Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 23:44, реферат
Тірі заттың негізгі қасиеттерінің бірі – тітіркендіргіштік. Әрбір тірі организм өзін қоршаған ортадан тітіркену алып, оған сәйкесті реакциялармен жауап қайтарады. Организмнің өзінде жүретін зат алмасу да өз кезегінде бірқатар тітіркену тудырып, организм оларға да жауап береді. Тітіркену келетін жер мен оған жауап беретін мүше арасындағы байланыс көпклеткалы күрделі организмде нерв жүйесі арқылы іске асырылады.
Нерв жүйесі өзінің тармақ-тарамдарымен барлық мүшелер мен тканьдерге өтіп, организмнің барлық бөліктерін біріктіріп, интеграциялап, тұтастырып байланыстырады.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім:
А) Ми қабықтары;
Б) Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу тарихы;
В) Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі, айналымы;
3. Қорытынды бөлім.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: “Ми-жұлын сұйықтығы”
Орындаған: Идрисова Е. М.
210 топ ЖМФ
Тексерген:
Семей 2013 жыл
Жоспар:
А) Ми қабықтары;
Б) Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу тарихы;
В) Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі, айналымы;
3. Қорытынды бөлім.
I.Кіріспе бөлім
Тірі заттың негізгі қасиеттерінің бірі – тітіркендіргіштік. Әрбір тірі организм өзін қоршаған ортадан тітіркену алып, оған сәйкесті реакциялармен жауап қайтарады. Организмнің өзінде жүретін зат алмасу да өз кезегінде бірқатар тітіркену тудырып, организм оларға да жауап береді. Тітіркену келетін жер мен оған жауап беретін мүше арасындағы байланыс көпклеткалы күрделі организмде нерв жүйесі арқылы іске асырылады.
Нерв жүйесі өзінің тармақ-тарамдарымен барлық мүшелер мен тканьдерге өтіп, организмнің барлық бөліктерін біріктіріп, интеграциялап, тұтастырып байланыстырады.
Демек, нерв жүйесі «аса күрделі жүйе – организмді және оның барлық бөліктерін шексіз көп сыртқы әсерлермен байланытырып, өзара қатыстыратын аса күрделі де нәзік құрал болып табылады» (И. П. Павлов)
Ми қабықтары
Ми қабығы – meninges – жұлын қабықтарының (қатты, торлы, жұмсақ) тікелей жалғасын құрайды.
Қатты қабық – dura mater encephali – басқа қабықтар сыртында жататын тығыз ақшылдау дәнекер тканьді қабық. Оның сыртқы беті тікелей бассүйектеріне жанасып, олар үшін сүйек қабығы болып есептеледі, оның жұлынның дәл осындай қабығынан өзгешелігі осында. Миға қараған ішкі беті эндотелиймен жабылған, осы себепті тегіс және жылтыр. Онымен мидың торлы қабығының арасында кішкене мөлшердегі сұйықтықпен толтырылған тар саңылау тәрізді кеңістік – spatium subdurale – болады. Кей жерлерде қатты қабық екі жапырақшаға жарылады. Мұндай жарылу веналық қойнаулар аймағында, сондай-ақ үшкіл нерв түйіні жатқан самай сүйегі пирамидасының төбесіндегі шұңқыр аймағында (impressio trigemini) кездеседі. Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бөліктері арасына өтіп, бір-бірінен бөледі.
Falx cerebri – үлкен ми орағы, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагиттальді бағытта орналасқан. Ол бассүйек күмбезінің орта сызығы бойымен жиектеріне бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен crista galli-ге бітісіп өсіп, ал артқы кең жиегімен мишық шатырының жоғарғы бетімен бітісіп кетеді.
Tentorium cerebelli – мишық шатыры, горизонтальды керілген, екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөңестеу пластинка. Бұл шүйде сүйегінің – sulcus sinus transversi – жиектеріне және екі жағында самай сүйегі пирамидасының жоғарғы қыры бойына, сына тәрізді сүйекті processus clinoideus posterior-ына дейін бекиді.
Falx cerebelli – мишық орағы үлкен ми орағы сияқты орта сызық бойымен – crista occipitalis interna-ны бойлай шүйде сүйегінің үлкен тесігіне дейін орналастырып, ол тікелей тесікті бүйір жақтарынан екі аяқшасымен қаусырады. Бұл аласа өсінді мишықтың артқы ойығына еніп тұрады.
Diaphragma sellae – ершік диафрагмасы, түрік ершігі түбінде гипофиз үшін шұқырды үстіңгі жағынан шектейтін пластинка. Оның ортасынан hypophisis-ден шығатын – infundibulum-ға арналған тесік өтеді.
Қатты қабықта меншікті веналарынан басқа мидан қан жинайтын қатты қабық қойнаулары – sinus durae matris деп аталатын қойнаулар болады.
Қойнаулар – қатты қабықтың меншікті қабатында оның өсінділерінің бассүйекке бекитін жерлерінде жайғасып, веналардан қабырғаларының құрылысымен өзгешеленетін, қақпақшалары жоқ веналық өзектер (көлденең кесіндісінде үшбұрышты). Қабырғалары қатты қабықтың керілген жапырақтарынан түзілген, сондықтан кескенде қабыспайды да, жарақаттанғанда үңірейіп тұрады. Вена қойнаулары қабырғаларының серпімсіздігі бассүйек ішіндегі қысым өзгергенде қанның еркін ағып кетуін қамтамасыз етеді, бұл мидың үздіксіз қызмет жасауы үшін маңызды.
Мынадай қойнаулар бар: sinus transversus – ең үлкен және кең, шүйде сүйегінің sulcus sinus transversi-де, tentorium cerebelli-нің артқы жиегінде орналасады, ол жерден sinus sigmoideus-ке жалғасады да, sulcus sinus sigmoidea-ға орналасады, одан әрі foramen jugulare арқылы v. jugularis interna-ға жалғасады. Осының арқасында көлденең қойнау сигма тәрізді қойнаумен бірге бассүйек қуысындағы барлық вена қаны үшін негізгі коллектор қызметін атқарады. Оған бір бөлігі тікелей, бір бөлігі жанама жолмен барлық қалған қойнаулар (синустар) құяды.
Тікелей құятындар: sinus sagittalis superior, ол falx cerebri-дің жоғарғы жиегімен бүкіл sulcus sinus sagittalis superioris-тің бойымен crista galli-ден бастап, protuberantia occipitakis inferna-ға бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыға дейін өтеді. Sinus sagittalis superior-дың бүйірлерінде, қатты қабық қабатында кішкене қуыстар – қан көлдері деп аталатындар орналасады, олар бір жағынан қойнаумен және диплоилық веналармен, екінші жағынан қатты қабықтың және мидың веналарымен қатынасады. Sinus occipitalis, falx cerebelli-дің crista occipitalis interna-ға бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыда аталған синустың жалғасы ретінде өтеді, одан шүйде сүйегінің - foramen magnum-ның екі жиегін бойлай орналасады. Sinus rectus, falx cerebri-дің мишық шатырына бекитін жерінде орналасады. Ол алдыңғы жағынан ми орағының төменгі жиегі бойымен жүретін төменгі сагиттальды қойнауды, сондай-ақ мидың ең терең бөліктерінен ағып шығатын мидың үлкен венасын қабылдайды.
Аталған қойнаулар – sinus transversus, sinus sagittalis superior, sinus rectus және sinus occipitalis-тер түйісетін жерде қойнаулар жиыны – confluens sinuum деген атпен белгілі, кеңейген жер түзіледі. Бассүйектің негізінде түрік ершігі бүйірінде ішкі ұйқы артериясын қоршап жатқан веналық өрім немесе бір-бірімен айқасып жатқан қуыстар түрінде кеуекті қойнау – sinus cavernosus – орналасқан. Ол қарсы жақтың қойнауымен – fossa hypophisialis-тің алдынан және артынан өтетін екі көлденең анастомоздармен – sinus intercavernisi – жалғасады, сол себепті түрік ершігі аймағында веналық сақина түзіледі.
Алдыңғы жағынан кеуекті синусқа жоғарғы көз саңылауы арқылы өтетін – v. оptalmica superior, сондай-ақ alae minoris-тің жиегі бойымен өтетін sinus sphenoparictalis-тің төменгі шеті құяды.
Қан кеуекті қойнаудан артта жатқан екі қойнауға: sinus petrosi superior et inferior-ға кетеді. Олар пирамиданың жоғарғы және төменгі жиектерінде орналасады. Екі төменгі тастық қойнаулар өзара шүйде сүйегінің негіздік бөлігінде, қатты қабықшаның қабатында жатқан және бәрі қосылып plexus basilaris деп аталатын бірнеше вена өзекшелері арқылы байланысады. Plexus basilaris омыртқа өзегінің веналық өрімдерімен қатынасады, олар арқылы осылайша қан бассүйек қуысынан ағып кетеді.
Қанның қойнаулардан ағып шығатын басты жолы ішкі мойындырық веналары болып табылады, бірақ оған қоса, веналық қойнаулар бассүйек тесіктері – foramen parietale, foramen mastoudeum, canalis condylaris-тер арқылы өтетін эмиссарлық веналар – vv. еmissariae – арқылы бассүйектің сыртқы бетіндегі веналармен қосылады. Бассүйектен foramen ovale және сanalis hypoglossalis арқылы нервтермен бірге шығатын кішкене веналар да осындай роль атқарады. Сондай-ақ қатты қабықшаның қойнауларына бассүйектерінің кеуекті затының веналары да құяды; олар басқа ұшымен бастың сыртқы веналармен байланысады.
Vena diploicae – іш жағынан эндотелий қабатымен астарланған бассүйектің жалпақ сүйектерінің кеуекті затында өтетін, бір-бірімен анастомозданатын өзектер болып табылады.
Торлы қабық – arachnoidea encephali – жұлындағы сияқты қатты қабықтан субдуральды кеңістіктің капилляр саңылауымен бөлінеді. Торлы қабық жұмсақ қабық сияқты мидың жүлгелері мен ойыстарына енбейді. Жұмсақ және мөлдір қабықша арасы сұйыққа толы торасты кеңістік – cavitas subarachnoidealis құрады. Кейбір жерлерде, көбінесе ми табанында, торасты кеңістігі өте күшті дамып, сұйықтығы бар кең де терең цистерналар түзеді.
Мынадай цистерналар болады:
Барлық торасты кеңістіктер өзара кеңінен қатынасып, шүйде сүйегі арқылы тікелей жұлынның торасты кеңістігіне созылады. Сонымен қатар олар IV-қарыншаның артқы қабырғасындағы: cisterna cerebellemedularis-ке ашылатын apertura lateralis ventriculi quarti және apertura mediana ventriculi quarti арқылы ми қарыншаларымен тікелей қатынасады. Торасты кеңістіктерінде дәнекер тканьды көпіршелер – trabeculae arachnoidealis – және қоршаған сұйықтық арқасында қысылып қалудан сақталатын ми тамырлары жайғасады.
Торлы қабықтың құрылысының ерекшелігі – оның түйірлері – granulations arachnoidealis – вена синустары қуысына немесе қатар жатқан қан көлшіктеріне еніп тұратын дөңгелектеу сұр қызғылт түсті торлы қабықтың өсінділері. Олар балаларда да, ересектерде де болады, бірақ қартайған кезде барынша үлкейіп, көбейеді. Түйірлер көлемдерін ұлғайтып, бассүйектеріне қысым жасау арқылы олардың ішкі бетінде foveolae granulares деген атпен белгілі ойыстар түзеді. Түйірлер сүзілу арқылы жұлын сұйықтығының қан арасына ағып кетуін қамтамасыз етеді.
Жұмсақ қабық – pia mater encephali – миға тығыз жанасып, оның бетінің барлық жүлгелері мен саңылауларына енеді. Жұмсақ қабықта қан тамырлар мен тамырлы өрімдер болады. Қабықша мен тамырлар арасында торасты кеңістігімен қатынасатын периваскулярлы саңылау орналасады.
Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу тарихы
Цереброспиральды сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең анатомиялық болып табылады. Ол кезде физиологиялық көзқарастар сұйықтықпен тығыз байланысты жүйке жүйесінің анатомиялық қарым-қатынасына негізделген.
Бұл қорытындылар негізінен мәліметтерге жүргізілген зерттеулерге сүйенген. Осы кезеңде (ликвор) жұлын сұйықтығының анатомиясы және физиологиясы туралы көптеген құнды мәліметтер алынды. Бірінші болып ми қабаттарын қатты және жұмсақ ми қабаттарын, ми беткейіндегі тамыр торларын, қатты ми қабаттарының синустарын және олардың қосылуын ашқан (б.ғ.д. ІІІ ғ. Герофил Александрийский). Осы ғасырда Ерозистрат ми қарыншаларын және бүйір қарыншаларды ІІІ қарыншамен байланыстыратын тесіктерді ашқан. Ликвор аймағын ашқан Гален болып табылады. Ол алғаш ми қабаттарын және ми қарыншаларын терең зерттеген. Гален бойынша мида 2 қабат болады: жұмсақ (membrana fenius) – миға жабысқан, көп тамырлары бар және тығыз (membrane dura) қаңқаның кейбір бөліктеріне жақын жатқан жұмсақ қабат қарыншаларға енеді. Гален айтуы бойынша омыртқа жотасының қозғалыс барысында қорғап тұратын 3-ші қабат болады. Ол ми қабаттары арасында қуыс барын тесікке шығарада, бірақ бұл құбылыс пульс әсерінен болады деп ойлайды. Оның айтуы бойынша, алдыңғы қарыншалар артқы (IV) қарыншаларымен байланысады. Қарыншалардың артқы, бөгде заттардың тазаруын мұрын-таңдай шырышына бағытталған тесіктер арқылы іске асады. Бірақ Гален қарыншалар ішінен сұйықтық таппаған. Оның пікірінше олар жануар жанымен толтырылған.
ХVІ ғасырда Везалий Гален ашқан қарыншаларды ашқан, бірақ ол алдыңғы қарыншаларда өрім бар деп айтқан. Қарыншалардан сұйықтық таппаған. Варомей тамыр өрімімен бөлінетін сұйықтықпен қарыншалар тайырылған деп ойлаған.
1891 жылы Эссенс Уинтер
және Квинке алғаш рет
Ликвор туралы жалпы мағұлмат
Ликвор – ми және жұлындағы субарахнойдальды аймақтағы ликвор өткізгіш жолындағы, ми қарыншаларында жүретін сұйықтық. Ағзадағы ликвор мөлшері – 200-400 мл. ОНЖ—де ликвор айналысы 3 негізгі звеноны құрайды:
Ликвор қозғалыс тербелу арқылы кезеңді түрде әр түрлі жылдамдықпен (тәулігіне 5-10 рет) жаңарып отырады. Ол ағзадағы физиологиялық процестердің тербеліс күніне, ОНЖ-ға тәуліктік күш түсуіне байланысты.
Мида ликвордың таралуы
Әрбір бүйір қарыншада 15 мл ликвор болады; ІІІ, ІV қарыншада Сильвиев суөзегімен бірге 5 мл ликвор болады; церебральды субарахнойдальды аймақта – 25 мл; жұлында – 75 мл. Нәрестелер мен ересек балаларда – 40-60 мл, кіші балаларда 60-80 мл, ересек балаларда – 80-100 мл.
Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі
Көптеген жұмыстардың авторлары жұлын сұйықтығының пайда болуы жылдам деген көзқарасты терістейді. Бұл гипотеза (жұлын сұйықтығы және бассүйегінің сынуы кезінде ағуын бақылау, қарыншаны, тор кеңістігін дренаттау және торасты кеңістігінен түрлі сұйықтың бөліну жылдамдығы) соматикалық жағдайдың бұзылуына байланысты. Сұйықтықтың пайда болуын зерттеу үшін хронологиялық фистула ойлап шығарылды. Мұнда торасты кеңістігінде бірнеше тәулік бойы ешбір қосарлы әсер етусіз сұйықтықты жүйелі түрде жинайды. Бұл сияқты хронологиялық тәсілдер сұйықтықтың біркелкі ағатынын немесе белгілі бір циклмен өте ұзақ уақыт ағатынын байқатады. Оның толық жаңаруы тәулігіне бір рет болады. Сұйықтықтың пайда болудың ұдайы көзі мидың тамырлар байламдары да, қатысушы тамыр қабықшасы болып табылады. Онда негізінен ірі артериялар мен қарыншалары жұлын заттарына толы түрде жүреді.
Сұйықтықтың пайда болуына эпендима да қатысуы мүмкін. Эпендима негізінде кеңінен тарамдалған капиллярлық торлар орналасқан. Эпендиманың 1см жоғары қабатына 0,35см аталған тор қабаты келеді, бұл жұлын сұйықтығының пайда болуына жеткілікті. Тамыр байламдары қарынша және торасты кеңістіктер жүйесінде капиллярлық ағын күшті дамуға жететін бірден-бір бөлік болып табылады. 1см тамыр байламдарына 2см капиллярлар қабаты дәл келеді. Жұлын-ми сұйықтығының эпителиалды клеткалар арасында қозғалады. Жұлын-ми сұйықтығы бұл қозғалысы оның табиғаты туралы мәселені шешуі, ми сұйықтығы оның тамырлары арқылы өтетін фильтрациясына пайда болу негізі. Бұл шешім бірнеше бақылаулар арқылы дәлелденді: