Түберкүлез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 22:23, курсовая работа

Описание работы

Түберкүлез ауруын жалпы сипаттама, жұқпалы ауру қоздырғышының қасиеттері,тұберкүлез ауруын емдеу шаралар және анықтайтын әдістерге сипаттама
Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Вакцина - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Ревакцинация – алдыңғы вакциналармен шыныққан иммунитетті қолдануға бағытталған іс-шаралар.
Түберкүлез - (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.

Файлы: 1 файл

курстык тубер.docx

— 590.65 Кб (Скачать файл)

Түберкүлезді дәрі-дәрмекпен емдеу. Денеге ұялаған түберкүлез микробтарының өсіп-өнуін тоқтататын дәрі-дәрмектерді науқастың жалпы деңсаулығын қүшейтетін шараларға қоса жұмсасақ, нәтижесі ойдағыдай болмақ. Бұл жөнінде ғылымның соңғы кезде ие болған біраз жетістіктері бар. Солардың бірі нашарларан ішкі секрециялы без қызметін түзейтін және асқынған түберкүлезді басатын дәрілер. Бұған соңғы кезде кейбір гормондық дәрілер пайдаланылып келеді. Гормондық дәрілер практикада   антибиотиктермен   қоса   жұмсалады. Қабынуға қарсы қолданатын бутадиен, аминазин, туберкулин тәрізді дәрілер де антибиотикпен бірге пайдаланса дәрінің емдік қасиетін көтереді, тұрақты нәтиже береді.

Соңғы кезде түберкүлезді емдеуде антибактериалдық дәрілер көп жұмысалып жүр. Тәжірибеде стрептомицин, фтивазид, ПАСК, циклосерин, кейде тибон секілді дәрілер сенімді жақсы актады. Әсіресе фтивазид, ларусан тағы сол секілді дәрілер түберкүлез микробына қырғидай тиеді.

Ал антибиотиктік және химиялық дәрі-дәрмектер табылып, іс жүзінде қолданыла бастағаннаи бері түберкүлез науқастардың 85-90%-і жазылатын дәрежеге жеттік. Бұл – ғылымның  адам  өмірін созу жолындағы ірі табысы. Химиялық дәрілерден жақсы нәтиже күткен науқас оларды белгілі бір тәртіппен ішқені жөн. Мысалы, тәжірибеде екі дәріні бірден ұзақ уақыт ішуге қосады. Әриие, оның қайсысын қалай, қанша мөлшерде ішуді тек дәрігер белгілейді. Сол секілді гормондық дәрілерді, витаминдерді қай дәрімен қосып ішуді де дәрігер көрсетеді, Өйткені мұның өзі түберкүлездің түріне, өршу сатысына, науқастың антибиотикке және басқа дәрілерге төзімділігіне байланысты. Сондықтан  дәрі-дәрмек   ішуде дәрігер белгілеген тәртіптен титтей де ауытқымау керек.

Практикада науқасты нақ сауықтыру үшін антибактериалдық дәрілерді  аурудың  түріне,  сатысына  қарай 9-12-18 айға дейін ішуге тиіс. Тек ауру адам қуаттанып, қақырығы микробтан тазарып, өкпедегі және басқа органдардағы түберкүлез ошағы әбден бітеліп, өкпе ойығы жабылған соң ғана науқасты әбден жазылды дейміз, сонда ғана дәрі ішуді тоқтатуға болады. Әрине мұндай нәтижеге тез жету ушін ауруды асқындырмай, кезінде емдеу керек. Ресми мәліметтерге қарағанда өкпе түберкүлезі білінісімен 12-15 ай үзбей емдесе, аурулардың 85%-іне дейіні дақсыз жазылып кететіні анықталып отыр.

Амал қанша, кейбіреулер  салақтық істейді. Берген дәріні біраз  күн ішеді де, қойып кетеді немесе бірде ішіп, бірде ішпей жүріп, артынан қайта бастайды. Олардың  ішінде арақ ішіп қоятындар да бар. «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап  шығады» дейді. Кейбір дәйексіз адамдар  осы өмірден алынған талассыз сөзге де құлақ аспайды, 12-18 ай бойы үзбей дәрі ішуді үлкен жүк көреді. Әрине, олардың ақыры жақсылыққа соқпайды, өмірге қауіп туғызады.

Түберклезді хирургиялық әдіспен емдеу. Түберкүлезден адамды емдеудің үшінші жолы – хирургиялық әдіс. Мұндағы мақсат – микроб ұясын денеден аластау. Хирургиялық шара да басқа емдік әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.

Түберкүлезі асқынып, өкпесі ойылған ауру жеке басына ғана емес, оның төңірегіндегі, әсіресе сол, семьядағы сау адамдар үшін өте қауіпті. Себебі науқас жөтелген, кақырған сайын және басқа да тұтынған заттармен түберкүлез микробтарын жан-жағына таратып, жұқтырып отырады. Сондықтан өкпе ойылғанын қалай да жабу шарасы көптен бері іздестіріліп келді.

Өкпедегі түберкүлез ойған жараны (каверно) жаппайынша науқасты сауықтыру және оны төңірегіндегі кісілерге қауіпсіз ету мүмкін еместігі айқындалды. Сондықтан қазіргі күнде өкпеге әр түрлі операция жасалып, ашылған қуысты жабу шаралары істеліп келеді.

Кейде науқасты түнгі тер  қатты қажытады. Бірақ кейбір қолдан келетін әдісті қолданын, терді тыюға немесе азайтуға болады. Тершең науқас тым қалық киінуге, әсіресе, түнде қалық оранып жатуға болмайды. Бөлмені ысытып жібермей, оны қоңыр салқын (12-130С) жылылықта ұстаған жөн. Жатар алдында денені жылымшы сулы орамалмен ысып ішкі киімді жиі өзгертіп тұру да пайдалы.

Өкпе түберкүлезінің кейбір түрінде қан қақыру жиі кездеседі, тіпті өкпеден қан да ағады. Қақырықта аздап қан тамшысы, қан ізі көрінісімен адам кідірмей дәрігерге көрінуге тиіс. Әрине, дәрігерге қан араласқан қақырықты ала барған жөн. Қақырыққа араласқан қанның түрін көріп дәрігер оның қайдан шыққанын айтады [10].

 

Диспансердің клиникалық зертхнасында түберкүлезді микробиологиялық диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады:

 

1) Түберкүлезді  микробиологиялық диагностикалаудың жылдамдатылған тәсілі және МБТ туберкулезге қарсы препараттарға (ВАКТЕК) сезімталдығын тездетіп анықтайды (микобактерияның детекциясы үшін және оның дәрілік препаратқа сезімталдығын анықтайтын толық автоматтандырылған жүйе ):

- жылдам және нақты  нәтиже;

- сезгіштігі  жоғары флуоресцентті технология;

- эксплуатациялаудың қарапайымдығы  және ыңғайлылығы;

- бактериологиялық зерттеу  стандартизациясы;

- дәріге сезімталдық нәтижесінің  автоматты интерпретациясы (ЛЧ);

- 1- және 2- қатардағы препаратқа  дәрілік сезімталдықты аықтау  мүмкіндігі;

- бір уақытта 960 үлгіні  зерттеу ( жылына 8000 тест )

- жұмыс кезінде персоналдың  жоғары дәрежедегі қауіпсіздігі;

- компьютерлік  мәлімет  базасына және зертханалық ақпарат  жүйесіне қосылу мүмкіндігі.

 

                     

  

2-сурет. Түберкүлезді  анықтауға арналған аппарат (ВАКТЕК).

 

2) Түберкүлезді молекулярлы - генетикалық диагностикалау әдісі (Наіn - тест). Наіn Lіfescenіce тест - жүйесінің артықшылығы:

- жұмыстың қарапайымдылығы

- реагент жұмысы үшін қажет барлық набор қосылады

-спецификалық процедура комбинациясы амплификация және гибридизациясы жұмыс кепілділігіне үміт арттырады

- нәтиже шапшаң алынады  1-2 күн ішінде

- сезімталдық және  тек  өзіне тәндік жоғары екенін  тәуелсіз мамандар бүкіл әлемде  дәлелдеген [11].

 

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. 7-14 жас аралығында манту реакциясына теріс нәтиже берсе, онда ревакцинация қолданады. Жоғарыда айтқанымыздай түберкүлезбен тек адам ғана емес, малдар да, т.б. ауырады. Үй жануарларының 50-ден астам, құстардың 20-астам түрі түберкүлез ауруын тез қабылдайды. Малдын түберкүлез ауруын тарататын негізгі ошақтардын бірі екендігі ғылыми жолмен де, тәжірибе жүзінде де дәлелденген. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, жануарлар мен құстардың түберкүлезге сезімталдығы бірдей емес. Мысалы: маймыл, қоян, ірі қара, қара күзен, тауық түберкүлезге өте сезімтал келеді. Ал жылқының, ешкінің, иттің үйрек пен қаздың түберкүлезді қабылдауы біраз төмен. А.Терлікбаев, Я.Благодарный және Қ.Құрманбаев сияқты ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда 70-жылдардың соңында республикамызда ірі қараның түберкүлезбен ауруы 6-есе болса, солтүстік аудандардаол 10-14 есеге жеткен. Жалпы аурған организмде мына белгілер байқалады: екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтepiлуi, тершендік, тәбеттің нашарлауы, жүдеу, шаршағыштық, кеуде тұсының  ауыруы, қан аралас қақырықтын түсуі. Ағзаның жақсы қорғану күші барысында түберкүлез бактериялары салауатты ұлпалардан жекеленеді, айнала тығыз қабықша дамып, аурудың дамуы тоқтатылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда түберкүлезге қарсы жұмысты түберкүлез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика түберкүлезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметіне қарағанда, қазір жер шарында түберкүлезбен 15-20 миллион адам ауратын көрінеді. Әлемде жыл сайын олардың саны 2-3 миллион адамға көбейіп отырады екен.

 

                ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМI

  1. Kumar, Vinay; Abbas, Abul K.; Fausto, Nelson; & Mitchell, Richard N. Robbins Basic Pathology. — 8th. — Saunders Elsevier, 2007. — P. 516–522. — ISBN 978-1-4160-2973-1
  2. W. Devitt Indications for Pneumothorax. Chest. 1936;2;8—26
  3. http://medi.ru/doc/9590305.htm Большой Целевой Журнал о туберкулёзе "" № 3 1999 Основы. К проблеме вакцинации BCG
  4. Перейти к: 1 2 Tuberculosis. World Health Organization (2007). Проверено 12 ноября 2009. Архивировано из первоисточника 24 августа 2011. Fact sheet No 104.
  5. Туберкулёз. Лечение. Симптомы. Профилактика. Диагностика (фото+видео)
  6. Organització Mundial de la Salut (OMS). Global tuberculosis control — surveillance, planning, financing WHO Report 2006. Consultat el 13 d’octubre del 2006.
  7. http://09.rospotrebnadzor.ru/en/faq;jsessionid=61A35C6FFB0B66C2A996204C0E
  8. www.rlsnet.ru/mkb_index_id_71.htm‎
  9. www.who.int/features/qa/08/ru/
  10. www.zdrav.kz/node/611‎
  11. densaulyk.astana.kz›index.php

 

 

                       А қосымша

 

 

           

 

                1-сурет. Түберкүлезбен ауырған сиырдың сыртқы бейнесі

 

 

 

            

 

                2- сурет.Түберкүлезбен ауырған сиырдың  ішкі бейнесі 
 

 

Б қосымша

 

 

 

    3-сурет. Түберкүлезбен ауырған адамның сыртқы бейнесі

 

 

 

 

 

      4-сурет. Түберкүлезбен ауырған адамның ішкі бейнесі

 


Информация о работе Түберкүлез