Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 08:40, реферат
Көпжасушалы жәндіктер және жануарлар ағзасындағы барлық жасушалардың тіршілік әрекеті бірдей. Олар бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Атқаратын қызметі ұқсас жасушалар түрінде ерекшеленбесе де, ұлпа түседі. Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Суда еркін жүзетін түрлерінің көру және тепе-теңдік мүшелері де болады. Көбінесе отырықшы ішекқуыстылардың денесі сәулелі симметриялы болады. Дене қуысықапшық тәрізді тұйық болғандықтан, артқы тесігі болмайды. Қорытылмаған қорек қалдығы аузы арқылы шығарылады. Ауыздың айналасында қармалауыштар орналасады. Жәндік қорегін екі тәсілмен: жасуша ішінде және жасушадан тысқары - дене ішқуысында қорытады. Барлық ішекқуыстылардың сыртқы қабатында - эктодермада атпа жасушалар бар.Мұндай ерекше құрылысты жасуша басқа жануарларда да болады. Атпа жасушалар қорғаныш және қорегін аулау қызметін атқарады.