Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 18:39, курсовая работа
Лалагүлдің атауы голландия тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді. Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар. Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды. Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Холдвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын. Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.
Кіріспе
Лалагүлдің атауы голландия тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді. Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар. Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды. Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Холдвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын. Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.
Лалагүл тұқымдастарының жапырақтары тамырға жақын жерден шығады қатарлас (параллель) және доға жүйкелі болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті немесе тіс тісті болып келеді, бәрінде де тамырсабақтары және пиязшығы болады. Қоңырау тәрізді гүлдері ірі, ашық түсті, қос жынысты, актиноморфты, сирек зигоморфты. Гүлдері шашақгүл, сыпыртқыгүл және шатырша гүл шоғырларын құрайды, кейде бір ғана гүл болады. Гүл жапырағы екі қатар шеңбер бойына орналасқан, бірікпеген, сирек біріккен 6 күлтесі бар, тостағаншасы кейде болмайды. Андроцейі 6 аталықтан, екі шеңбер бойына орналасады, гинецейі үш аналықтан, үш ұялы, үстіңгі жатын. Жемісі қауашақ кейде жидек болып келеді, тұқымы эндоспермді.[1]
Лалагүл өсімдіктерінің пиязшығы түрі өзгерген өркен болып саналады. Оның түбіртегі түрі өзгерген сабақ болса, етженді қабықшалары шығу тегі жағынан жапырақ. Түбіртектің төменгі жағынан жер астына тамыр шығады, ал жоғарғы жағы дөңестеу болып келеді де одан тармақтанбайтын біржылдық өркенін жер бетіне шығарады. Пиязшығы жер бетіне сабағының шығуынан бұрын жетіле бастайды. Бұл кезде пиязшықта өткен күздегі жаңа бүршік әрі қарай дамиды және қабықшалар қалыптасады. Осыдан кейін ғана жапырақтар мен сабақ шығады. Жаз бойы пиязшықтың қабықшалары қоректік заттар жинақтайды. Гүлдеп бітіп тұқым бергеннен кейін лалагүлдің жер үстіндегі сабақтарымен жапырақтары өледі де, пиязшығы қыста тыныштық күйге көшеді. Лалагүлді тұқымы арқылы және вегетативтік әдіспен көбейтуге болады, сонымен қатар пиязшықтарының қабықшалары арқылы көбейе алады. Ол үшін ересек пиязшықтың сыртқы қабықшаларын бөліп алып, оның үштен екі бөлімін
Тазартылған дымқыл құмға отырғызады.
Мақсаты:Лалагүлділер тұқымдасымен танысу және шолу жасау.
1. Негізгі бөлім
Бұл тұқымдаста 470-тей
түр 10 туыс бар, даражарнақтылар класына
жатады. Ол 4 класс тармағынан, 32 қатардан,
104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден
тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін
өсімдіктер. Дүниежүзінің
барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын
құрғақшылық болып тұратын субтропикалық
елдерде, сонымен бірге тропикалық емес
елдердің шөлейт аймағында және шөлді
облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер
қауымының қалыптасуына лалагүлділердің
тигізетін әсері орасан зор. Өмірлік формалары
ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар
және жартылай лианалар негізінен көп
жылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл
немесе жаздық жасыл және өте сирек біржылдықтар.
Бейімдеушілік процесінің эволюциясында
әсіресе терең өзгерістерге вегетативті
органдары ұшыраған. Олар баданаларға
(луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге
филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые
почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетте
азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері
тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары
кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым,
күлтежапырақшалар түрінде берілген,
актиноморфты, қосжынысты, үш өлшемді
(сиректеу екі төрт өлшемді). Гинецейі
ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын,
3 сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады.
Гүлтүйіні жоғары. Жемісі қорапша, қауашақ
немесе жидек болып келеді. Дәнінің эндосперімі
болады (1-сурет) [2].
1.1.1 Қызғалдақ туысы
( Тюльпан – Тulipa )
Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың шөлді, жартылай шөлді және шөлейт аймақтарында кең таралған. Жабайы түрлері Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанның далалық, жартылай шөлді зоналарда көптеп кездеседі.
Қызғалдақтар жалғыздықтан тік сабақты, жалпақтау немесе жіңішке айыл тәріздес жапырақты, қоңыр қатты қабыршақ пен қоршалған жуашықты көпжылдық өсімдіктер. Гүлдері ірі жалғыздан кейде гүл шоғына біріккен, әр түрлі айқын түсті. Гүл серігі жалаң үш үштен қоңырау тәрізді болып орналасқан алты бірікпеген күлте жапырақшалардан тұрады. Аталығы алты, ол да үш үштен екі шеңбер түзеді.
Аналығы бір қысқа мойынды үш жақтаулы аналық аузынан тұрады.
Гүлінің формуласы: RP3+3 A3+3 G(3)
Жемісі үш ұялы қауашақ. Сәуір мамыр айларында гүлдейді. Балапан бүршікшелері және тұқымдары арқылы өсіріледі.
Қызғалдықтың көптеген түрлері мемлекеттік қорғауды қажет етеді.
Қызғалдақтар Батыс Европаға Түрік елінен таралған. Тюльпан түріктердің бас киімі – “ Тюрбан ” – деген сөзінен шыққан.
Қызғалдақтың мәдени түрлерін Голландия елінде көптеп өсіреді. Өйткені бұл елдің климат жағдайы осы өсімдікке өте қолайлы болып табылады. Жуашықтары, гүлдері әр түрлі 800 – тарта сорттары өсіріледі. (2-сурет) [3].
2-сурет.Қызғалдақ туысы ( Тюльпан – Тulipa )
Саны мен таралу аймағы қысқарып бара жатқан түр. Түрдің таралу аймағы Қазақстанда орналасқан. Оған республиканың солтүстік аймағы дерлік түгел кіреді, шығыста Алтай тауларын қосқанда, Арал маңынан және оңтүстікте Орталық шоқыларға дейін таралған. Сонымен қатар, Ресейдің Волга-Дон аудандарында және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кездеседі. Шағыл тасты беткейлерде, далаларда, жиі жазықтықтар мен тау етегіндегі сортаң топырақтарда өседі. Құрылысы жағынан жауқазынға ұқсас, әсіресе Гербарийден айыру қиын. Сондықтан екі түрді айыру мүмкін емес. Өте әдемі түр, гүлінің алуан түсімен ерекшеленеді, аппақ қардай түстен қызғылт- ақшыл көк түске дейін ауытқиды. Тұқымымен, өте сирек вегетативті көбейеді. Көптеген ботаника бақтарында жақсы өседі. Алғашқы гүлдеу кезеңі өте ұсақ, Алматы қаласында екпе көшеттері жетінші жылы гүлдейді. Табиғаттағы популяциясының саныгүл шоқтарына жинау және жер жырту әсерінен азайып отыр. Бірен-саран популяциялары Науырзым және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Қарқаралы мен Баянауыл ұлттық парктерінде қорғалады. (3-сурет) [4].
3-сурет. Жатаған қызғалдақ-Tulipa patens
Сирек кездесетін түр. Тарбағатай мен Алтай тауларында кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Шығыс және Батыс Сібірдің оңтүстігінде анда-санда кездеседі. Далалы, шөлейтті, жиі тау етегінен басына дейін тасты баурайларында өседі. Кейбір мамандар бұны дарагүл қызғалдақпен бір деп есептейді Бірақ, бұның сабағы ұзындау, жапырақтары алшақ орналасқан және сүйірлеу , гүл серігі жапырақтарының ұшы доғал емес. Табиғи популяциялары оқшауланған, әдетте көлемі бірнеше ондаған шаршы метр жерді алып жатады. Кейде тығыздығы бір шаршы метрде 10-33 жынысты жетілген дараларға жетеді. Мәдени өсірілуі тек Қазақстан ботаника бақтарынан белгілі. Екпе көшеттері бесінші жылы гүлдейді (Алматы қаласы). Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында, Қотанқарағай ұлттық паркінде қорғалады. (4-сурет) [5].
4-сурет.Алакүлте қызғалдағы-Tulipa heteropetala
Сирек кездесетін, эндемиктік түр. Сырдария Қаратауы (орталық және солтүстік-шығыс бөлігі), Шу-Іле таулары, Бетпақдала шөлінің оңтүстігі, Шолақ таулары мен Капшағай су қоймасы жағалауларында кездеседі. Аласа таудың қуаң беткейлерінде, шағыл тасты және сазды далаларда өседі. Гүлінің түсінің алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Қызғалдақтардың көптеген басқа түрлері сиякты әр түрлі түстері жиі шағын жерде ғана жиналады, сондықтан гүлдеп түрған қызғалдақтар керемет әсер қалдырады. Популяцияның тығыздығы төмен — ең қолайлы деген жердің өзінде орташа 1 шаршы метрде 16 дара өседі. Тұқым арқылы көбейеді. Табиғи тіршілік ортасы бұзылмаған жерде — популяцияның барлық кезеңдегі топтары кездеседі және жас шыбықтары көп. Малды шектен тыс жаятын жерлерде түр саны азайып, жас өсімдіктер екі есе төмендейді. Мәдени түрде бірінші рет 1877 жылы Санкт-Петербургте өсірілген. Альпинарийлерді әшекейлеу үшін қолдануға болады. (5-сурет) [10].
5-сурет.Альберт қызғалдағы Tulipa alberti
Қазақстанда өте сирек
кездесетін түр. Қызылқұм шөлінде, сирек
Мойынқұмның солтүстік бөлігі мен
Бетпақдаланың оңтүстік-
6-сурет.Леман қызғалдағы – Tulipa lehmanniana
Сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, эндемиктік түр. Тек Шу- Іле тауларында кездеседі. Бұл жерден тыс бір рет тек Кіндіктас тауынан (Қордай асуы маңынан) табылған. Мұнда бірнеше ондаған өсімдіктен тұратын шағын популяциясы кездескен. Шатқалдың сатыланған жерлерінде, шағыл тасы көп, күн көзіне жақсы қыздырылатын беткейлерде және шөгінді тастарда өседі. Орта Азия қызғалдақтарының ішіндегі ең әдемісі, ежелгі қалдық түр. Бұл өсімдіктің сыртқы құрылысы өзгеше. Қысқа сабағы, қатпарланған жалғыз ерекше жапырағы, өте ерте гүлдеуі және тіршілік ету кезеңінің қысқа болуы (мамырдың соңында аяқталады), осының бәрі- түрдің шөл тауларындағы ыстық құрғақшылық жағдайларында тіршілік етуге бейімделгенін көрсетеді. Онша биік емес, сабағы, (10 см-ге дейін) сабақты жапсыра қоршаған жапырағы эллипс пішінді, беткі жағында көптеген созылыңқы тарамдарымен. Барынша тығыз, көкшілдеу, басынқырап көгенде, серпілділігін де байқау қиын емес.
Гүлі де жалғыз , биіктігі 2,5-3 см дейін, гүлсерігі үшкірлеу жапырақшаларымен. Олардың ішкі жағы ақ, түп жағы сары дақты, сыртқы үшеуінің артқы жағы ашық күлгін түсті. Гүлдің оңтүстік бәйшешегіне ұқсастығына байланысты (алатау шафраны) жергілікті тұрғындар Регель қызғалдағын да «бәйшешек» деп атайды. Бұл түр өте ерте наурыздың аяғы, сәуірдің басында гүлдейді. Жемісі мамырдың аяғында піседі. Тұқымымен көбейеді, қолда өсіру қиын, ерекше күтімді талап етеді. Бұрыннан сақталған, сирек кездесетін түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Саны малды шектен тыс көп жаю әсерінен азайып отыр. Қойлар жаппай піспеген жемістерін жейді, сөйтіп түрдің жаңаруына кесірін тигізеді (ол дерлік тек тұқым арқылы көбейеді). Мал жайылатын жерлерде бір шаршы метрдегі орташа тығыздығы 3-6, ал тіршілік ортасы бұзылмаған жерлерде бір шаршы метрде 14-27 өсімдікке дейін өседі. Мәдени өсіруге төзімсіз. Табиғи популяцияларының жағдайын бақылауды және арнайы қорғалатын жерлерді ұйымдастыруды қажет етеді. (1-сурет) [7].
Саны қысқарып бара жатқан түр. Республиканың тек солтүстік- батыс бөлігінде—Жайық өзені аңғарынан батыс шоқыларға және солтүстік-батыс Бетпақдалаға дейін кездеседі. Қазақстаннан тыс Украинаның оңтүстігі мен ортаңғы бөлігінде, Қырым мен Кавказды қосқанда, Ресейде таралған. Далаларда бұталар арасында және орман шетінде өседі. Қазақстан үлгілері тек тұқым арқылы көбейеді, сондықтан түр саны гүл шоғырына жинаудан азайып отыр. Популяцияға негізгі зиян жер жыртудан келеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада (ботаника бағы және жеке әуесқойлар) жиі өсірледі. Оңтүстік Қазақстан жағдайына төзімсіз, тез қурап қалады. Наурызым қорығында қорғалады. Қазақстандағы табиғи поуляциялары зерттелмеген, олар жүйелі түрде зерттеп , бақылап отыруды қажет етеді. (7-сурет)
7-сурет.Жауқазын, бәйшешек - Tulipa biebersteiniana
Түсі- аққызыл, түбі қара немесе сары, кейде барынша күңгірт қызыл, сары, кейде сап-сары түстер кездеседі. Кеш гүлдейді, сәуірдің аяғынан мамырдың аяғына дейін, маусым шілдеде жеміс береді. Тұқымымен көбейеді. Тиімді декоративті түр, мәдени түрде жақсы өседі, тұқымымен төртінші жылы гүлдейді. Ботаникалық бақтарда танымал және Батыс Еуропаның, АҚШ және Канаданың жеке топтамаларында белгілі. Сұрыптауда қолданылмайды, бірақ көгалдандыруда үлкен қызығушылық тудырып отыр, әсіресе Қазақстанның оңтүстік елді мекендерінде. Жеке түрлердің саны табиғи популяцияларда мүлдем азайды, әсіресе Алматы маңында, себебі тау беткейлерін саяжайлар салу мақсатында жаппай игеру және тұрғындардың гүлшоқтарын жинауы осындай күйге жеткізді. Түр қорғауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Басқа қызғалдақтардай ерте көктемде аралар үшін бағалы азық болып табылады.[8].
Сирек кездесетін, дерлік эндемиктік, саны тез қысқарып бара жатқан түр. Іле Алатауының орталық және шығыс бөліктерінде (Ұзын Қарғалы, Қастек, Қарақастек, Жанбасжол, Қарақұндыз) кездеседі. Қазқстан эндемигі болып есептелген, бірақ 1960 жылдары Қырғызстаннан (Орталық Тянь-Шянь: Үлкен Кемин, Кіші Кемин) табылған. Таудың төменгі белдеуіндегі жартасты және шағыл тасты беткейлерінде өседі. Таңқаларлық әдемі қызғалдақ, ұсақ гүлділер тобының ішіндегі ең көз тартары. Жылтыраған жапырақтары мен гүлдерінің көп болуымен, ақырғы күлтелерімен, сонымен қатар жол жидектерінде мәдени отырғызылған көшеттерінің онша биік емес сабақтарымен табиғи әсер береді. Тұқымы арқылы және вегетативті жақсы көбеюіне байланысты (бір пиязшықтан төрт өсімдік өседі) көгалдандыру жұмысында жоғары бағаланады. Ол тез өсіп, шағын гүл шоқтарына ұқсас көп гүлді даралардан тұтас жүйек түзеді (жақсы күтімнен 10-18 гүлге дейін береді). Сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейін гүлдейді. Тұқымымен көбеюден басқа вегетативті жолмен көбею тән.
Жерасты сабақтарының көмегімен еншілес пиязшықтарды аналық өсімдіктен әр жаққа алып шығады. Өте әдемі әрі сәндік түр. Ерте гүлдейтіндігімен және қиындықсыз көбеюімен бағалы. Мәдени түрде 100 жылға жуық белгілі. Сондай-ақ Батыс Еуропа, АҚШ және Канада елдерінде. 1905 жылы бірінші рет мәдени түрде өсірілген. Өсімдіктер арасын айыру үшін қолданылады. Екпе көшеттері төртінші жылы гүлдейді. Таза сары гүлді түрлері де кездеседі. З.М. Силина «Күн» атты ерекше сортты шығарды. Табиғи популяциялары көп емес және көп жағдайда оқшауланып кездеседі. Малды көп жаюдан зардап шегеді (таптау және жеу). Қарақұндыз ботаника бағында бірен-саран қорғалады. Популяция жағдайын бақылап, Қарақастек және Жанбасжол сайларында арнайы қорғалатын жерлер ұйымдастыру қажет. Қзақстанда Алматы, Жезқазған және Риддер ботаника бақтарында өсіріледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген [9].