Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 23:44, реферат
Тірі заттың негізгі қасиеттерінің бірі – тітіркендіргіштік. Әрбір тірі организм өзін қоршаған ортадан тітіркену алып, оған сәйкесті реакциялармен жауап қайтарады. Организмнің өзінде жүретін зат алмасу да өз кезегінде бірқатар тітіркену тудырып, организм оларға да жауап береді. Тітіркену келетін жер мен оған жауап беретін мүше арасындағы байланыс көпклеткалы күрделі организмде нерв жүйесі арқылы іске асырылады.
Нерв жүйесі өзінің тармақ-тарамдарымен барлық мүшелер мен тканьдерге өтіп, организмнің барлық бөліктерін біріктіріп, интеграциялап, тұтастырып байланыстырады.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім:
А) Ми қабықтары;
Б) Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу тарихы;
В) Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі, айналымы;
3. Қорытынды бөлім.
Жұлын сұйықтығын жұлын қарыншасында пайда болғанда торасты кеңістігіне қарай қозғалады. Бұл жұлын сұйықтығының қорғанысы туралы ұғым әрекеті. Қазіргі уатытта циркуляцияның бірнеше нұсқаулары берілген:
Бұл шешімдер сүйенетін эксперименттерде, қорытындысында ешқайсысында дәл атайтындағыдай емес, тек беткі қабатымен ғана жанасып өтетіні дәлелденген.
Көптеген ғалымдардың жұмыстарында жұлын сұйықтығының созылуы туралы мәселе орын алады. Тәжірибелі түрде дәлелденгені спинальдық нервтердің периневральды кеңістігінде физилогиялық жағдайда жұлын сұйықтығының ағуы байқалмайды. Жұлын сұйықтығының бассүйек нервтерінің периневральдық кеңістігі арқылы сіңу жүрмейді.
Адамдағы ликвор түзілу жылдамдығы
Кейбір авторлардың пікірінше ликвор 6-7 тәулік ішінде жаңарып отырады, басқалардың пікірінше 4 рет. Яғни, тәулігіне 800-900 мл өндіріледі. Weigeid пікірінше толық алмасу 3 күн ішінде болады (бұл әртүрлі мәліметтердің болуы әртүрлі әдістермен зерттелудің әсерінен). Ликвордың өндірілуі әртүрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады: ОНЖ жағдайына байланысты физикалық және ойға күш түсуге байланысты.
Қан және лимфа айналысы – ішілген сұйықтық пен қабылданған тамақ мөлшеріне байланысты. Кейбір ғалымдардың пікірінше, адам 8-10 мл алу керек; ал басқалар 10-12 мл, тағы басқалары 5-8 мл ликвор алу қажет дейді.
Лабораторияның қазіргі талаптарына сай толық зерттелу үшін 7-9 мл қажет.
Морфиялық зерттеу – 1 мл
Ақуызды анықтау – 1-2 мл
Глобутид анықтау – 1-2 мл
Коллоидты реакция – 1 мл
Серологиялық реакция (Вассерман) – 2 мл
Ликвордың min мөлшері – 6-8 мл, mах – 10-12 мл
Ликвордың жастық өзгерісі
Г.Д. Аронович мәліметтері бойынша жетіліп туған нәрестелерде туғанда ликворы мөлдір, сары түсті (иснтохмания) болады. Ликвордың сарғыштығы нәрестелердің сарғыштығымен дәл келеді. Формалық элементтердің саны мен сапасы ересек адамдардікімен сәйкес келмейді. Эритроциттерден басқа (30-60 мм) бірнеше мың лейкоциттер табылады, оның 10-20% лимфоциттер, 60-80% макрофагтар құрайды. Жалпы ақуыз мөлшері 40-60% жоғары болады. Ликвор тұрған кезде бетінде мөлдір пленка түзіледі. Менингиттегі сияқты ақуыз жоғарлауымен қоса, көмірсу алмасуы бұзылады. Нәрестенің алғашқы 4-5 күні жиі гипоглинемия байқалады, нерв жүйесінің көмірсу алмасуын реттеудің жетілмегендігін білдіреді. Ми ішілік каннибрлер, әсеріне бүйрек-үсті қан кетулер гипоглинемия бейімділікті жоғарлатады.
Шала туған нәрестелерде, ұрық жарақатымен болған босануларда ликвордың өзгерісін бірден байқауға болады. Мысалы: нәрестелердің миға қан құйылуларында 1-ші тәулігінде ликворда қанаралас қан көруге болады. 2-3-ші тәулігінде ми қабығы жағынан асептикалық реакцияны байқауға болады: гиперальбуминоз және эритроциттері мен нуклеорлары бар плеоцитоз. 4-7 күні ми қабаты, ми тамырлардағы қабыну реакциясы басталады.
Ликвордың қасиеті мен құрамы
Пункция арқылы алынған цереброспинальды сұйықтық, яғни мамбальды ликвор – қалыпты жағдайда мөлдір, түссіз, тұрақты салмағы 1.006-1.007, вентрикулярлы ликвор – 1,002- 1,004. Цереброспинальды сұйықтықтың тұтқырлығы қалыпты жағдайда 1,01-ден 1,06-ға дейін өзгеріп отырады. Ликвор әлсіз сілтілі реакция: ph 7,4-7,6. Ликвор организмнен тыс бөлме температурада ұзақ ұстаса, ph жоғары. Жұлынның субарахноидалдың қабатында сұйықтықтың t-37-37.5оС.
Цереброспинальды сұйықтық қан сарысуымен химиялық құрамы ұқсас болып келеді: 89-90%-су, 10-15% құрғақ зат, ол ми метаболизміне қатысады.
Цереброспинальды сұйықтықтағы органикалық заттар: ақуыздар, аминқышқылдар, көмірсулар, гликопротеидтер және липопротеидтер. Органикалық емес: фосфор және микроэлементтер. Цереброспинальды сұйықтықта қан сарысуымен салыстырғанда, хлоридтер, магний жоғары, бірақ глюкоза, калий, кальций, мочевина аз.
Қанттың максимум мөлшері вентрикуларлы цереброспинальды сұйықтықта бар, аз мөлшері жұлынның субарахноидальды қабатында болады. Қанттың 90%-ін глюкоза, 10%-ін декстроза құрайды.
Қалыпты жағдайда клеткалардың саны (цитоз) 3-4 1мкл аспайды, ол лимфоциттер, арахноэндотелий клеткалары, ми қарыншаларының эпендимасы, полибласттар (бос макрофагтар)
Науқас бір бүйірімен жатқанда жұлын-ми өзегіндегі ликвор қысымы 100-180мл-ді құрайды, отырғанда 250-300мм субжоғары. Балаларда цереброспинальды сұйықтың қысымы ересектермен салыстырғанда төмен.
Қалыпты жағдайда
ликвордың биохимиялық
Ми қарыншаларында орналасқан тамырлы өрім мидың жұмсақ қабатының туындысы болып табылады.
Ликвор айналысы
Ликвор айналысы – үнемі жиырылып отырады. Ол мидың бүйір қарыншаларынан Монро тесігі арқылы үшінші қарыншаға барады, одан кейін Сильвиев су өзегінен төртінші қарыншаға құяды.
Ми мен жұлын торасты кеңістіктері мен ми қарыншаларын толтырып тұратын жұлын сұйықтығының – liquor cerebrospinalis – ағзаның басқа сұйықтарынан ерекше айырмашылығы бар. Онымен тек ішкі құлақтың эндо- және перилимфасы мен көздің сулы ылғалдылығы ғана ұқсас. Ми-жұлын сұйықтығы plexus choroidei-ден секрециялану жолымен бөлінеді, оның эпителийлі қоршауы бездің эпителиіне ұқсас болады. Liquor cerebrospibalis-ті жасап шығаратын аппараттың сұйықтыққа бір заттарды өткізіп, басқа заттарды тұтып қалатын (гемато-энцефалиттік тосқауыл) қасиеті бар, бұның миды зиянды әсерлерден қорғауда үлкен маңызы бар. Сөйтіп, өзінің ерекшеліктері жағынан ми-жұлын сұйықтығы миымен оның негізіндегі тамырлар үшін қорғаныштық қызмет қана атқармай, нерв жүйесі орталық мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін арнаулы ішкі орта. Ми-жұлын сұйықтығы орналасқан кеңістік тұйық болады. Одан сұйықтық негізінен өрмек қабықтың түйірлері арқылы сүзілу жолымен веналық жүйеге, ішінара ми қабықтары жалғасатын нервтер қынабы арқылы лимфа жүйесіне ағып шығады.
Қолданылған әдебиеттер: