Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 14:56, реферат
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет — қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор.
Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалткыш және қорғаныш кызметтерін атқарады.
Бұлшық етті жаттықтырудың маңызы. Дененің қимылдап, қозғалысқа келуі бұлшық еттердің жиырылуынан басталады. Жақсы жетіліп дамыған, шыныққан бұлшық ет — адам денсаулығының негізгі кепілі.
Адам жұмыс істеген кезінде оның бұлшық еттері қан арқылы жақсы қоректенеді. Бұлшық еттерге қан көптеп қоректік заттар мен оттек жеткізеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен өне бойы шұғылдану бұлшық еттердің өсуіне жөне жуандауына себепші болады. Адам денесі мықты болып, оның күші мен төзімділігі артады.
Буын неғұрлым толық қимылдаса, соғұрлым олардың жұмысы жақсарып, адамның қозғалыс икемділігі ыңғайлы және жеңіл болады. Қаңқа бұлшық еттеріне қоректік заттар мен оттек жеткілікті болып, олардың қызметі жақсарады. Қан және қан айналым жүйесі мен бұлшық ет, тыныс алу жүйелері арасындағы тығыз байланыс дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғанда дамып отырады.
Сымбат. Адамның бұлшық еттерінің жақсы жетіліп, дамуынан ішкі мүшелердің жұмысы жақсарады. Тірек-қимыл жүйесі мен ішкі мүшелер жүйелерінің арасындағы функциялық тығыз байланыстар адамның сымбатының дұрыс қалыптасуынан байқалады. Сымбат дегеніміз — қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі. Сымбатты адамның денесі жарасымды, ісі өнімді болады.
Денесі, аяғы түзу, иығы, бұлшық еті жақсы жетілген, жинақы, аяқ алысы дұрыс адам сымбатты болып көрінеді. Сымбаттың дұрыс болуы — ішкі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ол өзгерген жағдайда, дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысудың маңызы зор. Тамақтың құрамында минералды заттар, витаминдер жетпеген жағдайда және денеге ауырлық күші біркелкі түспегенде, сымбат бұзылады. Дұрыс отырмаудан оқушылардың, студенттердің, кеңседе және тағы басқа мекемеде жұмыс істейтін адамдардың омыртқа жотасы қисайып, иықтары бүкірейіп, кеуде қуысы ішіне карай қабысуы мүмкін.
Сымбаттың қалыптасуы жүре пайда болады. Ол бала кезден үстелге, партаға дұрыс отыруға және өзін жинақты ұстап, жүріс-тұрысын бақылауға байланысты қалыптасады.
Сымбаттың дұрыс қалыптаспауы дене пішінін өзгертіп, ішкі мүшелердің қызметін бұзады, адамның ойдағыдай мамандықты таңдап алуына кесірін тигізеді. Сымбат бұзылғанда, дер кезінде дәрігерге қаралу қажет. Мұндай жағдайда дәрігердің кеңесімен жаттығулар тағайындалып, сымбаттың дұрыс қалыптасуына жәрдем көрсетеді.
Омыртқа жотасының қисаюынан
Жұмыс кезінде, сабақ орындағанда, партада отырғанда кеудені тіремей, шынтақ буыны арқылы үстелдің үстіне бос ұстау сымбаттың бұзылмауына себепші болады. Үстел үстінде шынтақтан көзге дейінгі аралық 30— 35 см болу керектігін ұмытпаған дұрыс. Бұл үшін үстел, парта мен орындықтың биіктігі әр адамның денесінің ұзындығына сай болуы керек.
Сымбат адамның ұйықтағанда қалай жатуына да байланысты. Ұйықтағанда оң жақ қырымен, денені созып жатқан дұрыс.
Жалпақ табандылықтан сақтану. Адамның табанының ортасы көтеріңкі, ойыс болып келуінің маңызы зор. Бұл оның жүрісін жеңілдетіп, шаршатпайды, қайта секіргенде, жүгіргенде денеге серпімділік беріп, соққыны әлсіретеді. Адам ұзақ уақыт ауыр жұмысты аяғымен тұрып істегенде (аяққа күш түскенде), тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде — жалпақ табандылық пайда болады. Жалпақ табанды адам жүргенде және тұрғанда тез шаршайды. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін — жалаң аяқ аяқтың ұшымен жүріп, суда жүзіп, жүгіріп, секіріп, түрлі ойындар ойнау керек. Аяқ киімнің өкшесі 3—5 см-ден аспауы керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Биология З.Ж. Асқарова
2. Адам және жануарлар
физиологиясы Несыпбаев
Информация о работе Тірек-қимыл жүйесі адамның тірек-қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері