Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 14:37, лекция
Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.
Жоғарыда айтып кеткендей, клавициалды саңырауқұлақтар қалталы саңырауқұлақтар класына жатқызылады. Бұлардың басты ерекшелігі – көп жасушалы мицелийдің және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп таралған. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады.
Мицелийлері көп түрлерінде субстраттың ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. Конидиялар субстарттың бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ және басқа пішінді болып келеді. Кейбір түрлерінде қалталы спора тасушы органдар шашылып жатса, ал көбісінде - әр түрлі пішіні бар жемісті дене түрінде болады.
Жыныс процесі әр түрлі топтарда, тіпті бір топтың өз ішінде де әр түрлі жағдайда өтеді. Мұнда мицелийлердің 2 жасушасы қосылады, сөйтіп ядролары бірігіп зигота түзіледі. Ол тыныштық күйге көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, гаплоиды 8 ядро түзеді. Ядроның айналасындағы протоплазмалардың бір бөлімі қатайып спора қабығында, ал зигота қабығы қалтаға айналады. Сөйтіп, гаплоидты ядродан қалталы 8 аскоспора түзіледі. Бұл жағдайда зиготадан бір ғана қалта дамиды. Мұнда геметаларға бөлінбеген екі жыныс органдарының жасуша ішіндегі заттары бір-біріне құйылады. Жыныс органдары дамыған мицелийлердің бір бөлімі оның айналасына тоқылып жеміс денесінің тканін түзеді, одан пішіні әр түрлі жеміс денесі өсіп жетіледі. Сөйтіп, олардың жемісті денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды.