Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 18:01, реферат
Жарма (дәнді дақыл) — дәннен дайындалатын өнім. Жарманы дәнді дақылдылар тұқымдастарына жататын бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәндерінен жасайды. Бұршақ тұқымдасына жататын ас бұршақ, үрме бұршақ, ірі бұршақ және жасымық дәндерін де жарма ретінде пайдалануға болады. Себебі олардың белоктарының құрамында алмастыруға болмайтын амин қышқылдары бар. Жарма - көмірсутектерге, белоктарға, витаминдерге, майға және минералдық заттарға бай. Тары жармасын (сөк) тарыны ақтап, қауызынан тазартып алады.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Жарма туралы түсінік
2. Сұлы жармасын алу технологиясы
3. Сұлы дәнінен жарма алу
ІІІ.Қорытынды.
ІV. Қолданылған әдебиеттер.
Ұсынылған
режим бойынша, дайындалған
Жармадан жапалақ
(бадана) алу үшін беті жылтыр
білікті станок қолданады.
Стандарт бойынша
жапалақтардың ылғалы 12% -тен
аспауы керек, сондықтан
Жапалақты пісіру ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
4 – сурет. Сұлы жармасы «Геркулес» алу схемасы. 1 – қорап; 2 – падди-машина; 3 – жарма бөлгіш; 4 – булаушы аппарат; 5 – магнитті сепараатор; 6 – жапалақтаушы станок; 7 – ленталы кептіргіш; 8 – аспирациялық колонка.
Бұл жапалақтарда дәстүр бойынша алынатын жапырақтарға қарағанда, декстрин мөлшері 9 – 10 %, суда еритін заттар 26 – 28% өседі. Олардың ылғалы 6% -тен аспауы керек.
Сұлы ұнын ( толокно), сәбилерге арналған ұн және диеталық тағам өндіру технологиясы. Сұлы заводтарында ылғалданатын және жоғары қысымда буланған сұлыдан сұлы ұнын толокно алады. Одан басқа да қарақұмық, күріш және сұлы жармаларынан балаларға арналған және диеталық тағамдар жасауға арналған ұн шығаруға болады.
Сұлы ұнын – толокно өндіру. Толокно – бұл сұлы ұны, оның күлділігі 2%-тен аспайды, ірілігі №27 електе қалғаны 2% (көп емес) және №38 електен өткені 60%-тен кем болмауы керек.
Толокно өндіру үшін қолданылатын операциялар: дәнді қоспалардан тазалау, ылғалдап – булау, жарма алу, жарманы ұнға ұнтақтау. (сурет)
Сұлыдан қоспаларды
бөліп алу үшін жарма алуға
дайындаудағы әдістер
5 – сурет. Жылдам пісетін сұлы жармасын шығару схемасы: 1 – автоматты таразылар; 2 – желді електі сепаратор; 3 – қораптар; 4 – жуғыш машина; 5 – араластырғышы бар қорап; 6 – булағыш аппарат; 7 – кептіргіш; 8 – магнитті сепаратор; 9 – баданақтағыш машина; 10 - өлшеп бөлетін автомат; 11 – білікті станок; 12 – елеуіш.
Кептіріліп суытылған дәнді ажарлағыш поставта өңдейді. Центрифугалды қолданып ұнтақ пен ұсақталған (2,0 мм електен өткені) өнімдер бөліп алады. Желсорғышты пайдаланып қауызын бөледі. Ақталған дәнді ақталмаған дәннен бөліп алу үшін жарма бөлгіш машинаға түсіреді. Ақталмаған дәнді қайтадан ақтауға жібереді. Ақталған дәнді қосымша желсорғыштан өткізіп ұнтақтағыш машинада ұнтақтайды. Жарманы ұнтақтау схемасы екі ұнтақтау және ұнды тексеру жүйелерінен тұрады. Сұлы ұнының (толокноның) шығымы 52%- тен кем болмауы керек.
Қорытынды.
Мен бұл курстық жұмысымды жаза отырып,сұлы жармасының технологиясын және адам өміріндегі маңыздылығын білдім. Сонымен қатар сұлы жармасы құрамы белок пен майға бай. Сұлыдан буланған дәні бүтін және жаншылған жарма алынады. Сұлы дәнінен сұлы жапалағын, және сұлы ұнын (толокно) ажарланған жарма алады. Басқа жарма өнімдеріне қарағанда,сұлыдан алынған даяр өнімдердің калориясы жоғары, құрамында нәруыз бен майдың мөлшері көп болады. Олардың құрамында көптеген витаминдердің, минералдық заттардың, микроэлементтердің болуына байланысты диеталық қасиеттері де ерекше. Сұлы – тағамдық және малазықтық мақсатта қолданылады. Оның дәнін жарма, геркулес, талқан, галет( қатырма нан), кофе суррагатын өндіруге пайдаланылады. Бұл өнімдер жақсы сіңімділігінің арқасында диеталық және балалар тағамы ретінде маңызы зор. Сұлы жармасы – ақуызында адам ағзасы үшін қажетті амин қышқылдары (аргинин, гистадин, лизин және триптофан) көптігімен ерекшеленеді. Сұлы дәні сонымен қатар В1 дәруменіне (тиамин) және темір, кальций, фосфор қосылыстарына бай.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жанзақов.М.М « Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда. «Тұмар», 2007 ж
2. Интернет желісінен алынған мәліметтер.