Жерге орналастырудың
құрылымы
Реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты
жер пайдаланушылықтарды құруға немесе
реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыстарының
мазмұны шаруашылықаралық (ШАЖО) және
ішкі шаруашылық (ІШЖО)түрлеріне бөлінеді.
Жерге орналастыру объектісіне қарай
екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың
біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының
жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға,
реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі
әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке
шаруашылық мұқтаждықтарға жер бөліп беруге
байланысты. Демек ауылшаруашылық емес
кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Бұрын ішкішаруашылық жерге орналастырудың
екі формасы бөлінетін: жаппай ұжымдау
мен совхоздарды ұйымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары ішкіколхоздық
және ішкісовхоздық формалары болатын.
Жерге орналастырудың бұл түрінде түр тармақтары
белгіленбеді. Кейінірек, колхоздарда еңбек ақысын
ақшалай төлеу жүйесі енгізілгенде, МТС-ры
жойылып, техника колхоздардың қарамағына
ауыстырылғанда, ішкіколхоздық және ішкісовхоздық
жерге орналастыру формаларының ешбір айырмашылығы
болмады. Дегенмен, колхоздарда да, совхоздарда да
олардың мамандандырылғанына, ұйымдастыру
– шаруашылық құрылымдарына, жерлерінің
реттестірілуіне байланысты өндірістерінің
көлемінде, міндеттерінің мазмұны мен атқару
әдістерінде, сондай-ақ ІШЖО формаларында
да айтарлықтай айырмашылық сақталды.
Негізінен ІШЖО тек сол шаруашылықтың ғана
мүдделерін қозғайды.
Жерге орналастыру құрамында оның
тек екі түрін белгілегенде жер категориялары
мен жерге орналастыру іс-қимылдарының
мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері
халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік – территориялық
бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке
кәсіорындарға қатысты.
Қазіргі жерге орналастыру салааралық
сипаттағы, жалпы распублика, сонымен бірге
халық шаруашылығының жеке салаларының
көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға
бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге
орналастыру құрамында салааралық жерге орналастыру түрі
анық белгіленіп отыр.
Салааралық жерге орналастыру арқылы
жер қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының
көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының
құрылуы, елді мекендердің, басқаша айтқанда,
ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар
орналасқан агломерация шептерінің жүргізілуі
жүзеге асырылады. Елді мекеннің жер массиві
мен межелері әкімшілік-территориялық
бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі
болып табылады. Салааралық жерге орналастыруға
облыстар мен аудандардың шекараларын
белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны
делимитациялау және демаркациялау жөніндегі
іс-қимылдар жатады.
Жерге орналастырудың екінші
түрі – шаруашылықаралық жерге орналастыру
(ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір
кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі,
бірақта тек жеке саланың шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО
әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес
заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін,
олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын
құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып
отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық
және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне
қарай ажыратылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру тек ауылшаруашылық
кәсіпорындарының, серіктестіктердің,
кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде
ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты
жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге,
топырақты әр түрлі техногендік және табиғи
теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан
сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға
қолайлы территориялық реттілік жасау.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру формаларының
бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік
аймақтарында жорбалық міндеттердің әр
түрлі әдіс – тәсілдері арқылы орындалуымен
себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында
жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау
жүйесін, эрозия қауіптілігін, жердің
сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес
теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады.
Осымен қатар басқа территориялардың да
ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы
егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық
территорияны реттестіру суару және коллекторлық
дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің
орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз
байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке
учаскенің немесе алап түрінің шеңберінде
жүргізіледі.
Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс
жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге
болады:
- ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
- бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
- жаңа жерлерді игеру;
- культуртехникалық шараларды жүргізу;
- эрозияға қарсы шараларды жобалау;
- мелиоративтік шараларды жоспарлау.
Жерге орналастыру жұмыстары
Жерге орналастырудың мазмұны қоғамдық
өндірістің, әсіресе экономикалық аграрлық
секторының талабына сәйкес анықталады.
Негізгі жерге орналастыру жұмыстары:
- а/ш және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу;
- а/ш мекемелерінің, шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып қайтадан құру (совершенствование существующих),
- а/ш мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу.
- Мемлекеттік, жеке меншікке және қоғамдық қажеттілікке жер бөлу;
- Қала, поселка және ауылдардың шегараларын анықтау және өзгерту.
- Топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. зерттеу және ізденіс жұмыстары жатады.
Зерттеу және ізденіс жұмыстарының
материалдары тек қана жерге орналастыру жобасын
жасауда және негіздеуде қолданылып қоймай,
мелиорация, жол салу және басқа құрылыстарда
және т.б қажеттіліктерде пайдаланылады.
Өндірістік және заңдылық жерге орналастыру
процессі келесі кезеңдерден тұрады:
1. дайындық жұмыстары
2. жобаны құру, қорғау және бекіту
3. жобаны жер бетіне түсіру
4. құжаттарды тағайындау және
жер иесіне, пайдаланушыға, арендаға алушыға
тапсыру
5. авторлық тексеру
Кезендер бір-бірімен мазмұны және
көлемдерімен айрықша, олар әртүрлі әдістермен
және жолдармен орындалады.
Ең көлемді және қиын кезеңі-жобалау
Жобаны құру және негіздеу барлық
жерге орналастырудың жұмысының түйіні.
Жоба шешімдерін жасау әдістері,
оларды экономикалық, экологиялық, (қоғамдық)
әлеуметтік және заңдылық негіздеу - жерге орналастыруды
жобалаудың заты.
Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме,
бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын,
жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің
шегарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай,
жүргізуді бастауға тиісті емес.
Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және
қамтамасыз етеді:
- жер ресурстарын пайдалану және
қорғау бағдарламаларын, жерге орналастыру, жерді зоналарға
бөлу республикалық,облыстық және региондық схема-болжауларын және
жерге орналастыру жобаларын жасауды:
- жаңа жер пайдалануын құру және бұрыннан бар жер пайдаланулады
дұрыстау, жер учаскесін бөліп беру және оның шегарасын жер
бетінде бекіту, жерге иелік және пайдалану құқығын бекітетін
құжаттарды тағайындау;
- жер бетінде әкімшілік-территориялық
құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи территориялардың және
басқа ерекше жағдайда пайдаланатын және қорғалатын жерлердің шегараларын
жер бетінде белгілеу.
Жерге орналастыру жобасы
Жерге орналастыру жобасы дегеніміз-
халық шаруашылығында, әсіресе ауыл шаруашылығында жерді жаңаша
орналастыруда жасалатын шаралардың тиімділігін экономикалық,
техникалық және заңдық түрде дәлелдеу
құжаттарының жиынтығы.
Жер орналастыруды жобалаудың
заты-жоба шешімдерін орындау әдістері,
оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік
және заңдылық негіздеу.
Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме,
бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын,
жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер
учаскесінің шегарасы түсірілмей, оның
мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес.Сондықтан ең
басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі
тиіс.Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері:
жер пайдаланудың; оның бөлімшелерінің
экономикалық тиімді көлемі, орны және
шегарасы; шаруашылық орталықтарының,
ауыспалы егістіктің, жайылымның, шабындықтың
тиімді орналасуы, жеміс-жидек және жүзімдік
кварталдарының және басқа шаруашылық
учаскелерінің экономикалық тиімді көлемдері,
орналасуы және ыңғайлы шегаралары.
Сондықтан жоба, әсіресе ауыл
шаруашылығы үшін прогресивті технологияны еңгізуде,
және өндірісті ұйымдастыруда негіз болып
есептелінеді.Жерге орналастыру жобаларындағы және схемаларындағы
өндірісті технологиялық ұйымдастыру мұқият
экономикалық дәлелдеуге байланысты.
Ауылдық елді мекендерді жоспарлауды жобалау негізіне
- өндіріс күштерін орналастыру және шаруашылық
дамуының келешектік жоспары жатады және
соңғысы аудандық жоспарлау жобасы мен ауылдың экономикалық
және әлеуметтік дамуы жоспарында қарастырылған
жаңадан қоныстандыруды ескере отырып
дайындалады.
Ауылдық елді мекендерді жоспарлау ауыл шаруашылық өндірісінің
ұйымдастырумен шаруашылық аумағының жерге орналастырылуымен байланыстырылуы,
басқа елді мекендермен, бөлек орналасқан фермалармен, ауыл
шаруашылығы жерлерімен және көлік магистралдарымен ыңғайлы
түрдегі байланысты қамтамасыз етуі қажет.
Ауылдық елді мекендерді жоспарлау
және салу жобасының міндеті –оның дамуының келешегін, сәулеттік
– жоспарлау құрылымын дайындаудан, аумақтық қызметтік және құрылыстық
аймақтарға бөлуді жүзеге асырудан, барлық тұрғын,
мәдени-тұрмыс және өндірістік мақсаттағы обьектілерді
инженерлік жабдықтауды, көркейтуді жүргізуден,
құрылыс кезегін белгілеуден тұрады. Жоспарлау
жобасында елді мекенді дамыту келешегін
ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық,
сәулеттік – құрылыстық және инженерлік
– техникалық мәселелер кешенді түрде
шешіледі.
Ауылдық елді мекенді жоспарлау
және салу жобасы екі: графиктік және есептік – мәтіндік бөліктерден
тұрады.
Графиктік бөлікке төмендегілер
кіреді:
- аудандық жоспарлау және ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларының негізінде 1:10000 немесе 1:25000 масштабта жасалынған шаруашылық жер пайдаланудың сызбасы. Ол елді мекеннің, өндірістік кешендердің, жол торабының,ауылдан тыс инженерлік коммуникациялардың, ауыларалық, шаруашылықаралық және аудандық маңызы бар мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету обьектілерінің, су жинау және тазарту ғимараттары, арнайы мақсаттағы жасыл екпелер, бейіттер және т.б. орналасқан жерлердің орналасуының қазіргі жағдайы мен жобалық шешімдерін бейнелеуі қажет. Жер пайдалану сызбасына елді мекенді жобалық шекарада түсіреді.Жер пайдаланудың мұндай сызбасы елді мекеннің оны қоршаған аумаққа қалай сәйкестеніп тұратындығын, оның ұйымдастырылуымен қалай келісімделетіндігін көрсетеді:
- елді мекеннің 1:2000 масштабтағы тіректік жоспары, онда аумақтың қазіргі пайдалануын, ондағы құрылысты, инженерлік жабдықтауды, көркейту мен көгалдандыруды, жолдарды, көшелерді және өткінші жолдарды бейнелейді. Тіректік жоспарға түсірілген, ғимараттармен құрылыстарға графиктік сипаттама беріледі: мақсатты арналуы, қабырға материялы. Физикалық тозу дәрежесі .Сонымен қатар, тіректік жоспарда сол жердегі құрылыс шектеулері «сайлар, жыралар, батпақтанған немесе су басқан аумақтар, жер асты сулары биік орналасқан аймақтар және т.б.» әлем жақтары арқылы бағдарлау, жел розасы көрсетіледі. Тіректік жоспарды бас жоспардың негізгі сызбасының масштабында топографиялық негізшеде жасайды және жобалау кезінде онда бейнеленген аумақ ерекшеліктерін жоспарлау жобасында есепке алу үшін пайдаланады;
- бас жоспар (негізгі сызба), онда өндірістік және тұрғын аймағы аумақтарының, қоғамдық мекемелер мен жеке пайдаланымдағы учаскелердің, демалыс аймағының, қоғамдық орталықтың жобаланатын шекаралары, тұрғындық, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың және т.б. орналасуы құрылысының бірінші кезегін белгілеумен бірге көрсетіледі.
Бас жоспар парағында әлем жақтары бойынша
бағдарлаумен бірге жел розасы, қолданыстағы
және жобаланатын ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясы,
аумақтың жобалық балансы орналастырылып,
негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер,
шартты белгілер мен жобалау ұйымының мөртабаны беріледі.
Жоспарлау жобасының негізгі сызбасын
әдетте 1:2000 масштабтағы жоспарда бедерді
0,5-1,0м қимадағы горизонталдар арқылы бейнелеумен бірге жасайды;
- негізгі жолдар, көшелер және өтпе жолдар осьтерінің бөлу сызбасымен бірге орындалатын, бас жоспар масштабында жасалынған тік жоспарлау сызбасы. Сызуда қара және қызыл белгілер (табиғи бедер мен жобалық бедер белгілері), негізгі көшелер мен өтпе тұстардың осьтері бойынша жобалық еңістер, беткі сулар ағысының бағыты көрсетіледі. Осы парақта 1:200 масштабта көшелердің, жолдардың және өтпе тұстардың көлденең кескіндерін, шартты белгілерді, жол төсемдерін орналастыру жөніндегі жұмыстар көлемін және т.с.с. келтіреді. Негізгі көшелер мен бедері күрделі көшелер бойынша жүргінші бөліктің осі орқылы бойлық кескін дайындалады;
- инженерлік жүйелер сызбасы, онда электрмен жабдықтау трассалары, су құбыры, канализация, жылумен жабдықтау, трансформаторлық қосалқы станциялар, жоғары кернеулі электр тарату желілері, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтары салынады.
Есептік – мәтіндік бөлік бастапқы
мәліметтерден, жабдықтау есептерден және
сметалық – қаржылық есептеумен бірге түсініктеме
хаттан тұрады.
Есептік – мәтіндік бөліктің
бастапқы мәліметтеріне аудандық жоспарлау мен ішкі
шаралық жерге орналастыру жобалары немесе
осы жобалардың ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы мен
шоғырлануына, құрылыс құрамы мен көлемін анықтауға қажетті материалдарынан
көшірмелер, тиісті құрылыс алаңшасында
және оған жанасатын аумақтарда жүргізілген
арнайы тексерулер мен зерттеу материалдары
кіреді. Бастапқы мәліметтерді жинақтап
қорыту нәтижесінде жобалауға тапсырма
құрылады.
Жобалық есептер халықтың келешектегі санын,
құрылыстың барлық түрінің көлемі мен
құрамын, судың, электр энергиясының, елді
мекенге қажетті аумақ көлемінің қажеттілігін
анықтау үшін жүргізіледі.