Өсімдіктерді көшетханалар мен жылыжайларда өсіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 13:01, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары еліміздің барлық қалаларында дерлік жеміс-жидектерді және сәдік мақсаттағы өсімдіктерді жеке бау-бақшаларда өсіру қарқынды дамып келеді. Мұндай бау-бақшалар саны тіпті күн сайын артуда. Өсімдіктерді қалай баптау өсіру керектігі жайлы әдебиеттер орныда бұл ретте аса ерекше. Ресей Фердерациясының климаты қысқа жазы және қатаң қысымен ерекшеленеді. Климаттың мұндай болуы ашық аспан астында көкөністер мен сәндік мақсаттағы өсімдіктердің кең түрін өсіруді шектейді. Сондықтанда арнайы қорғалған аймақтар бағбандар үшін аса таптырмас бизнес көзі, себебі ондай қорғалған арнайы аймақтар он екі ай бойына елді көкөністермен қамтамасыз етеді, ашық аспан астында өсіру үшін тұқыммен көшет алуға қолданылады.

Файлы: 1 файл

Выращивание растений в теплицах и парниках перевод.docx

— 89.38 Кб (Скачать файл)

Бір сұрыпқа  жататын хризантемалар кейде  гүлдеуінде 10-15 күндей айырмашылық  болуы мүмкін. Сондықтанда бүрлену  кезінде хризантеманың қосымша  өркендерін әр 3-4 күн сайын тексеріп қырқып тұру керек.

Ірі хризантеманы егумен көшетін отырғызу. Ірі гүлді  хризантема «Газель» және «В. Терешкова»-ларды гүлдегенге дейін ашық аспан астында егеді. Сондықтанда оны келешекте бетін жабу мен буркеуге болатындай етіп егу қажет. Бұл хризантеманы будандамай-ақ ашық аспан астында өсіруге мүмкіндік береді.

«Газель»  сурыпына жататын хризантеманы көшеттеу оның гулшоғырының сапасына әсер етеді. Кейде хризантеманы арнайы ыдыстарға  қондыруға болады. Тамыз айында ыдысты гүлімен бірге жылыжайға немесе көшетханаға қояды. Бұл жағдайда хризантеманың тамыр жүйесіне зиян келмей топырақта өсе береді.

Ірі гүлді  хризантеманы күзде қорғау

Күз кезінде  гүлдеп тұрған хризантеманы жұқа қабықшамен ауа райының қолайсыз  жағдайларынан  сақтау үшін жабады, сондай-ақ оның астынан  матамен жабу міндет. Олай жасаман  жағдайда жел болған кезде жұқа қабықша  ушып желпініп хризантемаға зиян келтіруі мүмкін. «Газель» сұрыпына жататын ақ гүлді хризантеманын гүліне жанбыр тамшылары тисе ол тез қарайып кетуі мүмкін. Ал «Валентина Терешкова» жататын хризантема ылғал тамшыларынан мұндай қауіпке ұшырамайды.

+3 градустан  төмен температурада «Газель»  сұрыпына жататын хризанметамалар  гүл себешелері нашар болып,  қарая бастайды.

Хризантемаға  құйылатын су оның жапырақтарына  тимеі керек.

Ірі гүлді  хризантемаларды қыстату.

Үнді  ірі гүлді хризантемалар қыстың күні ашық аспан астында қалдырмайды, себебі ол суыққа төзімсіз болады. Сондықтанда оны қыста баптау керек: күзде оларды топырақтан қазып алып қыста сақтауға арналған жерлерге көшіреді. Егерде Беларусияның оңтүстік жағында қыста хризантеманы ашық аспан астында қалдыруға болатын болса, онда орталық және солтүстік бөліктерінде бұлай жасау аса қауіпті. Қыстың күні хризантеманың аналық бөлігін қазып алып, оны қолайлы температурада сақтайды.

Хризантеманың аналығының ең сапалысы ол оның гүлдеуі барысында пайда  болатын өскін болып табылады. Бқл өскіндер хризантеманың қаламшалар арқылы көбеюі кезінде қолданылады. Хризантеманы қыстың күні сақтау оның өсу барысындағы жауапты кез болап табылады. Хризантема гүлін кесіп алған соң, оның төменгі бөлігінен 10 см кескін қалдырады. Оның тамырын терең жәшікке жақсылап салып, үстінен ылғалды шымтезекпен және құммен жабады. Хризантеманы сақтау үшін температурасы -1 ден +5 градус аралығында болатын жарық түспейтін жер болуы керек. мұндай температурада хризантема тамыры жақсы сақталады. Хризантема аса жылу сүйгіш өсімдік болып табылады, сондықтанда оны отырғызу кезінде қателеспеген жөн. Хризантеманың жақсы өсуі үшін оны күн  сәулесі жақсы түсетін жерді таңдау керек және қарашірік оны жақсы сіңіруі шарт.

Хризантема жақсы өсіп, гүлі әдемі  болуы үшін оны отырғызған қарашірік  құрамында құнарлы заттар мөлшері  жеткілікті болуы тиіс.

Егер сіз егетін топырақ тығыз  құнарсыз болса оған қарашірік, көң  араластырған жөн.

Өсімдікті қуысқа емес орға отырғызған жөн. Отырғызылған қаламшалар арақашықтығы 30-50 см аралығында болуы керек. ол гүл  сұрыпына байланысты болады.

Хризантеманы отырғызып боған  соң «Корневина» деп аталатын ерітінді (1г ды 1 л суға араластырады) құяды. Бұл ерітінді өсімдікте күшті  тамыр жүйесі қалыптасуына көмегі тигізеді. Хризантема бөліктерге бөлу арқылы жақсы көбейеді. Ерте көктемде үсік аяқталған соң сабақтарын қазып алып жас бөлшектерге бөледі. Оны топыраққа тез-тез егіп оған су құяды.

Хризантеманы қаламшалар арқылыда көбейтуге болады. Көктемде 10-15 см болатындай етіп оны кесіп алады, төменгі жағын «Корневинмен» өңдеп, отырғызып газетпен жабады (газет ылғалдылықты жақсы сақтайды). Хризантема қаламшаларын оның құрғап кетуіне қарай суғарады. Қаламшалар ертерек тамырланады.

 

 

Хризантемаларды суғару мен құнарландыру

Хризантема  ылғал сүйгіш өсімдік сондықтан оны тұрақты түрде суғарып тұрған жөн.

Хризантемаға  жұмсақ су – жаңбыр суын немесе тұнытылған су (суға 2-3 тамшы аммиак тамызуға болады) құйған жөн. Су аз болған кезде хризантема қатты болып, әдемілігі жоғала бастайды.

Хризантема  органикалық заттарды «жақсы көреді»  және миералды заттармен көп қоректенеді. Хризантеманы әртүрлі минералды  тыңайтқыштармен қоректендіреді.

Хризантеманың алғашқы өсу кезінде жасыл  түс пайда болуы үшін азотты тыңайтқыштар себеді, ал түсінің жақсаруы үшін фосфорлы-калийлі  тыңайтқыш қосады.

Тыңайтқыштарды хризантеманың  тамырына құю керек, ал егер ол жапырақтарына  тисе онда оны күйдіреді.

Азот өсімді биіктігіне, жапырақтары  мен гүлінің түсінің белсенділігіне, гүлінің мөлшеріне әсер етеді. Азоттын жеткіліксіздігі жапырақтарының хлороз (сарғаюы) ауруына шалдықтырады және хризантемаының жылтыр майда гүл шоғырлары пайда болады.

Хризантемада жасыл массаның түзілуі  үшін аммиакты азот, бүрме пайда  болатын сатыда нитраттар қажет  болады.

Хризантема қатты жапырақ түзіп  бүрлену фазасына жеткен кезде фосфорлы-калийлі  тыңайтқыш себеді.

Фосфор хризантеманың тұрақты гүлдеуіне көмектесіп оның иммунитетін арттырады. Фосор топырағын (50 г 1 м ауданға) қосады.

Калийде хризантема денсаулығына әсер етеді жәе оның гүлденуін қамтамасыз етеді.

Хризантеманың ең жақсы өсіп жетілуі  қажет ең бастысы күкіртті калий  болып табылады.

Жас хризантеманы өсіру барысында  оның алғашқы 6-8 аптасында оны тыңайтқышпен үздіксіз қоректендіріп тұру керек. Хризантеманың тыңайтқышпен қоректендірілуі N : P : K- 2:1:1 формуласымен жүрізіледі.

Хризантеманы тыңайтқышпен байыту үшін сиыр садырасы сондай-ақ тауық  қиы қолданылады. Алайда мына ережені  ұмытпаңыз: өсімдікті күйдіріп жібергеннен  гөрі оны аздап тыңайтқышпен қоректендіру керек.

Үлкен бөшкеге 2 шелек сиыр садырасын  немесе 1 шелек тауық қиын салып  су құяды, үш кү бойына жібітіп, тұндырып дайын құнды тыңайтқыш алады.

Өсімдікті тыңайту үшін ерітінді жасаймыз: алынған тұнбаның бір шелегіне он литр су құяды. Әр бір хризантемаға бір литр ерітінді құяды. Тыңайтқышты  өсімдіктің тек қана тамырына құяды.

 

 

Хризантеманы күтіп баптау

Таңғажайып  хризантеманы күтіп-баптау үшін өсімдіктердің  өсуін реттейтін және қалыптандыратындар (стимулятор и биорегулятор роста  так как Циркон, Эпин, Бутон) қолданылады. Бұл препараттардың әрқайсысының өзіндік қолданылу мақсаты бар. Бұл препараттардың барлығы ұзақ уақыт бойына тексерілген.

Хризантеманың жаңа жапырақтары шыға бастаған кезде  оның инфекциялармен зақымдалған жапырақтарын алыптастап отыру керек. содан соң  барып өсімдіктің тамырына препаратты құйған жөн.

Хризантеманың сабақтары қатты  болады, егер қатты жел немесе жаңбыр болса сынып кетуі мүмкін, сондықтанда  биік болатын хризантемаларды байлап қойған дұрыс.

Бақшада хризантемалар гүлдеп болған соң немесе аяз болардың алдында гүл сабақтарын кесіп алып , 10-15 см қалатындай етіп түбінде сабағын қалдырады.

Бақшада хризантеманың әсемдігіне қарап одан ләззат ала қарауда  бір ерекше сезім. Және келесі мерзімге дейін хризантема гүлін сақтап қалуда керек. хризантеманы қыста саөтаудың  көптеген әдістері бар.

Бақшада 20 см дей тереңдіктегі ор қазып, шіріген көң тастап үстіне аздап  топырақ салады, оның үстіне хризатема  аналығын салады. Оларды топырақпен жабады. Дәптерге гүл сұрыпымен қатарын  жазып қойған дұрыс. Суық басталған  кезде хризантема үстін әр түрлі  жылы материалдармен жабамыз. Орға салынған көң хризантемаға жылу береді, ал көктемде ол құнар болады. Беті жабылған хризантема үстіне қыста Лутрасил жабады.

 

Хризантема зиянкестерімен аурауларымен күрес 

Хризантема түрлі ауралармен зиянкестермен  зақымдануы мүмкін. Сондықтанда оған профилактикалық шараларды жүргізу  керек: себебі ауырып жол іздегенше  ауырмайтын жол іздеген әрқашанда  дұрыс.

Жаңбыр аз болған кездерде ұдайы  түрде хризантемаларды сұғарып тұрған тиіс себебі хризантемалар ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады, оның үстіне ылғалды топырақ зиянкестердін (мысалы, қаракүйе) тіршілігін тежейді.

Бақшадағы топырақта әр қашанда  түрлі аурулар қоздырғыштары  болады және аурулар жаңбыр, жел  арқылы келеді. Сондықтанда жаңбыр жауғаннан соң оны аураларға  қарсы препараттарды сеуіп тұрған дұрыс.

Хризантеманың тамырының шіруінен сақтау үшін Фитоспорин препаратын қолданады: хризантемаға тыңайтқыш салған сайын  оған оны суғарып болған соң оған осы препаратты құяды.

Хризантема жапырақтарына, гүліне, бүрлеріне түсетін зиянкестерде аз емес.

Хризантемаға ең көп зиян келтіретін ол қаракүйе, олар хризантеманың суымен қоректеніп, оның өсуін тежейді. Сонымен  қатар қаракүйе хризантемаларды  ауруға шалдықтырушы зиянкес болып  табылады.

Көбелек құрты, кене, құрт-құмырсқа және т.б. мұның бәріде хризантеманың  жаулары болып табылады.

Мысалы бір көбелек құрты  бір түн ішінде хризантеманың  бірнешеуін жеп қоюы мұмкін. Әрқашанда  хризантеманы бақылап тұру керек, оның зақымдалуының алдын алу керк. Түрлі зиянкестермен күресу үшін әр түрлі прерапараттарды қолдану  керек (Ратибор, Актеллик, Искра, Фитоверм, Актара және т.б.).

Шығыс елдеріде хризантеманы күнге  теңейді және бұл гүл тұнбасы  адам өмірін ұзартады. Хризантема ұзақ уақыт бойына гүлдеп тұратындықтанда  оны бақыт әкелуші деп есептейді.

Сондықтанда, ұзақ та бақытты өмір сүріңіз, әлем сұлулығымен хризантеманың  әсемдігінен рахаттаныңыз.

Қыстың  күні хризантеманың аналығын мүлдем суғаруға болмайды.

Пахира, пшира немесе пичира, оны біздін елде қалай анықтайды анығын білмедім, алайда ол осы жақын арада ғана менің ең сүйікті гүліме айналды. Былай болды. Су пахирасын акватика деп те атайды, оны маған құрбым туған күніме силаған еді. Мен үйде  ішінде өсірілетін гүлдерге қатты қызықпайтынмын, алайда Бомбак тобына жататын бұл гүл меніні қызығушылығымды тудырды.

Пахира  гүлін күтіп-баптау аса улкен  уақытты және көп уақытты қажет  етпейді. Бұл топқа жататын барлық гүлдер аздап көлеңке сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Бөлме температурасы қалыпты болуы керек. бұл гүлді жылу қондырғыларының қасында ұстауға мүлдем болмайды.

Егер  гүл алғаш алып келген кезде ол пластикалық ыдыста болса, онда оны  екі-үш күн ішінде алмастыру керек. бүл гүл үйіңізге шырай әкеледі, артық қиындықтар тудырмайтын гүл.

Пахираның аурулары кезінде оны үйде өсіру 

Үй жағдайында пахираны өсіргенде оның өсу тездігі  баяу болады, алайды қолайлы жағдайда биіктігі ұш метрге деиін жетуі мүмкін. Пахираны үйде жалғыз гүл ретінде  өсіруге болады, алайда біраз жылдардан  соң ол жапырақтанып, биіктігі аса  улкен болып кетуі мүмкін. Сауда орындарында бұл гүлдерді көптеп кездестіруге болады. Бұл гүл бағасы қымбат болсада, көп сұранысқа ие. Олар жас кезінде жайлап бұйра бола бастайды. Бұл аздап қиындық тудырады, себебі оның тауарлық түрі өте жай қалыптасады. Бұл осы процессті сипаттаудың қысқашасы.

Бұл гүлді  күтіп-баптауды мен жылдар бойында  үйрендім. Ол қазір менің мақтанышым, мен оны өзім қонақтарыма ұялмай көрсетем.

Бұл гүлді  қондыру арнайы маманды қажет  етеді.

Бұл гүлді көбейту үшін оның тұқымын немесе көшеті қажет. Тұқымын  әдетте 25-27°C температурада себу керек. бұл гүл тұқымын қалай, қашан, қай жерге егу керек туралы ақпараттарды арнайы интернет беттерінен алуға болады.

Гүлді отырғызу периоды көктемде басталады. Ал ескі даналарын тек қана 2-3 жылдан кейін  ғана егуге болады. Топырақты әдетті арнайы магазиннен сатып алған жөн. Алайда кейбіреулер өздері топырақты табады.

Жасыл кереметті  күнделікті суғару ,

Бұл гүлді  суғару аса маңызды роль алады. Алғашқы  күндерден бастап гүлдің жапырақтарын сумен себелеп тұрыңыз, алайда гүлдің сабағына көп ылғал түсуінен сақтаңыз. Бұл гүлдің шектен тыс ылғалдынап, кейіннен шіруіне алып келуі мүмкін.

Көктеммен жазда гүлді тұрақты түрде  суғарып тұру керек, және келесі суғарғанға дейін гүл топырағының беті құрғауы  керек. Қазан айынан бастап ақпанға  дейін гүлді жиі суғару керек  емес. Алайда топырағы қатты кеуіп  кетпеуі керек.

Тыңвйтқыштарды  сәуір айынан бастап тамыз айлары аралығында 3-4 аптада бір рет себкен жөн. Әдетті комплексті минералды тыңайтқышты  қалыпты мөлшерде себкен жөн. Оның демалуы кезінде тыңайтқыштар себудің қажеті жоқ.

Топырақтың  шектен тыс ылғалдынып кетуі кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл гүлдің тамыр жүйесінің толық немесе аздап көгеруіне және зақымдануына әкеліп соғады. Ал шектен тыс құрғақтық оның жапырақтарының ұшыың қурауына әкелуі мүмкін.

Бұтау: үш қол әдісі

Көктемде  бұтау былайша жүргізіледі: барлық жоғары қарай тартылып тұрған бұтақтарын бұтайды. Бұл жағдайда ол құрғақ және әдемі бола бастайды. Оны қалай  бұтау керек екенін мен бір  танысымнан сұрап білдім. Содан бері бұтау арқылы мен өз гүліме шырай  бере түсемін.

Пахира  баобаб тұқымдасқа жататын Бразилиядан  шыққан өсімдік. Pachira тобына жататын 24 түрі бар, тек қана олардың үшеуі ғана жеуге жарамды, солардың ішінде пахира ( Pachira aquatica) немесе малабарлық каштан. Табиғатта бұл жай өсетеін әсем өсімдік, қолайлы жағдайларда оның биіктігі үш метрге дейін жетеді. Пахира «бөтелкелі» құрылысты өсімдік болып табылады. Табиғатта малабарсты каштан гүлі жиі кездеседі. Малабарс каштаны бонсаи құру үшінде қолданады. Фэн-шуй шеберлері пікірі бойынша пахира гүлі әрбір жаңа жапырақ шығарған сайын ол отбасына десаулық, бақыт және сәттілік алып келеді. Пахираның әрбір бес жапырағы фэн-шуйдің бес элементін сипаттайд: металл, ағаш, су, от және жер. Сондықтанда фэн-шуй қоршаған ортадағы элементтер жеткіліксіздігін жоюға көмектеседі деп есептелінеді. Ауыз екі тілде пахира «бақыт ағашы» деп те аталады.

Информация о работе Өсімдіктерді көшетханалар мен жылыжайларда өсіру