Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 09:08, реферат
* Топырақ туралы түсінік. Табиғи себеп-шарттардың әсерінен, сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өнімін қалыптастыра алатын, жер шарының құрғақ бөлігінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топыраққа ғана тән қасиет құнарлыққа байланысты. Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз.
Құнарлылық- топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзіміне қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп-шарттармен қамтамасыз ету қабілеті. Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі-мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.
Ылғалдылық артқан сайын топырақ коллоидтары, әсіресе органикалықтар өз көлемдерін молайтуға және кепкен кезде кішіретуге қабілетті. Ісінуге батпақты топырақтар икемдірек. Коллоидтық бөліктері шамалы құм топырақтар ісінбейді.
Топырақтың физикалық және
физикалық-химиялық
Топырақтың су ережесі. Егіншілік іс әрекетінде су ережесін реттеу көп жағдайда танаптың құнарлылығын арттырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ол топырақта жеткілікті мөлшерде ылғал қорын жинаудан, дақылды ең жоғары деңгейде ылғалмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін оны сақтауда және бүкіл өсу даму кезеңінде тиімді жұмсаудан тұрады.
Өсімдіктегі және топырақтағы б
Топырақтан су өсімдікке негізінен тамыр жүйесі арқылы келеді, өсімдік суды аз мөлшерде ауадан сіңіре алады. Өсімдік тіршілік әрекетінде суды мол шығындайды. Өсімдіктің бір өлшем-құрғақ зат қалыптастыру үшін шығындаған суын транспирациялық коэффициент деп атайды. Әр түрлі дақылдардың транспирациялық коэффициенттері бірдей емес. Ең төменгі тары тәрізділерде-орташа есеппен 250, біршама жоғарырақ астық дақылдарында -500-600 және салыстырмалы жоғары көпжылдық шөптерде-700-800. Жүйелей келе, 1г құрғақ зат қалыптастыруда 200 грамнан 1000 грамға дейін су шығындалады. Транспирация шамасы өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігінің нақты көрсеткіші болып табылмайды. Қоршаған орта жағдайына байланысты бір өсімдіктің транспирациялық коэффициенті кең көлемде ауытқуы мүмкін.
Өсімдіктің ылғалға деген
талабы да оның әртүрлі даму
кезеңінде бірдей болмайды. Өсуінің
және дамуының алғашқы
Өсу-даму кезеңінің соңында,
өсімдік жапырағының едәуір
Судың өсу-даму кезеңінде
1 га алаңнан транспирацияға
Мәдени дақылдардың өсу-даму кезеңінде шығындайтын суының жалпы мөлшері, олардың қарқынды өсу кезеңінің ұзақтығына, ауа райына, агротехника деңгейіне және өнім деңгейіне байланысты. Өсімдік қиын-қыстау кезеңінде тәулігіне 6 мм дейін ылғал шығындай алады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде
өсу-даму кезеңінде
Өсімдіктің басқа факторларға деген талабы қаншалықты қамтамасыз етілсе, бір өлшем құрғақ затқа соншалықты аз су шығыны кетеді. Жас жапырақ бетінің ескі жапырақ бетіне қарағанда өнімдірек жұмыс атқаратыны белгілі. Жалпы айтқанда, су өсімдікке үздіксіз келіп тұруы керек. Өсімдікке келіп тұратын судың және оның транспирацияға шығындалуының арақатынасын су теңгерімі деп атайды. Өсімдікке қажет су мөлшері мен сол сәттегі оның топырақтағы қорының айырмашылығы су тапшылығын қалыптастырады.
Өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуін бағалау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Костяков А.Н. /1933/ су теңгерім коэффициентін ұсынады. Ол белгілі бір уақытта топыраққа келіп түсетін судың булану шамасына қатынасын сипаттайды. Егер коэффициент 1-ден жоғары болса, ылғалмен артығымен қамтамасыз етілген. 1-ге тең болса, тұрақсыз ылғалдану, ал бірден төмен болса, ылғалдану жеткіліксіз деп саналады.
Өсімдіктің басым бөлігі үшін топырақтағы ылғал қорын ең төмен су сыйымдылығының 60-80% ұстау керек.
Су ережесін реттеу тәсілдері. Жауын-шашын шектелген аймақтарда су ережесін реттеу ылғалды жинаудан, сақтаудан және оны тиімді пайдаланудан тұрады.
Ылғал жинау күзде дақылды жинағаннан кейін басталады. Топырақты терең өңдеу, өңдеу қабатын борпылдақ құрылысты ете отырып, жаңбыр және еріген қар суының жақсы сіңірілуін қамтамасыз етеді, топырақ бетінен ағып кетуін азайтады.
Топырақ үстіндегі қалған пая, жел екпінін және температураны төмендете отыраып, ылғалдың булануын төмендетеді. Қалдық пая танапта биіктігі 20-25см қардың жиналуына себеп болады. Бірақ, егер бүкіл қардың топырақта 2/3 бөлігі ғана сіңірілетін болса, бұл жеткіліксіз. Қысқы ылғалды толығымен пайдалану үшін қар тілгіштермен қосымша қар тоқтату керек.
Топырақтың су теңгерімі және су ережесі. Топырақтың су ережесінің сандық сипаттамасы болып су балансы саналады. Ол топыраққа келетін бүкіл судың жиынтығын және олардың белгілі бір уақыт аралығында жұмсалуын көрсетеді.
Топыраққа келетін судың
негізгі көзі-атмосфералық
Су балансының келу бөлігінің
басқа статьяларының
Су балансының басты
Топырақтың ауа ережесі. Атмосферадан ауа топыраққа еніп, судан бос, топырақ арасындағы саңылауларға орналасады. Топырақ ауасының біраз бөлігі суда еріген түрде, жарым-жартылай коллоидтар сіңірген түрде болады. Топырақ ауасы атмосферадан оттегі мөлшерінің аздығымен және көмірқышқыл газы концентрациясының көптігімен өзгешеленеді. Микробиологиялық іс-әрекеттің нәтижесінде, ауа ауысымының аздығынан топырақта метан мен күкіртті сутегі бар газдар жиналады.
Топырақ ауасының негізгі тұтынушысы болып өсімдік тамыры, микроағзалар мен топырақ жануарлары саналады, аз мөлшерде тотығудың химиялық реакциясына жұмсалады. Өсімдіктің тамыр жүйесі бір қалыпты іс-әрекетте болуы үшін топырақ ауасындағы оттегі мөлшері 15% кем болмағаны дұрыс. Сонымен бірге, топырақ және атмосфера ауасының арасында газ алмасуы болмаса, топырақтағы оттегінің бәрі екі тәулікке шығындалып болады.
Топырақтың жылу ережесі және оны реттеу. Өсімдіктің бірқалыпты өсіп-дамуына, сондай-ақ микроағзалардың іс-әрекеті үшін, су-ауа ережесімен бірге топырақтың температуралық жағдайының да маңызы зор. Температураға өсімдіктің маңызды тіршілік әрекеттері-тыныс алуы, фотосинтез, транспирация тәуелді. Әр түрлі дақылдардың температураға талабы әр қилы. Ол өсімдіктердің өсу даму кезеңінде байланысты болады. Сондықтан тіршілік әрекетері басталатын ең төмен температура, өсімдіктің ең жақсы өсіп дамитын оңтайлы және процестің қарқыны баяулайтын ең жоғары температура болады. Өсуге қажетті оңтайлы температура басқа физиологиялық үрдістер өтетін оптимуммен үйлеспеуі де мүмкін. Өсімдіктің жылуға деген талабын білу ауылшаруашылық дақылдарын аумақта дұрыс орналастыруда, олардың дұрыс себу мерзімін таңдауға және жылу ережесін реттейтін шараларды уақытында қолдануға мүмкіндік береді. Өсімдіктің температуралық жағдайға деген талабы олардың өсуі мен дамуына қарай өзгеріп отырады. Температураның оңтайлы мәні бір дақылдың өзі үшін де тәулік ішінде әр түрлі.
Жоғары және төмен температура
микроағзаларға да бірдей әсер
Жылудың негізгі көзі-күн.
Микроағзалардың тіршілік
Топырақтың күн сәулесінің
жылуын сіңіруі оның
Ойлы-қырлы және дымқыл
топырақ беті
Топырақтың жылу жұмсауы жылуды атмосфераға беруі, топыраққа жақын ауаға таратуы және булануға шығындалуы арқылы жүреді.
Жылу ережесін реттеу дегеніміз-топырақта жылу жетпегенде көтеру және ол жоғары болғанда оны кеміту. Ол үшін біріншісінде тығыздану, қара қағазбен немесе пленкамен жамылғылау, қыста қар тоқтату, артық ылғалды жою, жылу сүйгіш дақылдарды оңтүстік беткейде орналастыру, органикалық тыңайтқыштарды енгізу, танапты арамшөптерден тазалау, дақыл егу алдында жалдар мен жүйектер жасау.
Қызудан зардап шегетін оңтүстік аудандарда, температураның төмендеуіне қопсыту, сабанмен, ағаш үгіндісімен, құрғаған қара шірікпен және шөппен жамылғылау, орман жолақтарын қолдану, егу бағытын өзгерту, суландыру, жас өсімдіктерді күн көзінен қалқалау т.б. температураның төмендеуіне себеп болады.
Топырақтың қоректік ережесі және оны реттеу. Өсімдік тамыры арқылы қоректенгенде топырақ ерітіндісінде еріген қоректік заттарды, минералды тұздар түрінде пайдаланады. Осындай қоректенген өсімдіктерді афтотрофты өсімдіктер деп атайды. Дайын органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофтыларға қарағанда, олар өз бетімен ерікті қоректенеді.
Қ.А.Тимирязев: «Егер істің мәніне үңілетін болсақ, егіншіліктің басты міндеті-өсімдіктің қоректену жағдайын анықтау және соны қатаң сақтау»,-деген еді.
Қоректену ережесін реттеудің барлық тәсілдерін 4 топқа бөледі: топырақтағы қоректік заттар қорын толықтыру, қиын және сіңірілмейтін қосылыстарды өсімдік оңай сіңіретін түрге келтіру, өсімдіктерде қоректік заттардың жоғалуын болдырмау.
Топырақты қоректік заттармен толықтыру негізінен тыңайтқыш енгізумен атқарылады. Топырақтағы органикалық заттар мөлшерін сидератты дақылдарды өсіріп, кейіннен оларды жыртып, орым қалдығын қалдырып арттыруға болады. Қоректік ережені реттеуде азот проблемасы маңызды орын алады. Азот көзі болып органикалық заттар және атмосфера азоты саналады.
Атмосфера азотының топыраққа
келіп түсуі бұршақ тұқымдас
өсімдіктердің тамырында
Азот сонымен бірге топырақта жауын-шашынмен, аммиак және азот тотықтары түрінде де келіп түседі. Бірақ азоттың негізгі көзі өсімдік тікелей сіңіре алмайтын органикалық заттар болып табылады. Топырақ азоты негізінен өсімдік және жануарлар қалдықтарының ақуыздық қосылыстары түрінде болады. Микробиологиялық үрдістердің нәтижесінде ақсылдық заттар қарапайым заттарға айналады. Мұндайда екі үрдістің маңызы басымырақ:аммонификация, яғни органикалық заттардың микробиологиялық ыдырауынан аммиактың пайда болуы және нитрификация, яғни аммиактың нитратқа дейін тотығуы.
Бұған өңдеу қабатының
оңтайлы құрылысының
Көптеген деректер бойынша
соңғы 100 жылдың ішінде топырақтағы
қара шіріндінің бастапқы
Қара шіріндінің тиімді
шығындалуына топырақты аз
Өсімдік құрамына су және
минералды және органикалық
Өсімдіктегі бордың, молибденнің, марганецтің, жездің, мырыштың және кобальттың мөлшері өте аз, пайыздың мың және жүз мыңдай бөлігіне тең. Бұлар микроэлементтер тобына жатады.