Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 14:37, лекция
Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.
Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.
Саңырауқұлақтар – бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар.
Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар – бiршiктену арқылы жүредi.
Саңырауқұлақтар дүниесi үш бөлiмнен тұрады: нағыз саңырауқұлақтар – эумикота, оомицеттер және миксомицеттер.
Қазiргi уақытта саңырауқұлақтардың 120 мын түрi белгiлi және ғалымдар жыл сайын жаңа түрлердi ашып, сипаттауда.
Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.
Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесi энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалмайтын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.
Саңырауқұлақтарды кез-келген жерден табуға болады. Олар пiсiп-жетiлгенде қызыл шоғырбастары жарылып, олардан жаңа саңырауқұлақтар өсетiн спораларды шашып жiбередi.
Көгергендерден, көптеген бактерияларды жойып жiберетiн пенициллин антибиотигiн өндiредi.
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Саңырауқұлақтар – жұмбақ жаратылыстар. Жәй түлкi жем немесе әдемi ақ саңырауқұлақта не ғажап болуы мүмкiн. Оларды жинайды, кептiредi, куырып тұздайды. Бұл кәсiппен адамдар көне замандардан-ақ айналысқан. Мүмкiн оларды сол заманның өзiнде саңырауқұлақтардың санаулы күндерде және сағаттарда былай қарағанда ештемеден шығу қабiлетi таңдандырған шығар. Толығымен бiлмегендiктен құдай саңырауқұлақтардың жемiстiсiн – сыйға, улысын – жазаға жiбергенiне сену оңай.
Кейбiр саңырауқұлақтарда, мысалы қарапайым шыбын жұттарда наркотикалық әсер туғызатын заттектер болады. Олардан адам қатты құштарланады және галлюцинацияларға ұшырайды. Бұл қасиеттер алты мың жыл бұрын белгiлi болған. Сондықтан Қытай, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Мексика және Қиыр Шығыс тұрғындарының рәсiмдерiне саңырауқұлақ тұнбаларын пайдалану кездейсоқтық емес.
Иран мифологиясында қасиеттелген iшiмдiк хаома (авестадан. “hav” – сығу) маңызды рөл атқарған. Тура солай Хаома деп осы iшiмдiкке арналған құдайды және оны жасайтын өсiмдiктi атаған. Бiр гипотеза бойынша галлюцинация шақыратын және уақытша күш арттыратын iшiмдiктi сүт қосылған шыбын жұт саңырауқұлақтарынан жасаған. Хаоманы дайындау мен iшу сенушiлерге мәңгiлiктi нышандайтын қасиеттi iс болған.
Көне Қытайда мәңгiлiк өмiр мен әулиелiктi (ең жоғарғы күй қалып – “сянь”) сыйлайтын Чжи саңырауқұлағы, сиқырлы болып саналған, әсiресе мыңжылдық ағаштарда немесе олардың түбiнде өссе.
Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.
Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесiнiң энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалматын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.
Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндег
Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, х
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді.
Жеуге жарамды сағырауқұлақтар.Әлемде көптеген жейтін саңырауқұлақ
түрлері бар. Саңырауқұлақтардың өздері
Жеуге жарамсыз сағырауқұлақтар. Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (
Саңырауқұлақтан уланып қалмау үшін әбден қарап, тексеріп алу қажет. Егер кездескен саңырауқұлақтар улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, оны алмаған жөн. Әбден пісіп, жетілген әрі кеуіп кеткен саңырауқұлақтардың да улы болуы мүмкін. Ақ саңырауқұлақ және басқаларын асқа пайдаланудың алдында екі рет суға қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастау қажет. Төккен сумен бірге саңырауқұлақтардағы улы заттар кетеді. Жаңадан теріл әкелген жас саңырау - құлақтарды бір тәуліктен артық сақтамайды. Одан жасалған тағамдарды екінші тәулікке қалдыруға болмайды. Саңырауқұлақтарды кептірсе де, сүрлемелесе де, маринадтаса да олардың құрамындағы улы заты жойылмайды. Сондықтан саңырауқұлақтан қыста да уланып қалуға болады. Уланудың белгілері саңырауқұлақты жегеннен кейін, бірнеше сағаттап соң білінеді. Уланған адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, әлсізденіп, басы айналады, кейде сіңірі тартымды. Мұндай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керек.
Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей
нағыз талшықтар болмайды. Алайда жалған
талшықтар жиі кездеседі, олар өз ара матасып
жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын
гифалардан құралады. Жалған ұлпа гифалардың
құрылысы әр түрлі болады және түрліше
орайласып келеді, демек олардың физиологиялық
маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған
түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар
Мицелийлердің сыртқы – экзогенді және ішкі эндогенді болып екіге бөлінеді.
Эндогенді мицеллилер табиғатта жиі тараған, олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан жақсы қорғалады және қоректік заттармен мол қамтамасыз етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді.
Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар жасушаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.
Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии сағағы деп аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде өседі.
Экзогендік спораларды конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялардың пішіндерінің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратады.
Жыныссызға қарағанда, жынысты көбею әр түрлі болып келеді. Қарапайым саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе құрылысы күрделілерді оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангииі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың әрқайсысынан өздеріне тән споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі.
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың көбісі жеке гаметангияларға бөлінбеген, сыртқы құрылысы жағынан әр түрлі жыныс органдарының ұрықтануы қозғалмайтын спермациялар арқылы болады. Олар несекомдармен немесе ауаның ағынымен таралады. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік клетканың протопласты екінші бір жасушаға жылжып барып құйылуы, яғни соматогамия арқылы болады. Мұнда ядролар бір-біріне бірден қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион түзіледі. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір-бірмен қосылып, диплоидты ядро – кариогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында гаплоидты, дикарионды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза аз уақыт, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты әр түрлі болады.
Жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен ерекше қалталарының ішінде 8-ден түзілсе, екінші біреулерінде базидия деп аталатын жасушалардың үстінде 4-тен экзогенді споралар түзеді. Эндогендік спораларды аскоспора, ал экзогендік спораларды базидиоспоралар деп атайды.
Жынысты және жыныссыз көбеюлер саңырауқұлақтардың даму циклында заңды түрде ауысып отырады да, жынысты көбею арқылы даму циклы аяқталады.
Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байлынысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екендігі, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатына байқалады.
Саңырауқұлақтар хлорофилі болмағандықтан сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстраттар менорганикалық қалдықтарға шоғырланады. Паразитті саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі және тірі ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.
Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін, қолайлы ылғалды субстрат қажет. Субстраттың ылғалды болуы мицелийдің түзілуіне, ал құрғақ болуы – спора құру органдарының өсіп дамуына себеп тигізеді. Олардың көпшілігі оптималды температураны +20-250С, ең төменгі +1-50 температураны да жақсы көтереді.
Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Ертеде мұндай әртүрлі жаныссыз көбею органы бар саңырауқұлақты әр түрге, тіпті кейде әр туысқа жатқызған. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екені, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатыны байқалады.