Топырақ және оның құнарлылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 09:08, реферат

Описание работы

* Топырақ туралы түсінік. Табиғи себеп-шарттардың әсерінен, сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өнімін қалыптастыра алатын, жер шарының құрғақ бөлігінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топыраққа ғана тән қасиет құнарлыққа байланысты. Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз.
Құнарлылық- топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзіміне қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп-шарттармен қамтамасыз ету қабілеті. Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі-мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.

Файлы: 1 файл

№1 Топырақ және оның құнарлылығы.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

   Қоректік элементтердің  қажеттілігі өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері мен ортаның жағдайына тәуелді. Оны ауылшаруашылық дақылдарының өнім мен топырақтан қоректік заттарды алып шығумен анықтайды. Мысалы, жаздық бидай 1т астықпен және соған сәйкес қосымша өніммен /кг/га/ : N-38, P2O5-12, K2O-26, картоп N-5, P2O5-2, K2O-9, мал азықтық қызылша N-2,5, P2O5-0,9, K2O-4,5 алып шығады.

   Өсімдіктер тамыры қоректік заттарды сіңірумен қатар, тіршілік әрекетінің өнімдерін өздері бөліп шығарады: көмірқышқылын, кейбір органикалық қышқылдарды, көмірсуларын, ферменттерді және т.б. органикалық заттарды. Бұл үрдісті экзоосмос дейді. Тамыр топырақ бөлшектерімен түйіседі де, өнімдерді әртүрлі минералды қосылыстарды ерітіп, фосфордың, калийдің және кальцийдің сіңірілмейтін түрлерін суда еритін түрлерге айналдырып, өсімдіктердің сондай-ақ микроағзалардың да қорегіне жарамды қылады.

   Өсімдік тіршілігіндегі жекелеген қоректік элементтердің рөлі зор.

   Азотты өсімдік басқа қоректік заттарға қарағанда көбірек сіңіреді. Азот барлық қарапайым және күрделі ақсылдарда /массасының 16-18%/ кездеседі, зат алмасуында және ақсыл түзілуінде үлкен рөл атқаратын рибонуклеин /РНК/ және дезоксирибонуклеин /ДНК/ қышқылдарының құрамына енеді. Ол хлорофильдің молекуласында да болады, фосфатидтарда, алколоидтарда және өсімдік жасушасының басқа да көптеген органикалық заттарында да кездеседі. Егер өсімдіктің азоттық қорегі жеткілікті болса, ақсылдық заттардың түзілуі арта түседі, ағзаның өміршеңдігі күшейеді және ұзақ уақытта созылады, жапырақтардың өсуі тездейді және олардың ескіруі /қартаюы/ баяулайды. Азот жеткіліксіз болса, өсімдік мүшелерінің өсуі кешігеді, жапырақтары ашық жасыл түсті және ұсақ болады, өнім кемиді. Ал азотпен қамтамасыз етілуі артығымен болса, өсімдіктің вегетативтік массасы қарқынды түрде артады, пісуі кешеуілдейді, соңында жалпы өнімдегі тауарлар өнімінің үлесі кемиді.

   Өсімдік N-ты негізінен топырақтың органикалық заттарын сіңіреді: топырақтағы барлық азот биологиялық жолмен пайда болады. Топырақтағы азот мөлшері 0,1-тан 0,6% дейін өзгереді. Ол негізінен органикалық қосылыстардың қарапайым және өзгерген түрінде болады. Органикалық қосылыстар өсімдікке аммиак, аммоний және нитрат түрінде сіңімді келеді. Топырақтың азотты органикалық қосылыстарының аммиакка аммонификация процесінің нәтижесінде ыдырауын топырақтағы көптеген микроағзалар атқарады.

   Мәдениленген жақсы өңделген  топырақта аммонификация және нитрификация процестері қарқынды жүреді және өсімдік жеңіл сіңіретін азот түрлері мол мөлшерде бөлінеді

   Фосфор өсімдік ағзасының тіршілігі оларсыз мүмкін болмайтын көптеген биологиялық заттардың-қант фосфатының, нуклеин қышқылдарының, нуклеотидтердің, фосфатидтердің, фитиннің және т.б. құрамына енеді. Сонымен бірге фосфор заттарының көміртегі алмасуына маңызды рөл атқаратын дәрумендердің және өсіргіш заттардың құрамында да болады.

   Өсімдікті фосформен қажетті  мөлшерде қамтамасыз ету өнімінің  саны мен сапасына зор әсер етеді. Мысалы, масақты дақылдардың жалпы өнімде астықтың үлесі артады, тамыржемістілерде қанттың мөлшері көбейеді, картопта крахмалдың, зығырда талшықтың сапасы жоғарылайды. Фосфор ауылшаруашылық дақылдарының суыққа және құрғақшылыққа төзімділігін арттырады, дамуын және пісіп жетілуін жеделдетеді. Өсімдіктер фосфордың жетіспеушілігін дамуының алғашқы кезеңдерінде-ақ сезінеді, себебі әлі жетілмеген тамыр жүйесінің сіңірімділік мүмкіншілігі өте әлсіз болады. Алғашқы өсу кезеңіндегі фосфордың жетіспеушілігі физиологиялық процестерді бұзады. Оның әсерін кейіннен фосфорлы тыңайтқышты артығымен беріп түзете алмайсың. Егістікке түйіршікті суперфосфатты қажет уақытында енгізгенде байқалатын оң әсерді осымен түсіндіруге болады.

   Фосфор органикалық және минералдық қосылыстар түрінде кездеседі.

   Фосфордың органикалық қосылыстарын  көптеген өсімдіктер пайдалана  алмайды, минералды қосылыстары  аналық жыныстың фосфатынан және  топырақтың органикалық заттары  мен органикалық тыңайтқыштар  ыдыраған кезде пайда болатын фосфаттан тұрады.

  Калий өсімдіктерде тек минералдық түрде ғана кездеседі, органикалық қосылыстардың құрамына енбейді. Ол өсімдік ағзасының жасушалары мен ұлпаларындағы өтетін су, ақсыл, көмірсуы және липидтік алмастыруларға қатысады. Калий протоплазманың сулануын күшейтеді және жасушаларға судың келуінің арқасында булану баяулайды. Калий жеткілікті болса, өсімдік құрғақшылыққа төзімді келеді.Калийлік қорек жеткілікті болса, жапырақта қанттың түзілуі және оның басқа мүшелерге жылжуы күшейе түседі. Осыған байланысты түйнек және тамыр жемістілер көмірсуларын молырақ жинайды. Күздік дақылдар мен көпжылдық шөптер қыстан жақсы шығады. Калий астық дақылдарының жатып қалуын азайтады, тұқымның танаптық өнгіштігін және астықтың натуралық салмағын арттырады.

   Калий жетпегенде фотосинтетикалық  процестің төмендеуінен ақсылдың  түзілу қарқындылығы төмендеуінен-ақсыл  емес азоттың жиналуы артады  да, өсімдіктердің саңырауқұлақ  және бактериалды ауруларға төзімділігі  нашарлайды. Сондай-ақ өсімдіктердің  дамуы және пісіп жетілуі ұзарады, астық дәні жадау келеді.

   Топырақтағы калийдің негізгі  көзі-алғашқы және соңғы алюмосиликаттар. Ал, олар аналық жыныстардың көптеген  түрлерінде болады, минералды топырақтағы  калийдің молдығы /2-3%-ке дейін/ осымен түсіндіріледі. Калийді өсімдіктің сіңіру-сіңірілмеуі топырақтағы калийдің мөлшеріне байланысты, ол көбірек болса, өсімдіктің калийді сіңіруі нашарлайды.

   Кальций қышқыл топырақтағы  бейтараптандыратын корбонаттардың  құрамына енеді. Ауылшаруашылық  дақылдардың кальцийді қажетсінуі біршама жоғары болса да, оның физиологиялық мәні көбінесе ескерілмейді. Айталық астық дақылдары 1 тонна құрғақ затпен 10 кг, беде 23кг кальций алып шығады. Бұл элемент ақсылдардың түзілуін жеделдетеді, қанттардың өзгеруіне қатысады, өсімдіктердің азоты сіңірілуін күшейтеді. Өсімдіктің тамыр жүйесінің, әсіресе тамыр қышқылдарының қалыптасуына басты рөл кальцийге тиеді. Бұл элемент жетіспесе, олар пайда болмайды, тамырлары шіриді. Кальций өсімдіктегі қышқылды сілтілі тепе-теңдікті, калиймен бірге су пайдалануды реттейді.

   Топырақтың  жіктелуі. Топырақтың көп түрлілігі оларды анықтауда, ұқсас белгілері бойынша тиісті топтарына бөлуді қажет етеді. Мұндай жіктеусіз топырақты зерттеу және тиімді пайдалау тіпті де мүмкін емес.

Топырақтың генетикалық жіктелуін ең бірінші В.В.Докучаев ұсынған. Осы жіктеу бойынша топырақ түзілудің әр процесі топырақтың белгілі бір генетикалық типін қамтамасыз етеді екен. Ол негізгі таксономиялық бірлік болып саналады. Топырақтар бір тип шегінде бірдей, өзара байланысты, қасиеттері және құнарлылық деңгейі бірдей кескінге ие болады. Сондықтан топырақ құнарлығын ұдайы арттыру үшін бір және сол шаралар кешенін талап етеді. Мысал ретінде қара топырақтарды, қара қоңыр топырақтарды, кебірлерді, шөлейттің қоңыр топырақтарын, т.б. атауға болады.

   Типтен басқа типшелерді, туысты, түрді, түршені және топырақ  дәрежесін ажыратады.

   Типше-негізгі және жанама топырақ құрау процестерінің байқалуы бойынша тип ішінде ажыратылатын топырақ топтары. Олардың ажырату ерекшеліктері жылу және су ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты болады да, қасиеттерінде байқалады және дақылды өсірудің ерекше технологиясын талап етеді. Типшенің мысалына қара топырақты /кәдімгі, оңтүстік/, күңгірт қара қоңыр топырақтарды келтіруге болады.

   Типше шегінде тектер /туыстар/ ажыратылады. Олардың сапалық ерекшеліктеріне жергілікті жағдайлар:топырақ құрауыш жыныстар құрамы, грунт суының химиялық құрамы және т.б. себепші болады. Мысалы, оңтүстік кебірлі қара топырақ, сәл кебірлі күңгірт қара-қоңыр топырақ.

   Түрше-топырақтың механикалық құрамын сипаттайды. Осы белгісі бойынша топырақ мынадай түрлерге бөлінеді:құм, құмайт, құмбалшықты, балшықты және т.б.

   Топырақ разряды аналық  жыныстың /мореналдық, аллювиалді, лесстар  және т.б./ генетикалық қасиетерімен  анықталады.

   Топырақтың толық атауы  типтен басталып, барлық таксономиялық  бірлікті қамтиды.

   Барлық топырақтар В.В.Докучаев  тұжырымдаған горизонтты аймақтық  заңға бағынатын белгілі географиялық  өріс алған. Бұл заң бойынша  топырақ түзудің табиғи факторларына аймақтық сипат тән және олардың жағрапиялық ауысымы топырақтың аймақтық ауысуына себепші болады. Сондықтан әр топырақ типінің таралуы, топырақ аймағын құрайтын белгілі бір аумақпен шектеледі. Топырақ аймақтары әдетте батыстан шығысқа созылып жатады.

  Әр аймақ аймақшаға бөлінуі  мүмкін.

   Топырақтың температуралық  ережесі және ылғалдану сипаты  бойынша оның басқа бөліктерінен  елеулі айырмашылығы бар топырақ  аймағының бөлігі топырақ фациясын  құрастырады. Фация шегінде климаттық  жағдайы бойынша тек терең бөлшектеп қарағанда топырақ аумағын ажыратады.

   Бір топырақ аумағы шегінің  өзінде осы аймаққа тән емес  топырақ типтері кездесуі мүмкін, мұндай топырақ түзінділері топырақ  кешендері деген атақ алады. Типтер  мен типшелер, біраз қашықтықта  бірін-бірі алмастырғанда, топырақ тіркестігін құрайды.

   Кейбір топырақтар өздерінің  аймақтарын құрамайды, басқа топырақ  аймағында кездеседі. Мұндай топырақтарды  ішкі аймақтық немесе интрозоналды  деп атайды.

   Таулы аймақтарда топырақтың  тік аймақтығы қалыптасқан, яғни топырақ аймақтарының тау етегінен солтүстікке қарай жүйелі ауысымы әр таулы жерлерге топырақтың белгілі бір құрылымдық тік аймақтығы тән.

   Республика аумағында топырақтың  таралуы горизонтальды және тік  аймақтық заңдылықтарға бағынады. Елдің жазық бөлігінде топырақтың мынадай аймақтарын ажыратады: қара топырақты-далалық, құрғақ далалық-шөл далалық аймақ, шөл және тау бөктерлі –шөл далалы, құрғақ субтропиктік.

   Тянь-Шань және Алтай  тауларының жүйесіне жататын, республиканың  оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында абсолюттік биіктікке көтерілген сайын қара күлгінді, қара топырақты, сұр орманды, таулы-орманды және таулы-шалғынды топырақтар таралған.

   Республикада жазықтық және  таулық аймақтық топырақтардан  басқа, ішкі аймақтық топырақтар  да кең тараған: кебірлер, сортаңдар, солодтар және шалғынды топырақтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ және оның құнарлығы  дегеніміз не?

2. Топырақ түзілу процесінің  маңызы неде? Мүжілудің қандай түрлері бар?

3. Климаттың, жер бедерінің, топырақ түзу жыныстарының топырақ түзуші себеп-шарттар ретіндегі рөлі.

4. Өсімдік неге топырақ түзілудің басты себеп-шарты?

5. Топырақтың органикалық заттарының түзілу көздері?

6. Топырақтың құрамды бөліктерін  атаңыз?

7. Қара шіріндінің құрамы мен  қасиеттерін атаңыз?

8. Топырақтың химиялық құрамын  атаңыз?

9. Топырақтың механикалық құрамы дегеніміз не? Механикалық құрамы бойынша топырақтың қандай топтарын білесіз?

10.Топырақтың қандай физикалық қасиеттерін білесіз? Әрқайсысына сипаттама беріңіз?

11. Транспирациялық және су пайдалану коэффициенті дегеніміз не?

12. Топырақта судың қандай түрлері  болады және олардың маңызы.

13. Топырақтың қандай сулық қасиеттері  болады?

14. Топырақтағы су ережесін қалай  реттейді?

15. Топырақтағы ауаның маңызы.

16. Топырақтағы жылудың өсімдік  тіршілігіндегі рөлі.

17. Өсімдіктің қоректену жолдары.

18. Өсімдік тіршілігіндегі жекелеген қоректік заттардың рөлі.

19. Қоректік ережені реттеу жолдары.

20. Топырақтың жіктелуі. Топырақты  жіктелудің өлшем бірлігі дегеніміз  не?

21. Топырақ түрлерінің аймақтық  сипаты дегеніміз не?

 

 

 

 


Информация о работе Топырақ және оның құнарлылығы