Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 13:01, реферат
Соңғы жылдары еліміздің барлық қалаларында дерлік жеміс-жидектерді және сәдік мақсаттағы өсімдіктерді жеке бау-бақшаларда өсіру қарқынды дамып келеді. Мұндай бау-бақшалар саны тіпті күн сайын артуда. Өсімдіктерді қалай баптау өсіру керектігі жайлы әдебиеттер орныда бұл ретте аса ерекше. Ресей Фердерациясының климаты қысқа жазы және қатаң қысымен ерекшеленеді. Климаттың мұндай болуы ашық аспан астында көкөністер мен сәндік мақсаттағы өсімдіктердің кең түрін өсіруді шектейді. Сондықтанда арнайы қорғалған аймақтар бағбандар үшін аса таптырмас бизнес көзі, себебі ондай қорғалған арнайы аймақтар он екі ай бойына елді көкөністермен қамтамасыз етеді, ашық аспан астында өсіру үшін тұқыммен көшет алуға қолданылады.
Малабарс каштанының жпырағы үлкен, ашық жасыл түсті, ұзынқаламшалы болып келеді. Бқл каштанттың улкен жапырақтары жеуге болатын каштанды еске түсіреді. Күтіп-баптауына байланысты малабарс каштаны жыл бойына гүлдейді, ал табиғи гүлдеу периоды маусым айынан бастап қараша айына дейін аралығында болады. Басқа баобабтар сияқты пахира өте әдемі және ерекше гүл болып табылады. Оның гүлдері үлкен (диаметрі 10-15 см), ұзын сабақты декоративті мақсатты жиі қолданылады: гүл күлтелерінің түсі ақ, кейде крем түсті, қызғыш немесе алтын түсті болады. Малабарс кашатанының ұрығы жасыл қабыршақ астында болады, оның ұзындығы шамамен 10-20 см болады. Жетіп тпіскен әрбір жемісте жеуге жарамды 10-25 жаңғақ болады, олардың пішіні домалақ, қоңыр түсті болады.
Пахира жаңғағы дәмді, иісі бойынша ол арахисты еске түсіреді, оны шикідей, қайнатып, қуырып жейді. Майдаланған жаңғақтан дәмі ыстық шоколадқа ұқсас сусын дайындауға болады. Мысалы, Тайванда малабарс каштанын декоративті мақсатта қолданса, ал жаңғағы мен жас жапырақтары кулинарияда қолданылады. Пахираның тамыры бас ауруына, іш ауруына, ем ретінде халық медицинасында қолдаылады. Пахира жылыжайда, сондай-ақ үйде де жақсы өседі. Бұл өсімдік ылғалдылығы төмен ортада да шыдамды.
Пахира жарықты, күн сәулесін сүйеді, жарық жеткіліксіз болған жағдайда өзінің әсемдігін жоғалтады. Пахира топырақта ылғалдың аздығына төзімді, алайда оны шектен тыс көп суғарған кезде ол оның тамыры шіріп, жапырақтары түсе бастайды және ол өліп қалуы мүмкін. Сондықтанда оған су құю аралығында топырағы құрғаған болуы керек. жаздын күндері пахираны ұдайы суғарып тұрған жөн. Ал қыстын күндері оны суғаруды шектеп тұрған дұрыс, өсімдікті сақтау температурасы 15 градустан төмен емес. Наурыз бен сәуір айларында пахираны кең және терең ыдысқа отырғызады.
Пахира кез-келген топырақтардың түріне тез бейімделеді, әсіресе ол үшін ең қолайлы топырақ ол жапырақты, қарашірікті және құм аралас топырақ болып табылады. Көктеммен жаз айларында оған минералды тыңайтқыштар қоспасын себеді. Пахираны вегетативті жолмен (қаламшалары арқылы) және тұқымы арқылы көбейтуге болады.
Пахира қаламшалары 25 радустан жоғары температурада жақсы тамыр алып кетеді.
Пахира тұқымын арнайы жалпақ субстратқа салып, бетін шынымен жауып, оны жылы жерге қояды.
Қалыпты бөлме жағдайыда пахира тез өседі, жас өсімдік гүлдей бастайды және 4-5 жылдан соң жеміс бере бастайды.
Сипаттамасы: Р. Aquatica – бөлме пахирасы биіктігі 2,5-3 м болатын, діңгегінің диаметрі 1,5 м болатын экзотикалық ағаш. Жапырақтары құсжүнді, ұштары үшкір, саусақ салалы, жасыл түсті болады.
Жас өсімдік бір діңгекті болып өсе бастайды, оның биіктігі 2 м асқан кезде барып бұтақтар шығара бастайды. Гүлдері жіңішке, үлкен, ұзын (10-15 см), ақ түсті болады. Үй жағдайында пахира гүлдемейді. Жемісі зәйтүн түстес ұзындығы 10-25 см. Жемісі домалақ және жеуге жарамды. Жарық жерде қыстын күні 12 градустан төмен емес, ал жазда 18-20 градустан төмен емес температурада өседі. Күн сәулесі тура түсуі керек. жаздын күндері тұрақты түрде суғарып тұру керек, ал қыста аздап тежеу керек. жұмсақ және жылы сусен суғарған жөн. Кейде суды себелеп тұруға болады. Күтіп-баптау: интенсивті өсу кезінде айына бір рет тыңайытқыш беріп тұрған жөн. Егер гүл шектен тыс үлкен болса, көктемде отырғызған кезде қырқып тұруға болады. Көбеюі: жаздың күндері тұқымымен немесе қаламшалармен. Көшеттеу: кішкентай өсімдікті диаметрі 4-5 см болатын арнайы ыдысқа отырғызса, ал үлкендерін қажеттілігіне сай наурыз, сәуір айларында отырғызады. Ыдыс қатты терең емес бірақ кең болуы керек. Топырақ: жапырақты, құмды, қарашірік және қыш үгінділері аралас (1:1:1:0,5). Зиянкестері мен аурулар: ауа ылғалдылығы жеткіліксіз болған кезде жапырақтары түсе бастайды. Пахира қатты желді сүймейді.
Орхидеяны жылыжайларда өсіру
Табиғатта орхидеяның көптеген түрлері кездеседі. Бұл өте әдемі және қымбат гүл болып табылады. Алайда оның әдемілігіне сай күтіп баптаудың өзіндік қиындығы болады.
Жылыжайда өсірілетін орхидеяны таңдаған кезде ең басты назарда температураны ескеру керек. Жылы ортада фаленопсисы, ванды, дендробиумы, катлеи сияқты орхидея түрлері жақсы өссе; в прохал суық жағдайда – пафиопедилюмы, целогинии, лелии сияқты түрлері жақсы өседі.
Орхидеяны күтіп баптау кезінде оған баса назар аудару керек, себебі оның әр түрінің өсуруінің өзіндік ерекшелігі болады. Орхидеяны емен діңгегіне, қайын діңгегіне, ағаш тәрізді папоротниктке отырғызған жөн, ол үшін қсімдік астына мүктің аздаған бөлігін тастаған жөн. Орхидеяны жылыжайда өсірген кезде ауаның ылғалдылығы жоғары болуы керек.
Жылыжайда орхидеяны отырғызу үшін субстарат ретінде қайың қабығы қолданылады. Қайың қабығын дезинфекциялау үшін ыстық суда 10 мин бойына қайатады, суытып, кептіреді. Содаң соң оны 1,5-2 см бөлшектерге бөліп, мүкпен араластырады. Су сіңірімрімділігін арттыру мақсатында әр түрлі қатынастағы торфты қосады.
Орхидеяны отырғызу үшін арнайы себеттер мен ыдыстар қолданылады. Ыдыстың ішкі жағы біртегіс мені болу керек. ыдыстың қосымша тесіктері болуы керек, ол гүл тамырының аэрациясын арттыру үшін қажет. Тамырлардың жақсы демалуы үшін арнайы ыдысқа қосымша саңылаудар жасау керек. Саңылауларға қатты қылдырық бекітеді – ол болашақ гүлдер үшін тіреу болады. Жылыжайда орхидея өсіру үшін себеттер ыңғайлы болады, себебі мұндай жағдайда тамырлар жақсы тыныс алады.
Орхидеяларды жылыжайды өсіру
Орхидеяны арнайы ыдысқа отырғызған кезде арнайы ыдыстың түбіне 1/3 дренаж салу керек, ал себеттерде оны керек етпейді. Орхидеяның тамырларын арнайы ыдысқа салады, қылдырыққа капрон жіптермен бекітеді де, сабақтың көлденең бөлігі үстінде қалатындай етіп субстрат себеді.
Орхидеяларды себеттерде өсіру кезінде қылдырықты тор себеттің түбіне бекітіледі, тамырлар торға бекиді және үстінен субстратпен себелейді. Себеттік әдіс үшін субстрат әлдеқайда ылғалтартқыш болу керек. субстраттың ылғал тартқыштығын көтеру үшін себеттің түбіне дейін немесе шеттеріне мүк салуға болады.
Ережеге
сай орхидея отырғызғаннан
Орхидея – жарықсүйгіш өсімдік, алайда қандай жағдай болса да, жарық тура түспеуі керек, тек шашыранды түрде болғаны жөн. Қысқы кездерде орхидеяның гүлдерін жарықтандыру керек. жарықты күн орхидея үшін 12..15 сағатқа созылуы керек. Лии – лалагүлділер жанұясына жататын көпжылдық өсімдік. Мәденилендіру үшін негізінен лалагүлдің 4 түрі қолданылады: даурлық, жолбарысты, бульбонды және патшалық. Бұл гүлдер тасымалдау мен сақтауды жақсы көтереді.
Лалагүлдер пиязшықтарын бөлу арқылы көбейеді. Тұқымдары арқылы көбейтудің әсері аз, сондықтан қолданылмайды.
Топырақты жақсы тыңайтылған, ылғалды және жақсы құрғатылғаны үшін жоғары бағалайды. Топырақтың құрылымдылығын жақсарту үшін оған үгінді қосу керек. Қоректендіруді гүлдердің гүлшанақтарын жауыршөп қоспасымен (1:8) немесе құстың саңғырығының қоспасымен (1:20) байлау кезінде өткізген жөн. Лалагүлді жылыжайда өсіру үшін пиязшықтарды тереңдігін 15...20 см, бір-бірінен қашықтығын 20...25 см етіп отырғызады. Содан кейін субстратты ағыл-тегіл етіп суарады. Одан әрі қарайғы уақытта тамырдың жақсы жайылуы үшін субстраттың ылғалдылығын сақтау керек. пиязшықтарды отырғызғаннан кейін 2 апта бойы сабақты тамырлардың пайда болу үдерісі жүреді, кейін олар арқылы ересек өсімдіктер қоректенетін болады.
Тамырлану кезеңінде топырақтың температурасы 9°С, ауанікі – 12…13°С-ты құрау керек. Өсу кезеңінде жылыжайдағы температура 14…16°С деңгейінде болу керек.
Лалагүлді ағыл-тегіл етіп және жүйелі түрде суару керек, мүмкіндігінше таңертең суарған жөн. Суарғаннан кейін топырақты қопсыту керек және тұрақты түрде отап тұру керек.
Жарықты күн лалагүл үшін 16 сағатқа созылу керек, сол үшін қысқы уақыттарда жарықтандыру керек. Жарықтың жетіспеушілігінен гүлшанақтардың кеуіп кетуі мүмкін.
Лалагүлге жақсы ауа айналымы керек.
Гүлдерді кесуді екі боялған гүлшанақ сатысында жүргізеді және 2…3°С температурада сақтайды. Жанұясы: бомбаксты немесе баобабты (Bombacaceae). Отаны – Оңтүстік Америка. Бөлме жағдайында гүлдеуі сирек болады. Өсуі: баяу. Түсі: ашық сары . Температура: көктем-жаз мезгілдерінде бірқалыпты (20-25°C). Қыста оңтайлы температура 14-16°C, ьұл жағдайда өсімдік солып қалмайды. Суару: көктем мен жазда бірқалыпты, топырақтың беткі қабаты келесі суаруға дейін кеуіп қалуы керек. Қазаннан ақпанға дейін суаруды сирек жүргізеді, алайда топырақ ұзақ уақыт құрғамағаны жөн. Ауаның ылғалдылығы: аса маңызға ие емесе. Өсімдік бөлменің құрғақ ауасын жақсы көтереді, бірақ жұмсақ тұндырылған сумен күніне екі рет бүріккен дұрыс. Қоректенуі: сәуір мен тамыз аралығында 3-4 аптада бір рет қалыпты дозада (өндіруші ұсынған) кешенді минералды тыңайтқыш себеді. Күз-қыс кезеңінде қоректендірілмейді. Кесу: көктем кезінде ұқыпты түрде жоғары ұзындап өскен бұтақтарын кесуге болады. Пахирдің кескен жері тарамданады және ұшы әлдеқайда қою бола түседі. Тынығу кезеңі: қазан мен ақпан аралығы. Жарық жерде ұстау керек. Суару сирек, Период покоя: с октября по февраль. Держат в светлом месте. Полив редкий, оңтайлы температура 14-16°C. Көшеттеу: көктемде, жас кезінде жыл сайын, кәрі өсімдіктерді 2-3 жылда көшеттейді. Көбейту: топырақты жылыту кезінде тұқыммен 25-27°C температурада, қарашірікпен. Пахира (Pachira Aubl.) баобабтылар немесе бомбакстылар (Bombacaceae) жанұясына жатады. Ағылшын таксономиясы бойынша топ сыбыстылар жанұясына тиесілі. Pachira тобы жалпы 24 түрі бар, олардың үшеуі жеуге жарайтын жемістер береді, және де солардың ішінде – су пахирасы (Pachira aquatica), немесе малабарлы талшын, оны да бөлме мәдениетінде өсіреді. Бөтелке ағашының типтік формасын еске салады. Су қабық пен ағаш арасында жиналады. Баяу өсуімен ерекшеленеді, бірақ қолайлы жағдайларда 3 метр биіктікке жетуі мүмкін.
Пахираны жеке өсімдік ретніде өсіруге болады, алайда мұндай жағдайда ол түптеу мен бүйір өркендерін шығаруды бірнеше жылдан кейін, төбеге тартыла бастаған кезде ғана бастайтынын еспке алу керек. Саудада бірнеше діңгектері өзара шатасқан пахираны жиі кездестіруге болады. Ережеге сай, бұл қымбат өсімдік, оларды өсіру лкен еңбект талап етеді.
Пахираны бонсай жасау үшін қолдануға болады.
Түрлері:
Су пахирасы (Pachira aquatica Aubl.). отаны – Оңтүстік Африканың тропикалық орманыны. Бұл гүл жапырақтарынң пішініне сай гвиандық немесе малабарсылық каштан деп те аталады. Өсімдіктің төменші сабақ жағы жуандау болып келеді, олардың пішіні мен жағдайлары олардың күтіп баптау жағдаларына байланысты болады. Жуан жерде су жиналады, егер өсімдікке су жеткіліксіз болса ол осы суды пайдаланады, сондықтанда пахира ұзақ уақыт бойына шөлге төзімді болады. Бөлме жағдайында жай өседі, дегенменде биіктігі 2,5-3 м –ге дейін жетсе, диаметрі 1,5 м-ге дейін жетеді. Алғаш өсе бастаған кезде сабағы біреу болса, уақыт өте келе сабақтар шығарады. Пахираның жапырағы ашық-жасыл түсті, саусақ салалы болады. Бөлме жағдайында өте сирек гүлдейді. Гүлдері аұ немесе сары түсті ірі болады ( ұзындығы бойынша 35 см). Жемісі зәйтүн түстес, ұзындығы 10-25 см, тұқымы домалақ болады, оны шикі немесе қуырып жейді.
Өсімдікті күтуп-баптау
Пахира жарық сүйгіш өсімдік. Аздап тура күн сәулесіне аздап төзімді, алайда ашық жарықты қажет етеді. Шығыс және батыс жаққа қараған терезеде жақсы өседі. Жаздын күндері гүлді тура күн сәулесі мен желден сақталған бақшада күтіп-баптаған дұрыс. Қыстың күні күн сәулесінің аздығына байланысты өсімдік жапырқтары жақсы сақталады, ал көктем және жаз күндерінде күн сәулесінің әсерінен жапырақтары күюі мүмкін.
Жаздың және көктем күндерінде 20-25°C температураны қажет етсе, ал қыстың күні оптимальды температурасы 14-16°C. Өсімдікті жылу жүйесі аппараттарының жанына қоймаған дұрыс. Және де желден сақтау керек, әсіресе қыс мезгілінде, себебі одан пахира тез ауырып қалуы мүмкін. Пахираны диаметрі кең болатын ыдысқа отырғызған жөн, және оған су құйған кезде оның түбіне құяды, оның жапырақтарына тимеуі керек. қараша айымен қаңтар айлары аралығында сирак суғару керек, алайда топырақтар қатты кеуіп кетпеуі керек. Суғаруға пайдаланылатын су жұмасақ және жылы болу керек. Су жеткіліксіз болған кезде пахира өз қаттылығын жоғалтып, түсе бастайды. Ал су шектен тыс көп болған жағдайда тамыры шіри бастайды. Ауа ылғалдылығы өсімдікті күтіп-баптауда маңызды орын алмайды. Өсімдік құрғақ ауаға төзімді, алайда күніне екі рет сумен себелеп тұру керек. Сәуір мен тамыз айлары аралығында 3-4 аптада комплексті тыңайтқыштар қосқан жөн.
Ал қысқы және күзгі мезгілдерде тыңайтұыш себу қажеті жоқ. Көктем кезінде пахираның қатты жоғары қараған бұтақтарын кесіп тұрған жөн. Көктем кезінде жас пахираны көшеттеген дұрыс, ал ескі пахираны 2-3 жылдан соң көшеттейді. Гүлді отырғызуға арналған терең емес, алайда кең, диаметрі шамамен 4-5 см болуы қажет. Пахираның тамыры қатты ұзын болмайды, сондыөтанда оны терең ыдысқа отырғызған кезде ол ай өсуі мүмкін. Оны егуге арналған субстрат қарашіріктен, жапырақтардан және құмнан тұруы керек (1:1:1), сонымен қатар қыш үгінділерін қосу керек. сонымен қатар әмбебап топырақ қолдануға болады. Оны ерте көктемде тұқымы арқылы немесе тамыз айында қаламшалары арқылы көбейтуге болады. Пахира 25-27°C температурада тез өсіп жетіледі. Тұқымды кең ыдысқа сеуіп, бетінен сумен себелейді. Оның үстінен шынымен полиэтиленмен жабады, ұдайы тексеріп тұрады және пайда болған су тамшыларын сүртіп тұрады. Тұқымдар кемінде 3 аптада қсіп шығады. Ал қаламшалар арқылы жаздың соңғы айларында көбейтуге болады. Жылы температурамен ылғалда жақсы өседі.
Күтіп баптау кезінде болатын кемшіліктер:
Тамырларының дұрыс емес суғару кезінде шіруі мүмкін, әсіресе суық күндері шектен тыс суғару. Ал қатты суық ауа температурасында, суық желде немесе жеткіліксіз суғаруда оның жапырақтарынығ ұшы мен айналасы қараяды.
Ал жұмсақ, қоңыр жапырықтар – температура шектен тыс төмен болған кезде, күндіз жылы ал түнде нормадан төмен болған кезде болады.
Ал шектен тыс жарықтандыру мен күн сәулесі әсерінен жапырақтары бетінде құрғақ дақ тар пайда болуы мүмкін.
Суғару. Көптеген қсімдіктер шектен тыс ылғалды ұнатпайды, ал өсімдіктерді суғару алдыда топыраққа саусағыңызды тығып көріңіз. Егер беткі қабатының 1-2 см құрғақ болатын болса, онда оны суғару қажет.
Өсімдіктің артық емес, жетерліктей су алғанына көз жеткізу үшін арнайы ыдысты тегенеге (арнайы ыдыстың астына қоятын табақша) алмастырыңыз және тегенені сумен толтырыңыз. Егер бірнеше минуттан кейін барлық су тартылып қалса, онда тағы қосыңыз. Шамамен жарты сағаттан кейін тегенені қайта тексеріңіз және судың қалғанын құйыңыз. Өсімдікті қайта суарудың алдында топырақтың беткі 1 см немесе соған тең қабаты құрғағанға дейін күте тұрыңыз. Жазда бұл келесі күні-ақ болуы мүмкін, ал қыста – 1-2 аптадан кейін де болуы мүмкін.
Тыңайытқыштермен байыту. Көптеген өсімдіктер үшін сұйық тыңайытқыштар қажет болса, ал кейбіреулері арнайы олардың қажеті бойынша дайындайды. Ары қарай біз осы ерекшеліктерді ескеретін боламыз. Өсімдіктің белсенді өсуі кезінде оғын аптасын бір немесе екі реттен тыңайтқышпен қоректендіріп тұрыңыз. Жылытылатын жылыжайларда бұл жыл бойына болуы мүмкін, ал суық немесе жылытылмайтындарда жылдың белгілі бір бөліктерінде.
Информация о работе Өсімдіктерді көшетханалар мен жылыжайларда өсіру