Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Июня 2014 в 12:14, лекция
Жарақат дегеніміз қандайда бір сыртқы агенттің ағзаға күтпеген жерден әсері, ол тіндер мен мүшелерде анатомиялық және жергілікті реакцияны туындатады.
Тіндердің жаралары
Жарақат дегеніміз қандайда бір сыртқы агенттің ағзаға күтпеген жерден әсері, ол тіндер мен мүшелерде анатомиялық және жергілікті реакцияны туындатады.
Сыртқы агенттерге жатады: механикалық, физикалық, химиялық, факторлар және сәуленің әсерлері, сондай – ақ психикалық және биологиялық факторлар. Механикалық күштің әсері қысу немесе созу, білік өсі бойымен бұралу бағытында көрініс береді. Механикалық фактордың нәтежиесі жарақаттаушы күштің бағытына, жылдамдығына, әсер етудің ұзақтығына байланысты. Физикалық факторлар тіндерге жоғары немесе төмен температураның әсеріне байланысты – күйіктер немесе үсіктер, электр жарақаты, радиоактивтік заттармен немесе рентгендік сәулемен сәулелену. Химиялық факторлар қышқыл, негіздер, улағыш заттардың концентрациясына және әсер ету уақытына байланысты. Биологиялық факторлардың әсері арессиялығына, бактериалды таксиннің көбею жылдамдығына және аағзаның бастапқы қалпына байланысты. Психикалық факторлар орталық нерв жүйесіне рефлекторлы әсердің салдарынан пайда болады – қорқып қалу , қорқыныш. Осылардың бәрі жедел жарақаттың этиялогиясы болып саналады.
Ағзаның жарақатқа жалпы және
жергілікті
Ағзаның жарақаты жалпы реакциясы жарақат дәрежесіне , қан кету мөлшеріне, жарақаттаушы агенттің жанасу нүктесіне, науқастың бастапқы қалпына, жасына, қосымша ауруларының болуына (қант диабеті, гемофилия, қан аурулары, гипертониялық ауру, инсульт, тұқым қуалаушы потология және т.б.) байланысты. Олардың жалпы көрінісіне науқастың психикалық жағдайы жатады: қозуы немесе естен тануы, коллапс немесе жарақаттық шок. Жарақаттың жергілікті көрінісі жарақаттаушы агенттің түріне, әсер ету уақыты мен күшіне, жанасу нүктесіне байланысты. Мысалы, бастың, беттің, қолдың термиялық жарақаттануын әскери жарақат салдарынан болған іш пен кеуде қуыстарының жарақаттарымен салыстыруға келмейді.
Механикалық жарақаттар салдарынан жабын тіндер бүтіндіктерінің бұзылуын жара деп атаймыз.
Жараның басты белгілері ауырсыну (ауру), қан кету, жара шеттерінің ажырауы (зияние) болып саналады.
Жаралардың жіктелуі.
Магистарльді қантамыр, нерв бұтақтарының қосымша жарақатына байланысты асқынған және асқынбаған жараларды ажыратады.
Анатомиялық қуысқа енуіне байланысты енген және енбеген жараларды бөледі. Жарақаттаушы заттың түріне байланысты жаралар оқтан болған деп жіктеледі.
Оқтан болмаған жаралар
Жарақаттаушы зат тіндерді тек ажырату немесе жарада сына тәрізді ақау қалдырып, жара шеттерін жаншып, езуі мүмкін. Осындай жараларды сипатына байланысты келесідей топтастырады.
Тесілген жара. Тесілген жара өткір тесуші заттың (құралдың) – найза, ине, біз тәрізді құралдардың және т.б. әсерінен пайда болады. Тері көлемінің жарақаты аз болса, оның тереңдігі бір талай (көп) болады. Ауру синдромы аз, сыртқы қан кету байқалмайды, алайда тері астына жиналған гематома болуы мүмкін. Сыртқы жарақаттың көлемі аз болсада, қан тамыр, нерв және ішкі мүшелердің жарақаты тереңде болуы мүмкін. Сондықтан тесілген жаралардын диагностикасы өте күрделі, әсіресі іш немесе кеуде құрсағының тесілген жарасында. Жара шетінің ажырамауы салдарынан жарадан экссудаттың бөлінуі қиындайды, сондықтан тесілген жаралар жиі іріңдеуге бейім келеді, осылайша олар екіншілік жазылу ретімен жазылады.
Кесілген жара өткір жиегі бар суық қарудың немесе тұрмыста қолданатың өткір заттардың тіндерге әсерінен пайда болады (пышақ, қылыш, қаңылтыр, шыны және т.б.). Жара шеттері тегіс, ажырамаған, тіндер аз жарақаттанады, қан аз кетеді, ауру симптомы айқын болмайды. Осындай жараларда ірі қан тамырлар мен нерв шоғырлары зақымданбаса, олар басқа жарамен салыстырғанда біріншілік жазылуы ретімен жазылады.
Шабылған жара . Осындай жаралар өткір, салмақты қарудың, мысалы балта, қылыш және айбалта сияқты және т.б. соққысы салдарынан пайда болады. Тері қабаты аз жарақатталса да , оның өткір жүзінің арқасында жұмсақ тіндер мен ікі мүшенін контузиясы, жарақаты орын алады. Ауру синдромы, қан кету, жаранын ажырауы көлемді болады. Жаншылған тіндердің никрозынан жаранын жазылуы екінші ретпен жүреді.
Соғылған жара. Соғылған жара доғал (тупой) зат, құралдың әсерінен пайда болады. Көбінесе олар жол көлік оқиғаларында, өндірістегі және тұрмыстағы жарақаттану кезінде байқалады. Жарақаттың көлемі үлкен болғандықтан ауру синдромы қарқынды болады, жара шеттері тегіс емес, қанмен сіңген шеттері кетік болып келеді. Қан кету көлемсіз , себебі қан тамырлары жарақаттанып, онда тромбтар түзілген, жара шеттері ажыраған.
Жара аймағындағы тіндер қанталаған, кейіннен некроз орын алуы мүмкін. Осындай жаралардың жазылуы, жараларды инфекцияға және көлемді тіндер некрозына байланысты екіншілік ретпен жүреді.
Тістелген жара. Осындай жаралар жануарлар немесе адамдардың тістеуі, қабуы салдарынан пайда болады, сондықтан міндетті түрде инфекцияға шалдығып , іріңдейді. Кейбір жәндіктердің сілекейі, уытты, мәселен, жылан, қара құрт шағу, кейбір жануарлар құтыру ауруларына шалдыққан болуы мүмкін, сондықтан олардың алдын алу шаралары талап етіледі.
Жыртылған жара. Осындай жара доғал (тупой) заттардың әсерінен пайда болады, алайда ол дене бетіне бұрыш жасап бағытталған, сондықтан тері мен тері арасындағы тіндер көп көлемде сыдырылады. Сыдырылған тері қанмен қорегінен айырылып сонын салдарынан ол некрозаға ұшырайды. Кейбір жағдайда осындай жара, сыңған сүйек бөліктерінін теріні іштен сыртқа қарай шығуынан дамиды. Ауру сиптомы мен қан кету, жара шеттерінің ажырауы елеулі болып келеді. Бұндай жаралар да екіншілік жазылу ретімен жазылады.
Езілген жара. Олардың пайда болу механизімі созылған жаралардағы тәрізді , алайда терең орналасқан тіндердің жарақаты барынша көлемді болып келеді . Бұлшықеттер және жұмсақ тіндер езілген , сүйектер сынған тіндер сынық бастарымен екінші ретте зақымдалған, езілу сыртқа және ағзанын ішіне көлемді қан жоғалту мен бірге жүреді. Жаншылған тіндердің некрозынан жараның жазылуы екіншілік ретпен жүреді.
Аралас жаралар. Осындай жаралар жоғарыдағы жаралардың барлық белгілерін біріктіреді. Сондықтан ауру синдромы, қан кету, жара шеттерінің ажырауы барынша көлемді болады. Олардың жазылуы екіншілікті ретпен жүреді.
ОҚТАН БОЛҒАН ЖАРАЛАР
Қазіргі таңда ұлтаралық қақтығыстардың, террористтер шабуылының , әлеуметтік экономикалық тоқырауға байланысты экстремистік діни қауымдастықтар арасындағы қақтығыстарда оқтан болған жаралар саны артуда (6- шы сурет ) . Сондықтан осы тақырыпқа көңіл аударуды жөн деп санадық.
Қазіргі
қарулардың жарақаттаушы факторларының
Қазіргі уақытта қарапайым (конвенциялық) және жаппай қырып жою ( халықаралық конвенциямен қолдануға тыйым салынған) қаруларын ажыратады.
Қарапайым (конвенциялық) қаруға оқ ататын қару, жарықша және жарықша – фугасты оқ – дәрілер (артиллериялық снарядтар, авияциялық бомбалар, ракеталар), әскери жанғыш от- қоспалар, напалмдар, пирогельдер, термитті құрамдар, фосфор және т.б. жатады.
Жаппай қырып жою қаруына ядорлық (атомды, водородты, нейтронды және т.б.), химиялық (ФОЗ, тері жарақатын тудыратын, тұншықтыратын және т.б.), биологиялық ( батулотоксин және т.б. ) жатады.
Оқ ататын қарулар. Дүние жүзінде кең тарған қаруға АК-47 және АКМ типтес М.Т.Калашниковтың 7,62 мм калибрлі автоматы жатады. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап дамыған елдердің армиясы кіші калибрлі 5,56 мм М16 автоматты винтовкасымен (АҚШ, НАТО) және АК-74 Калашников, АН-94 Никоновтың автоматтарымен (Ресей) қарулана бастады (7- ші сурет).
Оқ ататын қарулардың оқтары болаттан, қабықшасынан және қорғасыннан құйылған негізінен тұрады.
Жарықша және жарықша – фугасты оқ – дәрілер.
Қазіргі соғыста нәтежиелі шабуылдың жауды авияция және артиллериядан касеталлық, жарықша – фугасы оқ – дәрімен атқылау болып саналады. Олардың жарақаттаушы элементтері алдын – ала болатын дайындалған шариктер, ұшталған, кубик тәрізді элементтер және т.б. Дайындалған элементтер оқ – дәрі снарядтардың корпусына қондырылады.
Авияциялық бомбалар арнайы жанғыш қоспалармен жабдықталады, олар жерге түскенде, бомба жарылғанда ауамен араласып, жарылғыш бұлтты түзейді.
Оқ ататын қарудың жарылғыш құрамдарына гранаталар , миналар, бомба және снарядтар жатады. Қазіргі кезде жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналар өте жойқын жарақаттар тудырады. Негізі жарақаттаушы факторын өте қуатты соққы толқыны болатын көлемде жарылыс беретін жарылушы снарядтар құрастырылады.
Оқпен
атылған жаралардың пайда
болуы және
Жара дегеніміз терінің немесе кілегей қабаттар бүтіндігінің бұзылуымен жүретін тіндер мен мүшелердің жарақаттануы. Ал жаралану дегеніміз жалпы түсінік, ол жара мен оны қоршаған тіндердегі дамыған патологиялық өзгерістердің жиынтығы, сонымен қатар ағзаның жарақатқа жергілікті реакциясы. Яғни, жара ол жараланудың тек құрам бөлігі болып табылады.
Оқпен атылған жаралардың басқа суық қарулар салдарынан болған жаралардан тіндердегі марфологиялық өзгерістері және клиникалық ағымы бойынша өзіндік айырмашылығы бар. Осындай жарақаттарға жара өзегінен алшақ орналасқан тіндердің көлемді көлемді зақымы тән. Соғыстан кейінгі жылдарда оқ ататын қарулардың оқты ату жылдамдығы мен олардың жойғыш қуаты жоғарылады, сонымен қатар оқты жаудыру мүмкіндігі едәуір артты.
Жаралар баллитикасы – жарақаттаушы снарядттың ( оқ, жарықша) тендердегі қозғалысы жөніндегі ғылымның саласы. Мылтықтан оқ тіндерге тигенде, тіндердің қарсыласуын жоя отырып, өз бойындағы кинетикалық энергисын тіндерге береді, нәтежиесінде тірі тіндер некрозға айналып жара өзегі пайда болады. Егер снаряд тіндерге кинетикалық энергиясын толық берсе, оның жылдамдығы күрт төмендеп тұйық жара қалыптасады. Ал егер оқтың кинетикалық энергиясы жоғары болса , онда оқ мүшені тесіп өтеді.
Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергисы келесі формула бойынша анықталады : , мұндағы m – қозғалыстағы дененің салмағы, V - оның жылдамдығы. Сонымен снарядтың жарақаттаушы қуаты салмағымен қатар оның жылдамдығына да тәуелді. Сондықтан оқ ататын қарулардың эвалюциясында олардың калибрін, оқтын салмағын төмендету және бастапқы жылдамдығын жоғарылатуға қарай ұмтылыс байқалады.
Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген армияларда көбінесе калибірі 7,62 мм , оғының салмағы 9 г және бастапқы жылдамдығы 850 м/с болатын оқ ататынқаруларды қолданады. Қазіргі таңда АҚШ НАТО елдерінің армиясы 5,56 мм, оғының салмағы 3,5 г және бастапқы жылдамдығы 990 м/с болатын М-16АІІ кіші калибрлі винтовкасымен жабдықталған. Оқтың күш түсетін ортасы оның артына қарай ығысқандықтан, ол ұшқанда тұрақсыздық туындатады, оқ әртүрлі тығыздықтағы тіндер арқылы өткен кезде оның бағыты лезде ауытқып кетеді.
Оқтың жылдамдығына байланысты оқ ататын қарудың барлық жарақаттаушы элементтері төмендегідей бөлінеді : төмен жылдамдықты - бастапқы жылдамдығы 700 м/с . Жоғары жылдамдықтағы - 800 – 1000 м/с және өте жоғары жылдамдықтағы - 1000 м/с артық. Эксперименттер арқылы қозғалысы 500 м/с жылдамдықпен ұшатын болаттан дайындалған оқтар тіндерге 80 Дж энергия беретіні анықталады. Егер жылдамдықты екі есе жоғарылатса, онда тіндерге 260 Дж , ал 1300 м/с - 440 Дж энергия беріледі.