Түберкүлез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 22:23, курсовая работа

Описание работы

Түберкүлез ауруын жалпы сипаттама, жұқпалы ауру қоздырғышының қасиеттері,тұберкүлез ауруын емдеу шаралар және анықтайтын әдістерге сипаттама
Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Вакцина - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Ревакцинация – алдыңғы вакциналармен шыныққан иммунитетті қолдануға бағытталған іс-шаралар.
Түберкүлез - (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.

Файлы: 1 файл

курстык тубер.docx

— 590.65 Кб (Скачать файл)

Екінші бағыты — ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан түберкүлез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады.

Емдеудің үшінші бағыты —  хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер.   Әрине, тәжірибеде   осы   айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған   жерін   кесумен   бірге   істелсе,   оның   нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрілер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу дейміз. Бірақ түберкүлезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендей дәрі жұмсалса да, негізгі шара — аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп түберкүлезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық  режим   болады.   Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз.  Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және  адамның жазылуға  сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біреулеріне түберкүлезге қарсы дене шыңықтыратын шаралар істейді.

Таза ауа — пәрменді ем. Түберкүлезді емдеуде гигиеналық әдістің маңызы зор дедік.

Науқасқа емдік шараның қай түрін қолданса да, таза ауаны кең пайдалану жағы көзделуге тиіс, себебі адам ауруханада, үйде, санаторийде емделсе де сыртқы таза ауаны қысы-жазы бірдей пайдалану таптырмайтын ем. Бірақ басқа ем түрі секілді, ауаны да аурудың түріне, сатысына қарап пайдалануға тура келеді. Айталық, ауру қозған кезінде адам терлегіш, нерв жүйесі шыдамсыз, қозғыш келеді. Ондай ауру жатқан бөлмеге немесе палаткаға мезгіл-мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру керек. Егер адамның дене қызуы қалпына келіп, жалпы халі тәуірленсе, оған көлеңкеде жатуға және аздап серуендеп таза ауада жүруге рұқсат етіледі.

Қырым жағасындакы санаторийлерде емделген науқастар ала жаздай таза-ауада  болады, тіпті түнде де теңіз жағасында  ұйықтайды. Ал солтүстікте кейбір шыныққан адамдар жылы оранып, 10-150С аязда күніне 2-3 сағ таза ауада жатуға дағдыланады.

Түберкүлез науқас үшін таза ауаның пайдасы өте көп. Күнделікті тыныстанатын ауамыз негізінде оттегі мен азоттан тұрады. Бірақ бұлардың құрамына организмге зиянды көмір қышқыл газы, су буы және басқа қосымшалар да қосылып отырады. Егер тұрғын үйдің (бөлменің) ауасы ауық-ауық жаңартылмаса, ондағы ауа бұзылады, ол адам үшін, әсіресе түберкүлез ауруы үшін зиянды.

Таза ауада ауру жұқтыратын микробтар сирек кездеседі. Үйдегі ауаның бұзылуына ылғал, кір жуу, ас пісіру, темекі түтіні, лас киімдер сақтау себеп болады [8].

Таза ауа өкпеге өтіп, онда жиналған қақырықтың шығуына көмектеседі. Адам таза ауада қыдырып жүріп, еркін дем алған кезінде ауа өкпені толтыра кернейді. Қақырықпен бітеліп қалған жіңішке тыныс жолдары ішке ауа тартуға ашылады. Далада немесе терезені ашып ұйықтағанда адамның күркілдеп, қақырық тастауы тиылады, көңілі көтеріледі. Өкпедегі жолдардың қақырық түкіріктен босауы, тыныс жолдарына (өкпе ішіңе) таза ауаның еркін және мол тарауына жардай туғызады. Мұның өзі денені оттегімен байытады, сөйтіп қан кұрамын жақсартады, адамның жалпы халі жақсарып, оның басқа көңілі шабады.

Үй жағдайында адамның  сыртта көбірек жүргені жақсы. Жаз  айларында тіпті күні боны таза ауада  болғаны жөн. Ал қыстыгүні жылы киініп, далада қыдырып  жүру таптырмайтын ақыл. Түберкүлез науқастын ентігіп, шаршап жұмыс істемеуі, жүгірмеуі шарт екені есте болуға тиіс.

Күн сәулесімен емдеу. Түберкүлезді емдеуде күн сәулесінің де маңызы күшті. Күнмен емдегенде науқастын қан кұрамы жасарады, дене ұлпалары шынығады. Соның нәтижесінде олардың атқаратын қызметі жақсарады. Мұның өзі организмнін түберкүлез микробына және оның уына қарсы тұруына қолайлы жағдай туғызады. Күн сәулесі, әсіресе, теріге жағымды келеді. Күнге қақталғаннан кейін (күн ваннасы) тері жылтырап, қоңыр тартады, пысып тығыздалады. Күн сәулесі, сүйек, буын, без, тері түберкүлездеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Ал өкпе түберкүлезіне күн қауіпті. Сондықтан бұндай адамдарға күн сәулесі сирек қолданылады. Адам күн көзінде байқамай көп отырып (жатып) қалса, түберкүлез процесі тез қозады дене қызуы көтеріледі, тіпті қан қақырып та қалады. Дұрысында өкпе түберкүлезді адам күн сәулесін тек дәрігердің айтуынша ғана пайдалануы керек. Күнге қақталғанда адам жалаңаш немесе іш киіммен жатқаны жөн, басқа орамал тарту керек, бас ауырса орамалды суға батырып, сыра ораған жақсы болады.

Күн сәулесіне бірте-бірте  дағдыланбаса пайда орнына зиян келтіреді  адамның нерв жүйесіне зақым келеді, ұйқы қашады, бас ауырады және тары сондай әсерлер сезіледі.

 Судың денсаулық үшін  маңызы зор, өйткені адам өзін  сумей емдеуге үйретсе, оның  жүрек қызметі жақсарады, денеде  қан айналысы тәуірленеді, асқа  тәбеті шабады және тынысы  ашылып, тереңдеп дем алатын болады. Алдымен науқас адам денесін  таза ұстауға тиіс, ойын үшін  жетісіне бір рет моншаға немесе жылылығы 32-350 С ваннаға түсуге тиіс. Адам ваннада 10-12 минут ішінде денесін сабындап жуып, артынан 24-280С салқын сумей үстін шаяды да, үстін таза сүлгімен құрғата сүртіп, бір сағаттай тынығады.

Ваннаға түскенде   мына   жағдай   есте болсын.   Егер ауру адамның дене қызуы аздап  көтеріңкі болса, онда оған бес минуттан артық жуынуға болмайды. Өте жүдеген  немесе дене қызуы тым көтеріліп  кеткен адам ваннаға түсуді уақытша  тоқтатады. Сондай-ақ қан қақырып  жүргенде де ваннаға шомылу өте қауіпті, ондайда дәрігермен ақылдасқан жөн.

Денені таза ұстап, шынықтыруда ысқылаудың маңызы зор. Денені күнделікті ысқылау тіпті әлсіз адамға да жағады. Тек өкпеден қан түскен кезде ғана ысқылауға болмайды, өйткені бұл кезде адам қозғалмай тыныш жатуға тиіс. Ысқылауды таңертең оянысымен, дененің жылы кезінде жасаған жөн. Суыған денені ыскылаудың пайдасы жоқ, тіпті зиян келтіруі де мүмкін.

Денені ылғалданған сүлгі немесе губкамен ысуға болады. Оның үшін сүлгі (губка) суға малынып сығылады. Оның дене мүшелерін (қолды, мойынды, кеудені, арқаны және аяқты) түгел тез ысқылап шығады. Кейбіреулер тек белуарға дейін  ғана  ысқылайды. Ол  қате, өйткені көптеген адамдардың қан айналысы нашарлараннан аяқтары тоңғақ қеледі. Ал аяқты баса ысқыласа, қан тарауы қүшейіп, аяқ жылынып кетеді. Денені ылғалды сүлгімен ысқылап, құрғақ сүлгімен сүртеді, сонда тері ысып, қызарады,   адамның   қабары   ашылып,   көңілі   көтеріледі, ысқылағаннан кейін мұндай көрініс болмаса, тері түршігіп тоңса, онда ысқылаудың дұрыс  жасалмағаны,  бұл зиян. Шамалары қелетін адамдар үстерін өздері ысқылайды, ал  әлсіздерін  күтуші  адамдар  ысқылауға тиіс. Кейбір әлсіз немесе нерв жүйесі нашар адамдар батыра ысқылауды   жақтырмайды,   сондықтан   оларды  жайлап ысқылап, денесін тез кептіре сүрту керек. Салқын сумен ысқылауға  адамдардың өздері  аз-аздап үйренуі  қерек. Денесі  толық,   ширақ  адамдар   ысқылауды   үй-ішіндегі судан бастауға тиіс, дене салқынға дағдыланған сайын су температурасы төмендетіле береді, сөйте-сөйте нарыз салқын   (су құбырындағы) сумен ысуға жетеді. Әрине, әлсіз немесе дене қызуы көтеріңкі, жүдегендерді әуелі бірнеше күн құрғақ сулгімен сақтықпен ысқылаған жөн, одан кейін жылы, артынан жылымшы сумен ысқылауға болады. Әрине, денені салқын сумен ысқылағанда судың температурасы оған адам сүйсініп, көңілі көтерілетіндей болғаны жөн. «Салқындаудың жөні осы екен» деп дене түршігетін, тым мұздай суға шомылу қате.

Әлсіз адам ысқылау алдында  бір стакан сүт ішіп немесе бір тарелке ботқа жеп алсын, ал ысқылағаннан кейін 15-30 минуттай төсекте жатып тынықсын.

Бұрын  дағдыланбаған  адам  ысқылауды жаз  айларында  бастап, денесін салқын суға үйретуге тиіс. Әбден дағдыланып алған соң  ысқылау қысы-жазы бірдей істеліп, әдетке айналады. Қыстыгүндері ысқылауды жылы үйде істейді. Егер әйелдер денесін  бұрыннан ысқылап дағдыланған болса, оны етеккірі келгенде де тоқтатпауға  тиіс, бірақ бұл кезде денесің  тек белуарға дейін ысқылаған  жөн, су тым салқын болмасын. Денені ысқылау әдісін әлі үйренбеген, етеккірі келіп жүрген әйелдерге ысқылауды  бастауға  болмайды. Екіқабат кезінде  әйел дәрігерге барьш ысқылану жөнінен  кеңес алады.   Өзенге   шомылу   және   салқын   бүрікпе    (душ)   қабылдау денеге ысқылаудан гөрі күшті әсер етеді, Сондықтан түберкүлез науқас дәрігермен кеңеспей ондай істеуіне болмайды. Өзен немесе бүрікпеге түскеннен кейін кейде өкпе ауруы қозуы, яки плеврит басталуы ғажап емес. Суға түсетін  адамдардың денесі  мықты, бүйрек, жүрегі сау, өкпе ауруы тоқтаған, ешбір қауіп туғызбайтын болуы қажет[9].

 

Түберкүлезді  науқастық тамақтану тәртібі

Түберкүлезді науқастың тағам құрамында дене мүқтажын өтеуге керекті белок, май, көмірсулар, витаминдер жеткілікті болсын. Бірақ бұл заттарды организмнің мұқтажына қарай, орнымен пайдалану керек. Бұл тәртіпті сақтау, әсіресе, түберкүлез науқас үшін өте қажет. Мөлшердегі  артық тағам түберкүлез  адам үшін  пайдасыз. Әсіресе, өзі семіз, қарт және жүрек, қан тамыр, бауыр қызметі  нашарлаған,  ішегі   ауыру   адамдарға  тамақты көп беру қате. Өкпесі ойылған және түберкүлезі өршіп, қатты жығылған адамға да тағамды шамадан көп берудің қажеті жоқ, себебі ауру орган ішкен тамақтың бәрін бірдей ұқсата бермейді. Астың бойға сіңуі негізінде ішек-қарын қызметіне байланысты. Ал шамадан тыс ішкен асты бұлар баптай алмай қалады, тіпті қалыпты қызметі бұзылады. Түберкүлезді адамның кейде іші өтіп қалуы осындайдан болады. Сау асқазан – түберкүлез адамның қорғаны. Себебі астың бойға сініп, пайдасын көрсетуі үшін асқазан алқабында уыттағыш шырындар жеткілікті болуға тиіс. Ішек-қарын қызметі бұзылғанда бұл шырындардың бөлінуі де берекетсізденеді. Астың бойға дұрыс сіңбейтіні де осыдан. Есте болсын, тым семіріп кету өте зиянды. Артық май жүрек қызметін бұзады, ондай адамның жүріп-тұруы қыйындайды, тез ентігеді, жалпы халі нашарлайды.

Түберкүлездің қай түрінде болса да астын жөні бөлек. Бірақ ауру адамдардың бәрі бірдей күшті тамақ тілемейді. Ауырған адам организмінің өзгешелігіне, оның жасына, бойына және атқаратын қызметіне қарап, кімге қандай тағамды қанша беру керектігін тек емдеп жүрген дәрігер ғана белгілеп береді. Мысалы, ас тапшылығынан, ауыр жұмыстан, түрліше қатаң аурулардан және босанғаннан кейін адам жүдеп-жадаса, ондайлардың тамағын күшейтуге тура келеді. Оның өзінде де тамақ мөлшері табиғи нормасынан 15-25%-тен аспауға тиіс, яғни тәулігіне ішілетін тамақтың жалпы қуаты 2800-4500 калориядан аспауы керек. Мұнымен қатар   Түберкүлезді адамның күнделікті тағамында алдымен белоктар жеткілікті болуға тиіс. Ауру өршіген сайын белоктың кажеті арта береді. Басқаша айтқанда, мұндай кезде тағамда ет, балық, сыр, сүзбе, сүт жеткілікті болғаны жөн.

Өкпе түберкүлезін емдеуде қымыздың шипалық қасиеті күшті. Бие сүті түберкүлезді емдеуде ертеден бері пайдаланылып келеді. Зерттеу нәтижесіне қарағанда қымыздың қасиеті оның химиялық құрамына байланысты. Қымыз белогы ішекке жетіп бойға сінімді келеді. Қымыздың адамды аздап желпінтетіні, көңіл көтергіштігі оның құрамында этил спирті, сүттік қышқыл және таза көмір қышқылы болуына байланысты. Қымыз кұрамында бұлардан басқа түрлі ферменттер мен А, В, С витаминдер де бар.

Қазақ халқының өмірінде қымыз  бен бірдей орын алған шұбатты, ғылымға  белгісіз болғанымен, айтпай кетуге болмайды. Өкпе түберкүлезіне шалдығып, қан қақырған талай адамдардың шұбатпен емделіп, жазылғанын көп кездестіріп жүрміз. Біздің арнаулы зерттеуіміздің нәтижесінде шұбат құрамы мен емдік қасиеті жағынан қымыздан артық екен.

Түберкүлезді адамға майлы тамақты көбірек беру жайындағы ертедегі көзқарас та өзгерді. Бұдан бірнеше жыл бұрын шипа болады деп ауру адамға борсық шошқа және күзен майлары және басқа да майлы тамақтар беріле берсін дейтін еді. Бұл ұсыныстың соңғы кезде қате екені анықталды, себебі ауру асқынған сайын майдың сіңуі нашарлайды. Май мөлшерден артық қабылданса ол бауыр қызметін және басқа қоректік заттардың ағзада алмасуын бұзады. Сондықтан науқастың күнделікті асындағы май тәулігіне 90-100 г, ал қатал аурудікінде 70-80 г аспауы керек. Майдың әр түрлі және ішінде өсімдік майлары да болғаны жөн. Ауру адамға минералды тұзы мол капуста, сүт, жаңа сүзбе (творог), помидор, инжер, балық майы және с. с. азықтар аралас берілуге тиіс.

Түберкүлезде дененің витаминдерге тарықпауы шарт. Есте болсын, түберкүлезбен ауырғанда, кесел қозғанда денедегі витаминдер кеми бастайды. Сондықтан бұл аурудан емделгенде витамин ұмытылмай, қайта оның мол болу жары қарастырылсын. Мәселен, денеде А витамин жетімді болуы үшін сары май, сыр, жұмыртқа, бауыр, сүт, балық майы, томат, бұршақ, сәбіз, абрикос және басқа жеміс-жидектерден жасалған тарамдар дастарханда күнде болуы шарт. Ал В витамині кемімеу үшін сыра ашытқысы, бидайдың қоңыр наны, асбұршақ және жеміс-жидектер күнделікті тағамнан үзілмеуге тиіс. Егер осыларға қоса жұмыртқаның ақ уызын, етті, балықты, бауырды және сүтті тағамға күнде араластырып отырса, онда денеге В2 (рибофлавин) және В6  (пиродоксин) витаминдері жеткілікті барады [8].

Түберкүлезді емдеуде С витаминнін маңызы күшті. Әсіресе ол түберкүлез қозып ұлғайғанда, қабырға астары қабынғанда (плеврит), іш астары қабынғанда (перитонит), ми қабы түберкүлезінде пайдалы әсерін тигізеді. Сондықтан С витамині мол қарақат және қызыл қарақат шырындарын, итмұрын тұндырмасын, жидек, помидор, апельсин сығындыларын, керек болса, оларға аскорбин қышқылын да қосып, ауру адамға күнде беруге болады. Бірақ витамині бар асты пісіру әдісін де білу керек. Қөп қайнатып пісірілген сүт пен овощта витаминдер қалмайтыны есте болсын.

Түберкүлезді науқас адам тамақты күніге негізінен төрт-бес рет ішуі керек. Бірақ асты бірден өте тойып ішіп-жегеннен гөрі мөлшерлеп жиі тамақтанғанда тағам сіңімді келетіні есте болсын. Адамның әрқашан да белгілі бір мезгілде тамақтануға дағдыланғаны жөн. Осы тәртіп мықты сақталса асқазан жүйесі күн сайын тамақтанатын сағатты күтетін болады, Оның асты баптап сіңіретін шырыны дайындалып тұрады. Бұл — адамның асқа тәбеті шауып тұр деген сөз.

Астың бойға сіңімді болуына  оның түрі мен баптап ішу тәртібі  де әсер етеді. Айталық, ас жете шайналған  сайын ол қарында оңай бапталады, бойға сіңімді келедә. Сондықтан  тамақты асықпай ішіп, әбден шайнап жұтудың зор маңызы бар,

Информация о работе Түберкүлез