферат

Описание работы

Халықты осы заманғы зақымдаушы қарудан қорғаудың әр түрлі жолдары мен әдістері бар. Оған жататындар: халықты корғау ғимараттарына орналастыру; қала тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру және таратып орналастыру; халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныстың паналау ғимараттары

Паналау ғимараттары халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулардан қорғау үшін арнаулы жобамен салынған күрделі құрылыс. Паналау ғимараттарының ядролық жарылыстың соққы толқынына қарсы тұрақтылығын күшейту үшін оның құрылысына темір-бетон конструкциялары қолданылады. Бұл материалдар паналау ғимараттарының беріктігін бірнеше есе арттырады.

Файлы: 1 файл

Алуа Ткн7.doc

— 171.50 Кб (Скачать файл)

Жергілікті билік органдары дүкен, асхана, коммуналдық-тұрмыстық мекемелер желісін кеңейтеді, үздіксіз кесте бойынша көшірілген қызметкерлерді пайдалану арқылы олардың жұмысын ұйымдастырады.

2. АҚ инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін қажетсіз мемлекеттік шығындарды жұмсамау мақсатында, халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңыздық деңгейін ескере отыра, жүргізіледі.

Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс Заңы бойынша категорияларға жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Категорияланган нысан - бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар. Категорияланған қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінеді: аса маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар.

Категорияланған объектілер - үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

«Категорияланбаған объектілер» - барлық қалған ұйымдар (нысандар).

Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.

Осы кұжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұсқаулықты әзірлейді.

Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орталық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51 -90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.

1.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді жобалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:

  1. халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;
  2. соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;
  3. зақымдану ошағында, зілзала аумағында және өндірістік авария мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүру үшін қажетті жағдай.

ИТЖ нормалары мынаны ескереді:

  1. аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар мен нысандардағы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге нысандарды егжей-тегжейлі жоспарлау кезіндегі әр түрлі жайттарды;
  2. ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында категорияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;
  3. бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде.
  • АҚ ИТЖ жобалау нормаларының талаптары

    Шаруашылық нысандарын орналастыру

    Қалатіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.

    Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш.

    Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тауарларды сақтау нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шегінде орналастырады.

    Категорияланған қалаларда т/ж сораптау және техникалық станцияларын ықтималы күшті қираулар аумағынан алыс жерге орналастырады. Қала аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.

    Қаладан тысқары жерлерге троллейбус, трамвай парктері және телефон станциялары апарылады.

    Демалыс лагерлері, пансионаттары, санаторилер, демалыс үйлері, базалар және мемлекеттік азық-түлік және материалдық қорлары, жаңа категорияланған нысандар, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері байланыс тораптар станциялары, ҚӘУЗ, базистік қоймаларға ықтимал бүліну аумағына орналастыруға тиіс.

    Магистральдық (транзиттік) автомобиль және темір жолдары қаладан аулағырақ жерге төселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен орайластырылуға тиіс.

    Ықтимал апатты су басу аумағында жаңа құрылыс аудандарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қоймаларын, жылжымалы құрам түрақтарын салуға рұқсат етілмейді. Аталған аумақтарға тау-кен өндірісін салуды міндет етеді.

    Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу

    АҚ ИТЖ жобалау нормалы талаптарын ескере отырып қалаларды жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға және қысқы мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа калалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.

    Қала аумағы әрқайсысы 250 га бөлінген жекелеген оқшау тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасындағы өрттен корғау бөліктері 100 м аспауға тиіс.

    Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта каланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуге тиіс.

    Ішкі қалалық көлікті жерді сыртқы көлікпен, т/ж станциясымен, өзен вокзалымен, әуежаймен, автовокзалмен сенімді және ыңғайлы байланыста болуға тиіс.

    Қаланың 1 км2 алаңында өзеннің жалпы ағынына орай 3 000 м3 көлемдегі су алабы. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамсыздандырады.

    Жана көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмайтындай қашықтықта салынуға тиіс.

     

    Өндірістік ,ғимараттар мен құрылыстарды жобалау

    АҚ ИТЖ жаңа шаруашылық нысандары және коммуналдық- энергетика жүйесін, ғимарат пен қүрылыс салу кезінде экономикалық түрғыдан аса қажетті және тиімді.

    Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құрғыларын пайдалану ұсынылады.

    Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.

    Азық-түлік және азық-түлік шикізат қоймалар үшін түрақжайды таңдау кезде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.

    Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радиоактивті шаңнан, УЗ және бактериялогиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуге тиіс.

    Сумен жабдықтау бойынша

    Сумен жабдықтау жүйесі қатардан шығуы кәсіпорынның тоқтауына және кәсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шығарудың доғарылуына алып келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру мақсатында мыналар қарастырылады:

    1. категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жер асты) болуға тиіс;
    2. екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдай- да бір су көзінен жабдықтауға рұксат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырақ жерде болған жөн;
    3. сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде су беру су қысымы мұнараларына жетпей берілуге тиіс;
    4. орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жіберілуге тиіс;
    5. таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен жабдықталуға тиіс;
    6. өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспағын аумақта орналастырылғаны жөн.

    Газбен жабдықтау жүйесі

    Қалалар мен шаруашалық нысандарына 2 және одан әрі дербес газ құбырлары арқылы газ беру екі және одан артық газ тарату станциялары арқылы жүргізілуге тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әр түрлі жағынан тиіс.

    Газ тарату станциялары мен нүктелер ажыратқыш автомат қондырғылары бар жер асты айналмалы газ құбырымен жабдықталуга тиіс.

    Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтималы күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуға тиіс.

    Жер үсті төсемі жағдайында газ құбырларын магистральдық жолдарына ықтималы күшті қирау аймағындағы мүмкін бүліншілік аумағынан тыс жерлерде төсеуге, терең (жер асты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі.

    Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуы автоматты тоқтататын кран мен қашықтық басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.


    Информация о работе Персоналдың қорғалғандығын арттыру тәсілдері