Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 12:16, реферат
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.
Мутация - қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруі. Бұл құбылыс еселену кезінде жиі етеді. Мысалы, бір нуклеотидтің орнына екінші бірін-бірі толықтыратын нуклеотид сапқа тұрады. Мутация тетігі күрделі және сан алуан. Ең ұсақ мутациялық өлшембірлік - мутон. Бар болғаны бір нуклеотид мутон бола алады. Бүл бір амин қышқылды өзгертеді, сөйтіп бүкіл нәруыздың түтас қасиетін өзгерте алады. Мутация ДНҚ-да біршама сирек өтеді. Жасуша өзінің тұқым қуалау материалын сақтауға тырысады. Мутация жиілігінің әр алуан болуы мүмкін. Бір геннің (гаметалар санына шакканда) мутациялардың орташа жиілігі дрозофил үшін - 1:100 000, адам үшін - 1:200 000 қатынасындай. Алайда жоғары сатыдағы ағза хромосомасының гаплоидтық жиынтығында тіпті бірнеше мың гендер болатынын ескеретін болсак, олардың әрқайсысы ең болмағанда 1:1 000 000 жиілікте өзгерте алатын мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ең болмағанда бір мутациялы гендері бар гаметалар саны жеткілікті мөлшерде көп болады. Дрозофиланың 50 -100 гаметаның әрқайсысынан кем дегенде бір мутация пайда болады.
Бір ағзаның әр алуан гендері әр түрлі жиілікте мутацияланады. Жүгері тұқымы реңінің гені 500 жиілікпен мутациялайды, ал тұқым өжімдігінің гені 1 жиілікте миллион гамета мутацияға ұшыратады.
Жоспар