Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 14:01, реферат
Описание работы
Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты ХVII ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді: тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.
(46+1)трисомия,одан көп
болса полисамия деп атаймыз.
Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау
қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді
түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың
саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында
23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер
ом ұзындығына қарай түзу сызық бойымен
орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Ядрошықтар - жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде
ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта
түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының
синтезіне қатысады.
Жасушаның
негізгі тіршілік қасиеттері
Жасушаның негізгі тіршілік
қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б.
Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында
тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді
шығару арқылы үздіксіз зат алмасады.
Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері
шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады.
Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның
ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның
ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы
ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы
су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек
өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс
материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды,
көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді.
Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін
жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды
бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу
деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз
заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп,
қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы
сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды
өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.
Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның
түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен
қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға
тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың,
жанасудың, химиялық заттардың барлығы
тітіркендіргіштер.
Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы
жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің
алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан
екі еселенеді де, бірінен-бірі ажырап,
жас жасушаларға бөлінеді.
Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде
жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық
заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар)
түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша
өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың
жаңа пайда болған жасушалардан көптеген
айырмашылықтары бар екені байқалады.
Көбею - тіршіліктің қалыпты
сақталуын, ал өсу мен даму жасушалар санының
көбеюін қамтамасыз етеді. Даму - көбеюмен
аяқталады.
Жасушалар мен жасушааралық
заттар ағзаның даму барысында ұлпаларға,
мүшелерге, мүшелер жүйесіне және тұтас
ағзаға бірігеді.
Қорытынды
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым
бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі;
жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі
жүйе. Клетка өз алдына жеке ағза ретінде
(бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы
жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында
кездеседі. Тек вирустардыңтіршілігі жасушасыз формада
өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы
ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 –
1703) енгізген.
Адам ағзасында болып жатқан
түрлі өзгерістер және басқа тірі ағзалардағы
барлық үдерістер жасуша мен ұлпалардың,
энергияның , электрлік потенциалдың арқасында
жүреді.
Жасуша
органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы
бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың
көмегімен ғана орындалады.
Жасуша құрылысын негізінен цитология
пәні үйретеді,бірақ та жасушаның өте
нәзік құрылымдарын білу әр түрлі патологиялық,
өзгерістерін білу көптеген аурулардың
патогенезін анықтау үшін ауадай қажет,демек,патологанатом
жасушаларды ультрақұрылым деңгейінде
тексеріп, оның нәтижесін ғылыми –зерттеу
жүргізуге немесе өзінің күнделікті жұмысында
пайдалануға міндетті. Жасушаларды электрондық
микроскоппен тексеру әдісі кеңінен қолданылады.Қазіргі
таңда жасушаның жалпы патологиясын зерттеуден
жасуша құрамындағы өте нәзік құрылымдарды-органеллаларды
зерттеуге өту кезеңі басталды деп толық
айтуға болады.
Жасушаның биопотенциалының шамасы,
оның физиологиялық, физикалық күйі мен
ондағы метаболитикалық үдерістеріне
тікелей өзгерістерінің көрсеткіші болып
келеді. Жасушадағы түрлі бұзылыстар ағзада
әртүрлі патологиялық өзгерістерге алып
келуі мүмкін.Сондықтанда, патологиялық
ауруға шалдықпастан бұрын оның ішінде
болып жатқан: биопотенциалдардың жүру
үрдісін, оның ішінде болатын әртүрлі,
көптеген құбылыстарды зерттеп, ұйрену
әр-бір тірі ағза үшін, адамзат үшін және
бүкіл дүние үшін өте маңызды болып келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Ж.Б.Ахметов. «Патологиялық анатомия» Алматы,2004
М.С.Абдуллаходжаева основы патологии
человека 1-том.Ташкент 1997