Жасуша құрамындағы органикалық заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 16:38, доклад

Описание работы

Жасуша құрамындағы органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі. Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады.

Файлы: 1 файл

Органикалық заттар(ғылыми жоба).docx

— 562.68 Кб (Скачать файл)

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

 

А витамині. А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

 

D витамині. D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

 

Суда еритін витаминдер. С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

 

Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары. Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.

 

В1 витаминi. В1 витаминi (тиамин ) ағзада дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 витаминін көп қажет етеді.

 

В2 витамині. В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

 

В6 витаминi. В6 витаминi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезімін е тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. Вб витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин ағзада жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

 

В12 витамині. В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

 

В15 витаминi. В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

 

Е витаминi. Е витаминi (токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқала, сүттің құрамында бар.

 

К витаминi. К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.

 

Р витаминi. Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

 

РР витамині. РР витамині (никотинамид, никотин қышқылы) ағзада биологиялық қышқылдану процестерінің жүзеге асуы үшін қажет. Жеткілікті мөлшерде бауыр мен бүйректе, ашытқыла, ет пен сүтте, сонымен қатар бұршақта, ірі бұршақта, бидай ұнының құрамында бар. РР витамині әсіресе қарақұмық ұнтағында және саңырауқұлақта көп. Өсімдік өнімдерінен гөрі, мал өнімдеріне!! жасалған тағамдардың құрамындағы витаминдерді адам ағзасы жақсырақ сіңіреді.

 

Гормондар.

Гормондар. Гормондар көп жасушалы ағзадағы маңызды тіршілік қызметтерін реттейтін химиялық заттар. "Гормон" термині грек тілінен аударғанда "хормао" — коздырамын, қозғалыска келтіремін деген мағынаны білдіреді. Осы терминді 1904 ж. У.Бэйлис пен Э.Старлинг енгізген.

Гормондардың әсерін зерттеу — қазіргі биологияның ең басты мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде гормональды сигналдың жүзеге асырылу механизмі анықталған. Ең алдымен, белгілі бір қабылдағыштар гормонды тануы керек және мұнда аралық сигналды заттар — мессенжерлер немесе екінші реттік гормондар міндетті түрде қатысады. Гормональды сигналдың жүзеге асуы олардың телімділігіне жөне сезімталдығына әрі сигналдар иерархиясына байланысты. Жоғары қатардағы гормон төменгі қатардағы гормонның (мессенжер) пайда болуын тудырады, ал төменғі қатардағы гормондар жоғары қатардағы гормондарға әсер ете алмайды. Гормональдық сигналдардың кеңістікте бытыраңкы болуы — міндетті шарт. Гормондық сигналдардың тасымалдануы қаскадтық (эстафеталық) жолмен жүреді. Әрбір эстафетаны тасымалдауда сигнал шифрі (пароль) өзгеріп отырады. Сондықтан да бірінші сигнал тек бір бөлімді қоса алады, басқа сигналдарды қоса алмайды.

Гормональды сигналдардың жүзеге асуын карастырайың. Гипофиз — мида орналасқан ішкі секреция безі. Гипофиз адренокортикотропты гормон беледі, ол қанға түсіп, қан арұылы бүйрек үсті безінің қабылдағышына әсер етеді. Осыған жауап ретінде бүйрек үсті безінде адреналин өндіріледі. Адреналин қан арқылы бауырға түсіп, бауыр жасушаларының кабылдағыштарына өтеді. Адреналиннің бауыр жасушаларына өтуі гликогеннің глюкозаға айналуын тездетеді. Ғалымдар адреналиннің бір молекуласының әсер етуінен қанда глюкозаның миллион молекуласы пайда болатынын есептеп шығарған. Нәтижесінде ағзада ерекше күш-қуаттың жиналатыны байқалады. Адреналин қорку және қатты қуану сәтінде түзіледі.

Эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметін, олардағы гормондар мен зат алмасудың гормональды реттелуінің механизмін зерттейтін биохимия белімі эндокринология деп аталады.

Гормонның жеткіліксіз бөлінуі немесе олардың қызметінін бұзылуы қауіпті аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанда тағамда йод жетіспеуі нәтижесінде болатын қалқатиа без ауруы (зоб) кең тараған. Бұл ауытқулар қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әсер етеді. Инсулин жетіспесе, қант диабеті ауруына шалдығады.

Гормондар өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, ауксин гормоны жасушаның созылып өсуін реттейді. Гибберелин тұқымның әнуін тездетеді. Цитокинин жасушалардың бөлінуін жүзеге асырады. Этилен органоидтер мен ұлпалардың тез қартаюына әкеледі.

• Барлық азғалар жасушаларьшың құрамына әр түрлі органикалық заттар кіреді.

• Жасуша құрамында көмірсулар мөлшері кеп болады. Көмірсулардың ішінде ең маңыздысы — глюкозаның полимері — крахмал (гликоген).

• Липидтерден биомембраналардың негізгі құрылым материалы фосфолипидтер алынады.

• Көмірсулар мен липидтер энергетикалық құрылымдық, қорғаныштық және қорға жинау қызметтерін атқарады.

• Витаминдер жасушада аса маңызды рөл атқарады. Витаминдердің жетіспеушілігі түрлі ауруларға, мысалы, құрқұлак, бери-бери және пеллагра ауруына шалдықтырады.

• Гормондар ағзаның негізгі тіршілік қызметтерін реттейтін ерекше заттар.

• Гормоналыды сигналдар иерархиясы болады: жоғары қатардағы гормондар төменгі катардағы гормондардың пайда болуын тудырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова.
  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0.
  3. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.
  4. Қазақ энциклопедиясы.
  5. Каррер П., Органикалық химияның курсы, 2 баспа, Л., 1962.
  6. Тютюнников Б. Н., Химиялық майлар, М., 1966.
  7. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-         сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008.
  8. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.
  9. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология.

 

 


Информация о работе Жасуша құрамындағы органикалық заттар